МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ БИЗНЕС: БАСҚАРУ ТЕОРИЯСЫ МЕН ПРАКТИКАСЫ
Зерттеудің мақсаты посткеңестік елдердегі адам ресурстарын басқару (HRM) зерттеулерінің мəртебесін анықтау үшін библиометриялық талдау жүргізу болып табылады, сонымен бірге зерттеу тенденциялары мен болашақ бағыттарды зерттейді.
Əдіснама. Біз библиометриялық деректерді зерттеу үшін библиометриялық талдауды қолдандық. Web of Science академиялық дерекқоры таңдалды, өйткені ол талдау үшін таңдалған зерттеулердің осы салаға қатысты болуын қамтамасыз етеді. Библиометриялық талдау үшін барлығы 133 мақала таңдалды. Библиометриялық желілерді құру жəне визуализациялау үшін Vosviewer бағдарламалық құралы пайдаланылды. Жалпы, бұл əдістер зерттелетін саладағы зерттеулердің жай-күйінің толық жəне сенімді көрінісін береді.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы. Бұл зерттеу посткеңестік елдердің зерттеулеріндегі алғашқы адам ресурстарын басқару бағытындағы библиометриялық талдау болып табылады. Ол посткеңестік елдердегі АРБ зерттеулерін біріктіру жəне ең көп сілтеме жасалған авторларды, мақалаларды, журналдарды, жəне ұйымдарды анықтау арқылы зерттеудің ағымдағы жағдайын ашу арқылы əдебиетке үлес қосады. Библиометриялық талдау нəтижелері посткеңестік елдердегі персоналды басқару саласындағы зерттеулердің болашақ бағыттарын да анықтайды.
Зерттеу нəтижелері. Нəтижелер көрсеткендей, ең көп қолданылатын кілт сөздер Адам ресурстарын басқару, Ресей, персоналды басқару тəжірибесі, компанияның тиімділігі болды. Bjorkman et al. (2007) ең көп келтірілген автор, ал Minbayeva et al. (2003), Andreeva & Kianto (2012), Bjorkman et al. (2007) посткеңестік елдердегі АРБ туралы ең көп келтірілген құжаттар болды. Библиометриялық талдау нəтижесі негізінде болашақта зерттеуді адам ресурстарын басқаруға, өнімділікке, капитализмге, модельге жəне өтпелі экономикаға бағыттауға болатындығын анықтады. Сонымен қатар, зерттеу халықаралық компаниялар мен білімді басқарудағы персоналды басқару тəжірибесін зерттеу тенденциясын анықтады. Егер HRM саласындағы зерттеулер Қазақстанда посткеңестік елдерден 2010 жылдың басында қарқынды жүргізілсе, онда қырғыз кəсіпорындарында персоналды басқару практикасы бойынша зерттеулер 2018 жылдан бастап белсенді түрде қарқын ала бастады.
Зерттеудің мақсаты – ел экономикасының дамуы үшін үлкен маңызы бар Қазақстан Республикасындағы жұмысқа қабілетті халық арасында жалғасып жатқан экономикалық дағдарыстың жəне өсіп келе жатқан əлеуметтік күйзелістің əсерін анықтау болып табылады.
Зерттеу əдістемесі. Зерттеу барысында талдау, синтез, индукция, дедукция жəне салыстыру сияқты жалпы ғылыми əдістер қолданылды. Сондай-ақ, сандық талдаудың арнайы əдісі, оның ішінде бастапқы деректерді топтастыру жəне статистикалық бақылау белсенді қолданылады.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы жаһандық дағдарыстан туындаған Қазақстан Республикасының экономикасындағы проблемалардың өсуімен жəне дағдарысқа қарсы менеджменттің қалыптасуымен жəне дағдарыс жағдайында адами ресурстарды басқару əдістерінің дамуымен байланысты.
Зерттеу нəтижелері. Мақалада дамып келе жатқан экономикалық дағдарыс үрдісінде адам ресурстарын басқаруға қатысты экономикалық талдау əдісі қолданылған, еңбек нарығында қалыптасқан жағдайларға сəйкес персоналдың жұмыс істеу тиімділігін арттыруға жəне ұйымның еңбек əлеуетін сақтауға бағытталған дағдарысқа қарсы шаралардың негізгі бағыттары ұсынылды.
Зерттеу мақсаты. Бұл зерттеуде Қазақстанның экономикалық жүйесі жəне оның негізгі көрсеткіштері, атап айтқанда, Еңбек өнімділігі мен экономикалық өсу деңгейі қарастырылады.
Əдіснамасы: Жұмыста ыдырау əдісі қолданылған. Бұл əдіс жалпы өнімділіктің өзгеруін секторлар ішіндегі жəне олардың арасындағы əсермен түсіндіреді.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы: Пандемия кезеңінен кейінгі Қазақстан экономикасы негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің, сондай-ақ экономикалық өсу серпінің төмендеуін көрсетті. Жұмыспен қамту құрылымы мен экономиканың өсуі арасындағы тығыз байланысты орнату қазіргі уақытта күн тəртібінде тұр. Оны іске асыру шеңберінде мақалада жұмыс күшінің сандық жəне сапалық параметрлеріне, сондай-ақ оларды пайдалану деңгейіне əсер ететін негізгі факторлар талқыланды.
Зерттеу нəтижелері: Авторлар Қазақстандағы жұмыспен қамту құрылымына əсер ететін материалдық өндірістің əртүрлі процестерінің қарқындылығын анықтайтын маңызды факторларды қарастырды. Сондай-ақ, елдегі заманауи дамудың əсері анықталды: көп жұмысшылар ауыл шаруашылығынан жоғары өнімді өнеркəсіп пен қызмет көрсету салаларына ауысуда, бұл ыдырау əдісін қолдану арқылы негізделген.
ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА: ДАМУ БАҒЫТТАРЫ
Зерттеу мақсаты. Бұл зерттеу ғылыми мүмкіндіктер мен инновациялық күштер арасындағы байланысты зерттеуге арналған. Зерттеудің мақсаты Қазақстандағы нақты сектордағы инновациялық интеграцияланған құрылымдардың даму тиімділігін бағалау болып табылады. Ғылыми зерттеу инновациялық интеграцияланған құрылымдардың маңыздылығын зерттей отырып жəне зерттеулер мен əзірлемелерге мен экономикалық өсу туралы əдебиеттерге үлесін қосады.
Зерттеу əдістемесі. Зерттеу əдістемесі математикалық модельдеу арқылы жүзеге асырылды. Инновациялық интеграцияланған құрылымдардың даму тиімділігін бағалау интеграцияланған құрылымға қатысушылардың, атап айтқанда университеттердің ғылыми мақалалар түріндегі қызметінің нəтижелерін, шығарылған инновациялық өнім көлемі түріндегі инновациялық кəсіпорындарды жəне патенттер түріндегі ғылыми ұйымдарды көрсететін көрсеткіштерді талдауды қамтиды.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы Қазақстан өңірлерінде инновациялық интеграцияланған құрылымдардың тиімділігін есептеу бойынша зерттеулердің жоқтығымен негізделіп, расталады.
Зерттеу нəтижелері. Дағдарыстарға ең бейім экономиканың нақты секторын қолдау үшін инновациялық интеграцияланған құрылымдар қажет. Соңғы жылдары біздің экономикамыздың алдында тұрған көптеген қиындықтарды шешу үшін ғылыми ұсыныстарға соқыр сенімге негізделмей, мемлекеттік саясатта жəне шешім қабылдауда зерттеулерді қолдану қажет.
Зерттеудің мақсаты – ақша-несие саясатының моделін құрудағы əртүрлі макроэкономикалық айнымалылардың əсерін талдау үшін векторлық авторегрессия əдістері мен модельдерінің теориялық жəне эмпирикалық қолданылуын қарастыру.
Əдістеме. Зерттеу əдістері ретінде векторлық авторегрессияларды қолдану мəселелеріне қатысты тəжірибені жалпылау, факторлық талдау, он бес нақты, баға, монетарлық жəне сыртқы айнымалылардан тұратын VAR модельдерін бағалау əдістемесі қолданылады. Талданатын модельдің сапасын бағалау үшін бірқатар сынақтар жүргізілді: импульстік реакцияларды талдау, болжау жəне модельдеу.
Бұл мақалада факторлардың бір-біріне əсерін талдау, сонымен қатар ақша-несие саясатын зерттеу жəне болжау əдістерін жетілдіру бойынша практикалық ұсыныстар алу үшін пайдаланылуы мүмкін нəтижелерді түсіндіру жүргізіледі.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы. Жұмыста факторларды таңдауда да, оларды модельде қолдануға дайындауда да векторлық АВТО регрессиялық модельдерді құрудағы əртүрлі тəсілдердің артықшылықтары мен кемшіліктері талданады. Бұл мақала 2010 жылдан 2021 жылға дейінгі, яғни инфляциялық таргеттеу режимі енгізілгенге дейінгі жəне одан кейінгі бақылау кезеңін жəне 2022 жылғы сілкіністерге əсер етпей, Қазақстандағы пандемия шокын бағалауды қарайды.
Зерттеу нəтижелері. Жүргізілген жұмыс векторлық авторегрессия əдістерінің қолданылуын тексеруге мүмкіндік берді, бұл мəлімдеме модельдердің кері болжау күшімен расталады. Бұл жұмыста ұсынылған модельдердің тиімділігі Қазақстандағы макрофакторлар бойынша бағаланды.
Зерттеудің мақсаты – Қазақстандағы қала мен ауыл мектептері арасындағы білім теңсіздігінің пайда болуына жəне күшеюіне ықпал ететін факторларды талдау.
Əдіснамасы. Бұл мақсатқа жету үшін авторлар жүйелік тəсілді, салыстырмалы талдау, жалпылау жəне жүйелеу əдістерін қолданады.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы. Зерттеу Қазақстанның орта білім беру жүйесіндегі облыс типі контекстінде білім беру теңсіздігі саласындағы жағдайды талдауға арналған. Авторлар статистикалық материалдарға шолу, əдебиеттерге шолу, сондай-ақ білім сапасы мен қолжетімділігіндегі алшақтыққа əсер ететін факторлар туралы жүйеленген жəне құрылымдалған ақпаратты жүргізді.
Зерттеу нəтижелері бойынша авторлар орта білім беру жүйесін мемлекеттік қолдау тəсілдерін жетілдіру қажет салаларын анықтады.
Зерттеу мақсаты – туристік дестинацияның ұйымдастырылуы мен оңтайлы басқарылуы өңірлік туристік нарықтың дамуының алғышарты болып табылады. Мақала өңірдің тұрақты дамуы үшін туристік дестинацияның маңыздылығын қарастыруға, Ақмола облысындағы Щучье-Бурабай жəне Зеренді тəрізді туристік дестинациялардың статистикалық көрсеткіштеріне бағалау жүргізуге жəне саланың қазіргі жағдайына талдау жасауға бағытталған.
Əдіснамасы. Зерттеудің негізгі əдістері ретінде қарастырылып отырған мəселе шеңберінде осы саланы зерттеген авторлардың еңбектеріне библиографиялық талдау əдісінің көмегімен шолу жасалынды. Өңірлік туристік дестинацияның дамуын бағалау үшін талдамалық зерттеулерде экономикалық- статистикалық əдістер қолданыс тапты. SWOT-талдау əдісі арқылы республикалық деңгейдегі туристік топтастырылуға енген Ақмола облысындағы Щучинск-Бурабай жəне Зеренді туристік дестинациялардың дамуы сипатталды. Абстрактілі-логикалық əдістерге негізделе отырып, Ақмола өңіріндегі туристік дестинацияларды туристік мақсатта қолданылудың қазіргі жағдайына қорытындылар жасалып, саланы дамытуға бағытталған ұсыныстар тұжырымдалған.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы. Зерттеу нəтижелері туристік дестинациялардың қызметін жетілдіру бойынша оңтайлы шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.
Зерттеу нəтижелері: туристік саланың экономикадағы рөлі анықталды, туристік дестинацияның категория ретіндегі ерекшелігі сипатталды, ел аумағындағы туристік ресурстарға сəйкес республикалық жəне жергілікті маңызы бар туристік дестинациялардың топтастырылуы қарастырылды жəне Ақмола облысындағы туристік дестинациялардың қазіргі жағдайына бағалау берілді.
Зерттеудің мақсаты – Ақтөбе облысындағы əлеуеті жоғары жалғыз моноқала Хромтау қаласының əлеуметтік-экономикалық даму жағдайына талдау жасау жəне одан əрі дамытуда маркетинг мүмкіндіктерін пайдалану.
Əдіснамасы – зерттеудің талдау, салыстыру, жалпылау, сауалнама, математикалық моделдеу сияқты ғылыми əдістері.
Зерттеудің бірегейлігі/құндылығы. Хромтау моноқаласының даму қарқынына əлеуметтікэкономикалық баға беру арқылы өңірдің имиждін қалыптастыру үшін жол картасын, кешенді даму жоспарын əзірлеуде қолданылуы мүмкін.
Зерттеу нəтижесінде Хромтау моноқаласының əлеуметтік-экономикалық жағдайын зерттеу қорытындысы бойынша экономикалық, əлеуметтік сала, инфрақұрылымдық ахуалы орташа деңгейде екендігі айқындалды. Хромтау қаласында өндіріліп, экспортқа шығарылатын хромит рудасы əлемде руданың бай болуына байланысты бəсекеге қабілетті жəне ең қатты химиялық элемент ерекше қасиетке ие. Хром рудасы Хромтау қаласын оны жоғары алдағы онжылдықтарға əлеуетті моноқала ретінде белгілейді. Дегенмен Кеңес дəуірінен қалған өндіріс орны мен қалада кейбір инфрақұрылымдық объектілердің тозу деңгейі жоғары болып келеді. Бұл бағытта ауқымды жұмыстардың жүргізілуіне қарамастан жалпы Қазақстандағы моноқалаларға тəн ортақ мəселелер орын алып отыр. Моноқалаларды дамытудың басты мақсаты жаңа өндірістер құру, адамдардың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыру болуға тиіс. Сондықтан алдымен кəсіпорындарды өсу нүктесі ретінде құру керек, содан кейін осы кəсіпорындардан бюджетке түсетін түсімдер үшін инфрақұрылымды дамыту қажет. Ол үшін моноқаланың имиджін қалыптастыру ұсынылады.
Зерттеудің мақсаты – жаһандық өзгерістер жағдайында машина жасау саласының қызметінің тиімділігін арттыруда үнемді жəне цифрлық технологияларды іске асырудың негізгі қағидаттарын қарастыру.
Зерттеу əдістері – зерттеу барысында ұсыныстарды негіздеу жүйелік талдау əдістерін, сондай-ақ ғылыми танымның жалпы əдістерін қолдану арқылы жүзеге асырылды.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы салыстырмалы тəсілсіз жəне үнемді жəне цифрлық технологиялардың негізгі принциптерін анықтамай, ірі кəсіпорындардың экономикалық қызметі олардың бəсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ете алмайтындығында. Демек, өндірістік процестің ұйымдастырылуы мен тиімділігін қамтамасыз етуде үнемді жəне цифрлық технологияларды пайдалануға көп көңіл бөлу керек.
Мақалада жаппай, үнемді жəне автоматтандырылған өндіріс экономикасының тиімділігіне салыстырмалы талдау жасалды, бүгінгі шындықты ескере отырып, өнеркəсіптік кəсіпорындар қызметіндегі бизнес-процестерді дамытудағы кемшіліктер мен проблемалар атап өтілді.
Зерттеу нəтижелері. Авторлар Мемлекеттік бағдарламалар мен машина жасау саласын дамыту стратегиясы контекстінде үнемді жəне цифрлық технологияларды дамытудың негізгі бағыттарын ұсынды. Атап айтқанда, үнемді жəне цифрлық технологияларды енгізудің тиімділігі кəсіпорындардың қызметін субсидиялау есебінен негізгі өндірістің өндірістік инфрақұрылымын дамытуға байланысты. Микро жəне макро ортаны ескере отырып, машина жасау саласының кəсіпорындары үшін үнемді экономика қағидаттарын енгізудің негізгі шарттары атап өтілді.
Келесі көрсеткіштерге талдау жəне бағалау жүргізілді: үнемділік индексі, үнемді технологияларды енгізу бойынша оқудан өткен қызметкерлердің үлесі, еңбекті оңтайландыру бойынша енгізілген бастамалардың үлесі, қағаз құжат айналымының қысқару серпіні жəне өндіріс тиімділігін анықтау мақсатында өндірістік циклды автоматтандыру үлесі.
Зерттеу нəтижелерін жүйелеп, талдай отырып, сандық экономиканың шындығына бейімделу жағдайында машина жасау саласындағы кəсіпорындардың тұрақты даму векторларына сүйенгіміз келеді.
Ірі кəсіпорындардың қызметінде үнемді жəне цифрлық технологияларды қолдану негізінде бизнеспроцестерді дамыту бойынша тұжырымдар жасалды.
ИНВЕСТИЦИЯЛАР, ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ЕСЕП
Зерттеу мақсаты – əлем елдерінің банк секторындағы елдік тəуекелін S&P BICRA жəне Bloomberg əдістерімен салыстырмалы бағалау жүргізу.
Əдіснамасы. Зерттеудің негізгі əдістері ретінде жалпылау, S&P BICRA жəне Bloomberg əдістері, салыстырмалы талдау қолданылды.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы. Мақалада əлем елдерінің банк секторының елдік тəуекелін өзекті соңғы 3 жылдағы көрсеткіштері негізінде S&P BICRA жəне Bloomberg əдістерімен бағалау нəтижелеріне салыстырмалы талдау жүргізілген.
Зерттеу нəтижелері S&P BICRA жəне Bloomberg əдістерінің мазмұны мен олар қарастыратын көрсеткіштердің айырмашылығына қарамастан, кейбір елдерді санамағанда, нəтижелер негізінен бірдей екенін көрсетті. Авторлардың пікірінше, бұл Bloomberg əдістемесіндегі валюталық тəуекелдерді ескерумен байланысты.
ISSN 2789-4401 (Online)