ИНВЕСТИЦИЯЛАР, ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ЕСЕП
Зерттеу мақсаты. Бұл мақалада басқару персоналы өтемақысының, басқару персоналы құрамының алуан түрлілігінің, сондай-ақ Қазақстандағы листингтік компаниялардың қаржылық көрсеткіштеріне мемлекет қатысуының əсері қаралады.
Əдіснамасы. Зерттеудегі өзара байланыс моменттердің жалпыланған əдісін (МЖƏ) қолдана отырып, компаниялар бойынша 156 жылдық бақылаудың іріктемесі негізінде зерттеледі.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы. Зерттеу Қазақстандағы листингтік компаниялар басшылығының сыйақысын компаниялар қызметінің нəтижелерімен салыстыру, сондай-ақ басқарушы персонал құрамы əртүрлілігінің жəне мемлекет қатысуының əсерін зерделеу арқылы корпоративтік басқару практикасына бағытталған қолданыстағы əдебиетті толықтырады. Сонымен қатар, зерттеудің жоғары басшылықтың өтемақысы мен компания қызметінің көрсеткіштері арасындағы байланысты күшейту арқылы топ-менеджменттің сыйақы саясатын қайта қарау тұрғысынан тəжірибелік қолданысы бар. Бұдан басқа, зерттеуде басқарушы персонал құрамының алуан түрлілігінің артуы Қазақстан контексіндегі компаниялар қызметінің нəтижелеріне жағымды əсер етуі мүмкін екендігі атап өтілген. Сайып келгенде, зерттеу компаниялар үшін өтемақы туралы ақпаратты ашу талаптарын ынталандыру арқылы саяси жəне академиялық топтарды қызықтыруы мүмкін, осылайша корпоративтік басқару практикасының ашықтығын арттырады.
Зерттеу нəтижелері. Зерттеу нəтижесінде басқарушы персоналдың өтемақысы мен бухгалтерлік есепке негізделген компания қызметінің көрсеткіштері арасындағы оң, бірақ статистикалық тұрғыдан елеусіз өзара байланыс, яғни активтердің рентабельділігі (ROA) жəне меншікті капиталдың рентабельділігі (ROE) анықталды. Алайда, компания жетекшілігінде шетелдік басқару қызметкерлерінің болуы ROA негізіндегі қызмет нəтижелеріне айтарлықтай оң əсер етеді. Екінші жағынан, мемлекеттің қатысуы компания қызметінің нəтижелеріне елеусіз теріс əсер етеді. Зерттеуде сонымен қатар, екіұшты нəтижелер алынған компания мен ел деңгейіндегі қорытынды айнымалыларын қолданылды. Компания, инфляция жəне леверидждің активтердің рентабельділігіне елеулі теріс əсері, жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) компаниялар қызметінің нəтижелеріне оң əсері анықталды.
Зерттеу мақсаты – қаржылық есептілік элементтерінің құндық бағалауының əсерін талдау, активтер мен міндеттемелерді бағалаудың қолданыстағы тəсілінің оң жəне теріс жақтарын анықтау жəне нарықтық экономика жағдайында тұрақты жұмыс істейтін кəсіпорын принципінің əрекеттерінің салдарын көрсету.
Əдіснамасы. Мақала абстракталық-логикалық тəсіл негізінде жүргізілді. Əдістемелік негіз ретінде жүйелік талдау алынды.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы. Мақаланы жазу кезінде бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесіндегі активтер мен міндеттемелерді құндық бағалауға деген қолданыстағы тəсіл ескерілген. Авторлар шығындарды ағымдағы активтерге капиталдандырудың құндық бағалау көрсеткіштеріне əсерін анықтады.
Зерттеу нəтижелері. Зерттеу нəтижесінде белгілі бір тұжырымдаманы таңдау пайдаланушылардың мақсаттарына байланысты. Егер пайдаланушы прагматикалық мақсаттарға қол жеткізгісі келсе, онда мүлікті бағалау кезінде ол экономикалық тəсілге негізделеді. Егер пайдаланушы семантикалық мақсаттарға қол жеткізсе, онда бағалаудың құқықтық тұжырымдамасын қолдану ұсынылады. Бағалаудың бухгалтерлік тұжырымдамасы синтаксистік тұтас есептілікке сəйкес келеді жəне кəсіпорын қызметінің сенімді қаржылық нəтижесінің құнын өлшеуге мүмкіндік береді.
Зерттеу мақсаты – ағымдағы имитациялық эксперименттер негізінде сандық экономика динамикасы жағдайында инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау моделін іске асыруда сценарийлік тəсілінің алгоритмінің процедуралық кезеңдерін зерттеу жəне əзірлеу.
Əдіснамасы. Зерттеу əдістемесі жүйелік жəне кешенді талдау əдістері, ақпаратты өңдеудің экономикалық жəне статистикалық əдістері, корреляциялық жəне регрессиялық талдау мен модельдеу негізінде құралған. Отандық жəне шетелдік зерттеулерді, материалдар мен жарияланымдардың статистикалық деректері бағаланды.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы. Имитациялық эксперимент жүргізудегі жасалған алгоритм бойынша сандық экономика жағдайында инвестициялық жобаның тиімділігін бағалаудың сценарийлік тəсілі зерттелді. Əр түрлі сценарийлер бойынша инвестициялық жоба тиімділігінің кешенді көрсеткіштерін есептеу жүргізілді.
Зерттеу нəтижелері. Сандық экономика факторларының даму динамикасы аясында инвестициялық жобаларды бағалау əдістерінің тиімділігін модельдеу үшін сценарийлік тəсілдің алгоритмі жасалды жəне имитациялық эксперименттері жүргізілді. Зерттеу негізінде экономиканың салалық секторларын инвестициялық қамтамасыз ету механизмдерін жетілдіру бойынша ұсыныстар əзірленді.
Зерттеу мақсаты – Қазақстан Республикасында қысқа мерзімге жəне ұзақ мерзімдге пайдалану үшін жалға алынған жер учаскілерін бағалаудың теориялық-методологиялық негіздерің дамыту. Методологиясы. Қазақстан Республикасында жалға берілетін жерді бағалау əдістемесін жетілдіру мақсатымен уақытша пайдаланудағы, сондай-ақ жеке меншіктегі жер учаскелеріне заттық құқықтарға (пайдалану, иелену жəне билік ету құқығы) егжей-тегжейлі талдау жүргізілді.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы. Жалға берілген жер учаскелерін бағалауға байланысты ұғымдар шектелді, Қазақстан Республикасындағы, атап айтқанда Қарағанды облысындағы жер нарығына талдау жасалды. "Жалдау", "нарықтық құн"ұғымдары егжей-тегжейлі зерттелген. Қазақстанның халықаралық жəне Ұлттық бағалау стандарттары, 2018 жылғы 13 шілдедегі "бағалау қызметі туралы" Заңы, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442-II Жер кодексі, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 2 қыркүйектегі № 890 Қаулысы зерттелді жəне зерделенді. Сонымен қатар, бағалаудың қолданылған əдістері егжей-тегжейлі қарастырылып, негізделді, Қарағанды облысының учаскесі таңдалды жəне нарықтық құны есептелді.
Зерттеу нəтижелері. Қорытындылай келе, мұндай учаскелерді бағалау үшін ұсыныстар берілді. Жерді бағалау алдында жер учаскесіне жəне мүліктік құқықтарға байланысты ұғымдарды белгілеу жəне ажырату; бағаланатын құқықтарға əсер ететін тиісті заңнамалық база туралы дұрыс түсінікке ие болу; жалға алушылар жасаған кез-келген жақсартуларды анықтау жəне жалдау шартын ұзарту немесе қайта қарау кезінде оларды ескеру керек пе, жоқ па, соны анықтау жəне осы мүлікті босатқан кезде Жалға алушының өтемақы талап етуіне əкелуі мүмкін бе, жоқ па, соны шешу; халықаралық стандарттарға, сондай-ақ "зияткерлік меншік нысандарының жəне материалдық емес активтердің құнын бағалау"; кіріс тəсілі саласында опциондық əдісті қолдану.
Зерттеудің мақсаты халықаралық ұйымдардың негізгі индикаторлары бойынша əдістемені зерделеу жəне қаржылық қызметтердің қол жетімділік деңгейін бағалау болды.
Əдіснамасы – зерттеу негізіне халықаралық валюта қорының (ХВҚ) "Financial Access Survey" əдістемесі алынған, Қазақстан халқына қаржылық қызметтердің қолжетімділік деңгейінің əлсіз жəне күшті жақтарын анықтауға мүмкіндік берген салыстырмалы талдау əдістері қолданылған.
Зерттеудің біреейлігі / құндылығы, əдетте, қаржы секторын дамыту көрсеткіштері халықтың қаржылық сауаттылығы қаржы ұйымдары қызметі көрсеткіштерінің классикалық жиынтығы бойынша бағаланады. Халықтың қаржы институттарының қызметтеріне қолжетімділігін бағалау бойынша ХВҚ мен Дүниежүзілік Банктің əдістемесін зерделеу қаржы нарығын дамытудың өзге де аспектілеріне назар аударды. Осы зерттеуде алынған тұжырымдар мінез-құлық қаржысы, қаржылық қызметтің тиімділігі мен сапасы, халықтың қаржылық сауаттылығы сияқты салалардағы зерттеулер спектрін кеңейтуге көмектеседі.
Зерттеу нəтижелері – зерттеу айналыстағы барлық қаржы ресурстары қаржы делдалдары арқылы ұлттық экономиканы дамытуға жұмылдырылмайтынын көрсетті. Қазақстан халқына көрсетілетін қаржылық қызметтердің қолжетімділік деңгейі əзірге өте жоғары деңгейде емес, егер бұрын жекелеген көрсеткіштер бойынша қазақстандық банк секторы посткеңестік елдерден озса, онда бұл көрсеткіштер бойынша бізге əлі де талпыну жəне дамытылу керек.
ƏЛЕУМЕТТІК ЭКОНОМИКА
Зерттеудің мақсаты – шетел əдебиеттеріне шолу негізінде жоғары білім беру саласында сапа менеджментінің жаңа құралын ұсыну жəне білім сапасын басқару мен жоғары оқу орындарының тиімділігін арттырудағы Еуропалық басқару сапасы қорының (EFQM) озықтық моделінің маңызды факторларын атап көрсету.
Əдіснамасы EFQM жетілдіру моделіне арналған жəне оның жоғары білім беру саласында қолдану мүмкіндігі туралы қолданыстағы шетелдік əдебиеттерді талдау болып табылады. Мақалада еуропалық сапа моделі, құрылымы жəне оның маңызды факторлары егжей-тегжейлі талданылады. Сонымен қатар, бұл зерттеу шетелдік зерттеулер негізінде жоғары білім берудегі EFQM excellence моделінің сенімділігі мен қолданылуын растайды.
Зерттеудіңбірегейлігі/құндылығы. Ұсынылып отырылған жетілдіру моделі негізінде отандық академиктерге, ғалымдарға жəне университет басшыларына сапа менеджменті тəжірибесін қалыптастыруда теориялық нұсқаулық болып табылады. Зерттеудің ерекшелігі жоғары оқу орындарында өндірістен алынған сапаны басқарудың тиімді құралы ретінде EFQM моделін қолдануға болатындығына баса на зар аударады. Сонымен қатар, бұл зерттеу EFQM сапа моделі мəселесін аймақтық деңгейдегі жоғары білім беруде қолданылатын сапаны басқарудың тиімді құралы ретінде зерттеуге арналған алғашқы əрекет болып табылады.
Зерттеу нəтижесі – шетелдік тəжірибе негізінде жоғары білім беру саласында EFQM excellence моделінің сенімділігі мен қолданылуының негіздемесі.
Зерттеудің мақсаты – белгісіздік жағдайында жастардың еңбек нарығын, жұмыспен қамту жəне жастар жұмыссыздығын зерттеу, жұмыссыздықты төмендету бойынша ұсыныстар беру.
Əдіснамасы. Зерттеуде экономикалық-статистикалық, салыстырмалы, жүйелі талдау əдістері, сонымен қатар жалпылау, жүйелеу, тарихи-логикалық секілді əдістер қолданылды. Зерттеудің ақпараттық көздері Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау жəне реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының, Қазақстан Республикасы Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігінің материалдары, бұқаралық ақпарат құралдары мен интернет желі ресурстары қолданылды.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы. Зерттеудің ғылыми-тəжірибелік маңызы – зерттеу барысында алынған қорытындылар мен тұжырымдар жастардың жұмыссыздық мəселесі мен оны шешуде қолданбалы жəне ол еңбек нарығы экономикасы дамуына өз үлесін қосады.
Зерттеудіңнəтижелері.Қазақстанда жастардың жұмыспен қамту, еңбек нарығы жəне жұмыссыздық мəселелеріне талдау жасалды; Қазақстанда жастар жұмыссыздығының негізгі себептері анықталды; жастар жұмыссыздығын төмендетуде ұсыныстар берілді.
Зерттеу мақсаты – мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамту деңгейін арттыру жөніндегі ұсыныстарды əзірлеу үшін мемлекеттік билік органдарының заңнамалық жəне нормативтік құжаттары негізінде республика бойынша мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамту жолындағы кедергілерді айқындау.
Əдіснамасы – осы зерттеу барысында макроэкономикалық жəне статистикалық тəсіл қолданылды. Авторлар негізінен мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамту үшін мемлекеттің реттеуші əсерін зерттеуге назар аударды.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы – мүгедектігі бар адамдарға қатысты статистикалық деректерді талдау негізінде мақалада оларды жұмыспен қамту жолындағы мəселелерді іздеуге жəне табуға əрекет жасалды.
Зерттеу нəтижелері – халықтың жалпы санынан жұмыс істейтін мүгедектігі бар адамдардың үлесі тек 0.6 %-ды құрайды жəне мүгедек адамдардың ең көп саны Түркістан облысында тұрады. Барлық көрсеткіштер бойынша арнаулы мемлекеттік жəрдемақылардың жыл сайынғы өсу қарқыны соңғы 7 жылда орта есеппен 7.0 %-ды құрады. Мүгедектігі бар адамдардың аз бөлігі мемлекеттік басқару, қорғаныс, міндетті əлеуметтік қамсыздандыру жүйесінде еңбек етеді. Есту қабілеті бұзылған мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді нысандар 1.3 %-ды, арбамен қозғалатын мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді нысандар 0 %-ды, көру қабілеті бұзылған мүгедектігі бар адамдар үшін 0.1 %-ды құрайды. Осыған байланысты макро деңгейде мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамтуды арттыруға; жеке тұлғаны ғана емес, оның отбасының барлық мүшелерінің сапа деңгейлерін жақсартуға; тұтастай алғанда елдің жұмыс күшінің көбеюіне оң əсер ететін тұжырымдар мен ұсыныстар əзірленді.
КƏСІПКЕРЛІК ЖƏНЕ ТУРИЗМ
Зерттеудің мақсаты – Қазақстандағы əлеуметтік кəсіпкерлікті мемлекеттік реттеу тетіктерін бағалау мен дамытуды зерттеу жəне талдау.
Əдіснамасы. Зерттеу барысында жалпы зерттеу əдістері қолданылды: салыстыру, талдау, синтез жəне жинақтау. Жұмыста Қазақстан Республикасы Ақпараттық жəне əлеуметтік даму министрлігінің материалдары қолданылды.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы. Зерттеу əлеуметтік кəсіпкерліктің жалпы жағдайын анықтауға жəне Қазақстандағы əлеуметтік кəсіпкерлікті бағалау мен дамытудың негізгі проблемаларын анықтауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерінде бар мəселелердің кейбір шешімдерін табуға бағытталған.
Зерттеу нəтижелері. Əлеуметтік кəсіпкерлікті дамытудың рөлі өте маңызды. Үкімет бұл тұжырымдаманы əзірлеуге мүдделі, өйткені ол əлеуметтік мəселелерді шешеді жəне ықпал ету мен пайда табуға өзінің əлеуетін көрсетеді. Қазақстанда кəсіпкерлік қарқынды жəне жақсы жағдайда дамып келе жатқан кезде, артта қалған жəне көңіл бөлуді қажет ететін əлеуметтік кəсіпкерлік бар. Қазақстанда əлеуметтік кəсіпкерлік жаңа интеграцияланған тұжырымдама болғандықтан, белгілі бір негіздер мен анықтамалардың жоқтығы сияқты бірқатар проблемалар бар. Алайда, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев басқа елдердің тəжірибесіне сүйене отырып, шағын жəне орта бизнесті қолдауға көмектесетін жəне корпоративті міндеттерді орындай алатын коммерциялық емес əлеуметтік кəсіпкерлік корпорацияларын құрды.
Зерттеу мақсаты – креативті кəсіпкерлердің қалыптасуындағы ресми білім мен практикалық тəжірибенің рөлін сипаттай отырып, Қазақстанда креативті кəсіпкердің заманауи портретін қалыптастыру.
Əдіснамасы – 62 креативті кəсіпкерлерге əлеуметтік сауалнама жүргізу, сондай-ақ Алматы мен Нұрсұлтан қалаларындағы креативті хабтар мен кластерлер өкілдерімен сараптамалық бағалау жүргізу.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы – Мұндай зерттеу Қазақстанда алғаш рет жүргізілді. Зерттеу Impact Hub Almaty, Т. К. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясы, Goldsmiths Университеті бастамасымен Creative Spark – жоғары оқу орындарында кəсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында жүргізілген.
Зерттеу нəтижелері 5 негізгі блок бойынша топтастырылды – визионерлік жəне жаңашылдық тəсіл, басқарушылық жəне операциялық құзыреттер, Маркетинг негіздері, қаржылық жəне құқықтық сауаттылық.
Зерттеудің мақсаты – мұра туризмінің туристік өнімі мысалында туристік өнімді кластерлеу əдістемесін жасау.
Əдіснамасы – зерттеу барысында келесі жалпы ғылыми əдістер қолданылды: статистикалық талдау, жүйелік-аналитикалық тəсіл, теориялық қорыту, салыстырмалы талдау, ғылыми абстракция, себептер мен салдарды талдау.
Зерттеу бірегейлігі / құндылығы – туристік өнімді кластерлеу əдістемесі жасалды. Əдістеме Орталық Азия елдері үшін маңызы зор Жібек жолы трансұлттық туристік өнімінде сыналды.
Зерттеу проблемасы – туризмнің кластерлік түрі соңғы жылдары өте қарқынды дамып келеді. Алайда, əдебиеттер мен практикада туризм кластерін жобалаудың теориясы мен əдістемесі əлі жоқ. Мақала осы мəселені шешуге арналған.
Зерттеу нəтижелері – кластер тұжырымдамасы нақтыланды, бұл кластерлеу тəсілдерін жəне оны «Жібек жолы» туристік өнімінде тестілеуді зерттеуге мүмкіндік берді. Кластерлеу процестерінің ерекшеленген ерекшеліктері туристік кластерді жіктеуге мүмкіндік берді. Кластерлеудің екі аспектісі туралы қорытынды жасалады: жобалау жəне кластерлеу алгоритмі. Кластердің бөлектелген кезеңдері кластердің болуын ашуға, кластерлеу дəрежесін анықтауға жəне анықтауға мүмкіндік береді. Мақалада Жібек жолы туристік өнімінің кластерленуіне мысал келтірілген, ол үшін өнімнің қаңқасы жобаланған, бұл кеңістіктік сипаттамаларды, сонымен қатар аймақтық кластерлерді анықтауға мүмкіндік берді жəне бұл туристердің ағынын едəуір арттырады деген қорытынды жасалды. Жібек жолы маршрутына дейін.
ISSN 2789-4401 (Online)