ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА: ДАМУ БАҒЫТТАРЫ
Зерттеу мақсаты – өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды елдің зейнетақы жүйесіне тарту мақсатында олардың жинақ мінез-құлқына əсер ететін факторларды анықтау. Сондай-ақ экономикасы қалыптасып келе жатқан елдердегі жинақтау тəртібі бойынша əдебиетке, атап айтқанда қалалар мен ауылдар тұрғысында өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға субъективті жəне объективті факторлардың əсерін зерттеуге өз үлесін қосу.
Əдіснамасы. Жұмыста деректерді іріктеудің жүйелі тəсілі, сондай-ақ сауалнама құралы ретінде қызмет еткен сапалы зерттеу əдісі қолданылады. Алынған мəліметтер SPSS бағдарламасы арқылы өңделді.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы. Зерттеудің құндылығы деректердің бастапқы болып табылатындығында жəне Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан əрі дамыту үшін, сондай-ақ өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды қалалар мен ауылдар тұрғысынан қарттық шаққа жинақтауға тарту үшін бағалы көз болуы мүмкін екендігінде болып табылады.
Зерттеу нəтижелері. Зерттеуге сəйкес, қалалық өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға (ҚӨҚ) субъективті факторлар, ал ауылдық өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға (АӨҚ) объективті факторлар көбірек əсер етеді.
Зерттеу мақсаты – Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігінің қазіргі жай-күйіне талдау жүргізу.
Əдіснамасы – зерттеу кабинеттік (маркетингтік) зерттеу болып табылады, қайталама (алдын ала) ақпаратты жинау жəне талдау жүргізілді, атап айтқанда көрсеткіштерді қарау жəне талдау үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Стратегиялық жоспарлау жəне реформалар жөніндегі агенттігі Ұлттық статистика бюросының статистикалық жинағы мен сайтының деректері пайдаланылды.
Зерттеудіңбірегейлігі / құндылығы – ресми статистика деректері негізінде Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне талдау жүргізілді. Қазақстан Республикасындағы азық-түлік қауіпсіздігінің қазіргі жай-күйінің рөлі айқындалды жəне ауыл шаруашылығы өнімдерімен өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейі, халықтың жан басына шаққандағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіру, үй шаруашылығына орта есеппен Тамақ өнімдері мен алкогольсіз сусындарға тұтыну шығыстары, тұтыну бағаларының индексі сияқты көрсеткіштер талданды.
Зерттеу нəтижелері – азық-түлік қауіпсіздігін қалыптастырудың тиімді саясатының анықтаушы ерекшелігі – халықтың өмірі мен өмір сүру сапасына кепілдік беретін, сондай-ақ кеңейтілген өндіріс негізінде тұрақты қоғамдық өндіріске мүмкіндік беретін деңгейде азық-түлікпен қамтамасыз ету. Бұл процестің орнықтылығы жəне азаматтардың өмір сүру сапасын жан-жақты қанағаттандыру үшін мемлекеттің міндеті олардың əрқайсысының сапалы жəне қауіпсіз тамақ өнімдеріне қол жеткізуінің пəрменді жүйесін қалыптастыру болып табылады. Зерттеу нəтижелері Қазақстан Республикасының экономикасын дамыту жөніндегі зерделеу шегін кеңейтуге ықпал етуі, сондай-ақ оларды шешу бойынша ұсынымдық негіз болуы мүмкін.
Зерттеудің мақсаты – бренд имиджі мен сапасының тұтынушылардың мінез-құлқына əсерін зерттеу. Сондай-ақ, тұтынушы мінез-құлқы сатып алу таңдауына қалай əсер ететіні қарастырылады.
Əдіснамасы. Бұл мақала өз табиғаты бойынша сапалы зерттеу болды. Осы зерттеу үшін Алматы жəне Нұр-Сұлтан қалаларында жұмыс істейтін 500 адамнан іріктеме таңдау үшін қарапайым кездейсоқ таңдау қолданылды, дегенмен сауалнамаға жауап беруші ретінде олардың 408-і ғана қатысты. Осы зерттеуге қатысушылардан деректерді алу үшін сауалнама пайдаланылды. Деректерді талдау үшін SPSS пайдаланылды. Гипотезаны тексеру үшін корреляция, регрессия жəне SEM қолданылды.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы. Нəтижелер сапа да, баға да тұтынушылардың мінезқұлқына жəне халықаралық тігін фирмаларының сатып алу шешімдеріне əсер ететінін, ал бренд имиджі тұтынушының сатып алуына ешқандай қатысы жоқ екенін көрсетеді. Тұтынушылардың мінез-құлқының бақылау нəтижесінде тұтынушылардың шетелдік өндірушілерден киім сатып алу ықтималдығы жоғары екендігі анықталды.
Зерттеу нəтижелері – Бұл зерттеудің нəтижелері тұтынушылардың сатып алу туралы шешімді қалай қабылдайтынын жəне тігін бизнесінің болашағы қандай болатынын көрсетеді. Ағымдағы нарықтық тенденцияларды түсінуден басқа, бұл зерттеу тұтынушылардың болашақ тілектерін, ұмтылыстарын жəне тенденцияларын бағалауға көмектеседі.
Зерттеу мақсаты – циркулярлы экономика принциптерін жүзеге асырудағы шетелдік тəжірибені салыстырмалы талдау.
Əдіснамасы. Бұл зерттеуді жүргізу кезінде əдеби дереккөздерге шолу жасау, салыстырмалы талдау, мазмұнды талдау əдістері қолданылды. Дүниежүзілік банктің елдердің кіріс классификациясы қолданылды.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы. Жұмыстың ерекшелігі 2021 жылғы Дүниежүзілік банктің елдердің кіріс жіктемесі бойынша іріктеліп алынған жəне үш топқа бөлінген 15 шет мемлекет арасындағы циркулярлы экономика қағидаттарының жүзеге асырылуын салыстырмалы талдау болып табылады. Айналмалы экономиканы дамыту жəне оған қол жеткізу шаралары, сонымен қатар мемлекеттік стратегиялар, ұлттық бағдарламалар, жобалар, сəтті қадамдар жəне т.б. зерттеліп талданды.
Зерттеу нəтижелері. Бұл мақалада жан басына шаққандағы табыс деңгейі бойынша үш топқа: жоғары, орташа жəне орташадан төмен елдердің мемлекеттік бағдарламалары мен саясаттары, ережелері мен мысалдары талданды. Шет мемлекеттердің тəжірибесіне сүйене отырып, айналмалы экономиканы енгізу шаралары қарастырылып, жіктелді.
БИЗНЕС ЖӘНЕ БАСҚАРУ: МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ШЕШІМДЕР
Зерттеу мақсаты – жаһандық пандемияның индустрияға əсер ету дəрежесін анықтау, сала үшін күрделі постпандемия кезеңінде оның экономикалық тиімділігін анықтау жəне оның дамуына ықпал ететін туристік нарықты қалпына келтіру бойынша ұсыныстар əзірлеу мақсатында Қазақстанның туристік нарығына талдау жасау.
Əдіснамасы – Туризм нарығының тиімділігін зерттеуде жəне салаға инвестиция тартуда жүйелі тəсілді, статистикалық, экономикалық жəне салыстырмалы талдау мен синтез əдістерін, индукциялық əдіс қолданылды. Есептеу процесінде қажетті мəліметтерді алуға мүмкіндік беретін статистикалық деректер мен өлшеу құралдарының негізінде туризм секторын дамытудың экономикалық көрсеткіштерінің жиынтығы қолданылды жəне талданды. Зерттеудің теориялық негізі отандық жəне шетелдік ғалымдардың экономикалық даму жəне пандемияның туризм индустриясына əсері туралы еңбектері болды. Сондай-ақ туризм саласын дамыту саласындағы Қазақстан Республикасының тұжырымдамалары мен бағдарламалық құжаттары жəне оның өңірлік бағдарламалары қаралды.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы. Мақаланың құндылығы: статистикалық материалдарды зерделеу мен талдау негізінде Қазақстанның туризм секторындағы дағдарыстың ауқымын көрсетуге талпыныс жасалды. Мақалада авторлар туристік бизнес үшін мемлекетті, кəсіби бірлестіктерді қолдау шараларына тоқталды.
Зерттеу нəтижелері. Талдау нəтижесінде туризм саласының дамуындағы жаңа тенденциялар анықталды: саяхат бағытын таңдау уəждемесінде белгілі бір өзгерістер орын алды, ішкі туризмге жəне санаториялық-курорттық қызмет көрсету секторына қайта бағдарлану байқалады, туристік бизнесті ұйымдастыру тəсілдері өзгерді, сандық технологияларды қолдану кеңейтілді, қызмет көрсету мен туристерді орналастыру орындарының қауіпсіздігіне басымдық берілуде.
Зерттеудің мақсаты. Компанияның еңбек əлеуетін талдау жəне оны жетілдірудің оңтайлы жолдарын іздеу.
Əдіснамасы. Авторлар зерттеу жүргізу кезінде жүйелік, абстрактілік, салыстырмалы зерттеу, сандық мəліметтерді талдау əдістерін пайдаланды, R бағдарламасы арқылы сауалнамалар нəтижесінде модельдер құрылды.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы. Зерттеулер жүргізу барысында авторлар нақты компанияның қаржылық есептіліктері бойынша мəліметтерді өңдеп, кестелер, диаграммалар ретінде көрсетті.
Зерттеудің құндылығы келесілермен айқындалады:
- «əлеует» , «еңбек əлеуеті» түсініктерінің мəні, мағынасы қарастырылды, еңбек өнімділігі категориясымен байланысы зерттелді;
- «Сəуле» ЖШС еңбек күші, құрамы, қозғалысы бойынша көрсеткіштер талданды;
- кəсіпорынның еңбек ресурстарын пайдалану көрсеткіштері талданды;
- еңбек əлеуетінің құрамына əсер ететін факторлар айқындалды;
- еңбек əлеуетін пайдалану тиімділігін көтеру жолдары ұсынылды.
Зерттеу нəтижелері. Ұйымның еңбек əлеуетін пайдалану тиімділігін арттырудағы негізгі жолдары:
1. Кадрлар жұмысын жетілдіру (кызметкерлерді іріктеу жəне үлестіру, кадрларды есепке алу);
2. Жаңа маманды жұмысқа бейімдеу;
3. Компания жұмыскерлерінің жұмыс уақытымен, еңбек шарттарымен қанағаттану деңгейін зерттеу;
4. Еңбекті оптималды ынталандыру.
Кəсіпорындағы еңбектік əлеуетті пайдалануды жақсартудың маңызды жолдарының бірі өндіріс үрдістерін тек дамыту, автоматтандыруды жетілдіру ғана емес, сондай-ақ жұмысшы күшін пайдалану тиімділігіне əсерін ететін əлеуметтік-психологиялы факторларды да жетілдіру қажет.
Зерттеу мақсаты «Қазпошта» компаниясының мысалында стратегиялық бəсекелестік артықшылықтарға негізделген компанияның тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін қолданылатын механизмдерді зерттеу болып табылады.
Əдіснамасы. Зерттеуді орындауда: компанияның тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін жалпы ғылыми тəсілдерін қолдануға негізделген əдістеме мен стратегиялық бəсекелестік артықшылықтарды дамыту үшін стратегиялық басқару тəсілдері; компанияның жағдайы мен дамуын талдаудың статистикалық тəсілдері жəне компанияның даму перспективаларын анықтау мен тəжірибеде қолданылатын бəсекелестік стратегиялық артықшылықтарды анықтау үшін сараптамалық бағалау тəсілдері қолданылады.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы – тұрақты даму механизмін қалыптастырудың ұсынылған əдістемесі мен алгоритмі зерттелетін компанияның тұрақты дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіндігінде. «Қазпошта» АҚ компаниясының тұрақты даму механизмінің сипатталған негізгі компоненттері осы компанияның тұрақты даму принциптерін тиімді талдауға, бағалауға жəне енгізуге мүмкіндік береді.
Зерттеу нəтижелері – компанияның тұрақты дамуын қамтамасыз ететін тапсырмалар тізімін құру схемасы; басқару инновациялары мен бенчмаркингті жобалауға негізделген компанияның тұрақты даму механизмін қалыптастыру əдістері; тұрақты даму механизмінің негізгі компоненттерін бөліп көрсету жəне «Қазпошта» АҚ компаниясының тұрақты даму механизмін анықтау.
Мақалада нейромаркетингтік зерттеу əдістері жүйеленген жəне нейромаркетингтік жабдықтарды пайдалана отырып жүргізілген қолданбалы зерттеу нəтижелері ұсынылған.
Зерттеудің мақсаты нейромаркетингтің құралдарын, əдістерін түсіну, жүйелеу жəне қолданбалы нейромаркетингтік зерттеулердің нəтижелерін түсіндіру.
Зерттеу əдіснамасы – кабинеттік зерттеулер, қайталама ақпарат, теориялық көздер, топтастыру жəне саралау əдістері, сондай-ақ FaceReading қолданыла отырып нейромаркетингтік зерттеулер пайдаланылды. Зерттеудің теориялық негізі зерттеу тақырыбы бойынша отандық жəне шетелдік ғалымдардың еңбектері қолданылды.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы – нейромаркетингтік зерттеулердің əдістері мен құралдарын жүйелеуге, теоретиктердің пікірін де, автордың көзқарасы мен қолданбалы қызметте нейромаркетингтік зерттеулердің қолданылуын көрсететін кешенді тəсіл негізінде практикалық маркетингтік қызметте қолдану мүмкіндіктері мен тəсілдерін түсінуге əрекет жасалды.
Зерттеу нəтижелері – нейромаркетингтік зерттеу əдістері қысқаша ұсынылған жəне нейромаркетингтік жабдықтың көмегімен онлайн білім беруде қолданылатын платформаларға эмоционалды қабылдауды бағалау жүргізілді. Мидың белсенділігіне негізделген əдістер, визуализация əдістері жəне мидың белсенділігін өлшейтін жасырын əдістер арасындағы айырмашылықтар келтірілген.
МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ БИЗНЕС: БАСҚАРУ ТЕОРИЯСЫ МЕН ПРАКТИКАСЫ
Зерттеу мақсаты. Жобаларды басқаруда құндылықты талдап, оның қалай өлшенетінін жəне бұл жайында стандарт не көрсететінін қарастыру осы зерттеудің мақсаты болып табылады.
Əдіснамасы. Кабинеттік талдау əдебиетті қарастыру мен Жобаларды басқару бойынша білім жинағының нұсқаулығын (PMBOK) [1] талдауға негізделіп жасалды.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы. Бұл зерттеу жобаларды басқару құндылығына жалпы құндылық жəне жобаларды басқару теорияларын қолдану арқылы түсініктеме беру тарапынан маңызды.
Зерттеу нəтижелері жобаларды басқару стандартының 7-ші басылымына құндылық 12 негіздеріне қосылған, алайда оның жобалардың əртүрлі кезеңдерінде қалай жасалуы жəне бағалануы жайында ақпарат жоқ. РМВОК жəне тəжірибеде жобалардың құндылығын əмбебап өлшеу əдістері, сонымен қатар материалдық емес құндылықтарды анықтау мен өлшеу əдістері жоқ.
Мақалада соңғы бес жылдағы мемлекеттік реттеу шараларын жүзеге асыру аясында өмір сүру деңгейінің бірқатар индикаторларының динамикасын талдау нəтижелері көрсетілген. Талданатын кезең макроэкономикалық тəуекелдердің елеулі деңгейімен, жаһандық сын-қатерлердің елеулі əсерімен жəне жоғары белгісіздікпен сипатталады.
Зерттеу мақсаты – эпидемиологиялық, əлеуметтік жəне экологиялық тəуекелдердің күшеюінің ағымдағы үрдістеріне негізделген Алматы облысы халқының өмір сүру деңгейі динамикасының нысаналы индикаторларының картасын əзірлеу.
Зерттеу əдіснамасы Алматы облысындағы 2017-2021 жылдардағы уақыт аралығындағы өмір сүру деңгейі индикаторларының динамикасын талдауды қамтиды.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы. Зерттеудің құндылығы Алматы облысының өмір сүру деңгейі индикаторларының төмендеу тəуекелдерінің картасын қалыптастырудан көрінеді, бұл өмір сүру деңгейін мемлекеттік реттеу шараларының тиімділігін арттыру саласындағы одан əрі ғылымиқолданбалы зерттеулер үшін негіз бола алады. Коронавирустық инфекцияның пандемиясына байланысты Алматы облысының өмір сүру деңгейінің динамикасына қатысты ұзаққа созылған тəуекелдер кешенін бағалау осы зерттеу шеңберінде алғаш рет келтірілген.
Зерттеу нəтижелері. Қорытқы бағалау құрамын, негізгі белгілерін, тəуекел дəрежесін жəне анықтаушы факторларды дамытудың негізгі тенденцияларының сипаттамаларын сипаттайтын мақсатты индикаторлар картасы түрінде ұсынылады.
ИНВЕСТИЦИЯЛАР, ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ЕСЕП
Жұмыста протоорта тапты дамыту үшін күшті шоғырландыру негізінде ұлттық экономиканың өсуі үшін жағдайларды қамтамасыз етудің негізгі аспектілері қарастырылады.
Зерттеудің мақсаты: пандемия əсерінің салдарымен шиеленіскен қазіргі жағдайда ұлттық экономиканың өсуінің триггері ретінде протоорта тапты анықтау қажеттілігін негіздеу.
Зерттеудің əдістемесі: зерттеу процесінде логикалық (əртүрлі талдау нəтижелерін бір-бірімен салыстыру, олардың өзара байланысын анықтау), статистикалық (берілген ұсыныстарға дəлел ретінде қызмет ететін трендтер мен тенденцияларды анықтау), сапалық (іргелі ғылыми жəне іскерлік зерттеулерге сыни əдебиеттік шолу жүргізу) жəне сандық əдістер (абсолюттік жəне салыстырмалы ауытқуларды есептеу, протоорта тап критерийлерінің жоқтығы мəселесін негіздеу) талдау, сонымен қатар зерттеу нəтижелерін визуализациялаудың графикалық əдістері.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы – ұлттық экономиканың өсуінің триггері ретінде протоорта таптың дамуына жағдай жасау қажеттілігін негіздеу үшін деректерді жүйелеу. Жұмыста халықтың жан басына шаққандағы орташа табысы бағаланады жəне оның қорытындылары орташа айлық жалақы, үй шаруашылығының шығыстары жəне ең төменгі күнкөріс деңгейі туралы деректермен салыстырылады. Қорытындылар орта тапты бағалаудың халықаралық стандарттары мен қазақстандық критерийлер арасында айтарлықтай алшақтықты көрсетті.
Зерттеу нəтижелері ұлттық экономиканың өсу триггері ретінде оның дамуының экономикалық жəне қаржылық шарттарын одан əрі дамыту мақсатында «протоорта тап» санатын анықтау қажеттілігі туралы ұсыныстарда көрсетілген.
ISSN 2789-4401 (Online)