Preview
№ 1 (2019)
Шығарылымды жүктеу PDF (Russian)

ТЕОРИЯ ЖӘНЕ ӘДІСНАМА

9-15 363
Аңдатпа

The article discusses the methodological and theoretical aspects of using the cost accounting system, in particular the ABC method in the restaurant industry. The ABC method is successfully used in the manufacturing industry and in some sectors of the international services sector. But, in the hospitality industry, especially in the restaurant industry, the ABC method is not used. However, due to the distinctive characteristics of the restaurant industry, such as high overheads and a wide variety in the menu, the ABC method is a tool that must be considered to improve its bottom line.

16-25 352
Аңдатпа

Зерттеу мақсаты – интегралдық көрсеткішті кешенді бағалауды қолдану əдістемесі негізінде инновациялық əлеуетті бағалау алгоритмін əзірлеу.
Əдіснама – теориялық жəне əдіснамалық негіз кəсіпорындардың инновациялық қызметінің теориясы мен тəжірибесі саласындағы отандық жəне шетелдік ғалымдардың зерттеулері ненегізделеді. Мақалада салыстырмалы экономикалық талдау əдістері, жүйелік тəсіл, сондай-ақ сараптамалық бағалау əдістері қолданылды.
Түпнұсқалылық/құндылығы – зерттеу барысында мынадай гипотеза қойылған:инновациялық əлеуетті бағалау əдістемесінің негізін кəсіпорын көрсеткіштерінің интеграцияланған бағалауы құрайды. Бұл əдістеме кəсіпорынның қолда бар ресурстары мен мүмкіндіктеріне сапалық жəне сандық талдау жүргізілетін əлеуетті сараптамалық бағалауды болжайды.
Қорытынды – бұл жұмыстың мəні инновациялық əлеуетті бағалаудың ұсынылған үлгісін ұйым басшылығы кəсіпорынның қолда бар ресурстарын, қаншалықты пайдаланылатынын, сондай-ақ инновациялық өзгерістерді енгізудің орындылығын бағалау үшін қолдануымен түсіндіріледі.

БИЗНЕС ЖӘНЕ КОРПОРАЦИЯЛЫҚ БАСҚАРУ

26-33 397
Аңдатпа

Мақалада бизнесті басқаруда бейсызықтық тұрғысынан ішкі бақылау жүйесі зерттеледі. Сызықтық емес тұрғысынан бизнесті басқаруда ішкі бақылау жүйесінде "ашықтық" жəне үздіксіздік, сенімділікпен қамтамасыздандыруға байланысты нарыққа əсер етеді. Сондай-ақ, бизнес-құрылымдарда ішкі бақылау жүйесінің ролі талданады, бизнестің ішкі бақылауында тəуекелге-бағдарланған өзекті мəселелерін ұйымдастыру пысықталады, ішкі бақылаудың қалыптасуына бейсызықтық көзқарас межеленеді.

34-41 385
Аңдатпа

Зерттеу нəтижелеріне сəйкес, жеке медициналық орталықтардың табысты дамуы үшін технологиялықинновацияныжəнесəйкесіншезияткерліккапитал—қызметкерлердіңбілімі,дағдылары мен өндірістік тəжірибесі өзара байланысты болуы қажет деп айтуға болады. Сондай-ақ ұзақ мерзімді жəне қысқа мерзімді активтерге ие болу жəне мемлекетпен тығыз ынтымақтастық жасау, бұл өз капиталын тиімді қолдану аясын кеңейтуге мүмкіндік береді.

42-54 758
Аңдатпа

Статистикалық деректер мен қабылданған нəтижелер бойынша өткізілген аналитикалық зерттеу ғаламторда жарнаманың жобасының ең тиiмдi пiшiмдерiн анықтауға мүмкiндiк берді, соның ішінде құрылғылардың түрлеріне арналған зерттеу қорытындысы бойынша ең тиімдісі мобильді құрылғыдағы іздестіру жарнамасы екені анықталды, сонымен бірге əлеуметтiк желiлер үшiн мобильді жарнаманың кəсiпорындардың экономикалық тиiмдiлігін жоғарылату үшiн биiк əлеуеті бар.
Одан басқа, статистикалық деректер, қорытындылар мен нəтижелердің негiзгi мазмұны: ғаламтор маркетингінің іздестіру жарнамасының негізгі артықшылықтары сипатталған, ғаламтор жарнамасы жəне сол процесстермен байланысты жобаны жасау үшін десктопты жəне мобильді құрылғылар үшін жеке əр түрлі ізденіс жүйелері бойынша танымал жəне əлеуетті жарнамалық қамту талдауы өткізілді – Қазақстанда мобильді құрылғыда іздестіру сұрау салу үлесі 64%-тен жоғары, Google іздестіру желісінде мобильді құрылғылармен іздестіру 88%-тен жоғары үлесті құрады. Google арқылы мобильді құрылғылардан іздестіру сұрау салу өсу динамика үлесі соңғы уақытта төмендеуде, бірақ соған қарамастан жоғары деңгейін сақтауда. Ғаламтор маркетингінің жобасы аясында, уақытша жəне қолма қол ақша ресурстарының шектеулер жағдайларында мобильді құрылғыларда Googlе компаниясының іздестіру жарнамасының пішімінде шоғырлануға авторлар кеңес береді.

55-64 1304
Аңдатпа

Бұл мақала интернет-маркетингтің тұтынушылық мінез-құлыққа əсері дəрежесін қарастырады. Интернеттегі маркетингтің артықшылықтары мен жағымсыз элементтері, сондай-ақ онлайн өнімдерін сатып алған кезде онлайн тұтынушыларға оң жəне теріс əсерлері, Интернет-тұтынушылардың түпкілікті шешімін анықтайтын сипаттамалар туралы, сондай-ақ бұл шешімде Интернет-жарнаманың рөлі туралы жазылды.

ҒАЛАМДАНДЫРУ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН

65-76 417
Аңдатпа

Ғылыми зерттеулер Қазақстандағы электрондық үкімет порталын құруға арналған. Жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу азаматтар үшін де, компаниялар үшін қажетті сертификаттар мен құжаттарды алу кезінде уақыт үнемдеуді жəне тиімділікті қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта республикада «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін 350-ден астам халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. Қазақстанда электрондық цифрлық қолтаңбаны құру кезеңдерін қарау жалпы нормативтік база қалыптастырылып, жаңа талшықты-оптикалық технологиялар енгізілуін көрсетті. Халыққа жəне заңды тұлғаларға қызмет көрсетудің тиімділігі мен ашықтығына қол жеткізілді.
ЭП порталында тіркелген азаматтар санының өсуіне ықпал ететін факторлар негізделген. Электрондық қызметтердің ең танымал түрлері анықталды. Ақпараттық инфрақұрылымның біркелкі емес дамуы, Интернет қызметтері үшін бағалардың құбылмалылығы, тəуекелдер, кибершабуылдар жəне т.б. сияқты елде электронды қолтаңбаны ұйымдастыру мəселелері анықталды. Электрондық цифрлық қолтаңба порталының жұмысының тиімділігін арттыру үшін жаңа цифрлық технологияларды қолдану жəне үлкен деректер массивін кеңейту жолдары қарастырылған.

77-83 1026
Аңдатпа

Оңтүстік Шығыс Азияда күн энергиясын дамыту жəне нарықты кеңейту: Мьянма мен Вьетнам мысалында
Аталған мақала Мьянма мен Вьетнам мысалында Оңтүстік Шығыс Азияда күн энергиясын дамыту жəне нарықты кеңейтуге арналған. Мақаладағы зерттеу методологиясы Мьянма мен Вьетнамдағы күн энергиясы индустриясы контексінде салыстырмалы жəне жүйелі талдауға, себептер мен салдарды, статистикалық топтама əдістерін жəне сараптамалық бағалауды талдауға негізделген. Бұдан басқа, жұмыста PESTEL, SWOТ, тəуекелдерді басқару əдістері, жүйелік жəне себептік-салдарлық талдаулар, сараптамалық бағалау қолданылған. Негізгі компания-өкілдерді қарастыруды, нарыққа кіру стратегиясын жəне Мьянма мен Вьетнам нарықтарының ерекшеліктерін анықтауды қоса алғанда нарыққа жанжақты талдау ұсынылған. Тəуекелдерді сəйкестендіру жəне бағалау, сондай-ақ тəуекелдерді басқаруға талдау жүргізілген. Оңтүстік Шығыс Азияда күн энергетикасын дамыту үшін бизнесті дамытудың маңызды факторлары айқындалған. Тəуекелдерді басқару əдістері негізінде тəуекелдерді басқару жəне бақылау стратегиясы ұсынылған, сондай-ақ күн энергетикасы нарығын одан əрі кеңейту аясында одан əрі даму перспективалары қарастырылған

84-92 370
Аңдатпа

Мақаланың негізгі мақсаты азық-түлік қауіпсіздігінің қазіргі жай-күйін талдау жəне оған əсер ететін негізгі параметрлерді анықтау болып табылады. Жұмыста Қазақстан Республикасында азықтүлік қауіпсіздігінің проблемалары зерттеліп жəне оларды шешу жолдары анықталынды.

93-103 429
Аңдатпа

Мақалада «технологиялық платформаларды» дамыту кезінде қазақстандық жəне ресейлік тəжірибелер талданды. Даму үрдістері мен олардың дамуын қозғайтын факторлар анықталды. «Стратегиялық технологиялық платформалардың» тиімді дамуын ынталандыру бойынша ұсынымдар əзірленді.

104-113 467
Аңдатпа

Мақала мемлекеттік – жеке меншік əріптестік жүйесінде концессиялық келісімдердің рөлі мен орнын қарастырады.

114-123 345
Аңдатпа

Мақалада Еліміздің əлеуметті-экономикалық дамуының болжамынын негізінде əзірленген, бекітілген жəне нақтыланған 2019-2021 жылдардың республикалық бюджетінің көрсеткіштері жəне оның мемлекеттік даму бағдарламаларды қаржыландыру мүмкіншілігі қарастырылды. Сонымен қатар, мақалада бюджеттік несиелендірудің көлеміне, құрылымы мен бағыттарына салыстырмалы сипаттама берілген жəне ауыл шаруашылығы саласындағы əртүрлі жобаларды қаржыландыруға арналған шығындарға талдау жасалған.
Жүргізілген зерттеу нəтижесінде үш жылға нақтыланған республикалық бюджетте функционалдық топтар бойынша қарастырылған шығындармен мемлекеттік даму бағдарламаларды іске асыруға бөлінген қаражаттардың араларында қажетті арабайланыстар байқалады.
Мақалада келтірілген республикалық бюджеттің болжамдық көрсеткіштерін зерттеу əдістемесін республика бюджетінің орындайтын уақыттары белгіленген қысқа жəне ұзақ мерзімді мемлекеттік жəне салалық жобалар мен бағдарламаларға сəйкестігін оқып білуге пайдалануға болады.

124-133 324
Аңдатпа

Мақалада Қазақстанда концессиялық келісімдерді жүзеге асырудың ұйымдастырушылық, құқықтық жəне практикалық аспектілері қарастырылады.

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКА

134-143 736
Аңдатпа

Жүргізілген зерттеулер негізінде авторлармен «инвестиция» терминін, инвестицияның экономикалық категория ретіндегі мəнін түсініктемелеу ұстанымдарында белгілі эволюция байқалған; инвестицияның мазмұнын анықтаушы негізгі сипаттамалары қарастырылған. Зерттеушілердің инвестицияның белгі қасиеттеріне қатысты əр қилы көзқарастарын талдау негізінде аталған категорияның бірқатар маңызды белгілерінің тізімдемесі жүйеленген. Жүйелік тəсіл шегінде инвестициялық процестің, инвестициялық қаражаттар айналымы мен инвестициялық қызметтің мəні қарастырылған.

144-156 477
Аңдатпа

Мақалада автор əрбір ұйымның үздіксіз, міндетті дамуына ықпал ететін қызметінің ең маңызды бөлігін - маркетингті жүргізу жəне инновацияларды əзірлеу қарастырады. Тақырыптың өзектілігі нарық жағдайында маркетингтік жаңалықтарды əзірлеу жəне енгізу ұйымдардың жəне олардың сауда маркаларының жоғары даму қарқынын қолдаудың жəне бəсекеге қабілеттілігін арттырудың бірден-бір тəсілі болып табылатындығымен негізделеді.



ISSN 2789-4398 (Print)
ISSN 2789-4401 (Online)