Preview

Central Asian Economic Review

Кеңейтілген іздеу
№ 3 (2020)
Шығарылымды жүктеу PDF (Russian)

ҒАЛАМДАНДЫРУ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН

8-19 360
Аңдатпа

Зерттеудің мақсаты. Посткеңестік Орталық Азиядағы аймақтық бірегейліктің дамуына шешуші əсер ететін экономикалық факторларды анықтау.
Əдіснамасы. Посткеңестік Орталық Азияның аймақтық ерекшелігін зерттеу əдістемесі əртүрлі əдістер мен тəсілдердің синтезіне негізделген, бұл олардың көмегімен алынған нəтижелердің сенімділігі мен салыстырмалылығын қамтамасыз етеді. Ал зерттеу тəсілін таңдаудың негізгі критерийлері диалектикалық логика принциптері болды.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы. Аймақтық сəйкестікті əр түрлі ғылыми салалардың өкілдері: философтар, əлеуметтанушылар, саясаттанушылар, лингвистер, географтар, экономистер жəне т.б. зерттейді. Олардың əрқайсысы өзінің жеке əдістемелік аппараты мен зерттеу құралдарын жасау үстінде, бұл осы құбылыстың пəнаралық сипаты туралы куəландырады. Көптеген авторлардың еңбектері негізінен аймақтық экономикалық интеграция процестерін зерттеуге бағытталған, осыған байланысты Орталық Азия аймағы бірегейлігінің экономикалық аспектілерін зерттеу бұл жұмыстың құндылығын көрсетеді.
Зерттеу нəтижелері. Экономикалық саладағы аймақтық бірегейлікті нығайту экспорттықимпорттық əлеуетті дамыту, бейресми жəне ресми деңгейлерде көпжақты ынтымақтастық, экспортқа бағытталған салаларда мемлекетаралық-жекеменшік серіктестіктерді қалыптастыру, мемлекетаралық аумақтық-өндірістік кластерлер, технополистер мен технопарктер сияқты шекарадағы еркін экономикалық аймақтарды құру, ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу бойынша бірлескен кəсіпорындар, аймақтық логистикалық жүйелер мен заманауи аймақтық көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

19-36 374
Аңдатпа

Зерттеудің мақсаты. Экономиканы жаһандандыру жағдайында макрологиялық жүйелерді құрудың негізгі əдіснамалық тəсілдерін жүзеге асырудың шетелдік тəжірибесін ашу жəне оларды дамыту тетіктерін нақтылау.
Əдіснамасы. Зерттеу аналитикалық жəне синтетикалық əдістерді, салыстырмалы талдау əдісін пайдалана отырып жүргізілді. Зерттеу көздері ретінде теориялық жəне аналитикалық мақалалар, шетелдік авторлардың еңбектері қызмет етті, онда жаһандық макрологиялық жүйелердің үдемелі эволюциясының əлемдік жаһандық трендтері қарастырылады.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы. Автор материалды жəне материалдық емес логистикалық ағындарды басқарудың нақты нақтылануын есепке ала отырып, жаһандық макрологиялық жүйелерді тиімді қалыптастыру принциптерін анықтады. Дамыған шет елдердегі логистиканың экономикалық жəне ұйымдастырушылық тетіктері нақты белгіленген.
Зерттеу нəтижелері. Шетелдік практикада макрологиялық жүйелердің кезең-кезеңімен эволюциясы шеңберінде материалдық жəне материалдық емес ағындарды қарқындатуға бағытталған олардың даму тетіктері қалыптастырылды. Экономикасы дамыған елдерде логистиканың мынадай ұйымдық элементтерін дамытуға ерекше көңіл бөлінеді: логистикалық жүйелерді инвестициялық қолдаудың мемлекеттік шаралар кешені, логистикалық орталықтарды дамыту, материалдық емес ағындарды қолдау үшін логистика элементтерінің кең спектрінің жұмыс істеуі. Қазіргі кезеңде 4.0 индустрияландыру жағдайында шет елдерде инновациялық экономиканы дамытуға бағытталған материалдық емес логистикалық ағындарды қарқындатуға барынша көңіл бөлінеді.

36-47 299
Аңдатпа

Зерттеу мақсаты. 2015 ж 1 қантардан бастап қызмет ететін Еуразиялақ Экономикалық Одақ елдеріндегі қолданыстағы корпоративтік басқару үлгілері тиімділігін арттыру тəсілдерін жəне заңнаманы үйлестіру жолдарын анықтау.
Зерттеу əдіснамасы. Еуразиялақ Экономикалық Одақ елдеріндегі қолданыстағы корпоративтік басқару үлгілерін талдау заңнамалық базасын талдаудың негізінде жасалған. Қолданыстағы заңнама көздейтін қағидалар іс жүзінде қалай асырылатынын түсіну үшін Қазақстан корпоративтік заңгерлемен сұхбаттасулар жүргізілді.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы. Мақалада Еуразиялақ Экономикалық Одақ елдеріндегі акционерлердің құқықтары, азаматтығына жəне бизнеске қатысу үлесіне қарамастан, өз мүдделерін қорғау мақсатымен директорлар кеңесінде өкілдік ету мүмкіндігі жағынан іске асырылу деңгейі туралы мəселе көтеріледі. Сонымен қатар таңдалған құзыреттерде инвесторлардың құқықтарын жүзеге асыру үдерісінде тəуелсіз директорлардың рөлі туралы мəселе қарастырылады.
Зерттеу нəтижелері. Одақ елдеріндегі қолданыстағы заңнамасының аясында корпоративтік басқарудың тиімді үлгісін жүзеге асыруға мүмкін еместігін көрсетеді. Жұмыста Еуразиялақ Экономикалық Одақ елдеріндегі қолданыстағы корпоративтік басқару үлгілері тиімділігін арттыру тəсілдері жəне заңнаманы үйлестіру жолдары ұсынылады.

48-66 842
Аңдатпа

Қолайлы іскерлік ахуал мен Қытаймен тиімді екіжақты қарым-қатынастардың арқасында Қазақстан қытайлық кəсіпкерлердің көбеюіне тартымды болып келеді. Осыған байланысты, қытайлық менеджерлердің алдында мəдениетаралық басқару мəселелері мен оларды шешу қажеттілігі туындайды.
Зерттеудің мақсаты. Қазақ жəне қытай мəдениеті арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтау, сондай-ақ екі мəдениетте алшақтық болған жағдайда басқару тəжірибесін жетілдіру бойынша ұсыныстар беру.
Зерттеудің əдіснамасы. Ұлттық мəдениеттің интегративті негізі құрылды жəне аналитикалық
тəсілмен салыстырмалы талдау жүргізілді.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы. Біз қарастырылп отырған мəселені зерттеудегі бар оқылықтарды толтыруға тырыстық, өйткені екі мəдениетті салыстырмалы зерттеу бойынша жұмыстар өте аз. Біздің интегративті модель жəне аналитикалық əдісіміз бірегейлі. Зерттеу нəтижелері осы екі мəдениетте жұмыс істейтін басқарушыларға мəдениаралық ортада, əсіресе Қазақстандағы Қытай менеджерлерін бағдарлауға мүмкіндік береді.
Зерттеу нəтижелесінде. Екі мəдениеттің иерархия, коллективизм, үйлесімділік, полихронизм, партикуляризм, диффузия жəне адам табиғатындағы ұқсастықтарын айқындады. Айырмашылықтар негізінен физикалық кеңістіктік өлшемінде жəне бейтарап-аффективті өлшемде байқалады жəне белгісіздікті, гендерлік эгалитаризмді, ұзақ мерзімді бағдарлауды, ерлікті, табандылық пен ұқыптылықты болдырмаудың басқа да аспектілерінде көрініс табады.

АЙМАҚТЫҚ ЭКОНОМИКА

67-79 894
Аңдатпа

Зерттеу мақсаты. Қазіргі жағдайдағы Қазақстан аймақтарының бəсекеге қабілеттілігін салыстырмалы талдау жəне бағалау.
Зерттеу əдіснамасы. Мақалада Қазақстан Республикасының Ұлттық Кəсіпкерлер палатасы жанынан əрекет ететін инвестициялардың өтімділігін зерттеу жөніндегі Агенттік (Қазақстан өңірлерінің бəсекеге қабілеттілік рейтингі) əзірлеген индекстердің негізінде Қазақстан өңірлерінің бəсекеге қабілеттілігін бағалаудың рейтингтік үлгісі қолданылды.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы. Өңірлік саясат тұжырымдамасында бастау алатын Қазақстан Республикасы өңірлерінің негізгі əлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін талдауға сəйкес өңірлерді жіктеу жүзеге асырылды. Авторлар өңірлердің ерекшелігін айқындау жəне өңірлердің стратегиясын əзірлеу бағыттарын анықтау мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Кəсіпкерлер палатасының мəліметтері бойынша Қазақстан өңірлерінің бəсекеге қабілеттілік индексінің негізгі көрсеткіштері есептелген.
Зерттеу нəтижелері. Жүргізілген талдау Қазақстан өңірлерінің күшті жəне əлсіз жақтарын анықтауға мүмкіндік берді. Аймақтың бəсекеге қабілеттілігінің жоғары деңгейіне адам ресурстарын дамытпай жəне оларды ұтымды пайдаланбай қол жеткізу мүмкін емес екендігі атап өтілді. Тұтастай алғанда, өңірлік саясаттың бағыттары дамудың таңдалған сценарийімен айқындалады. Авторлар ұсынатын өңірлік бəсекеге қабілеттілікті бағалау əдіснамасына көзқарас бірқатар артықшылықтарға ие-өңірлердің ерекшелігін көрсетеді, жақын арадағы бəсекелестерді көруге жəне өңірдің даму стратегиясының бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді.

79-90 319
Аңдатпа

Зерттеу мақсаты Аймақтық экономикадағы зияткерлік əлеуетті бағалаудың мəнін ашу болып табылады.
Зерттеу əдіснамасы. Тиімді басқарудың механизмі ретінде инновациялық менеджмент негізінде дамудың зияткерлік факторын қалыптастыру жəне пайдалану тəсілдері қарастырылды.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы. Мақалада инновациялық менеджмент негізінде тиімді басқару тетігі ретінде дамудың зияткерлік факторын қалыптастыру мен пайдалануға жүйелік тəсілдің авторлық схемасы ұсынылады.
Зерттеу нəтижелері. Қорыта келе, зияткерлік əлеуетті жəне оның инновациялық негізде экономикалық даму факторы ретіндегі тиімділік дəрежесін бағалаудың мəні өңірлік деңгейде одан əрі өседі,бұл осы бағытта ғылыми зерттеулерді дамытудың өзекті қажеттілігін негіздейді.

САЛАЛЫҚ НАРЫҚТАР ЭКОНОМИКАСЫ

91-105 1373
Аңдатпа

Зерттеудің мақсаты. Ғылым, технология, инженеринг жəне математика (STEM) салаларындағы мамандықтарды қыздардың сирек таңдау себептерін анықтау мен факторларды сыныптау. Сауалнамаға қатысқан техникалық мамандықтарда оқитын 109 қыз студенттердің сауалнамаларының нəтижелеріне сəйкес, респонденттердің STEM саласына қызығушылығы олардың оқу тəжірибесі мен қоршаған ортаның пікіріне тікелей қатысты екендіктерін көрсетті.
Зерттеудің əдіснамасы. Электронды сауалнама жəне бетпе-бет сұхбат (интервью).
Зерттеудің бірегейлігі /құндылығы. Жұмыстың ерекшелігі инновациялық саладағы əйелдердің жұмыспен қамтылу мəселелерін студенттердің мамандық таңдауымен жəне мемлекеттік жұмыспен қамту бағдарламаларымен байланыстыра осы саладағы кемшіліктерді анықтау мен мемлекеттік органдарға ұсыныс даярлау.
Зерттеу нəтижелері. Зерттеу нəтижелері мен қорытындысына сəйкес, қазақстандық инновациялық саладағы мамандардың тапшылығы болмас үшін, білім беру саласындағы инновациялық мамандықтарға қыз балаларды тарту бойынша мемлекеттік бағдарламаның қажеттілігін көрсетті.

105-119 509
Аңдатпа

Зерттеудің мақсаты. Алматыда жеңіл рельсті транзиттің (LRT) қолдану тиімділігін зерттеу, талдау жəне ұсыныстар құрастыру. Алматы – Қазақстандағы ең үлкен қала. Үлкен қалаларда жақсы қоғамдық көлік қажет, бірақ қазіргі таңда Алматыдағы қоғамдық көліктер тиімділігі кептелістерге байланысты сəтсіздікке ұшырап отыр. Қалаға қоғамдық көліктің жақсы нұсқалары қажет.
Зерттеудің əдіснамасы. Ағымдағы зерттеу SWOT талдауды қоса, сапалы əдістерді қолданады. Бұлүшін сауалнаманы пайдалана отырып деректер жиналды, содан кейін Excel-де талданды.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы. LRT құрылысына метроны кеңейтуге қарағанда аз уақыт кетеді. Сондай-ақ, жергілікті геологиялық жағдайларда (қала тоғыз баллдық сейсмикалық аймақта орналасқан) LRT метроға қарағанда анағұрлым қолайлы. LRT енгізу арқылы қоғамдық көлік жүйесінің жетілдірілуі тұрғындардың біртіндеп жеке көліктерін қоғамдық көліктерге алмастырады деп күтілуде.
Зерттеу нəтижелері. Осы зерттеудің нəтижелері Алматы қаласының басшылығына жүргізілетін саясат пен қабылданатын шешімдер барысында LRT сияқты экологиялық таза көлік нұсқаларына ауысудың маңыздылығын негіздеуге көмектеседі.

120-134 374
Аңдатпа

Зерттеудің мақсаты. Нан пісіру кəсіпорнының өндірістік бағдарламасын оңтайландырудың перспективті жолдарын іздеу.
Зерттеудің методологиясы. Зерттеу жүргізу барысында авторлар эмпирикалық, абстрактілік, жүйелік жəне салыстырмалы зерттеу жүргізу əдістерін пайдаланды. Əдістердің əрқайсысы сəйкес кезеңдік міндеттерді шешу үшін қажетті қабілеттіліктері мен функционалдық мүмкіндіктеріне сəйкес қолданылды.
Зерттеудің құндылығы / бірегейлігі. Авторлар зерттеу жүргізу барысында сенімді, нақты статистикалық мəліметтерді өңдеп, кестелік-бейнелік материал жəне диаграмма түрінде көрсеткен. Алайда зерттеудің құндылығы келесілермен сипатталады:
- «өндірістік бағдарлама» түсінігінің мəні зерттелді жəне «өндірістік жоспар», «ассортимент» сияқты категориялармен тікелей байланысы белгіленді;
- нан пісіру кəсіпорындарының өндірістік бағдарламасының негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштерінің тізімі анықталды;
- өндірістік бағдарламаны жоспарлаудың негізгі əдістері зерттелді;
- нан пісіру кəсіпорындарының өндірістік бағдарламасын қалыптастыруға əсер ететін ішкі жəне сыртқы факторларға, бағдарламаның орындалуына талдау жасалды;
- нан өнімдірі өндірісінің көлеміне ықпал ететін факторларға экономикалық бағалау жүргізілді.
Зерттеу нəтижелері. Зерттеу жүргізу нəтижесінде авторлармен мынадай іс-шаралар ұсынылды:
- көлік шығындарын төмендету жолымен нан пісіру кəсіпорындарының өндірістік бағдарламасын оңтайландыру;
- кəсіпорын қызметін əртараптандыру бағыты ретінде жартылай фабрикат өндірісін іске қосу;
- макарон өнімдерін өндіру бойынша цехты іске қосу жөнінде жоба ұсынылды.

135-151 511
Аңдатпа

Зерттеудің мақсаты. Жеке əлеуметтік-экономикалық сала ретінде кинематографияны мемлекеттік қолдау мен қаржыландырудың өзекті мəселелерін талдау.
Зерттеудің əдіснамасы. Зерттеу барысында теориялық жəне эмпириялық талдау əдістері, соның ішінде сипаттау, синтездеу, индукция, сондай-ақ факторлық жəне салыстырмалы талдау əдістері қолданылды.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы. Қазіргі жаһандану жағдайында Қазақстанның экономикасында креативті индустрия түрі ретінде кинематография маңызды рөл атқарады. Бұл орайда, отандық киножобаларды мемлекеттік қолдау мен қаржыландыру тетіктерін жетілдіру мақсатында ғылыми зерделеу жұмыстары қажет. Зерттеу барысында қазақстандық кинематография саласының статистикалық параметрлерін сипаттап, бірнеше жылдағы даму динамикасы көрсетілді. Шетелдік оң тəжірибені ескере отырып, отандық кинематография саласындағы нормативтік-құқықтық актілерге шолу жасалынды.
Зерттеунəтижелері. Қазіргі кезеңде Қазақстанда киножобаларды қаржыландыру барысында ұлттық фильмдерге көп басымдық беріледі. Мақалада ұлттық фильмдердің мəні мен артықшылықтарына, отандық əлеуметтік-маңызы бар өнім ретіндегі ерекшелігіне сипаттама беріледі. Ұлттық фильмдерді қаржыландырудың негізгі шарттары мен талаптарына назар аударылып, кинематография саласында киножасаушыларға ұсынылатын жеңілдіктер де көрсетілген. Шетелдік заңды тұлғаның Қазақстан аумағында фильмді немесе оның бір бөлігін (эпизодын) түсіруге субсидия беру мəселелері мен тетіктері де сипатталған. Сонымен қоса, ұлттық фильмдердің экономикалық пайдасымен бірге идеологиялық мəні мен қоғам өмірінде алар орны сипатталды.

152-164 1339
Аңдатпа

Зерттеудің мақсаты. Қасиетті туризмнің қоғамның рухани жаңғыруындағы, жас ұрпақты тəрбиелеудегі маңыздылығын ашып көрсету, қасиетті туризмнің жалпы туристік қызмет жүйесіндегі орнын көрсету. Бұл туристік қызметтерге деген сұраныс пен жеке қажеттіліктерді қанағаттандыруды туризм индустриясындағы кəсіпкерліктің, сондай-ақ туристік инфрақұрылым мен инфрақұрылымның дамуына түрткі болатындығына байланысты.
Əдіснамасы. Жұмыста жүйелік талдау, синтез, логикалық топтау жəне болжамдар сияқты əдістер қолданылды, соның негізінде қасиетті туризмнің одан əрі дамуы туралы қорытынды жасалды.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы.
Теория мен практикада жеткілікті зерттелмеген, сонымен қатар ресми басылымдарда толық ұсынылмаған Қазақстандағы қасиетті туризмнің дамуын зерттеуге негізделген. Мақалада қасиетті туризмнің жəне онымен байланысты инфрақұрылымның қазіргі жағдайы көрсетілген. Қазақстандағы киелі туризмнің дамуын зерттеу қасиетті туризмнің жағдайы мен əртараптандыру мүмкіндіктерін талдауға негізделген. Қасиетті туризмді дамыту мəселесі елдің одан əрі экономикалық, тарихи жəне мəдени дамуына ықпал етуі керек.
Зерттеу нəтижелері. Қасиетті туризмнің қоғам мен өскелең ұрпақтың рухани дамуындағы маңыздылығын, оның проблемалары мен əртараптандыру перспективаларын көрсететін қорытынды жасауға негіз береді.

ҚАРЖЫЛЫҚ ТƏУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ

165-175 333
Аңдатпа

Зерттеудің мақсаты. Жүргізілген зерттеудің басты мақсаты –экономикалық дағдарыстың салдарын көрсететін жəне нəтижесінде кəсіпорындарды дағдарысқа қарсы басқару əдістерін теріс салдарларды жеңу құралдарының бірі ретінде пайдаланудың Қазақстан Республикасында банкроттық институтының дамуына əсер ететін мəліметтерін жинау жəне талдау.
Зерттеудің əдіснамасы. Зерттеу барысында талдау, синтез, индукция, дедукция жəне салыстыру сияқты жалпы ғылыми əдістер қолданылды. Сондай-ақ бастапқы деректерді топтастыруды жəне статистикалық бақылауды қамтитын сандық талдаудың арнайы əдісі де белсенді қолданылады.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы. Бұл жұмыстың ғылыми құндылығы дүниежүзілік дағдарыс туындаған Қазақстан Республикасының экономикасындағы проблемалардың өсуімен жəне банкроттық институтының қалыптасуының жəне отандық кəсіпорындарында дағдарысқа қарсы басқару əдістерінің дамуымен байланысты.
Зерттеу нəтижелері. Зерттеу барысында ел экономикасын дамыту үшін үлкен маңызы бар Қазақстан Республикасындағы банкроттық институтының даму тенденциялары ерекшеленген.

175-188 690
Аңдатпа

Зерттеудің мақсаты. "Bankometer" моделін Қазақстан Республикасы банк секторына қолдану мүмкіндігін анықтауға, оның банктің банкроттығы ықтималдығын дұрыс жəне дəл болжау қабілетін сынау болып табылады.
Зерттеудің əдіснамасы. Зерттеу жүргізу кезінде əдіснамалық құрал ретінде "Bankometer" банкроттықты болжау моделі таңдалды. Модельдің болжамдық қабілетін анықтау үшін 2 уақыт кезеңіне банк-банкроттардің (Казинвестбанк, Delta Bank, Qazaq Banki, Эксимбанк Қазақстан, Астана Банк) қаржылық көрсеткіштері алынды: шамамен 2 жыл бұрын жəне лицензиядан айыру күніне дейін 1 жыл бұрын.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы. Зерттеу қорытындысы бойынша Bankometer моделінің қазақстандық екінші деңгейдегі банктердің (ЕДБ) банкроттығын шынайы болжау мүмкіндігі туралы бұрын тұжырымдалған гипотеза жоққа шығарылды, өйткені S-score техникасы бойынша жүргізілген талдау шеңберінде нəтижелер көрсетілген банктердің қаржылық тұрақтылығын көрсетті.
Зерттеу нəтижелері. Аталмыш модельді жетілдіру шеңберінде X1, X2, X3 коэффициенттерінің,
сондай-ақ банкті қаржылық орнықты жəне төлем қабілетті ретінде жіктеу мақсатында "S" интегралдық көрсеткішінің нормативтік мəнін өзгерту орынды болып табылады. Сонымен қатар, S-score есептеу үшін теңдеудің құрылымын қайта қарау маңызды. Сондай-ақ, талдаудың толықтығы үшін осы есептеуді басқа да маңызды көрсеткіштермен, мысалы, өтімділік коэффициенттерімен, таза пайыздық маржамен, тəуекелге сезімталдықпен толықтыру қажет.

ЭКОНОМИКАДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

189-201 503
Аңдатпа

Зерттеудің мақсаты. Ауыл шаруашылығы өндірісін цифрландыруға, бизнесті жүргізу жеңілдігі рейтингіне, ғылыми-зерттеу жəне тəжірибелік-конструкторлық əзірлемелерді даярлау мен енгізуге арналған субсидияларға қатысты өзекті мəселелерді қарастырудан тұрады.
Əдіснамасы. Ғылыми зерттеу барысында талдау, синтез, дедукция, салыстыру, тарихи, логикалық, моделдеу сияқты барлық жалпы ғылыми жəне экономикалық-статистикалық əдістер қолданылды.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы. Сандық технологиялар элементтерін, бизнесті жүргізу жеңілдігі рейтингі бойынша ауыл шаруашылығы өндірісін цифрландырудағы халықаралық тəжірибені зерделеумен, ауыл шаруашылығына инновацияларды əзірлеуге жəне енгізуге мемлекеттік субсидиялардың болуына негізделеді.
Зерттеу нəтижелері. Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығы өндірісін цифрландыруға байланысты экономикалық аспектілерді үнемі жақсарту аграрлық саланың барлық мемлекеттік жəне жеке кəсіпорындарына əлемнің жоғары технологиялық компанияларының озық ғылыми жетістіктерін барынша шынайы пайдалануға мүмкіндік береді.

201-224 1268
Аңдатпа

Мақала «Блокчейн» технологиясын, оның жұмысының мəні мен қағидаларын, сонымен қатар Қазақстанда жылжымайтын мүлікті тіркеу кезінде осы технологияны қолдану перспективалары мен мүмкіндіктерін зерттеуге арналған.
Зерттеудің мақсаты. «Блокчейн» технологиясын тіркеуде жəне жылжымайтын мүлікпен жасалатын мəмілелерде практикалық қолдану мүмкіндіктерін зерделеу жəне оны жүзеге асырудағы техникалық жəне заңды кедергілерді анықтау. Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:
1. «Блокчейн» технологиясының негізгі ұғымдарының, терминдерінің жəне принциптерінің мағынасын нақтылау.
2. «Блокчейн» технологиясының артықшылықтары мен кемшіліктеріне салыстырмалы талдау жүргізу.
3. Жылжымайтын мүлікті тіркеуде «Блокчейн» технологиясын қолданудың шетелдік тəжірибесін зерделеу.
4. Қазақстандағы сандық технологияларды құқықтық реттеуді талдау.
5. Жүргізілген зерттеулердің негізінде «Блокчейн» технологиясына негізделген жылжымайтын мүлікпен операцияларды тіркеудің тұжырымдамалық моделін құрастыру.
Зерттеудің əдіснамасы. Бұл жұмыста ақпаратты зерттеудің теориялық əдістеріне қосымша, мысалы, ақпаратты талдау жəне синтездеу, тарихи, формальды-логикалық, салыстырмалы-құқықтық зерттеу əдістері, сонымен қатар модельдеу əдістері қолданылды. Сонымен қоса жылжымайтын мүлікті тіркеу қызметтері бағаларына экономикалық талдау жүргізудің статистикалық əдісі қолданылды.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы. Сипатталған зерттеу алғашқы ақпарат болып табылады жəне автормен алғаш рет жарияланып отыр.
Зерттеу нəтижелері. «Блокчейн»технологиясының мəні мен жұмыс принципі зерттелді жəне сипатталды. Оның артықшылықтары мен кемшіліктері талданды. «Блокчейн» технологиясын қолдана отырып, жылжымайтын мүлікті тіркеу бойынша жобалар жүзеге асырылған шет елдердің тəжірибесі қарастырылды жəне ұсынылды. Алынған мəліметтер негізінде «Блокчейн» технологиясының қағидалары мен практикалық мысалдар, жылжымайтын мүлікке тіркеу жəне тіркеу бойынша жаңа модель ұсынылды. Жылжымайтын мүлікті тіркеу саласында «Блокчейн» технологиясын енгізу кезінде мүмкін болатын қауіп-қатерлерге баға берілді. Цифрлық технологияларды, соның ішінде блокчейн, ақылды келісім-шарттарды жəне т.б., реттеуге қатысты қолданыстағы заңнамаға толықтырулар мен өзгертулер енгізу бөлігінде жеке ұсыныстар жасалды. Зерттеу нəтижелерін «Блокчейн» технологиясын жылжымайтын мүлікті тіркеу саласында енгізу тұжырымдамасын жасауда жəне цифлық технологияларды, оның ішінде «Блокчейн» технологиясын қазақстандық реттеумен байланысты заңнамалық түзетулерді əзірлеу кезінде қолдануға болады.



ISSN 2789-4398 (Print)
ISSN 2789-4401 (Online)