Preview

Central Asian Economic Review

Кеңейтілген іздеу
№ 4 (2022)
Шығарылымды жүктеу PDF

ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА: ДАМУ БАҒЫТТАРЫ

6-18 569
Аңдатпа

Өсімдік шаруашылығы Қазақстан Республикасының аграрлық секторының басым саласы болып есептеледі. Елдегі табиғи-климаттық жағдайлар өсімдік шаруашылығы өнімдерінің көптеген түрлерін өсіруге қолайлы: дәнді және майлы дақылдар, олардың ішінде бидай бірінші орынды алады; арпа, сұлы, тары, күріш, жүгері және т.б. өсіріледі. Сондай-ақ, елімізде көкөніс шаруашылығы мен бақша дақылдары да дамып, бірқатар техникалық дақылдар: мақта, қант қызылшасы, темекі, бұйра зығыр, күнбағыс және т.б. өсіріледі. Бау-бақша мен жүзім шаруашылығын дамытудың үлкен болашағы бар.

Сонымен бірге еліміздің орасан зор аграрлық әлеуеті толық көлемде тиімді іске аспай отыр, сондай-ақ өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіруді ұлғайтуға қатысты мәселелер мен шектеулер де бар. Көптеген зерттеушілер мен практиктер республиканың экономикалық дамуының қазіргі жағдайларын ескере отырып, егіс алқаптарының ұтымды құрылымын құру мәселесін көтеріп отыр.

Бұл жұмыста жұптық сызықтық регрессия моделін құру негізінде 2000-2019 жылдар аралығындағы Қазақстан Республикасының егіс алқабы мен өсімдік шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымының өзгеруіне талдау жүргізілді. Модель сапасына бағалау жүргізілді, егіс алқабының көлемінен өсімдік шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы көрсеткіштерінің өзгеруі болжамының төменгі және жоғарғы шекаралары үшін аралық есептелді. Сызықтық жұптық регрессия моделін құру нәтижесінде алынған есептелген деректердің экономикалық түсіндірмесі келтірілген.

18-32 655
Аңдатпа

Зерттеу мақсаты: Қазақстан Республикасының тамақ өнеркəсібінің экспорттық əлеуетін зерттеу жəне ел экспортының құрылымындағы оның үлесін ұлғайту жөнінде ұсыныстар əзірлеу.  

Əдіснамасы. Мақалада экономикадағы ғылыми зерттеулердің классикалық əдістемесі қолданылды, ел мен өнім экспортының бірқатар нақты көрсеткіштері есептелді. Деректер көзі ретінде Қазақстан Республикасының ресми мемлекеттік органдарының статистикалық жинақтары, COMTRADE халықаралық сауда дерекқоры материалдары қызмет етті.  

Зерттуедің бірегейлігі / құндылығы. Мақалада ұлттық аграрлық азық-түлік кешенінің бəсекеге қабілеттілігінің өсу факторы ретінде ауыл шаруашылығы жəне тамақ өнімдерінің экспортын дамыту перспективаларынегізделген. Аграрлық азық-түлік кешеніндегі құрылымдық өзгерістерді сипаттайтын əмбебап көрсеткіштер жүйесі есептелген.  

Зерттеу нəтижелері. Қазақстан Республика сыэкспортының зерттеліп отырған саладағы шоғырлану дəрежесін есептеу аграрлық азық-түлік экспортын əртараптандырудың төмен деңгейін сипаттайды. Бұл үрдіс ұзақ уақытқа созылады. Қазақстан Республикасының АӨК экспортындағы құрылымдық ілгерілеу көрсеткіштерінің серпінін талдау агроазық-түлік экспорты құрылымының тұрақтануын, отандық агроазық-түлік экспортының мамандануы мен шоғырлануының күшеюін көрсетті. Алайда, əкетілетін өнімнің негізгі үлесін ауыл шаруашылығы шикізаты құрайды, бұл ұлттық аграрлық азықтүлік кешенінің даму перспективаларына теріс əсер етеді. 

33-44 444
Аңдатпа

Зерттеу мақсаты. Негізгі мақсат Қазақстандағы ЖБ жəне ТжКБ альянсының білім беру мүмкіндіктерімен қатар, осы үдерістегі мəселелерді зерттеу болып табылады.  

Əдістемесі. Зерттеу əдістері ретінде білім берудің əртүрлі нысандарын жəне тікелей ЖБ жəне ТжКБ интеграциялау мəселелеріне қатысты əлемдік жəне Қазақстандық əдебиеттерді қорытындылау, мəселелерді салыстырмалы талдау, бақылау жəне сыни талдау қолданылды.  

Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы. Соңғы он жылдықта жоғары білім жəне кəсіптік білім альянстарының құрылуының сұрақтары өзекті мəселеге айналды. Мəселенің негізгі аспектілері оқу бағдарламаларының үйлесімділігі, білім берудің бірыңғай тұжырымдамасы шеңберінде бір деңгейден екінші деңгейге біртіндеп көшуі, еңбек нарығында олардың қажеттілігін арттыру мақсатында түлектер арасында бірыңғай кəсіби құзыреттілікті қалыптастыру мəселелері болып табылады.  

Бұл мақалада Қазақстандағы ЖБ жəне ТжКБ альянсын қалыптастыру қажеттілігі мен мүмкіндіктері, сондай-ақ осындай альянстарды құру кезінде білім беру мекемелерінде болуы мүмкін мəселелер қаралды.  

Зерттеу нəтижелері. Алдыңғы зерттеулер мен алынған тəжірибе негізінде автор Қазақстанда ЖБ жəне ТжКБ альянсын құрудың артықшылықтарын, сонымен қатар оларға қойылатын қажетті талаптарды көрсететін əзірлемелерін ұсынады. 

45-56 400
Аңдатпа

Зерттеу мақсаты – қазақстандық бағалы қағаздар нарығының кəсіби қатысушыларының қызметіне мемлекеттік қадағалауды жетілдіру жолдарын анықтау.  

Əдіснамасы – зерттеудің əдіснамалық негізін экономикалық теорияның, қаржы теориясының іргелі ережелері, қаржылық делдалдық пен қаржылық қадағалаудың қазіргі заманғы тұжырымдамалары, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығының кəсіби қатысушыларының қызметін қадағалау жүйесін құру проблемаларына арналған ғалымдардың теориялық мұрасы құрайды. Қойылған міндеттерді шешу үшін жалпы ғылыми жəне арнайы зерттеу əдістерінің кешені қолданылды: ғылыми абстракция, индукция жəне шегеру, талдау жəне синтез, логикалық жалпылау.  

Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы – жұмыста ұсынылған ұсынымдар оларды іс жүзінде енгізу шартымен Қазақстандағы бағалы қағаздар рыногының кəсіби қатысушыларының қызметін қадағалау жүйесін бəсекеге қабілетті ортаға айналдыруға, оның сыртқы əсерлерге тұрақтылығын арттыруға жəне ұзақ мерзімді кезеңде қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге ықпал ететін болады.  

Зерттеу нəтижелері – зерттеу нəтижесінде бағалы қағаздар нарығының кəсіби қатысушыларының қызметін қадағалаудың қолданыстағы жүйесін жетілдіруге бағытталған ұсыныстар жиынтығы ұсынылды. 

56-69 507
Аңдатпа

Зерттеудің мақсаты – мақалада жетекші елдердегі экологиялық туризмді дамыту жəне басқару тəжірибесін жүйелеп, оны Тарбағатай ұлттық паркінде енгізудің оңтайлы модельі қарастырылды.  

Əдіснамасы – талдау, салыстыру, жалпылау сияқты жалпы ғылыми əдістері қолдана отырып, зерттеу жұмысы жүргізілді.  

Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы – жүргізілген зерттеу нəтижелер негізінде берілген модельдер Тарбағатай ұлттық паркінде қолдануға қабілетті екенін көрсетті. Ұлттық парктерді дамытудың шетелдік тəжірибесі негізінде «Тарбағатай» ұлттық паркін дамытудың оңтайлы моделі ұсынылды.  

Зерттеу нəтижелері. Тарбағатай ұлттық паркін Қазақстандағы жас парктердің бірі болғандықтан, дамыту жұмыстары жүргізіліп жатқанын көруге болады, алайда əлі де болса атқарылуы тиіс жұмыстар тізбегі бар. Шет елдердегі ұлттық парктерді ұйымдастыру жəне басқару тəжірибесін талдау арқылы оның жекелеген компоненттерін Тарбағатай ұлттық паркі қызметін жетілдіру кезінде пайдалануға болатындығы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді 

БИЗНЕС ЖӘНЕ БАСҚАРУ: МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ШЕШІМДЕР

70-81 442
Аңдатпа

Мақалада шағын кəсіпкерлік түсінігі жүйеленіп, корпоративтік əлеуметтік жауапкершілік (бұдан əрі – КƏЖ) пен шағын кəсіпкерлікті дамыту арасындағы байланысты анықтау мақсатында зерттеу жүргізілді.  

Зерттеудің мақсаты – қандай сыртқы немесе ішкі КƏЖ элементтері шағын бизнеске қатты əсер ететінін тексеру жəне анықтау. Біздің жұмысымыздың басты мақсаты – корпоративтік əлеуметтік жауапкершілік компанияның тиімділігіне қалай əсер ететінін көрсету.  

Зерттеу əдістемесі – сауалнама арқылы 100 шағын бизнестің деректері талданды. Біз сыртқы жəне ішкі CSR-ден тұратынмодельді құрастырдық, 5 гипотезанытексердік. Зерттеуде SmartPls бағдарламасы қолданылды. 

Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы – кəсіпкерлік (шағын бизнес) түсінігін жүйелеуге, бизнестің əлеуметтік жауапкершілігі мен елдегі шағын кəсіпкерліктің дамуы арасындағы байланысты анықтауға əрекет жасалды. Шағын кəсіпкерліктің нəтижелерімен тікелей байланысы бар КƏЖ бойынша гипотеза ұсынылады.  

Зерттеу нəтижелері КƏЖ-нің шағын бизнеске оң əсерін көрсетеді. Біз КƏЖ нарық тиімділігіне де, ағымдағы табыстылыққа да оң əсер ететінін анықтадық (Нарық тиімділігіне сыртқы КƏЖ, β=0,405, p=0,000, ағымдағы табыстылыққа β=0,404, p=0,000; Ішкі КƏЖ нарық тиімділігіне, β =0,492, p=0,000, ағымдағы рентабельділік бойынша β=0,490, p=0,000). Бұл зерттеу нəтижелерін кəсіпкерлер мен жоғары басшылық тұрақты бəсекелестік артықшылықтарға ие болу үшін корпоративтік əлеуметтік жауапкершілікті (КƏЖ) қолдану арқылы шағын бизнестің тиімділігін арттыру əрекеті ретінде пайдалана алады. Автордың үлесі КƏЖ жəне фирманың өнімділігі арасындағы байланысты анықтау болып табылады. 

82-93 805
Аңдатпа

Зерттеу мақсаты. Қазіргі жағдайда ұйымдардың тиімді жұмыс істеуіне бағытталған ең маңызды құрал ретінде корпоративтік мәдениет өзінің үлкен рөлімен негізделеді, осыған қатысты басқаруды жетілдіру және ұйымдардың қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында корпоративтік мәдениеттің ұйымдардың қызметіне әсерін зерттеу және бағалау. Корпоративтік мәдениеттің ұйымның басқару тиімділігін арттыруға қолайлы жағдай жасау құралы ретінде жалпы ұйым қызметінің түпкі нәтижесіне және оның тиімділігіне әсерін бағалаудың маңыздылығын қарастыру. 

Әдіснамасы. Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі ретінде шетелдік және отандық ғалымдардың еңбектері, монографиялары, ғылыми жарияланымдары болды. Негізгі теориялық тұжырымдарды анықтауда логикалық принциптер қолданылды. Зерттелетін тақырып бойынша әдеби дереккөздерге шолу жасалды. 

Зерттеу бірегейлігі / құндылығы. Қызметкерлердің корпоративті сәйкестілігін қалыптастыруға ықпал ететін корпоративті мәдениеттің дамуы оның стратегиясын іске асыру үшін компанияның адами ресурстарын тиімді пайдалануға, компанияның басқару деңгейінің жоғарылауына, топтың біртектілігін нығайтуға және корпоративті құндылықтарды қызметкерлерді корпоративтік мақсаттарға жетуге бағыттайтын стратегиялық ынталандырушы фактор ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.  

Зерттеу нəтижелері. Мақалада практикалық есептеме түрінде ұйым қызметінің нәтижелеріне корпоративті мәдениеттің әсерінің есептеулері келтірілген. 

94-105 328
Аңдатпа

Зерттеу мақсаты – әлемдік COVID-19 пандемиясы жағдайында және пандемиядан кейінгі кезеңде қала тұрғындарының өмір салтында болып жатқан өзгерістердің, олардың қанағаттанушылығының және тұтынушылық мінез-құлық ерекшеліктерінің сапалық көрсеткіштерін бағалау.

Әдіснамасы – жалпылау, салыстырмалы талдау әдістерін қолдана отырып, екінші ретті ақпараттар зерттелді; әзірленген сауалнама негізінде (Google Forms арқылы) пікір сұрау жүргізілді, қалалық тұрғындардың қанағаттануын матрицалық талдаудың негізгі параметрлеріне статистикалық баға берілді (SPSS Statistics негізінде).

Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы – зерттеу нəтижелері қалалық басқару органдарының маркетинг бөліміне қалалық тұрғындардың демалыс орындарының негізгі маркетингтік атрибуттарын жетілдіру бойынша стратегиялық шешімдерді қабылдауға мүмкіндік береді. 

Зерттеу нәтижелері – өмір сапасының өзекті көрсеткіштері анықталды, пандемия жағдайында қалалық тұрғындардың мінез-құлық өзгерісінің тенденциялары талданды, олардың тұтынушылық мінез-құлқында мультиатрибутивті таңдауды жүзеге асыру реттілігі анықталды.

106-118 547
Аңдатпа

Зерттеудің мақсаты ұйымдардың бәсекеге қабілеттілігін стратегиялық бағалау әдістемесін жасау болып табылады.

Әдіснамасы. Зерттеу әдістемесі жалпы ғылыми әдістерге негізделген: талдау мен синтез; жүйелік, логикалық және салыстырмалы және стратегиялық талдау; іріктеу сауалнамалары; көп факторлы модельдеу; графикалық әдіс. Зерттелетін мәселе бойынша анықтамалық, статистикалық және нормативтік материалдар қолданылған. Бәсекеге қабілеттілікті талдау мен бағалау әдістерінің екі тобы қолданылады: сапалық және сандық.

Зерттеудің бірегейлігі/ құндылығы. Ұйымдардың бәсекеге қабілеттілік деңгейін бағалаудың қолданыстағы әдістерінің ішінде авторлар интегралды әдіске баса назар аударады, мультипликативті әдісті қолдана отырып ұйымдардың бәсекеге қабілеттілігінің интегралды индикаторын есептеу алгоритмі ұсынылды және жеке көрсеткіштердің қажетті жүйесі қалыптасты. Теориялық негіздемелер келтірілген, ұйымдардың өндірістік -қаржылық қызметінің стратегиялық көрсеткіштеріне негізделген бәсекеге қабілеттіліктің интегралды көрсеткішін есептеу алгоритмі берілген. Болжамдар бәсекеге қабілеттілік деңгейінің жоғарылауына тікелей әсер ететін ұйымдардың тиімділік көрсеткіштерін стратегиялық жоспарлау мен дамытудың мүмкіндіктерін іске асыруға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда көп айнымалы регрессиялық талдау әдісі қолданылады.

Зерттеу нәтижелері. Бәсекеге қабілеттілік деңгейінің жоғарлауына тікелей әсер ететін ұйымның стратегиялық жоспарларын құруға және сол көрсеткіштерді дамытуға талдамалық негіз жасау.

МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ БИЗНЕС: БАСҚАРУ ТЕОРИЯСЫ МЕН ПРАКТИКАСЫ

119-130 402
Аңдатпа

Зерттеу мақсаты – Озық технологиялардың қарқынды даму кезеңінде Қазақстан Республикасының жоғары білікті мамандарының, яғни таланттарының шет елдерге көші-қонын зерттеу және бұл үрдістің индустрияландырылу деңгейі жоғары елдермен байланысын анықтау.

Әдіснамасы. Мақсатқа жету барысында, INSEAD зерттеу институты (GTCI, GII индекстері) мен ҚР-ның көші-қонының статистикалық мәліметтері сипаттамалық әдістеме негізінде зерделенді. Деректерді саралауда эвристикалық талдау, салыстыру және логикалық негіздеу әдістері қолданылды. Әдебиеттерге шолу жасау барысында, таланттарды басқару тұжырымдамасына сәйкес негізгі ұғымдарға түсініктеме берілді және қазіргі таңда таланттардың басқарылу жағдайы анықталды. Бірізділік, жүйелілік, кешендік сараптау принциптеріне жүгіне отырып, белгіленген болжамдар қарастырылды.

Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы. Эксклюзивті  (элитарлы)  жоғары білікті, талантты мамандарды бөліп алып қарастыру негізінде зерттеу жүргізілді. Елдің зияткерлік әлеуетіне кері әсер ететін, білікті мамандардың кетуін алдын-алу мақсатында жан-жақты себеп-салдары түсіндірілді.

Зерттеу нәтижелері. Таланттардың шет елге кетуі сол елдің индустрияландырылу деңгейімен тікелей байланысы жоқ екендігі анықталды. Кәсіби тұрғыдан жоғары нәтижесін (HiPer) және жоғары әлеуетін (HiPo) толықтай қолдана алмайтындықтары негізгі себеп. Еліміздің білім деңгейі оларды толықтай қанағаттандырмауы да ықпалын тигізуде. Осылайша, жие алғашқы білім беру көші-қоны, кейін еңбек көші-қонына әкелетіні дәлелденді.

130-140 1044
Аңдатпа

Зерттеу мақсаты. Зерттеу жұмысы соңғы жылдардағы Қазақстандағы туризмнің даму жағдайын жəне туризмнің дамуына əсер ететін негізгі факторларды талдауға бағытталған. Орталық Азияның үш елі аймаққа қолайлы озық тəжірибелерді іздеу жəне Қазақстандағы туризм индустриясы үшін практикалық нұсқаулық ретінде таңдалды.  

Əдіснамасы. Бұл зерттеудемемлекеттік бағдарламаларға, баяндамаларғажəне алдыңғыəдебиеттерге мазмұндық талдау жасалды. Бұл зерттеу туризмнің өсу статистикасын, ықпал етуші факторларды, туризмнің ЖІӨ-ге қосқан үлесін жəне Қазақстан, Тəжікстан, Өзбекстан жəне Қырғызстан сияқты Орталық Азия елдеріндегі жұмыспен қамту деңгейін қарастырды.  

Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы. Орталық Азия елдерінің туристік индустриясын дамыту тəжірибесін жүйелеу туристік қызметтердің əлемдік нарығындағы позициясын кеңейту мақсатында аймақтағы туристік индустрияны дамытудың кешенді көрінісін түсінуге мүмкіндік береді.  

Зерттеу нəтижелері. Орталық Азия елдеріндегі туризмнің дамуын талдау жəне салыстыру негізінде авторлар осы елдердегі ішкі туризмді дамытудың əлеуетін анықтап, күшті жəне əлсіз жақтарын анықтап, оларды жою бойынша ұсыныстар жасады. 

140-151 439
Аңдатпа

Зерттеудің мақсаты – мемлекеттік сатып алу шеңберінде сатып алынатын тауарлар мен жұмыстардың сапасын қамтамасыз ету проблемаларын анықтау және оларды шешу, сондай-ақ оларда жергілікті қамтуды дамыту бойынша ұсынымдар әзірлеу.

Әдістеме – зерттеу барысында жалпы ғылыми танымның түрлі әдістері, салыстырмалы талдау, экономикалық-статистикалық және құқықтық талдау әдістері қолданылды.

Зерттеудің ерекшелігі/құндылығы – зерттеу нәтижелері әлеуметтік-экономикалық дамудың ұлттық мақсатты бағдарламаларын (ұлттық жобаларын), оның ішінде өңірлер деңгейінде іске асыру, мемлекеттік сатып алу, құрылыс және стандарттау саласындағы қызметті реттейтін заңнамалық және нормативтік актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде пайдаланылуы мүмкін.

Зерттеу нәтижелері – зерттеу бағыттары бойынша әдеби шолу жүргізілді; сатып алу нысанасы бөлінісінде бюджет шығындарын салыстыру ұсынылды; мемлекеттік сатып алу шеңберінде орындалатын жұмыстардың сапасын қамтамасыз ету жөніндегі қызмет ашылды; мемлекеттік сатып алудағы жергілікті қамту үлесін арттыру үшін стандарттау жүйесін қолдану мүмкіндігі айқындалды; мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру бойынша тиісті ұсыныстар әзірленді.



ISSN 2789-4398 (Print)
ISSN 2789-4401 (Online)