ЖАҺАНДАНУ ЖӘНЕ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ
Зерттеудің мақсаты – қаржылық сауаттылықты арттыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың бірыңғай тәсілдерін құрудың алғышарттарын анықтау мақсатында халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған ЕАЭО елдерінің мемлекеттік саясатына шолу жасау.
Әдістеме. Қолданылған зерттеу әдістері қаржылық сауаттылық саласындағы мемлекеттік саясатты зерттеуге бағытталған контент-талдау болды. Ел халқының қаржылық сауаттылығын арттыру жөніндегі мемлекеттік саясат саласындағы құжаттар мен заңнамалық актілерге жүйелік және салыстырмалы талдау жасалды.
Зерттеудің түпнұсқалығы / құндылығы. 2025 жылы ЕАЭО-ның бірыңғай қаржы нарығын құру үдерісін аяқтау жоспарлануда. Қаржы қызметтерінің бірыңғай нарығын құру ЕАЭО мүшелеріне тең қолжетімділікті ғана емес, сонымен қатар қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауды және олардың жаңа ережелерге бейімделуін қамтамасыз ету қажеттілігін туындатады. Қаржы саясатының жақындасуы және ЕАЭО елдерінің біртұтас қаржы нарығын құру, қаржылық қызметтер аясының кеңеюі, жаңа технологияларды қолдану, қаржылық алаяқтық операциялардың өсуі тұтынушылардың мүдделерін қорғауды қажет етеді. Бұл мәселелерді шешу үшін халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруда ЕАЭО елдерінің тәжірибесін пайдаланып қана қоймай, сонымен қатар еларалық деңгейде ынтымақтастық пен ақпарат алмасуды үйлестіруді күшейту қажет. Осыған байланысты ЕАЭО елдеріндегі қаржылық сауаттылық саясатына шолу жүргізілді. Жалпы тенденциялар анықталып, қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша мемлекеттік саясатты іске асырудың бірыңғай тәсілдерін құрудың алғышарттары қарастырылды. ЕАЭО елдеріндегі мемлекеттік саясаттың салыстырмалы талдауы кең көлемде талданбаған, бұл бұл зерттеуді өзекті етеді.
Зерттеу нәтижелері. Зерттеу нәтижелері бойынша авторлар ЕАЭО елдері халқының қаржылық сауаттылығы саласындағы мемлекеттік саясатты талдап, ЕАЭО елдеріндегі қаржылық сауаттылық бағдарламаларын басқару үлгілеріне салыстырмалы талдау жүргізіп, әрбір модельдің артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтады. ЕАЭО елдеріндегі қаржылық сауаттылық деңгейінің көрсеткіштерін салыстыру жүргізіліп, ЕАЭО елдерінде мемлекеттік саясатты іске асырудың бірыңғай тәсілдерін құрудың алғышарттары қарастырылды.
ЭКОНОМИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСНАМАСЫ
Демографиялық процестер экономикалық проблемалармен тығыз байланысты, бұл әсіресе Қазақстан өңірлерінде айқын көрінеді. Осылайша, аумақтарды экономикалық дамыту бағдарламаларын әзірлеу кезінде халық пен еңбек ресурстарының даму тенденциялары жиі ескерілмейді. Зерттеудің мақсаты олардың әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерін ескере отырып, Қазақстан өңірлеріндегі демографиялық ахуалды болжау болып табылады. Халықтың саны мен құрылымының болжамдары демографиялық процестердің тенденцияларын және олардың әлеуметтік-экономикалық процестермен себеп-салдарлық байланыстарын талдау негізінде әзірленген. Есептеулер үшін Ұлттық статистика бюросының және 2021 жылғы халық санағының деректері пайдаланылды. Халықтың жыныстық-жас құрылымын болашақ есептеу үшін жас топтарын жылжыту әдісі қолданылды, бұл халықтың жыныстықжас құрылымындағы өзгерістердің, сондай-ақ туу мен өлім тенденцияларының әсерін бір уақытта ескеруге мүмкіндік берді. Негізгі нәтиже-халықтың жыныстық және жас ерекшеліктерінде болатын құбылыстар мен процестердің сандық және сапалық заңдылықтарын зерттеу және талдау негізінде ел өңірлеріндегі халықтың саны мен құрамы туралы сенімді және сапалы мәліметтер алу. Туу, өлім және көші-қон процестері нәтижесінде халықтың жыныстық-жас құрылымының өзгеру заңдылықтарын зерттеу аймақтық деңгейдегі айырмашылықтарды бағалауға мүмкіндік берді, бұл аймақтық жоспарлау және білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру сияқты салаларда ресурстарды орынды бөлу туралы шешім қабылдау үшін өте маңызды болып көрінеді.
МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ БИЗНЕС: БАСҚАРУ ТЕОРИЯСЫ МЕН ПРАКТИКАСЫ
Зерттеу мақсаты. Scopus дерекқорын пайдалан отырып, шағын және орта бизнесті (ШОБ) мемлекеттік қолдау мәселелеріне арналған ғылыми жарияланымдарға библиометриялық талдау жүргізу болып табылады. Жұмыс шеңберінде 2010-2025 жылдар аралығында осы тақырып бойынша жарияланым белсенділігінің негізгі тенденциялары, әсер еткен факторлары талданды, жетекші авторлар, елдер, ұйымдар, сондай-ақ зерттеудің негізгі тақырыптары мен бағыттары анықталды.
Әдіснамасы. VOSviewer 1.6.20 бағдарламалық жасақтамасын қолдана отырып, Scopus деректерін сандық өңдеуді қоса алғанда, библиометриялық талдау құралдарына негізделген. Көрсетілген жылдар аралығына талдау жасалды. Ғылыми желілер мен тақырыптық кластерлерді визуализациялауға мүмкіндік беретін бірлескен авторлық талдау, кілт сөздерді талдау және елдер мен ұйымдар арасындағы байланыс әдістері қолданылды.
Зерттеудің өзіндік құндылығы. Шағын және орта бизнесті қолдау мәселелеріне жаhандық ғылыми қызығушылықты кешенді бағалауда жатыр, бүл тек ғылыми олқылықтарды ғана емес, сонымен қатар одан әрі зерттеу үшін перспективалық бағыттарды анықтауға мүмкіндік береді. Жұмыс әсіресе пандемиядан кейінгі экономиканы қалпына келтіру жағдайында, шОБ-ты мемлекеттік қолдаудың рөлі артқан кезде өзекті болып табылады.
Зерттеу нәтижелері. Тақырып бойынша жарияланымдар санының тұрақты өсуін, Еуропа, Азия және АҚШ елдерінің белсенді қатысуын, сондай-ақ цифрландыру, субсидиялау, қаржылық инклюзив және ШОБ институционалдық қолдау мәселелеріне жоғары қызығушылықты көрсетті. Көрсеткіштердің тұрақсыздық пен өзгерістік себептері талданды. Талдау нәтижелері шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың тиімді саясатын қалыптастыруда ғылыми қоғамдастық үшін де, мемлекеттік құрылымдар үшін де пайдалы болуы мүмкін.
Зерттеудің мақсаты – Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатын, соның ішінде интеллектуалдық көші-қон және адами капиталдың кетуі мәселелерін шешуге бағытталған стратегиялық бағдарламаларды талдау. Бұл ретте ерекше назар білім беру көші-қонына аударылып, ол орнықты дамудың әлеуметтік-мәдени және экономикалық негізі ретінде қарастырылады.
Зерттеудің әдіснамасы - сапалық және сандық тәсілдердің үйлесіміне негізделген: 2007–2023 жылдарды қамтитын бес негізгі стратегиялық құжатқа контент-талдау жүргізілді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Статистика Бюросының, Халықаралық көші-қон ұйымының және ЮНЕСКО статистикалық институтының ресми деректері талданды. Бұл әдіс ұлттық саясаттың интеллектуалдық көші-қон саласындағы эволюциясын қадағалап, оның нәтижелілігін бағалауға мүмкіндік берді.
Зерттеудің өзіндік ерекшелігі/құндылығы - зерттеу Қазақстанның көші-қон саясатын ғылыми тұрғыда зерделеуге үлес қосады және жоғары білікті кадрларды елде ұстау мен қайтару тетіктерінің институционалдық әлсіздігін көрсетеді.институционалдық деңгейде жеткіліксіз дамығанын көрсетеді.
Зерттеу нәтижелері - Қазақстандағы интеллектуалдық көші-қонды мемлекеттік реттеу тәсілдерінің эволюциясын көрсетті: ерте кезеңдегі стратегиялық құжаттарда фрагменттік сипатта қарастырылғаннан бастап, соңғы жылдары мәселенің неғұрлым жүйелі ұғынылуына дейін. Алайда іс жүзінде интеллектуалдық ресурстарды тарту және ұстап қалу шаралары жеткілікті деңгейде іске аспауда. Бұған көші-қон, білім беру және инновациялық саясатты біріктіретін бірыңғай стратегияның жоқтығы, ведомствоаралық үйлестірудің әлсіздігі және мамандардың оралуына жеткілікті ынталандырудың болмауы себеп. Қорытындысында интеллектуалдық көші-қон саясатын орнықты даму контексінде күшейтуге бағытталған стратегиялық шараларды жетілдіруге қатысты ұсынымдар тұжырымдалды.
ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА: ДАМУ БАҒЫТТАРЫ
Зерттеудің мақсаты. Мақаланың негізгі мақсаты Қазақстандағы көші-қон ағындарындағы өңірлік теңгерімсіздіктерді анықтау және олардың халықтың кірістері мен шығыстарының деңгейімен байланысын зерттеу болып табылады. Зерттеу аймақтар бойынша жағдайға объективті баға беруді көздейді, сондай-ақ білім беру мобильділігінің адами капиталдың құрылымын қалай өзгертетінін бақылауға бағытталған. Ерекше назар көші-қон ұмтылыстары мен мүмкіндіктері тұжырымдамасының (aspirations– capabilities framework) [1] өзгерістеріне және көші-қонды интеллектуализациялау процестеріне [2] аударылады, бұл көші-қонды тек сандық кету ретінде емес, сонымен қатар білім мен құзыреттіліктің сапалық қайта бөлінуі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.
Әдістеме. Зерттеудің эмпирикалық негізін Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика бюросының деректері (2000–2024 жж.), ресми статистикалық ресурстар (taldau.stat.gov.kz), сондай-ақ Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (OECD) халықаралық базалары [3], [4], Көшіқон жөніндегі халықаралық ұйым [5], Миграциялық саясатты дамыту халықаралық орталығы (ICMPD) [6] және Open Doors [7] құрады. Кешенді бағалау үшін индикаторлардың төрт тобы қолданылды: (1) үй шаруашылықтарының кірістері мен шығыстары, кедейлік деңгейі; (2) демографиялық көрсеткіштер (туу коэффициенті, үй шаруашылықтарының құрылымы, урбанизация); (3) көші-қон деректері (сыртқы және ішкі көші-қон сальдосы, елдер мен өңірлер бойынша ағындар, білім беру мобильділігі); (4) әлеуметтік инфрақұрылым (жоғары оқу орындарының болуы, студенттер саны).
Кірістер, шығыстар, туу коэффициенті және көші-қон ағындарының өзара байланысын бағалау үшін салыстырмалы және құрылымдық талдау әдістері қолданылды, сондай-ақ өңірлік көші-қон тартымдылығын бағалау үшін индекстік тәсіл пайдаланылды. Сонымен қатар, өңірлерді кластерлеу жүргізілді, бұл адами капиталдың «донор» және «реципиент» өңірлері топтарын бөлуге мүмкіндік берді.
Зерттеудің өзіндік ерекшелігі / құндылығы. Зерттеуде білім беру мобильділігі алғаш рет өңірлік көші-қон теңгерімсіздіктері және әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері аясында талданады. Зерттеу көші-қон ағындары, кірістер, шығыстар және өңірлердің демографиялық құрылымы арасындағы ерекше байланыстарды анықтайды. Зерттеудің жаңалығы көші-қонды тек халықтың сандық кетуі ретінде емес, сонымен қатар интеллектуализация және адами капиталды қайта бөлу процесі ретінде интерпретациялауда жатыр.
Сол арқылы тәсіл тұрақтылық пен осалдықтың жасырын факторларын анықтауға мүмкіндік береді: туу деңгейі жоғары өңірлердің халық шығындарын ішінара өтеу қабілетінен бастап, экономикалық тұрғыдан тұрақты аумақтардағы білім беру мобильділігінің адами капиталдың ұзақ мерзімді кету арнасына айналуына, бұл өңірлік диспропорцияларды күшейтіп, елдің тұрақты даму траекторияларына әсер ететін тәуекелдерге дейін.
Зерттеу нәтижелері. Соңғы бес жылдағы көші-қон көлемдерінің өзгеруіне қарамастан, Қазақстан «ақыл-ойдың ағуы» тұрақты арнасының мәртебесін сақтап келеді [8]. Елдің адами капитал көзі ретіндегі рөлі мотивациядағы жинақталған өңірлік айырмашылықтармен күшейеді, бұл ұзақ мерзімді тұрақты даму үшін қосымша тәуекелдер туғызады. Сонымен қатар, кедейліктің жоғары деңгейі ұтқырлықты шектеп, «мәжбүрлі иммобилділік» құбылысын қалыптастырады.
Өңірлік ерекшелік тұрақты асимметрияда көрініс табады: солтүстік және шығыс өңірлері білікті адами капиталдың доноры ретінде әрекет етсе, оңтүстік және батыс өңірлері жоғары туу коэффициенті мен ішкі көші-қон ағындары арқылы көші-қон шығындарын өтейді. Білім беру көші-қоны негізінен жоғары білікті кәсіби топтарды (педагогтар, экономистер, заңгерлер, инженерлер) қамтып, «ақыл-ойдың кетуі» басты арнасы ретінде бекітілді, бұл инновациялық өсу мен макроэкономикалық тұрақтылық үшін тәуекелдерді күшейтеді.
Осылайша, зерттеу білім беру мобильділігін адами капиталды кеңістікте қайта бөлу құрылымдық детерминанты ретінде институционализациялайтынды растайды және демографиялық, әлеуметтікэкономикалық теңгерімсіздіктерді азайтуға бағытталған өңірлік дифференциацияланған көші-қон саясаты шараларын әзірлеу қажеттілігін көрсетеді.
Жалпы, нәтижелер көші-қон саясатына өңірлік ерекшеліктерге сай шараларды енгізудің маңыздылығын атап өтеді, бұл өңірлердің демографиялық тәуекелдерін азайтуға және ұлттық адами әлеуетті нығайту үшін білікті кадрларды репатриациялауды ынталандыруға бағытталған.
Бұл мақалада Қазақстан аймақтарындағы кедейлік деңгейінің динамикасы мен аймақтық ерекшеліктері жан-жақты зерттелді. Зерттеудің мақсаты – кедейліктің өзгерісін сипаттап, оған әсер етуші негізгі әлеуметтік-экономикалық факторларды анықтау.
Зерттеу әдіснамасы ретінде уақыттық және салыстырмалы талдау, корреляциялық және регрессиялық модельдеу, сондай-ақ Грэйнджер себептілік және VAR-болжам әдістері қолданылды.
Мақаланың ғылыми жаңалығы – өңірлік ерекшеліктерді есепке ала отырып, кедейлікке әсер ететін факторлар арасындағы байланыстардың сандық модельдерін ұсыну.
Зерттеу нәтижелері кедейліктің тек табыспен ғана емес, жұмыссыздықпен, халық тығыздығымен және инфрақұрылыммен тығыз байланыста екенін көрсетті. Кедейлікпен күрес саясатын тиімді жүзеге асыру үшін кешенді, аймақтық сараланған тәсілдер ұсынылады.
Зерттеу мақсаты – тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру шеңберінде Қарағанды моноқалаларындағы тұрғындардың денсаулығына экологиялық факторлардың әсер етуін бағалау, сонымен қатар, экологиялық қауіпті төмендету мен өмір сүру сапасын жоғарылату бойынша ұсыныстар беру.
Зерттеу әдіснамасы – зерттеу барысында Қарағанды облысы моноқалаларындағы экологиялық факторлар, соның ішінде атмосфералық ауаның ластануы мен тұрғындардың ауру деңгейі арасындағы байланысты анықтау мақсатында салыстырмалы талдау, рұқсат етілген шекті мөлшер арқылы қауіптілікті бағалау әдісі, биостатистикалық, SWOT-талдау әдістері қолданылды.
Зерттеудің бірегейлігі/ғылыми құндылығы – мақалада Қарағанды, Саран Абай, Шахтинск, Балқаш, Теміртау секілді табиғи жер асты ресурстарына бай моноқалалардың өнеркәсіп құрылымына, экологиялық жүктемесіне және қалалардың экологиялық тұрақтылығына бағалау жүргізілді. Сондай-ақ, осы көрсеткіштер арасындағы байланыстың рөлі және олардың ресурс өндіруші қалалар халқының денсаулығына әсері зерттелді. Бұл зерттеу нәтижелері өңірлердің экологиялық-экономикалық-әлеуметтік даму бағдарламаларын, жобаларын әзірлеуде қолданылуы мүмкін.
Зерттеу нәтижелері – Қарағанды облысы моноқалаларының экологиялық жай-күйін жан-жақты зерттеу нәтижелері көрсеткендей, моноқалалардың тұрақтылығын арттыру және экологиялық жайкүйін жақсартудың жаңа бағыттарын іздеу қажеттілігін көрсетеді. Авторлар моноқалалардың экологиялық жай-күйін жақсартудың бірқатар тетіктерін ұсынады және ол тетіктер моноқалалардың әлеуметтік-экологиялық-экономикалық дамуына ықпал етеді деп есептейді. Мақала теориялық тұрғыдан қалалардың экологиялық тұрақтылығы саласындағы зерттеулерді толықтырады және ресурстарға бағдарланған моноқалалардың индустриялық трансформациясына жәрдемдесу, олардың экологиялық тұрақтылығын арттыру және ресурсқа бағдарланған қалаларда экологиялық өркениетті қалыптастыру бойынша теориялық және практикалық ұсыныстар береді.
БИЗНЕС ЖӘНЕ БАСҚАРУ: МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ШЕШІМДЕР
Тәуекел тұрақсыз нарықтық жағдайда жұмыс істейтін кез келген ұйымның ажырамас элементі болып табылады. Қазіргі үрдістер логистикалық процестерді сипаттайтын болжамдық модельдерде қолданылатын деректердің көлемі мен түрлерін арттырып, тәуекелдерді, тәжірибені және даму ерекшеліктерін зерделеудің өзектілігін күшейтеді.
Зерттеудің мақсаты – тәуекел жағдайында логистикалық процестерді модельдеуді талдау. Экономикадағы өзгерістер шетелден тауар жеткізу үшін жеткізу тізбектерін қайта құруды талап етіп, көптеген кәсіпорындарды жаңа жеткізушілер іздеуге мәжбүрледі. Мұндай қайта құрылым логистикалық тәуекелдердің өсуіне әкеліп, оларды уақтылы және кешенді талдаудың өзектілігін арттыра түседі.
Зерттеу әдістемесі. Зерттеудің әдіснамалық негізі ретінде динамика қатарларын талдау әдісі және теориялық жалпылау әдісі сияқты ғылыми таным әдістері қолданылды. Қазақстандық ғалымдардың жеткізу тізбегін басқару саласындағы зерттеулерінде тәуекел жағдайында логистикалық процесті модельдеуге қатысты тәсілдер талданып, теориялық тұрғыдан жалпыланды. Логистикалық тәуекелдерді модельдеудің шектеулілігі негізделіп, ғылыми ізденістердің негізгі бағыттары анықталды.
Зерттеудің түпнұсқалығы (құндылығы) логистикалық тәуекелдерді бағалаудың негізгі сапалық және сандық әдістерін сипаттау мен олардың қолдану ерекшеліктерін көрсетуде көрініс табады.
Зерттеу нәтижелері. Сипаттамалар негізінде логистикалық процестердің идеалды моделіне қойылатын талаптар әзірленіп, қолданыстағы тәсілдердің артықшылықтарын біріктіретін және кемшіліктерін жоятын кешенді құрылым ұсынылды. Модельдің бірегейлігі тәуекел факторларын интеграциялап, жүйенің тұрақтылығы мен бейімделгіштігін сандық бағалау мүмкіндігінде көрінеді. Ғылыми жаңалығы – жаңа әдіснамалық байланыстар арқылы параметрлерді толықтыру нәтижесінде логистикалық тізбектерді белгісіздік жағдайында дәлірек болжау мүмкіндігі. Практикалық құндылығы – өндірістік және көлік-логистикалық жүйелерде тәуекел аймақтарын анықтап, ресурстарды оңтайландыру мен шығындарды азайтуға мүмкіндік беруі. Түпкі мақсаты – логистикалық процестердің сенімді және тәуекелге төзімді жұмысын қамтамасыз ететін әмбебап инновациялық модель қалыптастыру.
Зерттеудің мақсаты – жасыл экономика даму үстіндегі Қазақстан Республикасында қонақ үй бизнесі саласында адами ресурстарды экологиялық тұрғыда басқарудың ұйымдық мінез-құлыққа әсерін анықтау және қызметкерлердің экологиялық мінез-құлқын ерікті етуге бағытталған шаралар ұсыну болып табылады.
Зерттеу әдістемесі. Зерттеу барысында жүйелі талдау әдісімен қатар, ғылыми, публицистикалық әдебиеттерге шолу және де зерттеу нәтижесіне түрткі болатын респонденттермен сауалнама жүргізілді.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы. Мақала авторлары қонақ үй бизнесін дамытудың өзекті мәселелерін, атап айтқанда, Қазақстан Республикасының қонақ үй саласында экологиялық тұрғыда адами ресурстарды басқаруды анықтап көрсетті. Авторлармен ұсынылған ұсыныстар болашақта практикалық қызығушылық тудырып, одан әрі зерттеуге ықпалын тигізеді.
Зерттеу нәтижелері. Мақала авторлары адам ресурстарын басқарудың экологиялық әдістерінің қонақ үй бизнесіндегі ұйымдық мінез-құлыққа әсерін негіздеді. Үш құрамдас оқыту, өнімділікті арттыру және қызметкерлерді тарту секілді бөліктердің өзара әрекеті арқылы қызметкерлердің экологиялық мінез-құлқын ынталандырудың перспективалық бағыттарын анықтады. Зерттеу нәтижелері бойынша адами ресурстарды басқаруда қызметкерлердің экологиялық мінез-құлқын ерікті етуге бағытталған шаралар ұсынды.
ИНВЕСТИЦИЯЛАР, ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ЕСЕП
Зерттеудің мақсаты – қоғамдық мүдде ұйымдарын реттеудің Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы жүйесіндегі сәйкессіздіктерді анықтау және оны оңтайландыру бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Әдіснамасы – нормативтік актілерді талдау, халықаралық тәжірибені салыстырмалы құқықтық талдау және қорыту.
Зерттеулердің өзіндік ерекшелігі/құндылығы – зерттеудің өзіндік ерекшелігі қоғамдық мүддені білдіретін ұйымдарды реттеудегі қазақстандық және халықаралық тәсілдерді егжей-тегжейлі салыстыруда жатыр.
Зерттеу нәтижелері – зерттеу қорытындысы бойынша қоғамдық мүддені білдіретін ұйымдарды халықаралық стандарттармен реттеуге қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасын үйлестіру бойынша ұсынымдар ұсынылады.
Зерттеудің мақсаты – бұл жұмыстың негізгі мақсаты Қазақстандағы зағиптарды әлеуметтік қолдау жүйесін трансформациялау үшін блокчейн технологиясының әлеуетін және "әлеуметтік әмиян" тұжырымдамасын зерделеу болып табылады. Зерттеу алушылардың ашықтығын, тиімділігін және қаржылық дербестігін арттыратын модель жасауға бағытталған.
Зерттеу әдістемесі – әлеуметтік қамсыздандыру теориясын біріктіретін пәнаралық талдауды, блокчейнге негізделген технологиялық шешімдерді тұжырымдамалық модельдеуді (ақылды келісімшарттар, DID, DAO) және экономикалық талдауды қамтиды. Қазақстандағы әлеуметтік төлемдер мен нарықтық бағалар туралы жария деректерді пайдалана отырып, "әлеуметтік әмиянның" (Stotal=B+D+G) қаржы ағындарының моделі әзірленді және сандық расталды.
Зерттеудің өзіндік ерекшелігі / құндылығы – жұмыстың өзіндік ерекшелігі Қазақстан контекстіндегі зағиптарды әлеуметтік қорғаудың ерекше мәселелерін шешу үшін блокчейн технологиясын қолданудың алғашқы кешенді моделін әзірлеуден тұрады. Зерттеудің құндылығы пилоттық жобалар мен әлеуметтік саясатты реформалау үшін негіз бола алатын практикалық, инклюзивті құралды ("әлеуметтік әмиян") ұсынудан және оның өміршеңдігінің сандық негіздемесінен тұрады.
Зерттеу нәтижелері – нәтижелер ұсынылған блокчейн жүйесінің қаражатты бөлудің ашықтығы мен есептілігін түбегейлі арттыруға, бағдарламаланатын смарт-келісімшарттар арқылы мақсатсыз пайдалану тәуекелдерін жоюға және бенефициарларға бұрын-соңды болмаған қаржылық бақылау деңгейін қамтамасыз етуге қабілетті екенін көрсетеді. Сандық талдау қаржы ағындарының моделі іс жүзінде жүзеге асырылатындығын және мемлекеттік, жеке және мақсатты кірістерді тиімді басқара алатындығын растады. Жүйені пилоттық енгізудің жоғары орындылығы туралы қорытынды жасалды.
Зерттеу мақсаты. Мақаланы жазудың мақсаты – краудфандинг платформасы арқылы баламалы қаржыландырудың қазіргі жағдайы мен дамуының тиімділігін бағалау, краудфандингтің тұжырымдамалық аппаратын, краудфандинг платформасы мен алаңын ұсыну. Беру краудфандингтің сипаттамасы және P2P несиелеу желісі, краудфандингтік қаржыландыру кезінде ақша салу тәсілі.
Әдіснамасы. Зерттеу барысында салыстырмалы талдау әдісі, коммуникация, дерексіз-логистикалық әдіс, жүйелік талдау әдісі, себептері мен салдарын талдау, сондай-ақ деректерді монографиялық және статистикалық талдау қолданылды. Зерттеу 2020–2025 жылдар аралығындағы Астана халықаралық қаржы орталығының (AIFC), Қаржы қызметтерін реттеу агенттігінің (AFSA) және Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің деректеріне негізделген. Статистикалық деректер ресми есептерден, платформалар тізілімдерінен және реттеуші жарияланымдардан жиналды. Деректердің сенімділігі бірнеше ресми дереккөздерді айқас тексеру арқылы қамтамасыз етілді және барлық деректер жинау мен талдау ғылыми этика қағидаттарына сәйкес жүргізілді. Сонымен қатар iKapitalist, Proportunity, InvestRoom және GoCrowd сияқты краудфандингтік платформалардың деректері пайдаланылды. Бірнеше дереккөздерді айқас тексеру және этикалық стандарттарды сақтау нәтижелердің сенімділігі мен ғылыми негізділігін қамтамасыз етті.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы. Шағын кәсіпорындарды дамыту басым салаларда жобаларды жүзеге асыратын орта кәсіпкерлікке банктік несиелеу, акциялар мен облигациялар шығару сияқты дәстүрлі қаржыландыру көздеріне қол жетімділікті қамтамасыз ету ғана емес, сонымен қатар краудфандинт, краудинвестинг краудлендинг сияқты баламалы инвестициялық тетіктерді пайдалану да ықпал етеді. Қаржылық ресурстардың жетіспеушілігі шағын және орта кәсіпорындардың одан әрі қызметін айтарлықтай шектейді.
Краудфандингтік қаржыландыруды және Р2Р-кредиттеуді пайдалану Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың жаңа көкжиектерін ашады. Мақаладағы ұсыныстарды шағын және орта бизнесті қолдау механизмі, сондай-ақ шағын және орта бизнесті қаржыландыруды ұлғайту тәсілі ретінде қолдануға болады. Краудфандингтік қаржыландыру кезіндегі заңнамалық реттеу, Жеке және заңды тұлғалардың инновациялық жобаларын қолдаудың маңызды құралы ретінде краудфандингті өзекті пайдалану қарастырылды.
Зерттеу нәтижелері. Қазақстандағы краудфандингтің ғылыми жаңалығы инновациялық жобаларды қаржыландырудың негізгі әдістерінің бірі ретінде краудфандингті қолдану болып табылады. Мақаладағы ұсыныстарды шағын және орта бизнесті қолдау механизмі, сондай-ақ шағын және орта бизнесті қаржыландыруды ұлғайту тәсілі ретінде қолдануға болады. Краудфандингтік қаржыландыру кезіндегі заңнамалық реттеу, Жеке және заңды тұлғалардың инновациялық жобаларын қолдаудың маңызды құралы ретінде краудфандингті өзекті пайдалану қарастырылды. Қазақстандағы краудфандинг модельдерінің салыстырмалы талдауы олардың әртүрлі артықшылықтары мен шектеулерін анықтады. Краудлендинг – ең жылдам дамып келе жатқан модель, ол ШОБ-қа банктерге қарағанда төмен пайыздық мөлшерлемемен қысқа мерзімді капиталға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Краудинвестинг инвесторларға компанияларда үлес сатып алуға және жоғары табыс алуға мүмкіндік береді, бірақ үлкен тәуекелмен байланысты. P2P несиелеу, Қазақстанда әлі де дамудың бастапқы кезеңінде болғанымен, делдалдарсыз жеке тұлғалар арасындағы қаржыландырудың тікелей тетігін ұсынады, бірақ ол негізінен реттелмеген болып қала береді.
Зерттеу мақсаты: Бұл зерттеу корпоративтік және тұтынушылық несиелеудің, инфляцияның және айырбас бағамы динамикасының Қазақстанның нақты экономикалық өсуіне әсерін бағалауға бағытталған. Нақты өсу ішкі жалпы өнімнің (ІЖӨ) физикалық көлем индексі (ФКИ) арқылы өлшенеді. Ерекше назар теңге мен АҚШ долларының бағамындағы ауытқулар жағдайында несиелеудің өтемдік (компенсациялық) рөлін анықтауға аударылған.
Әдіснамасы: Зерттеу 2005–2024 жылдар аралығындағы Қазақстанның жылдық макроэкономикалық деректерін пайдалана отырып жүргізілді, бұл қаржылық және сыртқы экономикалық факторлардың нақты сектордың динамикасымен байланысын бағалауға мүмкіндік береді. Тәуелді айнымалы ретінде инфляцияның әсерін алып тастайтын ІЖӨ-нің жылдық физикалық көлем индексі алынған. Модельге келесі түсіндіруші айнымалылар енгізілді: ІЖӨ-ге шаққандағы корпоративтік несиелеу көлемі, ІЖӨ-ге шаққандағы тұтынушылық несиелеу көлемі, жылдық инфляция деңгейі және теңге–АҚШ долларының орташа жылдық бағамының өзгеру қарқыны. Салыстырмалы көрсеткіштер мен өсу қарқындарын қолдану масштаб әсерін жояды және жалған регрессия қаупін азайтады.
Айнымалылар арасындағы байланыс ең кіші квадраттар әдісімен (МНҚ) бағаланды. Уақыт қатарларының стационарлығы ADF-тест арқылы расталды, бұл оларды қосымша дифференциалсыз пайдалануға мүмкіндік берді. Қалдықтарды тексеру автокорреляцияның (Бреуш–Годфри тесті) және гетероскедастиканың (Уайт тесті) болмауын көрсетті. Модельдің дұрыс спецификациясы Рамсейдің RESET тестімен расталды, ал оңтайлы модельдің таңдалуы Акаике ақпараттық критерийімен (AIC) негізделді. Осылайша, модель негізгі эконометрикалық талаптарға сай келеді және бағалаудың статистикалық сенімділігін қамтамасыз етеді.
Теориялық тұрғыдан алғанда, несиелеу ІЖӨ-нің физикалық көлем индексіне оң әсер етуі тиіс, өйткені ол кәсіпорындарды қосымша инвестициялық ресурстармен қамтамасыз етіп, жиынтық сұранысты, соның ішінде тұтынушылық сұранысты ынталандырады. Ал инфляция, керісінше, сатып алу қабілетін төмендету және шығындардың өсуі арқылы экономикалық өсуді шектейтін фактор ретінде қарастырылады. Айырбас бағамының әсері бірмәнді емес: теңгенің әлсіреуі импорттық өнімнің өзіндік құнын арттырып, өндірісті шектеуі мүмкін, бірақ сонымен қатар экспорттың баға бойынша бәсекеге қабілеттілігін арттыра алады. Сондықтан айырбас бағамының коэффициентінің таңбасы эмпирикалық түрде тексеріледі.
Зерттеудің бірегейлігі /құндылығы: Импортқа жоғары тәуелділік жағдайында Қазақстан экономикасының нақты секторының тұрақтылығына несие ресурстарына қолжетімділік пен айырбас бағамының тұрақтылығы негізгі факторлар болып табылады. Зерттеудің жаңалығы валюталық күйзелістер жағдайында несиелеудің өтемдік әсерін анықтауда, бұл қаржы секторының экономикалық өсуді қолдаудағы рөлін нақтылай түседі.
Зерттеу нәтижелері: Алынған нәтижелер корпоративтік несиелеудің нақты ІЖӨ динамикасына статистикалық тұрғыдан маңызды оң әсерін, ал айырбас бағамының өсуі (теңгенің әлсіреуі) экономикалық өсуді тежеуін көрсетті. Тұтынушылық несиелеу мен инфляция статистикалық тұрғыдан маңызды факторлар болып табылмады. Модель диагностикалық талаптарға сай келеді және оны болжау мен экономикалық саясат әзірлеуде қолдануға болады.
САНДЫҚ ЭКОНОМИКА
Зерттеу мақсаты – генеративті жасанды интеллектіні пайдаланудың Қостанай облысындағы оқу орындарының (колледждердің) тұрақты тиімділігіне әсерін зерттеу, сондай-ақ осы өзара байланыстағы білімді басқару қабілетінің медиаторлық рөлін талдау.
Əдіснамасы – зерттеуді жүргізу үшін сандық әдіс (сауалнама) қолданылды. Деректер Қостанай облысының 25 мемлекеттік және жекеменшік колледжінің оқытушылары арасында анонимді және ерікті түрде жүргізілген онлайн-сауалнама арқылы жиналды. Жауаптарды талдау және төрт гипотезаны тексеру үшін SMART-PLS 4 бағдарламалық жасақтамасын қолдану арқылы ішінара ең кіші квадраттар әдісімен құрылымдық теңдеулерді модельдеу (PLS-SEM) қолданылды.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы – жұмыстың құндылығы оның тұрақтылық факторларын неғұрлым тұтас түсінуді қамтамасыз ететін күрделі конструкттарды біріктіретін жаңа интеграцияланған модельді ұсынып, тексеруінде жатыр. Зерттеу генеративті жасанды интеллектіні пайдаланудың тұрақты тиімділікке әсері тікелей емес, толықтай медиаторлық сипатта екенін эмпирикалық түрде дәлелдейді, бұл технологиялардың әлеуетін іске асыру тетігі ретінде білімді басқару конструкттарының аса маңыздылығын көрсетеді. Сонымен қатар, зерттеу осы тақырып бойынша зерттеулер географиясын кеңейтіп, Қазақстан контексінен деректер ұсынады. Практикалық құндылығы – басшыларға жасанды интеллектіні енгізуді білімді басқару бойынша ұйымдастырушылық қабілеттерді дамытумен тығыз байланысты кешенді стратегиялық бастама ретінде қарастыруға ұсыныс беру.
Зерттеу нəтижелері – талдау нәтижелері жасанды интеллектіні қолданудың білімді басқаруға оң әсер ететінін, ал білімді басқарудың өз кезегінде тұрақты тиімділікке оң әсер ететінін растады. Сонымен бірге, тікелей әсер ету туралы гипотеза статистикалық растауын таппады.
Зерттеудің мақсаты:Бұл зерттеу Air Astana әуекомпаниясының цифрлық ұсыныстарын жекелендіру үшін жасанды интеллект пен машиналық оқыту әдістерін пайдалану арқылы компанияның жоғары қызмет сапасы мен транзиттік торап ретіндегі бірегей артықшылықтарын күшейтуді және олардың маркетингтік тиімділікке әсерін (2010–2024 жж.) бағалауды көздейді.
Әдіснамасы: Жүйелік және салыстырмалы талдау, экономикалық-математикалық модельдеу және сауалнама-сұхбат әдістері қолданылды. Collaborative filtering, content-based filtering, uplift modeling және reinforcement learning сияқты AI алгоритмдері тұтынушы мінез-құлқын болжау және ұсыныстарды оңтайландыру үшін пайдаланылды.
Ғылыми құндылығы: Бұл жұмыс Қазақстан авиация саласында AI негізіндегі жекелендіруді нақты деректерге сүйене отырып зерттеген алғашқы кешенді талдау болып табылады.
Нәтижелер: Дайындалған AI модельдері цифрлық науқандардың жауап беру көрсеткішін 15%-ға арттырып, маркетингтік шығындарды 20%-ға азайтты (R² = 0.902).
UNIVERSITY’S SCIENTIFIC EVENTS
ISSN 2789-4401 (Online)














