ТЕОРИЯ ЖӘНЕ ӘДІСНАМА
Зерттеу мақсаты – Ұнтарту саласының негізгі көрсеткіштеріне экономикалық талдау және корреляция-регрессиялық талдау жасалынды. Корреляция-регрессиялық талдау жасау арқылы ұнтарту өнімдерін тұтынуға көбірек әсер ететін маңызды көрсеткіштер анықталып, сонымен қатар олардың арасындағы тығыз байланыс бар көрсеткіштер іріктеліп, сызғыштық моделі шығарылды. Қазақстанда ұнтарту өнімдерінің тұтынуы, осы салада мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру, ішкі тұтыну мен экспортқа шығару арқылы қамтамасыз етіледі.
Методология – Сандық зерттеу, R бағдарламасы, рейтингтік және сызғыштық модель.
Сонылығы/құндылығы – Ұнтарту өнімдерін тұтынуға әсер ететін басты факторлар анықталып, қарастырылды.
Қорытындылар – Ұнтарту өнімдерін тұтынуға әсер ететін факторлар қарастырылып, талдау жүргізіліп, мультиколлениарлы көрсеткіштер іріктеліп, басты әсер ететін факторлар анықталды.
Мақалада әлемдегі және Қазақстандағы химиялық және мұнай-химиялық өнеркәсіптің қалыптасуы қарастырылған. Бұл сала әлемде және Қазақстанда келешегі зор сала болып табылады. Осы өнеркәсіпті әрі қарай дамытусыз ілеспелі салалардың дамуы және ел экономикасының сапалы, тиімді өсуі мүмкін емес. Қазақстан әлемдегі мұнай-химиялық нарықтарда елеуліойыншы бола алады және бұл әлемдік мұнай нарығындағы күштердің қатынасына айтарлықтай ықпал етеді. Бұл саладағы жұмыспен қамтылу стратегиялық рөлге ие, оны арттырусыз саланың дамуы мүмкін емес, сондықтан Қазақстандағы мұнай нарығының кейінгі даму сценарилерінің келешегі де мүмкін емес.
Бүгінгі күні кәсіпкерлік қызметте мемлекеттің тікелей немесе жанама араласуын байқауға болады. Бірақ та бұл үлес ЭЫДҰ елдердің көрсеткішінен тым көп, сондықтан Қазақстан экономикаға мемлекеттің қатысуын қысқарту мақсатында «Yellow Pages Rule» принципіне сәйкес жекешелендіру бағдарламасын іске асырып тұр. Бұл мақала берілген принципті қолдану механизмін Қазақстан мысалында қарастырылып, меншік иесін алмастыру әрекеті компанияның келешктегі қызметінен қаншалықты әсер ететіні анықталды.
ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ТАЛДАУ
Осы жұмыста маркетингтік деректерді жинауға арналған бағдарламалық жасақтаманың пайдалануы сипатталады. Сондай-ақ, осы жұмыста бәсекелестік нарықта жиналатын тұтынушылар жайлы сапасыз ақпаратқа негізделген, өте прогрессивті деп саналатын «Туннельное видение» мәселесі көрсетілген. Жаңа бағдарламалық жасақтаманы қолдану қажетті маркетингтік шараларды қолдану үшін клиенттердің деректерін кеңейтуге бағытталған операцияларды күшейтетін құралдар ретінде сипатталады.
Қазіргі заманауи жағдайда жүргізілген талдау бюджетті қалыптастыру мен пайдалануда, бюджетті басқару барысында Қазақстан Республикасында белгілі бір мәселелер бар екенін көрсетті, бюджеттің теңгерілімдлігін анықтау шикізаттық емес түсімдердің есебінен, салық пен алымдардың берешегі , салықтық емес төлемдер бойынша және т.б. қарыздардың шешілуі тиіс. Осы мақсатта халықаралық тәжірибені үйреніп, сондай-ақ қазіргі шындыққа сүйене отырып, автор Қазақстан Республикасының бюджеттік саясатындағы жетілмеген мәселелерді шешу жөніндегі ұсыныстарды негіздейді.
Зерттеудің мақсаты – жан-жақты теориялық және тәжірибелік зерттеулердің негізінде республикамыздағы шаруа қожалықтарынының бухгалтерлік есебін ұйыдастыруды дамыту жөнінде ұсыныстар жасау.
Әдіснама – зерттеу барысында және ақпараттарды талдау кезінде зерттеу обьектісінің жағдайын және даму тенденцияларын сипаттайтын статистикалық мәліметтер негізінде жүйелілік, логикалық және салыстырмалы талдау әдістері пайдаланылды.
Түпнұсқалылық/құндылық – зерттеу нәтижесінде шаруа қожалықтарының есебін ұйымдастыру мен қаржылық есептілігін құру бойынша әдістемелік ұсыныстар берілді. Бұл ұсыныстар шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын шаруа қожалықтарының есебін ұйымдастыру және қаржылық есептілігін құру бойынша әдістемелік ұсыныстарды дайындауда пайдаланылуы мүмкін.
Қорытынды – шаруа қожалықтары қазіргі кезде өздерінің шаруашылық қызметі мен ұйымдық құрылымының ерекшеліктеріне сай бухгалтерлік есепті ұйымдастыру мен қаржылық есептілікті құруды реттеуші тиімді нормативтік базаны қажет етеді. Фермердің өз бизнесін оперативті басқарып отыруы үшін есеп қарапайым болғанымен, оның ағымдағы шаруашылық қызметі жөнінде толық әрі дұрыс ақпараттар алуына мүмкіндік жасауға тиісті. Сондықтан шаруа қожалықтарының салалық және шаруашылық жүргізу ерекшеліктерін ескере отырып, оларда бухгалтерлік есеп жүргізудің әмбебап моделін жасау қажет.
БИЗНЕС ЖӘНЕ КОРПОРАЦИЯЛЫҚ БАСҚАРУ
Ғылыми мақала «АТФ Банкі» АҚ-ның кейстік зерттеуі негізінде Қазақстан Республикасының банк секторындағы тәуекелдердің негізгі тұжырымдамасына және тәуекелдерді басқаруды дамытуға арналған. Зерттеу барысында, бірте- бірте ырықтандыру және жылдам қаржылық кеңейту сипатталайтын орталықтандырылған жоспарлаудан нарықтық экономикаға көшу процесiнде қазақстандық банктер өсудің қайталанатын тәуекелін қарастыруға қызыққан. Осы нәтижесінде, банк секторы 2000-шы жылдардағы тәуекелді шоғырландырудың сәтсіз схемасына әкелуі мүмкін тәуекелдерді басқару бойынша субпаренттік операциялармен әдеттегідей айналысты.
Зерттеу мақсаты – Павлодар облысындағы отбасылық кәсіпкерлікті дамытудың перспективті бағыттарын, сонымен қатар отбасылық кәсіпкерлікті басқарудың әлеуметтік-экономикалық аспектілерін анықтау.
Әдіснама – мақалада экономикалық және монографиялық, дерексіз-логикалық, экономикастатистикалық, құрылымдық-функционалдық анализ және синтез, жүйелік тәсіл сияқты жалпы ғылыми әдістер қолданылды.
Ерекшелігі/құндылығы – шағын кәсіпкерлікті зерттеуге соңғы уақытта көп көңіл бөлінгенмен, отбасылық кәсіпкерлік мәселелері әлі де өзекті және жеткіліксіз зерттелген, өйткені көбінесе шағын бизнестің бұл түрі жеке зерттеу объектісі болып бөлінбейді. Отбасылық кәсіпкерлікті жеке экономикалық категория ретінде зерттеу және де оны қолдаудың тиімді мемлекеттік саясатын қалыптастыру сұрақтары қосымша талқылауды талап етеді.
Қорытындылар – алғашында кәсіпкерлік отбасылық бизнес ретінде пайда болған. Кейіннен, меншік нысандарының көптүрлілігінің пайда болуы және дамуы кәсіпкерлік пен отбасы жайлы тәуелсіз категориялар ретінде айтуға мүмкіндік берді. Қазіргі экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік әртүрлі позициялардан қарастырылады: саяси, экономикалық, ұйымдастырушылық-басқарушылық, әлеуметтікпсихологиялық. Іс жүзінде отбасылық кәсіпорын болып отбасы мүшелерінің бір бөлігі осы кәсіпорында жұмыс жасайтын, мүліктің немесе басқарудың көп бөлігі осы отбасының мүшелеріне тиесілі кез келген кәсіпорын саналады. Қазіргі кезеңде қазақстандық экономикадағы отбасылық кәсіпкерлігіндегі кәсіпорынның алдында тұрған мәселелер. Павлодар облысындағы отбасылық бизнесті дамытудың қазіргі бағыты экологиялық туризм болуы мүмкін.
Зерттеу мақсаты – Қазақстандағы шағын және орта кәсіпорындарда, кәсіпорынның өнімділігіне инновацияның (өнімдік немесе процесстік, ұйымдастырушылық, маркетингтік) қалай әсер ететінін анықтау және талдау.
Әдіснама – Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері ретінде шетелдік және отандық экономист ғалымдардың еңбектері, зерттеу мәселесі бойынша ізденушінің әдебиеттерге шолулары алынды. Зерттеу барысында зерттеудің заманауи талдау әдістері, оның ішінде эконометрикалық, алынған нәтижелерді жинақтау және қорытындылау, салыстыру әдістері қолданылды.
Сонылық/құндылық – Кәсіпорынның өнімділігін арттыру үшін, инновациялық стратегияның рөлін анықтап, кәсіпорынға еңгізу жолдарын қарастыру қажет.
Қорытындылар – мақалада Қазақстандағы шағын және орта кәсіпорындардың өнімділігіне инновацияның, ғылыми зерттеу және техникалық конструкторлық жұмыстар (ҒЗТКЖ) жүргізудің, инвестицияның оң әсері бар екені анықталып, көптік регрессия моделдері құрылды және экономикалық интерпретация жасалды. Қорыта келгенде кәсіпорындардың инновациялық белсенділік деңгейін арттыру үшін кәсіпорынның инновациялық қызметі жаңа немесе жетілдірілген өнім өндірісін ұлғайтуға, жаңа технологияны қолданып, жоғары сапалы өнім өндіру арқылы нарықта бәсекеге қабілетті болуға бағытталуы керек.
Мақалада авторлар ел экономикасына және қазақстандық қонақ үй бизнесін дамытуға мегаоқиғалардың әсерін қарастырды. Ол үшін жүйелі, құрылымдық, функционалдық және статистикалық талдау, сараптамалық бағалауды қалыптастыру және мазмұнды талдау пайдаланылды. Азиада және ЭКСПО-2017 қонақ үй бизнесі мен елдің жалпы әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізді.
Зерттеу нәтижелері сәйкес шешімдерді қабылдау кезінде, оның ішінде мега-шараны дайындау кезінде бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін мониторингілеуде және жеке инвестицияларды тартуда пайдаланылуы мүмкін.
ҒАЛАМДАНДЫРУ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН
Аталмыш эмпирикалық зерттеудің мақсаты – шет елде білім алу жайлы шешім қабылдауда және білім алатын мемлекетті таңдауда студенттердің басты мотивациясын анықтайтын факторларды зерттеу. Зерттеу амалдары академиялық әдебиеттің талдауынан, сауалнама құрудан, ақпараттарды R бағдарламада талдауынан тұрады. Сауалнамаға 103 респондент қатысты: 55 академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысқандар және 48 қатысқысы келгендер. Шет елде білім алудың себептері жайлы әдебиеттің көптігіне қарамастан, қазақстандық студенттердің шет елде білім алуда шешімді неге негізделіп қабылдайтыны және оған қандай факторлардың әсер ететіні жайлы зерттеулер жоқтың қасы. Басты детерминанттарды анықтау академиялық ұтқырлықты дамыту мен ұлғайтуға бағытталған жоғары оқу орындарының саясатын іске асыруда маңызды рөл атқарады. Аталмыш зерттеу нәтижелері зерттеушілер, практиктер, ұлттық және және институционалдық деңгейде шешім қабылдайтын тұлғалар үшін маңызды болуы мүмкін.
Әлемдегі электрондық коммерция көптеген аспектілерде әлемдік экономикаға әсер етті. Біріншіден, барлық экономикалық секторға таралған бұл әсер ақпараттық-технологиялардың құрамымен түсіндіріледі, ал ол өз кезегінде бүкіл әлемде экономикалық өнімділіктің артуына әкелді. Мақала әлемдегі электрондық сауданың даму мәселелеріне және тұтастай алғанда оның әлемдік экономикаға әсеріне арналған. Электрондық коммерция ұғымы және құрылымын, ерекшеліктерін, артықшылықтары мен кемшіліктерін айқындайтын электрондық коммерция нарығының негізгі заманауи үлгілері егжейтегжейлі қарастырылды. Әлемдегі электрондық коммерция дамуының қазіргі жағдайы, сондай-ақ жаһандық электрондық коммерцияның шағын және орта кәсіпорындарға (ШОК) бизнестің өзара байланысына әсері, кезекті қорытындылар және ұсыныстарымен электрондық коммерцияның халықаралық саудаға және халықаралық экономикаға әсері талданды.
ТҰРАҚТЫ ДАМУ ЭКОНОМИКАСЫ
Мақалада Қазақстанның аймақтарының урбанистік құрылымындағы айырмашылықтар қарастырылған. Қазақстанның қазіргі дамуы кезеңінде қала ортасының дамуы әлемдік экономикалық жүйеге кіріктіруге бағдарланған инновациялық даму мәселелерімен тығыз байланысты. Осыған байланысты қазіргі таңда елдің урбанизациясы саласындағы ғылыми негізделген мемлекеттік саясат шеңберінде индустриялық-инновациялық даму ұзақ мерзімді стратегиясын әзірлеу мен енгізу міндеті өзекті болып отыр.
Мақалада мемелекеттік бағдарламаның шағын және орта бизнесті қолдау Павлодар облысында шаралар нәтижелілігің арттыруың ашылады. Өзектілігі жасалады шағын және орта бизнесті құруда тиімді қызметету ортасын және және бағалау аймақтық ерекшеліктерді бизнес-ортаның даму.
Зерттеу мақсаты – Мақалада «жасыл» экономика дамуының қазіргі жағдайы мен ерекшелігі талданған және Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық дамудың өзекті мәселелерін шешуде тұрақты дамудың басым бағыты ретінде «жасыл» экономика ұсынылуы негізделген.
Әдістеме – зерттеу жүргізу барысында салыстырмалы талдау, жүйелік және логикалық талдау әдістері, дедукция, қадағалау, эксперттік бағалау.
Түпнұсқалық/құндылық – авторлар жасыл экономика дамуының негізгі үдерістерін Қазақстан Республикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ету тұрғысында терең талдау жүргізілген. Алынған нәтижелер тұрақты даму мәселелерін шешуде нормативтік құжаттарды әзірлеу мен елдің жасыл экономикаға өтуін жүзеге асыру механизмдерін жетілдіру, сондай-ақ мемлекеттік басқару органдары мен жеке кәсіпорындардың тәжірибелік қызметінде қолданылуы мүмкін.
Қорытындылар – бүгінгі күні тұрақты даму әр мемлекет дамуының басты тұжырымдамасы болып табылады. Оған өту қоршаған ортаның тұрақтылығын, әлеуметтік әділеттілікті және экономикалық тиімділікті қамтамасыз ететін деңгейге дейін табиғи экожүйенің қайта қалпына келуін білдіреді. Елдің тұрақты дамуының құралы «жасыл экономика». «Жасыл экономика» тұжырымдамасы тұрақты дамудың басым бағыты ретінде заманауи экономикадағы институционалдық өзгерістер тұрғысынан айқындалған. Оның мәні, қағидалары, құралдары және елдегі «жасыл экономика» даму жолдары анықталған.
ISSN 2789-4401 (Online)