ЭКОНОМИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСНАМАСЫ
Зерттеу мақсаты негізгі стратегиялық артықшылықтары мен қасиеттерін анықтау арқылы нарықтық жайғастыру тұжырымдамасын жəне оның негізгі компоненттерін ашып көрсету болды. Сонымен қатар, мақалада өнімді жайғастырудың негізгі ережелері жəне өнімді жайғастыру барысын басқаруда жайғастыру картасын қолданудың маңыздылығы көрсетілген. Мақалада жайғастыру тұжырымдамасының тарихы қарастырылып, əртүрлі авторлардың көзқарастары мен анықтамаларының ерекшеліктері анықталып, сонымен қатар оның критерийлерін таңдау талданған. Мақала авторлары жайғастыру процесінің мəнін түсіндіреді жəне оның стратегиясын таңдау шарттарын негіздейді.
Əдіснамасы. Авторлар əртүрлі жайғастыру стратегиялары мен стратегиялық брендингті талдаудың салыстырмалы əдісін, сондай-ақ нарықтағы өнімдердің жан-жақты қауіпті жағдайларын бағалауда, жеке жайғастыру процестерін ұсынуда жəне олардың кезеңдерін сипаттауда құрылымдық-функционалдық тəсілді қолданды.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы. Зерттеу нəтижелері стратегиялық жайғастырудың ғылыми негіздерін одан əрі дамытуға, ғылыми зерттеулердің деңгейін жоғарылатуға, сонымен қатар практикалық қолдануды кеңейтуге ықпал ететін жаңа жүйеленген білім береді.
Зерттеу нəтижелері. Авторлар қолданыстағы тəжірибені жүйелеу негізінде стратегиялық жайғастырудың теориялық жəне əдіснамалық аспектілерін жалпылау арқылы «жайғастыру» ұғымының авторлық түсіндірмесі берілді, брендтің дамуын жоспарлау жəне бəсекелес компаниялардың атрибуттары мен бейнелерін анықтау арқылы бəсекелестік ортаны міндетті түрде талдауды жоспарлау қажеттілігіне негізделген жайғастыру стратегиясын əзірлеу жəне жүзеге асыру бойынша компаниялардың əрекеттерінің авторлық алгоритмі ұсынылған.
ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА: ДАМУ БАҒЫТТАРЫ
Ел экономикасында орын алған түбегейлі құрылымдық өзгерістер экономикалық жүйе сапасының нашарлауына, ұлттық экономиканың əлемдік нарықтардың конъюнктурасына тəуелділігінің күшеюіне алып келді. Біздің алдыңғы зерттеулеріміз экономика құрылымының өзгеруіне не себеп болғанын, өзгерістердің қаншалықты тиімді болғанын жəне салалық пропорциялардағы қандай өзгерістерге əкелгенін анықтауға байланысты болды. Осы мақалада біз экономикадағы құрылымдық өзгерістерге алып келген "голланд ауруының" салдарымен кездесетінімізді талдауға тырыстық.
Зерттеудің мақсаты Қазақстан Республикасының экономикасы "голланд ауруына" бейім деген біздің болжамымызды растауға əрекет жасау болып табылады.
Əдістеме-зерттеу жүргізу кезінде авторлар Энгл – Гранжер тестілерін қолдана отырып, уақыт қатарларын коинтеграциялық талдауға, коинтеграцияны анықтау мақсатында Дики-Фуллер əдістерінің стационарлығына талдау жасауға, тау-кен өндірісі мен өңдеу өнеркəсібі көлемінің мəндері арасындағы өзара байланыс дəрежесін ЖІӨ көрсеткіштеріне бағалау үшін "голланд ауруының" бар екендігінің дəлелі ретінде сүйенді.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы. Зерттеудің бірегейлігі мен құндылығы авторлар уақытша қатарларды талдау əдістерін қолдана отырып, Қазақстан экономикасында голланд ауруының болуы тұрғысынан экономикаға талдау жүргізуге тырысқандығында болып отыр.
Зерттеу нəтижесі – Қазақстан экономикасының белгілі бір белгілері мен "голланд ауруының" белгілері бар деген болжам болып табылады, бірақ құрылымдық өзгерістердің басты катализаторына айналғанын нақты айту мүмкін емес, өйткені тау-кен өнеркəсібі мен өңдеу өнеркəсібінің өсу қарқыны арасында теріс байланыстың бар екенін дəлелдей алмадық.
Зерттеудің мақсаты – өнеркəсіп кəсіпорындарының инновациялық белсенділігін басқаруда шетелдік тəжірибелерді, ғылыми еңбектерді зерттей отырып жəне отандық тоқыма кəсіпорындарының ерекшеліктерін ескеріп Қазақстандағы тоқыма өнеркəсібі кəсіпорындарының инновациялық белсен-ділігін басқару моделін əзірлеу болып табылады.
Əдіснамасы – тaлдaу мен синтездеудің жалпы ғылыми əдістері, сaлыстыру, ғылыми зерттеулер нəтижелерін жaлпылaу, сараптамалық бағалау əдістері қолданылды.Сондай-ақ, қоғамдағы əлеуметтікэкономикалық үдерістерді басқару жəне дамыту мəселелерін зерттеудің жүйелі жəне кешенді тəсілдері қолданылды.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы – Қазақстан Республикасындағы тоқыма кəсіпорындарының басым бөлігін шағын кəсіпорындар құрайды, сонымен қатар олардың барлығы жеке секторға тиесілі болып табылады. Мемлекет тарапынан түрлі қолдау шаралары болғанымен отандық тоқыма кəсіпорындарының бəсекеге қабілеттілігі əлі күнге дейін төмен деңгейде қалып отыр. Сондықтан да тоқыма кəсіпорындарының бəсекеге қабілеттілілігін арттыру үшін олардың инновациялық белсенділігін арттыру қажет. Отандық тоқыма кəсіпорындарының инновациялық белсенділігін тиімді басқару үшін оны басқарудың моделін құру қажеттігін көрсетеді.
Зерттеу нəтижелері – зерттеу нəтижесінде тоқыма кəсіпорындарының инновациялық белсенділігін басқарудың моделі ұсынылды. Авторлар ұсынған модельде тоқыма кəсіпорындарында инновациялық белсенділікті басқару орталығын құру жəне инновацияны іске асыратын командаларды қалыптастырудағы кросс-функционалды команда əдісін қолдану қарастырылған. Бұл отандық тоқыма кəсіпорындардың бəсекеге қабілеттілігін арттыруға оң ықпал ететін болады.
БИЗНЕС ЖӘНЕ БАСҚАРУ: МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ШЕШІМДЕР
Зерттеу мақсаты – қонақжайлық пен туризм саласындағы қазақстандық тұтынушылардың экологиялық жəне əлеуметтік саналы мінез-құлқына талдау жасау.
Əдіснамасы. Эмпирикалық зерттеу сандық əдіске негізделген, бастапқы мəліметтер сауалнама нəтижесінде жинақталған. Сауалнамалар «ыңғайлы іріктеу» əдісі бойынша əлеуетті тұтынушылар арасында таратылды. Тұтынушылардың əлеуметтік жауапкершілікке негізделген туризм жəне қонақжайлылық кəсіпорындарының саясатына қатысты мінез-құлқы Пирсонның корреляциялық талдау əдісі негізінде зерттелді.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы. Зерттеу қазақстандық тұтынушылардың экологиялық жəне əлеуметтік саналы мінез-құлқы туралы шектеулі теориялық білімді кеңейтеді, əлеуетті тұтынушылардың қонақжайлылық жəне туризм саласындағы əлеуметтік жауапкершілікке негізделген бизнес формаларына қатысты көзқарасын зерттейді жəне ішкі нарықтағы қызмет провайдерлері үшін практикалық шешімдер ұсынады.
Зерттеу нəтижелері бизнестің тұрақты модельдері жөнінде хабардар тұтынушылар экологиялық қауіпсіз өнімдер мен тұрақтылық жəне əлеуметтік жауапкершілік стандарттарына сəйкес келетін ұсыныстарға жоғары баға төлеуге дайын жəне бұл мінез-құлық адамдардың кірісіне немесе біліміне тəуелді емес екендігін көрсетті.
Зерттеу мақсаты – коронавирус (COVID-19) пандемиясы əлемдік экономикаға, сондай-ақ əрқайсымыздың өмірімізге айтарлықтай қатер туғызды. Бұл ғылыми мақалада коронавирустың туризмге əсері қарастырылған. Осы зерттеу арқылы Қазақстанның туристік секторын халықаралық тəжірибе (мысалы, Ұлыбритания, Италия, Испания) негізінде жасалған қолдау схемасы ұсынылады.
Əдіснамасы. Жоғарыда аталған мақсатқа жету үшін зерттеуде екінші деңгейлі деректерді, соның ішінде ғылыми жарияланымдарды (рецензияланған журналдар, есептер, үкіметтік порталдар, конференциялар, жаңалықтар / мақалалардың дереккөздері) терең талдауды қамтитын сапалы зерттеу əдісі қолданылады.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы. Бұл зерттеудің практикалық маңызы зор, яғни оның нəтижелері Қазақстан жағдайында туристік секторды қолдау үшін жəне пандемия кезінде ұлттық бренд стратегиясын жасауға арналған іс-қимыл жоспарын құруға пайдалы болуы мүмкін. Зерттеуге екі ел: Қазақстан мен Ұлыбританияның қалпына келтіру үдерісіне қатысты əрекеттерді салыстырмалы талдау арқылы COVID-19 індетінің экономикаға əсері туралы қайталама деректерді талдау кіреді. Осы деректерді талдау негізінде туризмді қалпына келтірудің ең қолайлы қадамдары ұсынылды.
Зерттеу нəтижелері көрсеткендей, қысқа мерзімде ұлттық экономикалар үшін халықаралық туризмнен гөрі ішкі туризмге басымдық беру орынды болуы мүмкін. Сонымен қатар, орта мерзімді жəне ұзақ мерзімді жоспарлар тұрғысынан алғанда, Қазақстан үшін туризмді қалпына келтіру, мысалы мəдени мұра объектілері мен ұйымдарын қолдау схемасы сияқты жоспар бойынша іс-қимылдар жасау үшін халықаралық тəжірибеден сабақ алған маңызды.
Ғылыми жұмыстың туризм секторын қолдау жөніндегі іс-қимыл жоспары (немесе анықтамалығы) ретінде жазылуы оның практикалық маңызы болып табылады. Шектеу мəселесіне келсек, қазіргі кезде академиялық əдебиеттерде жарияланған сенімді мəліметтер жеткіліксіз болғандықтан, бұл мақала қосымша деректерге негізделген. Зерттеу нəтижелері ғалымдарға келешекте терең зерттеулер жүргізуге көмектеседі деп күтілуде.
Зерттеу мақсаты – Қазақстандағы корпоративтік əлеуметтік жауапкершілік моделін айқындау, сондай-ақ оның идеяларын ілгерілетуді талдау негізінде даму мəселелері мен болашағын анықтау.
Əдіснамасы – Қазақстанда корпоративтік əлеуметтік жауапкершіліктің даму үрдісін анықтау үшін: жүйелік, диалектикалық, салыстырмалы, аумақтық-бағалау тəсілдері қолданылды. Əдістердің əртүрлілігі топтарға біріктірілген: сипаттау, салыстыру, экономикалық-статистикалық əдістер, корреляциялық талдау, жалпылау, басқа əдістер мен амалдар.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы. Мақалада Қазақстан Республика-сындағы корпоративтік əлеуметтік жауапкершілік (бұдан əрі – КƏЖ) қағидаттарын ілгерілетудің ерекшеліктері қарастырылған. Қазақстандағы КƏЖ қағидаттарын ілгерілетудің барлық құрамдастары тұжырымдамалық негіздер, КƏЖ дамуының мүдделі тараптары, сондай-ақ оның елдегі дамуын құқықтық қамтамасыз ету айқындалған бірыңғай жүйе ретінде қарастырылды. Авторлар ірі бизнестің КƏЖ қазақстандық моделіне сипаттама берді жəне оның қағидаттарын қазіргі кезеңде практикалық іске асыру мысалдары келтірілді. Павлодар облысында жер қойнауын пайдаланушылар компанияларының қатысуымен олардың əлеуметтік инвестицияларына талдау жасалды. Қарастырылған əлеуметтік инвестициялар жергілікті атқарушы органдармен өзара ынтымақтастық туралы меморандумдар аясында жүзеге асырылды.
Зерттеу нəтижелері – Жүргізілген зерттеу негізінде авторлар Қазақстандағы КƏЖ даму жағдайы туралы қорытындыларды қалыптастырды.
Зерттеу мақсаты – квазимемлекеттік сектордағы корпоративтік əлеуметтік жауапкершіліктің (КƏЖ) қағидаттары мен процестері туралы қазіргі заманғы түсініктерді жүйелеу.
Əдіснамасы – əдеби дереккөздерді талдаудың нысандандырылған əдістері – контент талдау, дедукция, апперцепция əдісі.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы – зерттеу Қазақстан Республика-сының квазимемлекеттік секторының компаниялары үшін құнды болып келеді, өйткені корпоративтік əлеуметтік жауапкер-шілікті басқару əдіснамасындағы қазіргі бар білім алшақтықтарын (research gaps) жоюға мүмкіндік береді. КƏЖ сапасы мен тиімділігін жалпылау үшін КƏЖ қағидаттары жəне экономиканың квазимемлекеттік секторында КƏЖ тиімді басқару қағидаттары тұжырымдалған. Бұл қағидаттарды іс жүзінде орындау КƏЖ процестері мен жобалары арқылы жүзеге асырылады.
Зерттеу нəтижелері – PDCA (Plan-Do-Check-Act) циклын, КƏЖ процестерін жəне КƏЖ тиімді басқару қағидаттарын байланыстыратын КƏЖ тиімді басқару моделі ұсынылды. Ұсынылған модельді квазимемлекеттік компанияда КƏЖ басқару жүйесінің жалпы құрылымдық шеңбері ретінде қабылдауға жəне одан əрі осы жүйені КƏЖ нақты рəсімдері мен жобалары деңгейіне декомпозициялауға болады.
МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ БИЗНЕС: БАСҚАРУ ТЕОРИЯСЫ МЕН ПРАКТИКАСЫ
Зерттеу мақсаты – Қазақстанның жастар еңбек нарығының бүгінгі күнгі жағдайына, оның негізгі көрсеткіштеріне талдау жасау жəне жастарды жұмыспен қамтуды мемлекеттік қолдау жүйесінің жұмыс істеу механизмін қарастырып, оған баға беру; COVID-19 пандемиясының əсерінен белең алған жұмыссыздықпен, соның ішінде жастар жұмыссыздығымен күресуге бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктеріне шолу жасау.
Əдіснамасы – ғылыми мақаланы жазу барысында қолданылған əдістер ретінде статистикалықэкономикалық, диалектикалық жəне салыстырмалы əдістерді атауға болады.
Статистикалық-экономикалық əдістер статистикалық деректердің көмегімен белгілі бір экономикалық жүйеде болатын экономикалық үрдістердің даму серпініне жан-жақты талдау жасау кезінде қолданылатын амалдар мен тəсілдердің жиынтығы болғандықтан, бұл мақалада аталмыш əдістің көмегімен Қазақстандағы жастарды жұмыспен қамту көрсеткіштері топтастырылып, статистикалық ақпарат өңделіп, талдау жасалды жəне графиктердің, диаграммалардың көмегімен талдаудың нəтижесі шығарылып, жастар еңбек нарығының жағдайына баға берілді. Ал диалектикалық əдістің көмегімен еңбек нарығындағы экономикалық үрдістердің дамуы, атап айтқанда мемлекеттік қолдау механизмінің элементтердің арасындағы өзара ықпал ету мен байланысты айқындау жүзеге асырылды. Зерттеудің салыстырмалы əдісін қолдана отырып, жастар жұмыссыздығы көрсеткіштерінің жəне жастар еңбек нарығын мемлекеттік реттеу механизмінің жұмыс істеу тəжірибесіне, қазіргі уақыттағы жағдайына салыстырмалы талдау жасалды. Сондай-ақ, салыстырмалы əдіс Қазақстанның жастарды жұмыспен қамту көрсеткіштерінің соңғы бесжылдықтағы даму серпінін бағалауға мүмкіндік берді.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы ретінде 2015-2019 жылдар аралығындағы Қазақстан жастарының жұмысбастылық көрсеткіштеріне кешенді түрде талдау жасауды жəне COVID-19 пандемиясы жағдайындағы жастар еңбек нарығын қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдаламалардың жəне мемлекеттік реттеу жүйесінің басқа да элементтерінің жұмыс істеу механизміне баға беруді атауға болады.
Зерттеу нəтижелері – зерттеу нəтижесінде Қазақстанның жастар еңбек нарығының негізгі көрсеткіштеріне талдау жасалып, оны мемлекеттік реттеу жүйесін жетілдіруге бағытталған əлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтары анықталды.
Зерттеу мақсаты. Жұмыспен қамту жол картасының іс-қимыл жоспарының Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейіне əсерін бағалау
Əдіснамасы. Осы зерттеу барысында синтетикалық бақылау əдісі қолданылды. Бұл əдіс əсерге ұшыраған бір немесе бірнеше аймақтарды немесе елдерді салыстырады сонымен қатар, егер аймақ немесе ел əсерге ұшырамаған жағдайда не болатынын анықтайды. Басқаша айтқанда, бұл əдіс жол картасы іс-қимыл жоспары болмаған кезде Қазақстандағы контрфактикалық тенденцияға жақындау үшін бірыңғай «синтетикалық» бақылау тобын құру үшін бақылау топтарының салмақты үйлесімін құрайды.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы. Талдау негізінде модельдеу үшін 2000-2019 жылдар кезеңіндегі Қазақстан мен 13 донор-елден панельдік деректері алынды.
Зерттеу нəтижелері. Зерттеу нəтижесінде, егер Қазақстан Республикасы 2009 жылы жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша іс-шаралар жоспарын қабылдамаған болса, 2019 жылы жұмыссыздық деңгейі 2% -ға жоғары болатындығы анықталды.
Соңғы кездері мемлекеттік-жекешелік əріптестігінің (МЖƏ) механизмі əлеуметтік жəне инфрақұрылымды жобаларды дайындаудың нəтижелі тəсілі ретінде дамуда. МЖƏ жобаларында тұрақты дамудың тиімділігін арттырудағы маңызды стратегия ғана емес, сонымен қатар дамушы елдердің экономикалық мақсаттарына апарар жол.
Зерттеу мақсаты – Қазақстандағы МЖƏ жобалары жайлы мəліметтерді қарастыру жəне біріктіру жəне сонымен қатар болашақ зерттеулер мен тəжірибе үшін бағыт беру.
Əдіснамасы. Мақаланы дайындау барысында сипаттау əдіснамасы қолданылды. Алдымен ғылыми жəне құрылымданбаған əдебиетке шолу жасалды, ары қарай құрылымды əдеби шолумен біріктірілді. Əдебиеттегі МЖС жобаларының мəселелері, болашағы жəне олардың тұрақты даму мақсаттарына жетудегі маңызы сынды зерттеулерге қосылдық.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы. Зерттеу Қазақстандағы мемлекет-жекешелік жобаларын талдауға жəне олардың тұрақты даму мақсаттарына жетудегі маңызына негізделген.
Зерттеу нəтижелері. Қазақстанда мемлекет-жекешелік əріптестігі (МЖƏ) заңнамалық тұрғыдан жəне батыс мемлекеттерінде белең алған МЖƏ түрлеріне қатысты тəсілдері, жеке меншік үшін шарттарын жақсарту жəне қоғамды қатыстыру бойынша жан-жақты қарастырылуы қажет.
Зерттеу мақсаты – аймақтық бағдарламалардың тиімділігін бағалау əдістерін зерттеу жəне анықтау.
Əдіснамасы – зерттеу барысында салыстырмалы талдау əдістері, ұқсастығы, жалпылауы, жіктелуі, жүйелік жəне құрылымдық тəсілдері, сонымен қатар қалалық деңгейдегі стратегиялық басқару теориясы қолданылды. Зерттеудің ақпараттық базасына Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау жəне реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы, Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің мəліметтері, сондай-ақ шетелдік басылымдарда жарияланған ақпараттар кіреді.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы – зерттеу барысында аймақтық бағдарламалардың тиімділігін кешенді көпжақты бағалау жүргізілді, бұл аймақтық бағдарламалардыəртүрлі аспектілерде сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі болып табылады.
Зерттеу нəтижелері – аймақтық бағдарламалардың тиімділігін олардың бөлінуіне жəне іске асырылу кезеңдеріне қарай арттыру жолдары ұсынылады, олардың кешенді нəтижеге жетудегі үздіксіздігі қамтамасыз етіледі. Қысқа жəне ұзақ мерзімді перспективада негізгі аймақтық бағдарламалардың тиімділігін арттыру үшін аймақтық билік пен əкімшіліктерге ұсыныстар беріледі.
Зерттеу мақсаты – тұрғын үй құрылысын дамыту саласындағы қазіргі заманғы үрдістерді талдау жəне осы үдерістегі мемлекеттің рөлін бағалау негізінде қазіргі проблемаларды анықтау жəне оларды Қазақстан Республикасында шешудің перспективалық бағыттарын ұсыну.
Əдіснамасы: мақалада салыстыру, жалпылау, талдау жəне синтездеу, модельдеу (трендтік болжам жасау) сияқты зерттеу əдістері қолданылған.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы. Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй нарығының соңғы 18 жылдағы дамуын бағалау нəтижелері оны дамытудағы қазіргі заманғы шектеулер мен мəселелерді, оның ішінде, оларды шешу саласында тиісті ұсынымдар əзірлеу мақсатында тұрғын үй құрылысы нарығының 2025 жылға дейінгі даму болжамы негізінде анықтауға мүмкіндік берді.
Зерттеу нəтижелері. Жүргізілген зерттеу нəтижелері көрсеткендей, Қазақстанда 2003 жылдан бастап 2020 жылға дейін тұрғын үй құрылысын дамыту процесі негізінен мемлекеттік қаржылық қолдаудың арқасында жүзеге асырылды. 2020 жылдан бастап 2025 жылға дейінгі кезеңдегі тенденцияны талдаудың нəтижелері көрсеткендей, пайдалануға берілген тұрғын үйлерді пайдалануға берудің шыңы 2023 жылы байқалады, ал тұрғын үй бағасы көтеріледі. Осыған байланысты авторлар тендерлік сатып алуды бөлу жүйесіндегі, тұрғын үй қорын қабылдау жəне пайдалануға беру процесінде, сондайақ тұрғын үйді бөлу кезіндегі сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету сияқты мəселелерді шешуге ұсыныстар берді, тұрғындарға арналған елді мекендердің бас жоспарларының жабық болуы, тұрғын үй сапасының жеткіліксіздігі жəне басқалары.
САНДЫҚ ЭКОНОМИКА
Зерттеу мақсаты – əлемдік экономиканың қазіргі даму жағдайында дəстүрлі бизнес-модельдерді цифрлық трансформациялаудың маңызды ынталандыруларын анықтау жəне компанияның сауда қызметінің сандық трансформациясының моделін қалыптастыру.
Əдіснамасы. Ғылыми жұмыстың негізінде компаниялардың бизнес-модельдерін сандық түрлендіру саласындағы ерекшеліктерге қатысты қазіргі авторлардың зерттеулерін теориялық талдау əдісі жатыр.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы. Сауда ұйымдарының бизнес-модельдерін цифрлық трансформациялаудың құндылық бағдарлары мен алғышарттары айқындалды. Ұйымды ұзақ мерзімді жоспарлау жəне басқару жүйесінде осы трансформацияның артықшылықтары атап өтілді.
Зерттеу нəтижелері. Цифрлық трансформацияның негізгі бизнес-моделі анықталды жəне нақтыланды. Операциялық қызметті цифрлық трансформациялау жағдайында ұйымның бизнесмоделінің негізгі компоненттерінің ерекшелігі анықталды.
Зерттеу мақсаты – шетелдік жəне қазақстандық жоғары оқу орындарында цифрлық платформаларды қолдана отырып электрондық оқыту технологияларын енгізулерді зерттеу негізінде COVID-19 пандемиясының білім сапасына тигізген əсерін бағалау.
Əдіснамасы. Шетелдік жəне қазақстандық ғылыми зерттеулерді ретроспективті жəне салыстырмалы талдау негізінде онлайн оқумен байланысты мəселелер жəне шешімдер анықталды. Ғылыми əдебиеттерді іздеу үлкен мəліметтер базасында жүргізілді: Researchgate, Springer, ScienceDirect. Іздеу барысында енгізілген іздеу параметрлеріне сəйкес келетін 481 ғылыми мақала табылды. Қосу жəне алып тастау критерийлерін ескере отырып, 465 құжат іріктеліп алынды, ал қалған 16-сы талданды.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы. Электрондық оқудың енгізудегі кедергілерді анықтаумен қатар, COVID-19 пандемиясы кезінде білім беру процесінің тиімділігіне əсер еткен негізгі факторлар анықталды. Зерттеу барысында цифрлық платформалар тұрақты бəсекелік артықшылықтар жасайтыны жəне оқу процесін жаңартудың негізгі құралы екендігі анықталды.
Зерттеу нəтижелері. Зерттеу нəтижесінде технологиялық білімді басқаруда, сондай-ақ университеттердің, оқытушылар мен студенттердің электронды оқудың енгізуге дайындық деңгейіне байланысты маңызды факторлар анықталды.
ISSN 2789-4401 (Online)