ТЕОРИЯ ЖӘНЕ ӘДІСНАМА
Ғылыми жұмыс мемлекеттік қызметтің жаңа мансаптық үлгісін қалыптастырудың практикалық аспектілеріне арналған. Зерттеудің мақсаты Қазақстандағы мемлекеттік қызметтің мансап үлгісін ұйымдастыру негізінде меритократия қағидатын ескере отырып, кадрларды даярлау және кәсібилігі дәрежесін практикалық талдауына арналған. Елді басқарудың тиімділігі мемлекеттік қызметті ұйымдастыру деңгейіне байланысты екендігі анықталды. Мемлекеттік басқару реформаларын кезең-кезеңмен жүзеге асыру Қазақстандағы мемлекеттік органдардың қызметін құқықтық және материалдық негіздерін және тиімділігін қайта қарауға негізделген. Меритократияның критерийлерін енгізу: сыбайлас жемқорлықты төмендетуге, жеке қасиеттерін және жалақысын көтеруге, мемлекеттік қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесін арттыруға мүмкіндік берді. Мансаптық модель негізінде кандидаттарды іріктеудің жаңа тәртібін қолдану бұзушылықтарды азайтуға және мемлекеттік қызметтегі кәсіби қасиеттерді жақсартуға ықпал етеді. Авторлар гендерлік, жасы, қызмет ету мерзімі мен білім беру контекстінде қызметкерлердің өсу қарқынын және азаматтық қызметшілердің нақты санының экономикалық-математикалық бағалауын жүргізді. Мансап моделінің ережелерін пайдалану азаматтық қызметтің тиімділігін арттыруға және ел халқына сапалы қызмет көрсетуге ықпал етеді.
Берілген мақала негізіне мідетті түрде баспаға шыққан қаржылық есептемелерге, талдау әдістелеріне сүіне отырып сақтандыру мекемелерінің жағдайы туралы мағлумат алу арқыллы зерттеу әдісі қолданылған. Бұл әдістер сақтандыру мекемелерінің қазіргі және келешектердегі өз мідеттемелерін орындалуын қадалауға мүмкіндік береді. Нақты коэффициент жене оны нормативпен салыстыру арқылы компанияларының қаржылық турақтылығын анықтауға болады.
Мақалада автор капитал құрылымы бойынша негізгі теориялар қарастырыған. Модельдің әр түріне қысқаша шолу жасалынып, алынған нәтижелер салыстырылып, таладанады. Капитал құрылымы бойынша бәсекелес теориялар бойынша тесттер сенімді нәтижелер бермеуінің бірнеше себептері келтірілді. Болашақ зерттеулер бойынша бағдар берілді.
Мақаладағы көтеріліп жатқан сұрақтар өкілетті статистикалық ақпаратты алуға қоғамның барлық топтарын қанағаттандыру үшін өзекті болып табылады. Мақала Қазақстан Республикасының ғылым статистикасы көрсеткіштерінің жүйесін қалыптастыру, олардың сапасы ТМД елдерінің ұқсас жүйесімен салыстырғанда сапасын бағалауға арналған; ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар туралы мәліметтерді жинау және жариялау бойынша халықаралық ұсыныстарды пайдалану, Қазақстан Республикасының заңнамалық базасымен үйлестіру, қолданыстағы статистикалық ақпараттың мүдделі қоғамның Қазақстан Республикасында ғылыми қызметке қатысты процестер туралы толық, сенімді және ресми статистикаға қажеттілігін қамтамасыз етпейтін себептерін зерттеуге арналған. Мақала жазған кезде теориялық зерттеу әдісі, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамалық базасын талдау, индикаторлар жүйесі, әдіснамаларды пайдалану, сондай-ақ ақпарат жинау әдісі, салыстырмалы тәсіл, шегерім, диалектикалық-логикалық тәсіл, халықаралық тәжірибені зерделеу және талдау, синтездеу және т.б. пайдаланған. Ғылым саласындағы статистикалық ақпаратты қалыптастыруға қатысты қолданыстағы көзқараспен, мемлекеттік статистика пайдаланушылардың сұраныстарын қанағаттандыра алмайды. Ресми статистиканы қалыптастыру үшін деректерді пайдаланушылармен тығыз ынтымақтастықта болмаса, ол ел ішінде іс жүзінде қолданусыз жалпы даму үшін ақпарат болып қала береді.
Зерттеудің мақсаты – Бизнесті жүргізу үшін қажетті мүлікті сатып алуға мүмкіндігі жоқ ұйымдар үшін жағдайдан шығудың бірден бір жолы - мүлікті жалға алу. Халықаралық қаржылық есептілік стан-дартына сәйкес (16 ХҚЕС) 2019 жылдан бастап қаржылық есептілікті халықаралық стандарттарға сәйкес дайындайтын барлық компаниялар өздерінің қаржылық есептілігінде жалдау келісім шартта-рын жаңа активтер мен міндеттемелер ретінде мойындауы тиіс.
Ғылыми мақаланың мақсаты жалға алушы мен жалға берушідегі жалдауға алынған немесе берілген объектінің есепке алу ерекшеліктерін қарастырып, лизингке қатысты міндеттемелерді және активтерді бағалаудың жаңа тәсілін зерттеу.
Әдістеме – 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап пайдалануға енетін 16 (IFRS) «Жалдау» және бұрынғы 17 (IAS) «Жалдау» стандарттарының талаптарына сай жалдау есебін ұйымдастыру ерек-шеліктеріне салыстырмалы талдау жүргізілді. Жалға берілетін объектіні жалгер мен жалға берушіде есепке алудың ерекшеліктері қарастырылды. Жалдау бойынша міндеттемелер мен бірігейлендірілген активтерді бағалаудың жаңа әдістемесі анықталды.
Ерекшелігі – ғылыми жұмыстың ерекшелігі сол 16-«Жалдау» (IFRS) стандартының жаңа сипаттамалары мен ерекшеліктерін ашып көрсету және оның компанияның негізгі қаржылық көрсеткіштеріне әсерін анықтау болып саналады.
Қорытынды – 16-шы «Жалдау» (IFRS) стандартының өзгерістері көбіне, қаржы портфелінде-гі жалдаудың айтарлықтай үлесіне ие компанияларға әсер етеді. 16 ҚЕХС (IFRS) жалгер мен жалға берушінің қаржылық есептілігінің кеңейтілген ашылуын талап етеді. Осы ашып көрсетудің мақсаты қаржылық жалдау туралы ақпаратты пайдаланушыларға қаржылық жағдайға, қаржылық нәтижелерге және компанияның ақша қаражатының қозғалысына әсерін бағалау үшін ақпарат беру болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің 2012 жылғы «Әлеуметтікэкономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстанның дамуына қажетті міндеттердің бірінші кешені – қазақстандықтардың жұмыспен қамтылуы деп атап көрсетеді. Бұл жердегі маңызды аспекті – Қазақстан Республикасындағы халықтың жұмыспен қамтылуы мәселесін анықтауға және оларды шешудің түрлі жолдарын анықтауға мүмкіндік беретін қазіргі заманғы жұмыссыздықтың ерекшеліктерінің талдауы болып табылады, ол ел аймақтарындағы еңбек нарығының дамуының бағыты болып саналмақ.
Зерттеу мақсаты – мақала құрылыс саласындағы бәсекеге қабілеттілікті анықтау мақсатында, пәтер сапасы, құрылыс жұмыстарының сенімділігі және тұтынушылар тарапынан тартымдылығы факторларын зерттеп, экономикалық- математикалық талдау жүргізу. Бәсекеге қабілеттілікті анықтайтын факторларды зерттеу арқылы келешекке болжау жасау.
Әдіснама – Gretl – бағдарламасы арқылы Алматы қаласының аудандары бойынша екінші дәрежелі тұрғын үй пәтерлерінің бағасына талдау жүргізу.
Ерекшілігі/құндылығы – Алматы қаласы бойынша нақты статистикалық мәліметтер негізінде факторлық талдау жүргізілді. Зерттеу негізінде Алматы қаласының пәтер бағасына аудандар бойынша болжамдар жасалған.
Қорытындылар – Алматы қаласы бойынша бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ететін екі фактор айқындалды. Олар: пәтер орналасқан аудан мен еуро жөндеудің болуы. Яғни, анықталған екі фактор пәтер құнына тура пропорционалды екені анықталды. Алматы қаласындағы бір бөлмелі пәтерлердің нарықтық бағасына корреляциялық, регрессиялық талдау жүргізілді.
ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ТАЛДАУ
Мақалада Павлодар облысының инвестициялық қызметінің ағымдағы жағдайына талдау жасалынды, аймақтың инвестициялық тартымдылығына баға берілді және жүргізілген талдау негізінде оның деңгейін жоғарылату үшін резервтер айқындалды.
Бұл зерттеу АҚШ-тың 30 банкіндегі 2013-2017 жылдар аралығындағы ішкі бақылау компоненттерін талдайды. Ішкі бақылаудың құрамдас бөліктері АҚШ банктерінің қаржылық көрсеткіштеріне әсер ететін мәселені шешу үшін корреляциялық талдау және ең кіші квадрат үлгісі (OLS) пайдаланылды. Зерттеудің нәтижелері Қазақстандағы банктерге және фирмаларға қолданылуы мүмкін, сондықтан ішкі бақылаудың халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, ұйымдардың ішкі бақылаудың қаржылық көрсеткіштеріне әсерін тексеру ұсынылады.
Кез келген қызмет істейтін жүйе секілді, тұрақсыз экономикаға ұшыраған банк жүйесі тұрақсыздандырылған. Сондықтан, экономикалық тәуекелдерден қорғаныс болмаған жағдайда, банкрот болуға және қаржы институттарының қызметін тоқталуына ұшырайды. Банк қызметтерінің нашарлауының негізгі факторы несие портфелінің сапасының төмендеуі болып табылады, осыған байланысты жұмыс істемейтін қарыздар деңгейі бойынша алдын алу шараларының қажеттілігі артып келеді.
Зерттеу Қазақстан қор биржасының инвестициялық тартымдылығын арттыруға, қазақстандық инвесторлардың ұстанымын жақсартуға, пайдалар мен тәуекелдер тұрғысынан жақсартуға мүмкіндік беретін шараларды ғылыми негіздеуге мүмкіндік береді.
Зерттеу мақсаты – банктің тәуекелдерін басқару тұрақсыздық жағдайда қаржы нарығында болып жатқан өзгерістерге оперативті түрде шұғыл шешім қабылдауына әсерін тигізу қажет. Банктік сектор, әдетте елеулі реформалар кезеңінен өтуде. Банк тәуекелі ішкі және сыртқы факторларға байланысты қолайсыз оқиғалардың пайда болуына байланысты несие мекемелерінің жоғалуына және өтімділіктің нашарлауына алып келеді. Банк тәуекелдерін реттеу негіздерін ұсынып банктік тәуекелдерді бағалауда және басқаруда заманауи тәсілдерді қолдануды зерттеу болып табылады.
Әдістеме – мақалада банк тәуекелдерін басқару жүйесін ұйымдастыру, тәуекелдерді басқару әдістері, тәуекелдерді сандық және сапалық бағалау әдістері қарастырылды. Банктер тәуекелін төмендету үшін түрлі әдістерді пайдаланады. Банк менеджментінің сапасы, әсіресе тәуекелдерді басқару процесі банктердің және тұтастай алғанда банк жүйесінің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін негізгі факторлар болып табылады. Тәуекелдердің негізгі түрлері, тәуекелдерді басқару жүйесі, банктік тәуекелдерді басқару тәсілдері және оларды азайту жолдары қарастырылды. Ғылыми зерттеулердің жалпы әдістері жасалды.
Түпнұсқа/құндылық – қаржы нарығындағы банктердің тәуекелдеріне аса назар аудару қажет. Қаржы нарығындағы банктердегі ахуалдың нашарлауы көптеген жылдар бойы жинақталған проблемалармен байланысты болып, біраз мәселелер шешімін таппады,ол өз кезегінде тәуекелдерге әкеліп соқты.
Авторлық зерттеу – банк тәуекелдерін басқару механизмінің құрылымы ұсынылып, оның элементтерінің сипаттамалары келтіріліп, басқару тетігінің негізгі міндеттері анықталды. Зерттеуде қаржы нарығындағы барлық банктерге талдау жасалынып, тәуекелге әсер ететін негізгі факторларды ала отырып Gretl ішіндегі модельдерді қолдана отырып талданды.
Қорытынды – банктерді тәуекелдерден қорғау механизмі тәуекелдерді басқарудың ағымдағы және оны азайту әдістерінен тұрады. Банк қабылдайтын тәуекелдердің ерекшеліктерін реттейтін құқықтық нормалардың тиімді жүйесін құрудағы реттеуші органдардың рөлі, міндеттері және өкілеттіктері, банктердің ішкі бақылау жүйесінің элементі ретінде тәуекелдерді басқару болып табылады. Қазіргі экономиканың тұрақсыздық жағдайында банктік нарық тәуекелсіз болу мүмкін емес. Тәуекел кез келген банк қызметінде болады, тек ол әртүрлі деңгейде болуы мүмкін. Қаржы нарығындағы орта-ша банктердің проблемалары, ол капиталдандырудың және агрессиялық несие саясатын төмендетумен байланысты тәуекелдер.Сонымен бірге ағымдағы тәуекелдерді реттеу маңызды көрсеткіштерді қадағалау және осы негізде банк операциялары бойынша жедел шешімдерді дер кезінде қабылдау бо-лып табылады.
Зерттеу мақсаты – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюталық саясатын жүзеге асырудың тиімділігін зерттеу және оны жетілдіру бағыттарын ұсыну. Сонымен қатар, валюталық саясат ұғымының теориялық-әдістемелік негіздерін зерделеу, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюта саясатын жүзеге асыру механизмін зерттеу, валюталық бағамның реттеу құралы ретінде маңызын анықтау, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюталық саясатын әзірлеу мәселелерін анықтап, оны жүзеге асырудың бағыттарын жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау міндеттері қойылды.
Әдіснама – мақаланы жазу барысында экономикaлық тaлдaудың келесі әдістері қолдaнылaды: теориялық концепциялaрды жaлпылaу, сaлыстырмaлы және сараптамалық, математикалықэкономикалық талдау әдістері.
Түпнұсқалылық/құндылық – мақалада жүргізілген талдау жұмыстарын, берілген ұсыныстар мен қорытындыларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюталық саясатын әзірлеуде, коммерциялық банктердің валюталық саясатты жүзеге асыруда қолдануға болады.
Қорытындылар – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюталық саясатының тиімділігі бағаланып, оны жүзеге асыру жолдарын жетілдіру бағыттары ұсынылды.
БИЗНЕС ЖӘНЕ КОРПОРАЦИЯЛЫҚ БАСҚАРУ
Зерттеумақсаты – инновациялық дамудың стратегиялық бағдарламасын құрудың алгоритімін әзірлеу.
Әдіснама – жалпы ғылыми әдістер қолданылады: синтез, талдау, салыстыру, жалпылау, сандық және сапалық әдістер.
Түпнұсқалылық / құндылығы–мақалада шағын инновациялық кәсіпорындардың өндірістік, басқарушылық және еңбек әлеуетінің түрлері мен принциптері зерттелді. Шағын кәсіпорынның инновациялық әлеуетінің дамуын стратегиялық бағытын есепке ала отырып әлеуетін қалыптастыруға іс–шаралар қарастырылды. Зерттеу нәтижелері инновациялар ендіру барысында шағын кәсіпорын басшыларына, инновациялық және стратегиялық менеджмент, шағын кәсіпорын әлуетінің аясында зерттеулермен айналысатындарға пайдалы болуы мүмкін.
Қорытынды – кәсіпорынның стратегиялық даму бағытын негізге ала отырып инновациялық шағын кәсіпорынның әлеуетін қалыптастыру қажет.
Мақала экономикалық стратегия теориясын, стратегияның түрлері мен түрлерін, сыртқы және ішкі факторлардың әсерінен бизнесті әртараптандыру мүмкіндігін қарастырады. Стратегия ұсынылған жүйе ретінде өзара байланысқан ережелері мен тәсілдерін. Олардың көмек қол жеткізіледі бәсекелестік артықшылығы кәсіпорын нарығында. Сондықтан, мақсаты экономикалық стратегиясы болып табылады, әдетте, бәсекелестік артықшылығын арттыру, пайда алу және кеңейту (әртараптандыру). Methodology Стратегияны іске асыру нәтижелері бойынша сыртқы және ішкі факторлардың әсер етуі осы мақалада негізгі әдістері келтірілген талдау барысында қарастырылады.
Мақалада Қазақстандағы инновациялық қызметтің жеткіліксіз деңгейін анықтайтын негізгі проблемалар талданады. Ұлттық жүйені құрудың негізгі бағыттарын іске асыру және инновацияны жетілдіру және оның нәтижелерін коммерцияландыру механизмі тұрғысынан нақты прогреске қол жеткізудің ықтимал шаралары туралы ұсыныстар жасалды.
ҒАЛАМДАНДЫРУ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН
Кореяның ауылдық елді мекендерін жеделдетіп дамытудың 6-шы индустриализациясы деп аталатын реформаның мәні мен ерекшелігі қарастырылады. Бұл бағдарлама ауыл тұрғындарының табысын арттыруға, ауылдық жерлерді орнықты дамытуға және ауыл шаруашылығы өндірісінің қосымша құны мен жұмыс орындарын құруға бағытталған. Munkyoung's Omija жобасының мысалы келтірілген.
Ауыл шаруашылық өнімдерінің сату арналарыны және 6-шы индустриализациясы бағдарламасының бағыттары қаралады. 6-шы индустриализация бағдарламасын жүзеге асыру шаралары қаржылық қолдау, оқыту және кадрларды даярлау, зерттеу және дамыту, маркетинг болды. 6-шы индустриализация бағдарламасын жүзеге асырудың нәтижелерін сандар мен көрсетілді. Төменде бағдарламаны жүзеге асыру кезеңдері, сондай-ақ оның шеңберінде жүзеге асырылатын бірқатар жобалар сипатталады.
6-шы индустриализация стратегиясы іскерлік ортаны, бизнес пен даму сатысын қалыптастыру кезеңдеріне бөліп, ұқсас сипаттамамен толықтай сипатталады. 6-шы индустриализацияда ауыл шаруашылығын дамытудың ауыл шаруашылық өнімдерін сүйемелдеуі (өндірістен сатылымға дейін), соның ішінде шикізат өндірісін құру ғана емес, сондай-ақ, осы процеске байланысты қызметтерді дамыту, ауылдың кешенді дамуына басты назар аударылады.
Кореяның тәжірибесіне сәйкес, кооперативтерді дамыту жобаларын, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттерден қаражаттың барабар қатысуымен ауыл шаруашылығындағы басқа да кәсіпкерлік бастамаларды қаржыландыруға гранттық қаржыландыруға ауысу ұсынылды.
Жаһандану мен аймақтандыру, технологиялардың ғылымды қажетсінуінің өсуі, инновациялық қызметтің отандық субъектілерінің ресурстарының шектеулігі мынаған әкеп соғады: инновациялық кооперация инновациялық қызметтің белсенділігің біршама потенциалына ие болады, сонымен қатар аймақтық деңгейде және инновациялық қызметтің мемлекеттік реттеу шеңберінде оны қолданудың қарқындылығының деңгейі өсіп келеді. Бұл туралы ЕК, АҚШ, Жапония елдерінің тәжірибесінен білуге болады. Осыған байланысты мақалада Қазақстан Республикасындағы инновациялық қызметті реттеу шараларын жетілдіру кезінде оларды есепке алу үшін дамыған елдердегі (АҚШ, Еуропалық Кеңес, Жапония) инновациялық қызметті мемлекеттік реттеудің күшеюі тенденциясы мен ерекшеліктерінің бағасы жүргізілген.
Зерттеу мақсаты – экономиканы кластерлік дамытудың шетелдік тәжірибесін ұлттық экономикалардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру факторларының бірі ретінде қарастыру. АҚШ, Еуропалық Одақ, Үндістан, Ресей және Қытай сияқты елдердің кластерлік модельдері талданады.
Әдістемесі – зерттеу шетелдік зеттеушілердің еңбектерінің негізінде М. Портер, М.Муро, Б.Кац және басқа да ғалымдардың салыстырмалы талдауымен жүргізілді. Сонымен қатар, өзгермелі факторлардың тәуелділігін анықтайтын корреляция коэффициенті анықталып және экономиканың да-муына әсер етуші айнымалылардың бірінің негізінде диаграмма құрастырылды.
Ерекшелігі/Құндылығы – автор кластерді дамытудың үлгісін сипаттайды және кейбір ұлттық кластерлік саясаттың негізгі артықшылықтары мен әлсіздігін анықтайды.
Қорытындысы – зерттеу қорытындысында инновациялық ортаны қалыптастыратын өзара әрекеттесетін факторлар, аймақтардағы қолайлы инвестициялық климат пен кластерлік қатысушылар үшін инновациялық құрылым қарастырылған.
Зерттеу мақсаты – Қазақстан Республикасы мен әлем елдері бойынша демографиялық са-ясатты салыстырмалы түрде талдау және туу көрсеткіштерін жоғарылату бойынша ынталандыру төлемақыларын қарастыру.
Зерттеу әдіснамасы (қолданатын әдістерді сипаттау) – зерттеу барысы Қазақстан мен әлем ел-дері бойынша ұстанатын демографиялық саясатқа талдау жасау және ұқсас елдерді жіктеу, салыстыру, сандық әдістеріне негізделеді.
Жұмыстың негізгі құндылығы – автор соңғы 60 жылдағы мәліметтерге талдау жасап, демографиялық проблемалары ұқсас мемлекеттерді жіктеген. Талдау барысында Қазақстанның демография саласында ұстанатын саясаты туу көрсеткіштерін көтеруге бағытталған мемлекеттер қатарына кіретінін анықтап, жәрдемақылар үдерісінің тенденциясын көрсеткен.
Зерттеу нәтижесі – зерттеу нәтижесінде соңғы 60 жылда әлем бойынша халық саны мен құрамында үлкен өзгеріс болғаны анықталды. Бүкіл әлем бойынша туу көрсеткішінің төмендеуі мен орташа өмір сүру жасының ұлғаюына байланысты халықтың қартаю үдерісі көрініс алып отыр. Халықтың ұдайы өсуінің бірінші тобына кіретін елдерде туу көрсеткіші мен халық санының табиғи өсуін көтеруге бағытталған демографиялық саясат ұстанылады. Талдау барысында, белсенді демографиялық саясатты ұстанатын елдерге Батыс Еуропа елдері мен Қазақстан кіретіні анықталған. Мақалада жоғарыда көрсетілген елдерде жүргізіліп отырған туу көрсеткішін көтеруге бағытталған тиімді шаралар көрсетіліп, туу көрсеткішіне әсер етуші факторлар талданған.
ТҰРАҚТЫ ДАМУ ЭКОНОМИКАСЫ
Аталған мақала Оңтүстік Шығыс Азияның жоғары әлеуетті нарық ретінде Мьянмадағы агроөнеркәсіп секторы үшін халықаралық бизнестің стратегиялық көзқарастарын дамытуға арналған. Мақаладағы зерттеу методологиясы Мьянмадағы ауыл шаруашылығы өнеркәсібі контексінде салыстырмалы және жүйелі талдауға, себептер мен салдарды, статистикалық топтама әдістерін және сараптамалық бағалауды талдауға негізделген. Бұдан басқа, жұмыста PESTEL, SWOТ, тәуекелдерді басқару әдістері, жүйелік және себептік- талдаулар, сараптамалық бағалау қолданылған. Мьянманың ауыл шаруашылығы секторы үшін бизнесті дамытуды маңызды факторлары айқындалған. Тәуекелдерді басқару әдістері негізінде тәуекелдерді басқару және бақылау стратегиясы ұсынылған. Бұған қоса, методологиясы Мьянмадағы ауыл шаруашылығы өнеркәсібі бизнесін стратегиялық дамыту бойынша ұсынымдар қарастырылған.
Қазақстан Республикасында қазіргі кезеңдегі түрлі бағдарламалар мен энергия тиімділігін бірқатар бастамаларды іске асырылды, қазіргі кезде стандарттарды жүзеге асыру үшін практикалық қадамдар қажет, олар өзгерту процесінің көптеген аспектілерін реттеуге қабілетті болып табылады. Осы зерттеуде үздік халықаралық тәжірибеге сүйеніп, экономикаға стандарттарды пайдалану әдістемесі, асырылудың тиісті шарттарының маңыздылығы айұындалған. Осы мақаланың мақсаты тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізу үшін энергия тиімділігінің стандарттарын пайдалану мүмкіндігін қарастыру болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін, мақалада энергия тиімділігін және стандарттау саласындағы шетелдік және ұлттық зерттеушілердің көзқарастарың, әр түрлі анықтамаларды, халықаралық ұйымдар мен халықаралық озық стандарттарды іске асыру бойынша ұсыныстарың қарастырылды. Зерттеулер стандарттар орнықты өсуге қол жеткізу үшін ішкі және сыртқы кедергілерді еңсеруге көмектеседі деген қорытындыға келді. Зерттеудің негізгі нәтижелері: энергия тиімділігінің стандарттарын түсінуге түрлі тәсілдерді салыстырмалы талдау; энергия тиімділігінің индикаторларының артуы әртүрлі мәселелерді шеше алады, сонымен бірге теріс жаһандық әсерді азайта алатынын анықталды. Энергия тиімділігінің стандарттарының жиынтығын әзірлеу мен енгізудегі озық шетелдік тәжірибені ескеру қаже.
Мақалада алдыңғы қатарлы қалалар мен қалалық агломерациялардың даму көрсеткіштері талданады және олардың Қазақстанның экономикалық дамуындағы маңызы анықталады. Агломерациялар, Қазақстан халқы, агломерациялық қала-орталықтардың демографиялық сиымдылығы, қызмет түрлеріне мен бөлшек сауда көлемі бойынша жалпы аймақтық өнім көлемі сияқты көрсеткіштер қарастырылған, елдің экономикалық дамуын қамтамасыз ететін орталықтардың статусы нақтыланған.
Зерттеу мақсаты – Қазақстанда кооперация үрдісінің басталу себептерін, оның дамуы және құлдырау кезеңдерін зерттеу. Бастапқы кезеңнен кооперативтік ұйымдардың басқару құрылымы қалай жүзеге асырылғандығы, даму кезеңдерінде қандай факторлар әсер еткендігі және тоқырау жылдарындағы құлдырау себептерін зерттеу. Қазіргі кезеңде ауылшаруашылық кооперациясының қажеттілігін анықтау.
Мақаланың әдіснамалық негізі көптеген авторлардың зерттеулеріне, нормативті құжаттарға, салыстырмалы және статистикалық талдау негіздеріне сүйене отырып жасалынды.
Түпнұсқалық\құндылығы - Қазақстанда кооперация үрдісінің бүгінгі күнге дейінгі жағдайы бірнеше кезеңдерге бөліп қарастырылғандығы. Әр кезеңде ұйымдастырушылық жұмыстарының қаншалықты деңгейде жүргізілгендігі және бүгінгі күнге дейінгі – кооперациялық қатынастардың орнықты дамымау себептері. Кооперативтік ұйымдарды басқару үдерісіне баса назар аударылды.
Қорытынды – Қазақстанда кооперативтердің қызмет ету үрдісінің қай кезеңде болмасын ұзақ деңгейде дамымағандығы анықталды. Ұйымдастырушылық және басқару жұмыстарында көптеген олқылықтар орын алып, нәтиже қажетті деңгейіне дейін жетпегендігі. Кооперациялық байланыстардың ұйымдастыруында негіз болатын арқаудың жоқтығы, заманауи басқару әдістері және оның стратегиясының айқындалмауы.
Зерттеу мақсаты – Алматы облысының мысалында ауыл шаруашылығы салаларының даму жағдайын кешенді талдап, салалар бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру тиімділігін бағалау болып табылады.
Әдіснама – мақаланы жазу барысында абстрактылы-логикалық, монографиялық, салыстыр-малы, сараптамалық бағалау, экономикалық-математикалық, экономикалық-статистикалық және экономикалық зерттеулердің басқа да әдістері қолданылады.
Түпнұсқалылық/құндылық – мақалада жүргізілген талдау жұмыстарының нәтижелері ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту мәселелерін көтереді, аграрлық саланы тұрақты дамыту тетіктерін қалыптастырады.
Қорытындылар – Алматы облысының ауыл шаруашылығы салаларының өндірісіне кешенді тал-дау жасалды, аграрлық саланы тұрақты дамыту және жетілдіру бойынша ұсыныстар жасалды.
The necessity of an estimation of intellectual potential is proved. When creating methods for assessing intellectual potential, it is advisable to take into account as many factors as possible, including age, level of education and qualifications, competence, staff participation in raising the level of professional training and the intensity of retraining, the number of innovative transformations, the frequency of ideas generation.
Further research and development of criteria and indicators for measuring intellectual potential will provide a real assessment of the city's competitiveness, quantify key competencies, assess competitive advantages and concentrate the resources necessary to strengthen them. The mechanisms of intellectual potential enhancement can be used both to improve the activities and strategies of the city's development, and within the framework of economic alliances with the participation of our country.
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКА
Зерттеу мақсаты – Қазақстанның аграрлық құрылымдарында инновациялық қызметтердің (ұйымдық, үрдістік, өнімдік, маркетингтік) қалыптасуын анықтау және даму барысын талдау.
Әдіснама – зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері ретінде шетелдік және отандық ғалымдардың еңбектері, аграрлық саладағы инновациялық қызметтерге жасалған ізденушінің ғылыми шолулары алынды. Зерттеу барысында заманауи талдау әдістері, оның ішінде алынған нәтижелерді талдау барсында экономикалық-статистикалық, өсіңкілік талдау, салыстыру және қорытындылау әдістері қолданылды.
Ерекшелігі/құндылығы – аграрлық салада инновациялық қызметтердің қалыптасуы мен инновациялық стратегияның рөлін анықтап, аграрлық құрылымдарға инновацияны еңгізу қарқынын арттыру қажет.
Қорытынды – мақалада Қазақстандағы аграрлық құрылымдардың қызметтеріне инновацияның, ғылыми зерттеу жұмыстар жүргізудің, инвестицияның оң әсері бар екені анықталды. Аграрлық саланың мал және құс шаруашылығы құрылымдарының негізгі инновациялық қағидалары: ең аз шығындану бойынша лидер болу, ресурстарды үнемдеуге қол жеткізу, асыл тұқымды мал және кроссті құсты таңдау, азықтандыру, инкубациялау, өсіру, сою, қайта өңдеудің инновациялық жоғары технологиялық өндірістік желілері мен жабдықтарды пайдаланудың тиімді технологияларын ұтымды таңдау. Инновациялық жаңа технологияларды қолданып, жоғары сапалы «инновациялық» өнім өндіру арқылы нарықта бәсекеге қабілеттілікті арттыру.
Мақалада Қазақстан Республикасындағы азаматтық авиацияның қазіргі жағдайы мен жағдайы туралы баяндалады, сондай-ақ оларды жеңу жолдарын айқындайды.
Бүгінгі күні бәсекелестік арқылы тиімділікті арттыру мақсатында мемлекет өзінің жеке секторға қарағанда артықшылығы бар салаларды қайта құрылымдау процесін жүргізіп жатыр. Теміржол саласы да реформалаудың белсенді қатысушы болып табылады, бұл әсіресе оның инфрақұрылымды объектілеріне қатысты болып тұр. Бұл мақалада теміржол саласынның ағымдық жағдайына талдау жүргізіліп, саланың басты қызметтері бойынша реформалаудың аралық нәтижелері берілген. Сондайақ оның инфрақұрылымына әсер етуі берлген, өйткені жекешелендіру сала құрылымына едәуір өзгеріс енгізеді.
Зерттеу мақсаты – теміржол көлігін реформалаудың шетелдік тәжірибесін зерттеу.
Әдіснама – зерттеу барысында жалпылама және салыстырмалы талдау әдістері қолданылды. Мәселені зерттеу барысында зерттеудің жалпы ғылыми әдістері, ақпаратты статистикалық өңдеу және жинақтау әдістері қолданылды.
Түпнұсқалылық/құндылық – өткен ғасырда әртүрлі елдерде жүргізілген құрылымдық өзгерістерді талдау көрсеткендей, теміржол саласын реформалау мемлекеттік деңгейде қолдауға ие стратегиялық міндет болып табылды.
Қорытындылар – мақалада теміржол көлігін реформалаудың шетелдік тәжірибесі зерттелді. Табысты түрде жүзеге асырылған реформалар төрт жағдайды сипаттауға мүмкіндік береді, олар: теміржолдың қолда бар жүйесінің мемлекеттік басқарудан бөлініп шығуы, тасымалдар түрлері бойынша басқару жүйесін енгізу, тігінен бөлу жүйесін енгізу, жеке әріптерстіктерді құру.
Қазіргі кезеңдегі қазақстандық қоғамның дамуында әлеуметтік - бағдарланған нарықтық экономикаға өту тенденциясын нақты байқалуда. Экспорттық-бағдарланған салаларды дамыту мәселелерінің маңыздылығы артып отыр. Кіру туризмі- болашақта Қазақстан Республикасының экспорттық –бағдарланған басым салалардың қатарына кіре отырып, көптеген әлеуметтік және экономикалық міндеттерді шешуге ықпал етуі мүмкін.
Инфрақұрылым- экономикадағы материалдық, қаржылық, ақпараттық ағындардың жылдамдауына мүмкіндік беретін, қазақстандағы кіру туризм нарығының жұмыс істеуін қамтамасыз етуші негізгі буын. Кіру туризмін инфрақұрылымдық қолдау жүйесін дамыту, жалпы ішкі өнімнің өсуі, тұрғындардың өмір сүру сапасы мен деңгейінің жоғарлауы, тұрғындардың нақты табыстарының өсуі, қосымша жұмыс орындарының ұйымдастырылуы арқылы жалпы мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсер етеді.
ISSN 2789-4401 (Online)