АДАМИ РЕСУРСТАРДЫ БАСҚАРУ
Мақалада адами капиталдың сапасын арттыру, ЖОО түлектерінің еңбек нарығында сұранысқа ие болуы, білім беру парадигмасын өзгерту қажеттілігі мәселелері қарастырылған. Сонымен қатар мамандар даярлаудың тиісті деңгейі мен сұраныс арасындағы заңдылықтар көрсетілген.
Қазіргі заманғы трендтерді ескере отырып, жоғары білім беру жүйесін дамытудың стратегиялық бағыттарын дамыту бойынша ұсыныстар берілді. Бұл болашақта елдің бәсекеге қабілеттілігіне қол жеткізу үшін адам ресурстарын басқару, сақтау және көбейту тетігін әзірлеуге мүмкіндік береді.
Көпұлтты компаниялар әлемдік нарықтарда бәсекелестік артықшылықтарды алу мақсатында шетелдік міндеттерді құру және басқару үшін экспаттарды тағайындайды. Сондықтан экспаттарды басқару проблемасы адам ресурстарын халықаралық басқару саласындағы маңызды проблемаға айналып отыр. Қытай экспаттармен терең интервью өткізіп, экспаттардын экспатриациясы кезінде кездесетін проблемаларды түсінуге өз үлесін қосу үшін және экспатриация процесі HR тәжірибесінің көмегімен жақсаруы мүмкіндігін табу ушін осы зертеу жұмысы өткәзәлген. Эмпирикалық деректер кетер алдында экспаттарды дайындау жұмысқа байланысты мәселелерге шоғырланғанын көрсетеді, сондықтан мәдениет мәселелері бойынша дайындық жиі елемейді.
ҚАРЖЫ ЖƏНЕ ИНВЕСТИЦИЯ
Бұл мақала жылжымайтын мүлік объектілерін əділ құны бойынша есепке алу мəселелеріне арналған. Ықтимал сипатты төмендету, сондай-ақ есептеулердің нақтылық деңгейін арттыру үшін авторлармен жылжымайтын меншіктің негізгі сипаттамаларын жəне оның орналасқан жерін ескеретін экономикалық-математикалық модель ұсынылды. Теориялық гипотезалар Алматы қаласында пəтерлерді сату туралы ұсыныстардың бағасы негізінде тексерілді. Бағалау компаниялары сынақтан өткізген модельдің нəтижелері мен авторлардың да ұсынған бағалау моделі корпоративтік өндірістік сектордың жəне девелоперлік компаниялардың жылжымайтын мүліктерінің бухгалтерлік есебінде пайдаланылуы мүмкін екендігін көрсетті.
Бұл мақалада Қазақстан транзиттік экономикасының банк саласындағы тәуекелмен кірістер арасындағы кіріспе қарымқатынасы зерттелінеді. Зерттеу негізі, экономикалық көшіқон мемлекеттеріндегі қиындықтармен ерекшеліктерді анықтап келешек даму үлгілерін анғартуға бағытталған.
Одан әрі, Қазақстан банк саласындағы экономикалық кемшіліктермен артықшылықтарын талдап жалпы елдін экономикалық ахуалын жақсартып, оңды дұрыс шешім қабылдауға негіз болатын ұсынымдар талқыланады.
Посткеңестік кеңістіктегі көптеген елдердің ғылыми негізделген экономикасының даму деңгейі ғылыми кадрлардың тапшылығы мен коммерцияландырудың инновациялық идеяларының жетіспеушілігімен сипатталғанда, ғылыми-зерттеу жұмыстарын тиімді қаржыландыру мәселелерін зерттеу үшін мемлекет пен бизнес-қоғамдастықтың күш-жігерінің шоғырлануы өзекті болып көрінеді.
Қаржыландыру механизмін дамыту мемлекет тарапынан ғылым мен техниканың дамуын қолдаудағы оның жалпы саясатының құрамдас бөлігі ретінде қолдау алады. Бұл жұмыста біз жоғары технологиялық өндірістің дәстүрлі өндірістен негізгі айырмашылықтарын, сондай-ақ жоғары технологиялық өндірістерді қаржыландыру ерекшеліктерін қарастырамыз. Сонымен қатар, мақалада АҚШ-тағы жоғары технологиялық өндірістерді қаржыландыру тәжірибесі қарастырылған, ал Қытай жоғары технологиялық өндірістерді экспорттау бойынша көшбасшы ретінде көрсетілген.
ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЭКОНОМИКАСЫ
Ғылыми мақаланың мақсаты - цифрлы ауылшаруашылық фермалардың инновациялық қызметін дамыту және Қазақстанда ауылшаруашылық өндірісінің өсуі үшін ақпараттық технологияны пайдалануды негіздеу.
Әдістеме. Жұмысты жазу кезінде библиографиялық дереккөздерді зерттеу, жүйелеу, синтездеу, салыстыру, экономикалық талдау әдістері қолданылды.
Жұмыстың мәні жаңа инновациялық ақпараттық технологияларды енгізу негізінде цифрлық фермалардың қызметіне экономикалық талдау жасау, проблемаларды анықтау және Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінде электронды ресурстарды енгізуді жақсарту бойынша практикалық ұсыныстар жасау болып табылады.
Алынған негізгі нәтижелерге мыналар кіреді: Қазақстан экономикасын мемлекеттік басқару жүйесінде ақпараттық технологияларды дамыту мәселелері; сандық технологиялар мен агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдаудың рөлі көрсетілген; Қазақстанда «цифрлық ауылшаруашылық фермаларын» дамытуда ақпараттық технологияларды қолданудың маңыздылығы айқындалды; агротехнологиялық стартаптар құрудың және «цифрлық ауылшаруашылық фермаларын» құрудың шетелдік тәжірибесі қарастырылады; дамудың факторлары анықталды және Қазақстанда «цифрлық ауылшаруашылық фермаларын» дамытуды жақсарту бойынша ұсыныстар ұсынылды.
Зерттеу нәтижесі – Алматы қаласы мен Алматы облысының 200 кәсіпорнында аутсорсингтің тиімділігін талдау барысында респонденттердің көбі аутсорсингті енгізуде оңды үрдіс көрсетті.
Аутсорсингтің келесідей түрі кең таралған: бухгалтерлік аутсорсинг, логистикалық аутсорсинг және IT аутсорсинг. Зерттелген кәсіпорындарда аутсорсингті іске асырудың негізгі себептері мен қауіпқатерлері анықталды.
Бұл жұмыс ғылыми зерттеулерді интернационализациялауға және қазақстандық ғалымдарды әлемдік ғылыми қоғамдастыққа біріктіруге бағытталған ұлттық және институционалдық саясатқа зерттеушілердің реакциясын түсіну және жіктеу мақсатында Қазақстанның жоғары оқу орындарындағы ғалымдармен және ғылым саласындағы әкімшілермен сұхбаттарға негізделген. Интервью нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернационализацияға қатысты әртүрлі саясаттары ғылыми қоғамдастық тарапынан әр түрлі реакциялар мен адаптация түрлерін тудыратындығы анықталды.
Зерттеу мақсаты – кәсіпорнының инновациялық дамуын бағалау тәсілдерін зерттеу.
Әдіснама – графиктік, сондай-ақ синтез, талдау, салыстыру, жалпылау сияқты жалпы ғылыми әдістер қолданылады.
Түпнұсқалылық / құндылығы – мақалада өнім өндірісі мен оны басқаруды ұйымдастыру үдерістеріне инновацияларды ендірудің рөлі қарастырылған, кәсіпорынның инновациялық әлеуетінің дамуын бағалау жүйесі, кәсіпорынның инновациялық қызметін басқару жүйесі жасалған, кәсіпорынның инновациялық қызметін басқару жүйесі жасалған, кәсіпорынның ішкі ортасын талдаудың және сыртқы ортасын бағалаудың егжей-тегжейлі және диагностикалық тәсілдері қарастырылған.
Зерттеу нәтижелері кәсіпорынның инновациялық қызметін тиімді басқаруға мүмкіндік беретін рационалды шешімдерді қабылдауда қолданыла алады.
Қорытынды – мақалада кәсіпорынның инновациялық қызметін басқару жүйесі талданған.
Инновациялық дамуды бағалау тәсілдерінің ерекшеліктері мен кемшіліктері қарастырылған.
Мaқaлaдa aвторлaр технологияларды трансферлеу арқылы инновациялық бағыттағы экономиканы дамыту процесстерін қарастырады. Инновациялық қызметтің мәнін зияткерлік әлеуетті пайдалану тиімділігін арттыру арқылы әлеуметтік-экономикалық тиімділікті барынша арттыруға болатындығы анықталды. Сондай-ақ, инновациялық процестерді жетілдіру көзі ретінде технологиялар трансферін және инновациялық инфрақұрылымды жетілдіру жолдары ұсынылды.
Мақалада интеллектуалдық меншік объектілерінің нарығын қалыптастыруды анықтайтын негізгі проблемалары қарастырылып, оны мемлекет пен қоғамның экономикалық өсудің инновациялық факторының интеллектуалды әлеуетін арттыру үшін негіз ретінде нарық құру және дамыту міндеттеріне ерекше сипатталған.
«Банк жүйесіндегі киберқауіптерді басқару» мақаласында ақпараттық қауіпсіздік пен кибершабуылға байланысты тәуекелдер көрсетілген. Бұл проблема ақша және әртүрлі мәселелер бойынша ақпарат шоғырланған банк жүйесі үшін әсіресе өзекті. Материалдық және материалдық емес активтердің қауіпсіздігі мәселелері «адам факторы» ескеріле отырып, басқарудың және орындалудың барлық деңгейлерінде шешіледі.
САЛАЛЫҚ НАРЫҚТАР ЭКОНОМИКАСЫ
Бұл мақала Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы Қазақстанның демографиялық саясатын жаңғырту мәселесіне арналған. Қазақстандағы және оның аймақтарындағы демографиялық жағдайды растау үшін бала туу, өлім-жітім және халықтың өсуіне, сондай-ақ ішкі және сыртқы миграцияға егжей-тегжейлі талдау жүргізілді. Осы жағдайды терең зерттеу үшін автор бұл проблеманы пәнаралық сипатта болуы тиіс деп есептейді.
Зерттеу мақсаты – еліміздегі сүт және сүт өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуға және оның экспортын жылжытуға ықпал ететін негізгі факторлардың әсерін зерттеу.
Әдіснама (методология) – зерттеу барысында зерттеудің сандық әдістері қолданылды,яғни статистикалық мәліметтер негізінде, экономикалық-математикалық модеульдеу әдісінің көмегімен математикалық модельдер құрылды.
Ерекшелігі/құндылығы – сүт және сүт өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату мәселесі, нарықтағы бәсекелестікті арттыру мен отандық тауар өндірушілердің сүт және сүт өнімдерін дамыту үшін маңызды.Сол себептен, сүт өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін тиісті дәрежеде арттыру қажет.
Қорытынды – мақалада сүт және сүт өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, экспортты жылжыту барысында, ең бірінші оның бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін негізгі факторларды анықтап, зерттеулер жүргізу қажет екендігін көрсетеді. Бұл мәселе, әсіресе азық-түлік нарығындағы ауыл шаруашылығы кешенінде, оның ішінде сүт өңдеу кәсіпорындары үшін өте маңызды. Себебі, ауыл шаруашылығы халықтың өмір сүруі үшін қажетті азық-түлік түрлерімен қамтамасыз ететін ел экономикасының маңызды саласы болып табылады.
Бұл мақала "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасының жұмыс істеуі шеңберінде телекоммуникациялық компанияның маркетингтік саясатын және "Қазақтелеком"АҚ компаниясының мысалында жалпы әлемдік трендтерді қалыптастыру және іске асыру процесін талдауға арналған. Мақаланың зерттеу әдістемесі танымның жалпы ғылыми әдістерін зерттеу үдерісін пайдалануға негізделген: диалектикалық, абстрактілі-логикалық, талдау мен синтез, зерттеудің арнайы әдістері:
SWOТ-талдау, сондай-ақ сараптамалық және графикалық амалдар.
Зерттеу үдерісінде қазіргі кезде компанияның маркетингтік саясатын түсінуге және маркетингтік даму стратегиясының мазмұнына деген ғылыми амалдар жүйеленген және қарастырылған. Қазақстан Республикасындағы IT нарығының даму беталысы анықталған және әлемдік заманауи ақпараттық технологиялардың нарығындағы экономикалық жағдайы егжей-тегжейлі талданған.
Зерттеу объектісі – "Қазақтелеком" АҚ компаниясының маркетингтік саясатын қалыптастыру мен іске асыруға кешенді талдау жүргізілді, оның негізінде компанияның маркетингтік стратегиясы ұсынылды.
Маркетингтік талдау нәтижесінде жалпы әлемдік трендтер және «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шегінде «Қазақтелеком» АҚ-ның маркетингтік саясатын ары қарайғы жетілдіру жолдары ұсынылды.
Бұл мақалада автор Қазақстандағы арнайы экономикалық аймақтар мен индустриялық аймақтардың тиімділігін зерттейді. Қазіргі шетелдік тәжірибені ескере отырып, олардың тиімділігін бағалау әдістемесі келтірілген. Мақалада әлемдік тәжірибеде осындай аймақтардың дамуындағы жаңа үрдістер ашылған. Аймақтардың тиімділігін арттыру үшін қорытындылар мен ұсыныстар жасалды.
КƏСІПКЕРЛІК ЖƏНЕ ТУРИЗМ
Бұл мақалада, туризмдегі тұтынушылық мінез-құлықтың тұжырымдамалық моделдері және тұтынушылардың мінез-құлқына әсер ететін заманауи сыртқы факторлар қарастырылып, туризмдегі тұтынушылық мінез-құлықты зерттеудің негізгі бағыттары анықталды. Бұл жұмыста қолданылған дереккөздер ретінде, халықаралық дерекқорларға кірген, шетел авторларының зерттеулері мен мақалалары қарастырылды.
Мақалада халықаралық туризмнің даму тенденциясына талдау жасалады және туризмге әсер етуші сыртқы және ішкі факторлар қарастырылады. Зерттеу аясында анкеталық жауаптар жүргізіліп, халықаралық туризмге әсер етуші факторлар байқалады. Қазақстандағы халықаралық туризмді зерттеу арқылы, оның әлсіз тұстарын көре аламыз.
Мақалада Жамбыл облысының тарихи-мәдени әлеуеті және оның өңірдегі туризмнің дамуына әсері қарастырылады. Өңірдің тарихи-мәдени әлеуетінің ағымдағы жағдайына талдау жүргізілді және оны тиімді пайдалану бойынша ұсыныстар ұсынылды.
ISSN 2789-4401 (Online)