ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА
Зерттеу мақсаты – коронавирустық пандемияның дамуы жағдайында макроэкономикалық талдау жүргізу жəне графикалық модельдеу негізінде Қазақстанның экономикалық дамуының қысқа мерзімді болжамдарын ұсыну.
Əдіснамасы. Жұмысты жазу барысында келесі əдістер қолданылды: библиографиялық дереккөздерді зерттеу, жүйелеу, графикалық жəне сапалы талдау, сонымен қатар «AD–AS» макроэкономикалық моделі.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы. Жұмыстың құндылығы "COVID-19" ағымы шеңберінде басым ұлттық секторлардың дамуын айқындау үшін макроэкономикалық модельдеу жəне қысқа мерзімді болжау əдіснамасын қолдана отырып, қазіргі заманғы экономикалық талдауды жүзеге асыруды көздейді. Сондай-ақ, Қазақстандағы экономикалық өсімнің мемлекеттік басқармасының қызметін жақсарту бойынша бірқатар ұсыныстар берілді.
Алынған негізгі нəтижелерге мыналар жатады: ұйымдастыру жəне макроэкономикалық реттеу мəселелері бойынша əлемдегі экономикалық ахуалға жəне бастапқы көздерге қысқаша шолу жүргізілді; мұнайдың əлемдік бағасының құбылмалылығын ескере отырып, пандемия жағдайында отандық экономиканың құрылымы мен ағымдағы дамуы қаралды; Қазақстанның макроэкономикалық даму деңгейін айқындау үшін жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс моделін қолдану негізделді: «AD–AS»; жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс жағдайының экономикалық бағасы іске асырылды; Қазақстанда экономиканы мемлекеттік басқаруды жетілдіру бойынша қысқа мерзімді болжамдар мен ұсынымдар ұсынылды.
Зерттеу мақсаты – алынған нəтижелерді 2020 жылғы пандемия оқиғаларына экстраполяциялау мүмкіншілігімен 2008-2010 жəне 2014-2016 жж. өткен экономикалық дағдарыстар мысалында қылмыстық іс-əрекет динамикасы мен экономикадағы теріс көріністер арасындағы байланысты, жəне дағдарысқа қарсы бағдарламалардың дағадарыс салдарын теңестіруге əсерін анықтау.
Əдіснамасы. Қазақстандағы қылмыстық əрекеттің өсу перспективаларын зерттеу үшін зерттеушілер ресми статистика мен ресми органдардың материалдары негізінде тарихи жəне салыстырмалы зерттеу əдістерін қолданады.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы. Алынған нəтижелер экономикалық дағдарыс кезінде қылмыс деңгейі қалай өзгеретінін жəне оның динамикасына қандай факторлар əсер ететінін түсінуге көмектеседі.
Зерттеу нəтижелері. Авторлар Қазақстан Республикасындағы қылмыс пен экономикалық дағдарыстардың өзара байланысын анықтады. Сонымен, іс жүзінде 2008-2010 жəне 2014-2016 жж. қылмыс төмендей бастады, бірақ бұл үрдіс үкіметтен экономикаға ірі көлемдегі ақша қаражаттарын салумен байланысты болды. Содан кейін, мемлекеттік бағдарламалар аяқталғаннан кейін қылмыс аздап өседі немесе бұрынғыдай жоғары деңгейде қалады. Экономикалық дағдарыс кезеңінде, 2020 жылы коронавирустық пандемия жағдайында, құқықбұзушылықтың ең танымал категориялары – ұрлық, алаяқтық, тонау жəне қарақшылық мемлекет тарапынан көрсетілетін қоғамдық көмек əсерінен ұсталуда.
Ұсыныстар үкіметтер мен жеке сектор ұзақ мерзімді стратегияларды немесе іс-қимыл саясатын жоспарлау кезінде қолданыла алады.
Зерттеудің мақсаты. Мемлекет қорғанысында əскери-экономикалық қамтамасыз ету жүйесін дамытудың əлемдік тəжірибесін зерделеу жəне талдау негізінде қазіргі жағдайда елдің ұлттық қауіпсіздігін арттыру үшін мемлекет қорғаныстың əскери-экономикалық қамтамасыз ету жүйесін дамытудың тиімділігін арттырудың негізгі бағыттарын айқындау.
Əдіснамасы. Мемлекет қорғанысын əскери-экономикалық қамтамасыз ету жүйесін зерттеу процесінде экономикалық зерттеулердің жалпы жəне жеке тəсілдері мен əдістері пайдаланылды: талдау жəне синтездеу, салыстыру жəне қорыту, жүйелі тəсіл.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы. Мемлекеттің қорғанысын əскери-экономикалық қамтамасыз етудің тиімді жүйесінің негізі қорғанысты əскери-экономикалық қамтамасыз ету деңгейін диагностикалауға, даму үрдістерін анықтауға жəне осы салада басқарушылық шешімдердің экономикалық негізделген нұсқаларын ұсынуға мүмкіндік беретін көп өлшемді жүйелі тəсіл болуы тиіс екендігі анықталды.
Зерттеу нəтижелері. Мемлекет қорғанысын əскери-экономикалық қамтамасыз ету жүйесін дамытудың тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар ұсынылды; мемлекет осы мақсаттарға бөлетін ресурстардың шектеулілігі жағдайында мемлекет қорғанысын əскери-экономикалық қамтамасыз ету жүйесін оңтайландыру қажеттілігі негізделді. Мемлекеттің қорғанысын əскери-экономикалық қамтамасыз ету жүйесіне тартылған қаржылық, материалдық жəне адам ресурстарының шектеулілігі ұлттық мемлекеттің ішкі жəне сыртқы ортасының жаңа жағдайларын (бейбіт уақыт, əскери шиеленіс пен дайындықтың өршу кезеңі, кең ауқымды немесе өңірлік соғыс, жергілікті əскери немесе қарулы қақтығыс) ескере отырып, оларды бөлу мен пайдалануды оңтайландыруды талап етеді.
Қорытынды. Қазіргі экономикалық көзқарастың негізгі бағыттарын талдауда, мемлекет қорғанысын əскери-экономикалық қамтамасыз ету жүйесінің тұжырымдамалық негіздерін зерттеудің ең дұрыс экономикалық жəне теориялық тəсілі - институционализм екенін көрсетеді.
АЙМАҚТЫҚ ЖƏНЕ САЛАЛЫҚ ЭКОНОМИКА
Зерттеудің мақсаты. Қазақстанның аграрлық секторының даму көзі – табиғи ресурстарының көлеміне жəне пайдалану тиімділігіне сəйкес əлем елдерінің арасында алатын орнын зерттеу.
Зерттеудің əдіснамасы. Қазақстанның аграрлық секторының даму деңгейі қай елдермен сəйкес келетінін анықтау үшін əлемдік 193 елдің ішінен аграрлық табиғи ресурсқа бай 32 елді таңдап алып табиғи əлеуетті тиімді пайдалануын сипаттаушы көптеген көрсеткіштерге екі нысанда көпөлшемді статистика математикалық əдістердің ішіндегі кластерлік талдау əдісімен компьютерлер технологиясында арнаулы SPSS-22 бағдарламасында топтастыру арқылы кластерлерге бөліп орны анықталған. Осы екі нысанда кластерге енген елдермен Қазақстанның табиғи ресурстарын тиімді пайдалану, немесе қайтарымдылығын салыстырып талдау жасалған.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы. Ауыл шаруашылығына жарамды табиғи ресурстарға бай елдердің ішінде АҚШ пен Ресейдің аграрлық секторының өнімділігін сипаттайтын көрсеткіштерімен Қазақстанның аграрлық мəліметтерін салыстырып, ресурс əлеуетінің қайтарымдылығына талдау жасалынған.
Зерттеу нəтижелері. Нəтижесінде, еліміздің табиғи ресурстары көлеміне қарағанда өндіріс көлемінің төмендігі анықталды жəне бар байлықты толық пайдалана алмай отырғандығы негізделген.
Зерттеу мақсаты. 1990-2019 жылдардағы абсолютті құрылымдық жылжулар коэффициентін есептеу негізінде Қазақстанның өңдеу өнеркəсібіндегі құрылымдық өзгерістерді талдау жəне ел экономикасының өсу қарқынымен байланысты анықтау.
Əдіснамасы. Мақалада авторлар осы саладағы зерттеулердің халықаралық тəжірибесін, атап айтқанда Л. Казинц, J. Fagerberg, S. Feldman, D. McClain, K. Palmer, R. Howarth, L. Schipper, P. Duerr, S. Strom, J. Ferraz, D. Kupfer, F. Serrano, C. Chandrasekhar, M. Hayashi, C. Perez, А. Лякин, С. Глазьев, В. Полтерович, Экономика Жоғарғы мектебі (Мəскеу) зерттеушілері жинақтады. Таным процесі «кіру-шығу» қағидаты бойынша: Қазақстан статистика комитетінің сандық деректері негізінде эмпирикалық зерттеулер мен есептеулерге, сондай-ақ есептеулердің алынған нəтижелерін логикалық талдауға, экономикалық көрсеткіштердің өзара байланысын анықтауға сүйене отырып жүзеге асырылды.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы. Авторлардың пікірінше, жүргізілген талдау Қазақстанның өңдеу өнеркəсібі құрылымындағы өзгерістерді объективті түрде көрсетеді жəне осы саладағы одан əрі зерттеулер үшін пайдаланылуы мүмкін.
Зерттеу нəтижелері. Авторлар ресми статистикалық деректерді пайдалану негізінде 1990-2019 жылдар аралығындағы Қазақстанның өңдеу өнеркəсібіндегі Казинц əдістемесі бойынша абсолюттік құрылымдық өзгерістер коэффициентін есептеп шығарды, экономиканың циклдік дамуымен байланысты қарастырды.
Зерттеу мақсаты. Үй шаруашылықтары мен кəсіпкерлердің қажеттіліктерін, мүмкін болатын бизнес-нишаларын анықтау мақсатында Алматы қаласына маркетингтік талдауды жүргізу болып табылады.
Əдіснамасы. Алматы қаласының үй шаруашылықтарының қажеттіліктері мен кəсіпкерлер үшін бизнес-нишаны анықтау мақсатында екінші ретті ақпараттарды талдау үшін кабинеттік зерттеу əдісі мен далалық сұрау жүргізу үшін (электрондық сауалнамамен сұрау жүргізу, телефон жəне жекелей əңгімелесу арқылы сұхбаттасу) сапалық зерттеу əдістері қолданылды.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы. Зерттеу барысында алынған нəтижелерді тиісті мемлекеттік органдар Алматы қаласын дамытудың маркетингтік бағдарламасын қаланың бəсекелік артықшылығын анықтау үшін тұрақты түрде əзірлеуде қолдану мүмкіндігінде.
Зерттеу нəтижелері. Сауалнама нəтижелерін талдау барысында Алматы қаласының əрбір ауданындағы үй шаруашылықтары мен кəсіпкерлердің қажеттіліктері анықталып, оны қанағаттандыру бойынша шешімдер ұсынылды. Зерттеу барысында кəсіпкерлерге мүмкін болатын бизнес-нишаларды анықтау мен оларды дамыту үшін Алматы қаласына жүргізілген маркетингтік талдаудың нəтижелері электрондық базаның көмегімен қолжетімді еместігі анықталды. Тұрғындар мен кəсіпкерлердің қажеттіліктері уақыт өткен сайын өзгеріп тұратыны белгілі. Сол себепті біз мақалада алдағы уақытта маркетингтік зерттеулерді цифрлық технологиялардың көмегімен тұрақты түрде жүргізіп, аталған мəселелерді уақытылы шешудің моделін ұсындық. Ұсынылған модель кəсіпкерлерге электрондық базаның көмегімен мүмкін болатын бизнес-нишаларды анықтап, жəне оларды дамытуға мүмкіндік береді. Нəтижесінде тұрғындардың қажеттіліктерін уақытылы қанағаттандыру арқылы біз қаланың бəсекеге қабілеттілігін арттыра аламыз.
Зерттеудің мақсаты. Қазақстандағы ұялы байланыс нарығының ағымдағы жай-күйін жəне телекоммуникация саласындағы инновацияларды дамытудың əлемдік үрдістерін талдау негізінде олардың экономикалық əсерін жəне елдегі ұялы байланыс нарығын одан əрі дамыту жолында тұрған негізгі проблемаларды анықтау.
Зерттеудің əдіснамасы. Зерттеулер экономикалық, статистикалық, салыстырмалы талдау, сараптамалық бағалау əдістерін, сипаттау жəне қорыту əдістерін қолдана отырып жүргізілді. Зерттеу көзі қазақстандық ұялы байланыс операторларының есептік мəліметтері, теориялық жəне аналитикалық мақалалар, қазақстандық жəне шетелдік авторлардың еңбектері болды.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы. Авторлар Қазақстандағы ұялы байланыс нарығының қазіргі жай-күйін талдауды ұсынды жəне телекоммуникациялардың негізгі проблемалары мен даму үрдістері анықтады. Бұл саланың коронавирустық пандемия жəне қашықтықтан білім беру мен қызмет көрсетуге мəжбүрлі түрде жаппай көшу жағдайында маңыздылығы атап өтілді.
Зерттеу нəтижелері. Авторлар 5G технологиясының желілерін орналастыру өте жоғары инвестицияны қажет ететінін атап өтті. Осыған байланысты осы нарықта компанияларды біріктіру үрдісі байқалады. Табыстың төмендеуінің негізгі себептері көрсетілген, экономикалық өсу көбінесе кең жолақты байланыстың қол жетімділігімен байланысты, бірақ халық өзінің негізгі қажеттіліктерін қанағаттандырған жағдайда ғана. Сондай-ақ, пандемиямен байланысты ағымдағы жағдайдың компаниялардың қызметіне əсерін талдау жүргізілуде. Авторлар телекоммуникация нарығының қазіргі жай-күйіне жəне шетелдік тəжірибеге жүргізілген талдау негізінде дамудың ықтимал бағыттарын ұсынады, олар орын алған проблемаларға қарамастан, компанияларға клиенттердің сеніміне ие болуға жəне бəсекелестік артықшылыққа қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Зерттеу мақсаты. Пандемия кезеңінде шағын жəне орта кəсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын зерделеу, халықаралық тəжірибені ескере отырып, жүйелі талдау жүргізу, сондай-ақ қаралып отырған кезеңде мемлекеттік билік органдарының бизнеспен өзара іс-қимылының қалай жүзеге асырылғанын зерделеу.
Əдіснамасы. Осы жұмыста қойылған міндеттерді орындау үшін теориялық талдау жəне синтез əдісі қолданылды. Өздеріңіз білетіндей, кешендегі бұл əдістер зерттелетін объектінің тереңдігін зерттеуге, негізгі бағыттарды, белгілерді, сипаттамаларды жіктеуге, сонымен бірге осының барлығын біртұтас жүйеге біріктіруге мүмкіндік береді. Зерттеу жүргізу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің деректері, шетелдік жəне отандық авторлардың ғылыми жəне зерттеу жұмыстары пайдаланылды.
Зерттеудің бірегейлігі /құндылығы. Кəсіпкерлікті қолдаудың халықаралық тəжірибесіне талдау жүргізілді.
Зерттеу нəтижелері. Талдау нəтижелері бойынша Қазақстанда жария етілген кəсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары халықаралық тəжірибемен салыстырғанда қолданудың əмбебаптылығымен ерекшеленетіндігі анықталды. Мемлекет пен бизнестің тиімді өзара іс-қимылын құру үшін бірлестіктер мен одақтар институттарының рөлін күшейту қажет.
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКА
Зерттеудің мақсаты. Қазақстан Республикасында жəне шет елдерде жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) пайдалану практикасын зерделеу жəне талдау негізінде Қазақстан Республикасында баламалы энергия көздерін дамыту перспективаларын айқындау.
Зерттеу əдістемесі. Қазақстан Республикасында баламалы энергетиканың дамуын талдау процесінде зерттеудің аналитикалық жəне статистикалық əдістері, əртүрлі елдерде ЖЭК пайдалануды талдау, жалпылау жəне салыстыру əдістері қолданылды.
Зерттеудің өзіндік / құндылығы. Отандық жəне шетелдік тəжірибені зерделеу негізінде Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерін жедел жəне белсенді пайдалану қажеттілігі негізделген.
Зерттеу нəтижелері. Жаңартылатын энергетиканы дамытудың оң жəне теріс жақтары жəне оның дамуына кедергі келтіретін факторлар анықталды. Жүргізілген зерттеу нəтижесінде Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздері негізінде экономиканы орнықты дамытуға көшуін жеделдету жөніндегі шаралар ұсынылды.
Зерттеу мақсаты. Бұл зерттеу компаниялардың жеке ерекшеліктерін, компаниялардың инновациялық əлеуетіне əсер ететін факторларды жəне жаңа өнімдерді немесе технологияларды əзірлеу немесе енгізу процесін ескере отырып, «4P» маркетингтік микс тұжырымдамасы негізінде инновациялық қызмет көрсеткіштерін бағалау моделін қарастыруға бағытталған жəне білімге негізделген экономикаға ғылымды көшуге отандық компаниялардың дайындық дəрежесін бағалауға бағытталған.
Əдіснамасы. Зерттеуде ірі ұлттық компаниялардың басшылары мен бизнес-компаниялар өкілдерінің пікірлерін жалпылау негізінде қазақстандық компаниялардың білімге негізделген экономикасына өтуге дайындықты талдау үшін құрылымдық зерттеу сауалнамасын қолданатын сипаттамалық жəне сандық əдістер қолданылған.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы. Зерттеу көрсеткендей, Қазақстандағы бұл көрсеткіштерді бағалауға микро жəне шағын компаниялар əсер етеді, ал инновацияны ынталандырудың мемлекеттік бағдарламалары жаңа тауарлар мен қызметтер тұтынушыларымен байланысты жəне маркетингті жаңа өнімдерді немесе технологияларды əзірлеуге арналған процесске енгізуді қамтамасыз ету керек.
Зерттеу нəтижелері. Инновациялық қызметтің индикаторлары бойынша сауалнамаға қатысқан респонденттердің 37 %-дан астамының бағалауы бойынша, соңғы 3 жыл ішінде барлық индикаторлар сол деңгейде қалды, дегенмен респонденттердің 22 %-ы жақсарды деп санайды. Сонымен бірге, осы зерттеулерден өндірілген өнімнің 50 %-ы компания үшін принципиалды, 42 %-ы Қазақстан Республикасы үшін жəне 8 %-ы жаһандық деңгейде жаңа болып табылады. Түбегейлі жаңа немесе едəуір жақсартылған өнімдерді немесе қызметтерді дамытудағы жетістік жəне нарыққа инновациялық өнімдерді немесе қызметтерді шығару жылдамдығы инновацияның қолайлы индикаторлары болып табылады деген қорытындыға келдік.
ҚАРЖЫ ЖƏНЕ ЕСЕП
Зерттеу мақсаты. Жүйелік маңызды банктерді анықтаудың халықаралық тəжірибесін зерттеу негізінде оларды бағалаудың əдістемесін нақтылау, Қазақстан экономикасы үшін жүйелік маңызды банктерді анықтау, оларды жіктеу жəне банктік қызметті реттеуде сараланған тəсілдің қажеттілігін негіздеу.
Əдіснамасы. Алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін мақалада логикалық жəне статистикалық талдау, бақылау, жалпылау, салыстыру жəне жіктеу əдістері қолданылды. Шетелдік жəне отандық ғалымдардың еңбектері, халықаралық ұйымдар мен ғылыми орталықтардың материалдары, статистикалық мəліметтер мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің есептері, жетекші халықаралық рейтингтік агенттіктердің елдік жəне салалық шолулары зерттелді.
Зерттеу нəтижелері. Жүйелік маңызды банктерді анықтау мен реттеудің халықаралық тəжірибесіне салыстырмалы талдау жасалды, Қазақстан экономикасы үшін жүйелік маңызы бар банктер анықталды, оларды жүйелік маңыздылық деңгейі бойынша жіктеу ұсынылды жəне оларды реттеу тəсілдері көрсетілді.
Қорытындылар мен ұсыныстарды ірі несиелік ұйымдардағы корпоративтік басқару деңгейі мен сапасын арттыру жəне банк қызметін реттеуді одан əрі жетілдіру үшін Қазақстан Ұлттық Банкі, банктік қадағалау органдары қолдана алады.
Зерттеу мақсаты Елдің салалары мен өңірлері бойынша статистикалық ақпарат негізінде Қазақстан Республикасында шағын жəне орта бизнесті кредиттеу деңгейін талдау жəне бағалау болып табылады.
Əдіснамасы. Сандық талдау жəне синтез əдістері, статистикалық топтастыру жəне динамикалық қатарлар əдістері, эконометрикалық əдістер, атап айтқанда корреляциялық-регрессиялық талдау əдістері қолданылды.
Зерттеу бірегейлігі / құндылығы. Бұл мақалада экономиканың маңызды секторына: Қазақстан Республикасындағы шағын жəне орта бизнесті несиелендіру деңгейін бағалау үшін экономикалық жəне экономикалық-математикалық талдау əдістері қолданылды. Маңызды макроэкономикалық көрсеткіштер – жалпы ішкі өнімнің ұлғаюы, несиелер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі, шағын жəне орта бизнеске бөлінетін несие мөлшері, арасындағы байланыстарды айқындауға тырысады. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасында шағын жəне орта бизнестің кредит-ақша саясатын жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды əзірлеу кезінде мемлекеттік органдардың жұмысында зерттеудің негізгі ережелерін пайдалану мүмкіндігін атап өткен жөн.
Зерттеу нəтижелері. Жүргізілген зерттеу негізінде Қазақстан Республикасындағы шағын жəне орта кəсіпкерлікті кредиттеу нарығының жай-күйіне баға берілді, осы саладағы проблемалар мен кемшіліктер анықталды. Алынған өзара байланыс теңдеуі шағын жəне орта бизнестің тиімділігі қаржы ресурстарының болуына тікелей байланысты деген ережені растауға мүмкіндік берді.
Ғылымимақаланыңмақсатыауыл шаруашылық қызметпен шұғылданатын ұйымдардың биологиялық активтер есебіндегі ерекшеліктерді қарастыру, олардың 41 Қаржылық есептіліктің халықаралық стандартына (41 ҚЕХС) талаптарының орындалуын жəне оларды бағалау əдістерін зерттеу.
Əдіснамасы. IAS 41 «Ауыл шаруашылығы» стандартына көзделген талаптарға сəйкес биологиялық активтер болып саналатын өсімдіктер мен жануарлар есебіндегі бағалау ерекшеліктеріне салыстырмалық талдама жүргізілді. Стандарт талаптарын орындауда кейбір елдердегі мəселелер айқындалды. Зерттеу жүргізу барысында бағалауда əділ құн əдістемесін қолдану тиімділігі анықталды.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы. Ғылыми мақаланың өзгешелігі IAS 41 «Ауыл шаруашылығы» стандартының ерекшеліктері мен қолдану тəртібі жəне əділ құн əдісінің ауыл шаруашылық ұйымдарының есебіндегі тиімділігін анықтау болып табылады.
Зерттеу нəтижелері – IAS 41 «Ауыл шаруашылығы» стандартында көрініс тапқан талаптардың орындалуы қаржылық есептілік сапасына əсер етеді. Стандарт ауыл шаруашылық ұйымдарының биологиялық активтердің түрлері, құны, өзгерістері, пайда мен залал жөнінде ақпараттың ашылуын талап етеді. Егер мұндай талап сақталса, ауыл шаруашылық ұйымдардың қаржылық жағдайы мен қорытынды нəтижесі туралы жалпы ақпараттарға қол жеткізіліп, шынайы баға беріледі.
ƏЛЕУМЕТТІК ЭКОНОМИКА
Зерттеудің мақсаты. Əлеуметтік зерттеу əдісі арқылы Жамбыл облысы тұрғындарының өмір сүру сапасы мен деңгейінің шынайы көрінісін анықтау.
Əдіснамасы. Зерттеу барысында эмпирикалық (салыстыру, сауалнама) жəне теориялық (талдау мен синтез) əдістер қолданылды. Əдістер кешенін қолдану зерттеу мəселесін жан-жақты қарастыуға мүмкіндік береді.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы. Жүргізілген əлеуметтік сауалнама негізінде өңірде Жамбыл облысы тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға эксперттік баға беріледі.
Зерттеу нəтижелері. Жамбыл облысының тұрғындарының өмір сүру деңгейі мен сапасына қатысты шешуді талап ететін бірнеше өзекті мəселелер бар екенін көрсетті. Аталған мəселелер өңірдің əлеуметтік жəне экономикалық саясатына қатысты, сонымен қатар, тұрғындардың əл-ауқатын арттырудың мүмкін болып табылатын жолдрарын іздеуге арналады.
Зерттеу мақсаты. Қазақстандық университеттерді зерттеу-кəсіпкерлік тұрғысынан анықтау жəне қарастыру, қазақстандық жоғары оқу орындарының трансформациясының тежеуші элементтерін анықтау.
Əдіснамасы. Қазақстандағы жоғары білімді дамытудың моделі ретіндегі кəсіпкерлік университет зерттеудің əдіснамалық негізі жүйелілік жəне институционалдық тəсіл қағидаттары негізінде жоғары білім беруді реформалау проблемасын зерделеу болып табылады.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы. Мақалада еліміздің жоғары оқу орындарының білім беру жəне ғылыми-зерттеу саласының проблемалары ашылады жəне оларды шешудің мүмкін жолдары (стратегиялары) айқындалады.
Зерттеудің нəтижесінде. Кəсіпкерлікті оқыту студенттерге табысты мансап тұрғысынан айтарлықтай əсер етуі мүмкін, ол мінез-құлықты, дағдылар мен құзіреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды қамтиды, бұл өз кезегінде экономикалық, əлеуметтік жəне мəдени құндылықты арттырады.
ISSN 2789-4401 (Online)