ЖАҺАНДАНУ ЖӘНЕ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ
Мақаланың мақсаты бүкіл əлемді жаулаған пандемия əлем елдерінің əлеуметтік жағдайларының төмендеуі, əл-ауқат теңсіздігі мен кедейлік шегінің өзгерісіне əсерін зерттеу.
Əдіснамасы. Əлемдік əлеуметтік теңсіздікті төмендету мен жою, пандемия нəтижесінде кедейлік шегінің өзгеруін, елдерде əлеуметтік қорғаудың ең төменгі шегін қамтамасыз ету үшін қаржыландырудың шамасын талдау барысында ақпараттар жинау, өңдеу жəне жалпылау, халықаралық ұйымдар мен қорлардың материалдары мен отандық жəне шетел зерттеуші ғалымдарының еңбектерін талдауда, салыстыруға мүмкіндік беретін жалпы логикалық əдістер қолданылды.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы. Жаһандық деңгейдегі кедейлік құрамының өсуін алдын алу үшін, əлемдік ғалымдар ғылыми жұмыстары мен халықаралық ұйымдардың материалдарына талдау жүргізу арқылы, Қазақстан Республикасының əлеуметтік мəселелердің кемшіліктері мен əлсіз тұстарын анықтау арқылы инклюзивті экономикалық даму моделі негізінде кластерлік дамуына бағытталуы мақаланың құндылығын жоғарылатады.
Зерттеу нəтижелері. Мақалада коронавирустық дағдарыс туындатқан əлемдік кедейлік шегіндегі өзгерістер, пандемияның нəтижесінде жұмыс орнынан айрылғандардың гендерлік айырмашылығы, үй шаруашылығы мен орта бизнеске түскен əсері, АҚШ ғалымы М. Портердің Əлеуметтік даму индексі, 2021 жылғы Əлеуметтік даму индексіндегі Қазақстанның позициясы, сонымен қатар, осы индекстегі Қазақстанның мықты жəне осал тұстары, Халықаралық Валюта қорының 29 кедей елдеріне пандемиялық дағдарыстан шығу мақсатында жеңілдетілген несие бөлу шаралары жəне Қазақстанның пандемияға қарсы жүргізген бағдарламалары негізінде қарастырылады.
Автор талдау барысында БҰҰ-ң 2030 жылға арналған Тұрақты даму күн тəртібіндегі бағыттарын жүзеге асыру мақсаттары, Дүниежүзілік банктің 2022 жылғы əлемдік даму туралы баяндамасы, Халықаралық Валюта Қорының (ХВҚ) кедей елдерге жеңілдетілген несие беру кезеңдері жəне ХВҚ-ң фискалдық мониторы, жаhандық пандемияға жауап ретінде Қазақстан Республикасының фискалдық шаралары талданады.
Зерттеудің мақсаты – Қазақстаннан эмиграцияны талқылау. 2014 жылдан бастап елден қаладан да, ауылдан да халықтың кетуі жалғасуда.
Əдіснамасы. Мақаланы жазу кезінде Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау жəне реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының мəліметтері негізінде ғылыми танымның, теориялық жалпылаудың, қазіргі жəне өткен жағдайдың салыстырмалы талдауының əдістері қолданылды.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы. Қолда бар деректерге сүйене отырып, авторлар Қазақстанның солтүстік өңірлерінен халықтың кетуі мəселелерін шешуге бағытталған «Дипломмен – ауылға» жəне «Еңбек» мемлекеттік бағдарламаларын іске асырудың тиімділігін талдауға тырысты.
Зерттеу нəтижелері. Халықтың ең көп кетуі Қазақстанның орталық, солтүстік жəне шығыс бөлігінде орналасқан аймақтарға тəн (бұл аймақтардың барлығы «солтүстік облыстар» бір топқа біріктірілген). Еңбекке жарамды жастағы адамдардың елден кетіп жатқаны алаңдатады. Халықтың шығынын өтеу үшін мемлекет «Дипломмен – ауылға», «Еңбек» атты түрлі бағдарламаларды жүзеге асыруда. «Дипломмен – ауылға» мемлекеттік бағдарламасы жоғары оқу орындарының түлектерін ауылға тартып, жұмыс күшін толықтыруға бағытталған. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы жұмыс күші көп (оңтүстік) облыстардан Қазақстанның солтүстік облыстарына солтүстік өңірлерге өз еркімен қоныс аударуды ынталандыруға бағытталған. Бұл бағдарламаларды жүзеге асыру халықтың Қазақстанның солтүстік облыстарынан да, ауылдық жерлерден де кетуі мəселесін шеше алмады. Біздің ойымызша, бұл бағдарламаларды жергілікті жердегі жағдайларды ескере отырып жетілдіру қажет.
Зерттеу мақсаты – қатысушы елдердің ғылыми-техникалық дамуының стратегиялық басымдықтары мен бағыттарын анықтау жəне салыстыру арқылы Еуразиялық Экономикалық Одақтың (ЕАЭО) институттық ғылыми-техникалық интеграциясының əлеуетін бағалау.
Əдіснамасы. Зерттеу институционалдық көзқарас негізінде жүргізілді. Зерттеудің негізгі əдістері қатысушы елдердің ғылыми-техникалық дамуының стратегиялық құжаттарын салыстыру, сандық жəне сапалық мазмұнды талдау болды. Бастапқы деректер ретінде Ресей, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан жəне Арменияның тиісті стратегиялары пайдаланылды. Мəтінді машиналық əдіспен өңдеу үшін «Voyant tools» бағдарламалық құралы пайдаланылды.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы. Посткеңестік кеңістікте ЕАЭО-ға мүше елдердің ұлттық экономикаларының интеграциясы айтарлықтай белсенді дамып келеді, алайда ғылыми-техникалық интеграция мəселелері жеткілікті түрде қарастырылмаған. Бұл зерттеу осы зерттеу олқылығын толтыруға бағытталған. Зерттеу нəтижелері ЕАЭО-да біртұтас ғылыми-технологиялық кеңістікті қалыптастыру мақсатында ғылыми-техникалық интеграцияның тиімділігін арттыру бойынша сценарийлерді, ұсыныстарды жəне тетіктерді əзірлеудің басты бағыттарына негіздеме бола алады.
Зерттеу нəтижесі – ғылыми-техникалық ынтымақтастық ЕАЭО интеграциясының дербес векторы екені анықталды. ЕАЭО-ға мүше елдер ғылыми-техникалық даму саласындағы мақсаттардың, міндеттер мен бағыттардың ұқсас жиынтығына сүйенеді, бұл белсенді ғылыми-техникалық ынтымақтастық үшін мүмкіндіктер ашады. ЕАЭО ғылыми-техникалық интеграциясының институционалдық əлеуеті айтарлықтай жоғары.
Зерттеудің мақсаты тұрақты дамуға қол жеткізу жолында Орта Азия (ОА) қалаларының инфрақұрылымының тұрақты дамуының негізгі мəселелерін талдау болып табылады.
Əдістеме: ОА қалаларының (Алматы, Бішкек, Душанбе жəне Ташкент) тұрақтылық үшін инфрақұрылымдық дамуын зерттеу үшін жүйелік мазмұнды талдау, əдебиеттермен жұмыс жəне практикалық тəжірибе нəтижесінде алынған білімдерді қолдану пайдаланылды. Талдау үшін іріктеу бірліктері тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ), қолданбалы реформалар жəне олардың инфрақұрылымды дамытуға, қаланы басқару мен жоспарлауға əсері, қала билігі мен тұрғындар арасындағы диалог болып табылады.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы. ОА елдері ТДМ-ға қол жеткізу, қалаларды дамыту саясатын түзету жəне жасыл экономикаға көшу мақсатын белгілеу бойынша жаһандық күн тəртібіне белсенді түрде қосылуда. Дегенмен, ОА қалалары жасыл экономикаға көшуден пайда алуға əлі дайын емес, өйткені олар əлі де тез қартаюға тəуелді жəне кеңестік инфрақұрылымды қолдау қымбат. Бұл зерттеу қала құрылысын тиімді жоспарлау жəне басқару теориясына ықпал етеді жəне ОА қалалық саясатындағы бар олқылықтар туралы хабарлайды.
Зерттеу нəтижелері: тұрақты қалалық инфрақұрылымды дамытуға жоспарлау жəне инвестициялау, тиімді орталықсыздандыру реформалары, экономикалық, əлеуметтік жəне экологиялық тұрақтылыққа қол жеткізу үшін біріктірілген қала құрылысын жоспарлау жүйесі, шешімдер қабылдаудағы ашықтық жəне қоғамдық есептілікті дамыту.
ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА: ДАМУ БАҒЫТТАРЫ
Мақалада цифры медицинаны дамытудың тұжырымдамалық негіздері жəне медициналық қызметтерді жүзеге асыру үшін цифрлық технологияларды қолдану мүмкіндіктері зерттелген.
Зерттеу мақсаты – медицинада цифрландырудың түсініктерін ашу, кезеңдерін, бағыттарын анықтау жəне цифрлық медициналық технологияларды қолдану бағыттарын зерттеу.
Əдіснамасы – екінші ретті ақпаратты талдау, теориялық мəлімет көздері, топтау жəне саралау əдісі, сараптамалық бағалау түрінде морфологиялық талдау əдісін қолдана отырып маркетингтік зерттеулер.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы – сандық медицина құралдары құрылымдалған жəне жүйеленген, теориялық базаны зерттеу мен сарапшылардың пікірін ескере отырып, медицина саласындағы маңызды мəселелерді шешу үшін оларды қолданудың тиімді əдістері анықталған.
Зерттеу нəтижелері – цифрландыру кезеңдері жүйеленді, медицинада цифрлық технологияларды пайдалану ерекшеліктері зерттелді. Медициналық қызметтерді цифрландырудың негізгі бағыттары құрылымдалған жəне айқындалған. Авторлық үлес – жүргізілген зерттеулер негізінде морфологиялық талдау түрінде медицинада цифрландырудың жекелеген бағыттарын қолданудың мақсаты мен мүмкіндіктері нақты жəне дұрыс тұжырымдалған.
Жұмыста көлеңкелі экономиканы мемлекетте жүзеге асырылатын экономикалық қызметтің құрамдас бөлігі ретінде анықтау тəсілдері, олардың таралуының негізгі себептері, сондай-ақ оның ауқымын кеңейтуге қарсы тұрудың мүмкін жолдары қарастырылады.
Зерттеудің мақсаты: көлеңкелі экономиканың пайда болу жəне таралу себептерін негіздеу, экономикалық жəне криминогендік қылмыстардың аражігін ажырату, көлеңкелі экономика мен сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы күрес тетігін айқындау.
Зерттеу əдістемесі: зерттеу барысында логикалық, статистикалық, сапалық жəне сандық талдау əдістері, сондай-ақ зерттеу нəтижелерін визуализациялаудың графикалық əдістері қолданылды.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы таралу ауқымы елдің экономикалық даму деңгейіне байланысты болатын екі типтегі – кəсіпкерлік жəне қылмыстық экономикалық қызметтен пайда болатын экономиканың бір бөлігі ретінде көлеңкелі экономиканың мəнін негіздеу бойынша деректерді жүйелеуден тұрады. Мақалада капиталды шығару көлемін, ЖІӨ, көлеңкелі экономиканы жəне көлеңкелі экономиканың көлемін қысқартудағы қолма-қол есеп айырысу нарығының рөлін салыстыру бойынша тұжырымдар берілген.
Зерттеу нəтижелері көлеңкелі экономика ауқымдарын есептеу индикаторларын негіздеуге зерттеулер жүргізу жəне көлеңкелі экономиканың экономикалық жəне құқықтық контенттерінің түрлері мен бағыттары бойынша ауқымдарды айқындау жөніндегі ұсынымдармен, экономика субъектілерінің экономикалық қызметінің ресмилігіне қол жеткізу құралы ретінде жалпыға бірдей декларациялау рəсімі мен тетігін жетілдіру жөніндегі ұсыныстармен, көлеңкелі экономиканың ауқымын қысқартуға ықпал ету мəнмəтінінде қолма-қол есеп айырысу нарығын дамытудағы үрдістерді зерттеуді тереңдету жөніндегі ұсынымдармен көрсетілген.
Зерттеу мақсаты – Қазақстан Республикасы халқының инвестициялық белсенділігі серпіні мен құрылымының өзекті үрдістерін талдау жəне ұлттық экономикалық жүйеге инвестициялардың өсуімен бір мезгілде азаматтардың əл-ауқатын арттыру мақсатында жеке инвестициялау деңгейін ұлғайту жөнінде ұсынымдар əзірлеу.
Əдіснамасы. Зерттеуде келесі зерттеу əдістері пайдаланылды: халықтың жинақтарын қор нарығының депозиттік салымдарына жəне қаржы құралдарына инвестициялау көрсеткіштерін статистикалық жəне сандық талдау; зерттеу тақырыбы бойынша отандық жəне шетелдік ғалымдардың еңбектеріне шолу жүргізу кезіндегі сапалық талдау; халықтың инвестициялық мүмкіндіктері мен қалауларын сұрау əдісі жəне зерттеу нəтижелерін визуалидаудың графикалық əдістері.
Зерттеудің құндылығы – пандемиядан кейінгі жəне жаһандық экономикалық дағдарыс факторлар ының жағдайындағы халықтың уəждемесі, инвестициялау құралдары, инвестициялық мінез-құлқының деңгейі мен құрылымы туралы мəліметтерді жүйелеу. Зерттеу нəтижелері бойынша алынған қорытындылар халықтың инвестициялық үдеріске тартылуын арттырудың болашақ бағыттарын айқындайды жəне халықтың қаржылық сауаттылығы саласындағы одан əрі зерттеулерге, қаржы жəне қор нарықтарында бөлшек инвестициялауды ынталандыруға ықпал ететін болады.
Зерттеу нəтижелері – зерттеу барысында халықтың инвестициялық преференцияларының екінші деңгейдегі банктердегі депозиттік салымдардан қор нарығының құралдарына ауысу үрдісі анықталды.
Бұл ретте дамыған елдердің көрсеткіштерімен салыстырғанда халықты инвестициялық тартудың төмен деңгейі айқындалды. Халықтың жинақтарын қор жəне қаржы нарықтарына неғұрлым жаппай тарту үшін болашақтық инвестициялық өнімдер зерттелді. Халықтың инвестициялық белсенділігінің өсуін мемлекеттік ынталандыру бағыттары ұсынылды.
Зерттеу мақсаты – экономикалық тұрақсыздық кезінде жұмыс пен жеке өмір арасындағы тепе-теңдік, қызметкерлердің əл-ауқаты мен ішкі мотивациясы мəселелерін қарастыру.
Əдіснамасы. Сандық тəсілді қолдана отырып, бұл зерттеуде мемлекеттік жəне жеке жергілікті компаниялардың қызметкерлерінен алынған мəліметтер талданған. Бұл жұмыста З. Хасан жəне т. б. адам ресурстарын басқару, əл-ауқат, жұмысқа қанағаттану жəне жұмыс пен жеке өмір арасындағы тепе-теңдік аясындағы зерттеуіне шолу жасалды.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы. Персоналды басқару саласындағы зерттеулердің басым көпшілігі қызметкерлердің тиімділігіне арналған. Алайда, əсіресе экономикалық тұрақсыздық жағдайында əл-ауқат, жұмыс пен өмір арасындағы тепе-теңдік жəне ішкі мотивация сияқты балама стратегияларды зерттеу қажет. Сонымен қатар, өзін-өзі анықтау теориясы таңдалды, өйткені ол ішкі мотивациямен, əлеуметтік қанағаттанумен жəне психологиялық əл-ауқатпен байланысты зерттеу мəселесін терең түсіндіру арқылы құбылысты түсінуге көмектеседі.
Зерттеу нəтижелері: бір тұжырым демографиялық айнымалылар мен жұмыс пен жеке өмір арасындағы тепе-теңдікке қанағаттану арасында ешқандай байланыс жоқ екенін көрсетеді. Талдау нəтижесі алынған мəліметтер қалыпты түрде таратылатындығын білдіреді. Алайда, жауаптардың төменгі жиілігі (33) бейтарап деректер асимметриясын қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз деп есептелуі мүмкін. Респонденттердің басым көпшілігі əйелдер болғандықтан, зерттеу нəтижелері бүкіл халық үшін көрінбеуі мүмкін. Нəтижесінде, аталған зерттеу деректерді одан əрі жинау жолымен жүргізілетін болады.
Осы зерттеудің мақсаты сапаны тиімді басқаруды қамтамасыз ету үшін жоғары оқу орындарындағы ішкі басқарудың рөлін сипаттау жəне негіздеу болып табылады.
Əдістеме: Зерттеу академиялық саланың негізгі ерекшеліктеріне негізделген жоғары білім беру секторына арналған сауалнаманы қолдану арқылы жүзеге асырылған.
Жұмыстың өзіндік ерекшелігі – жоғары білім беру саласында сапаны тиімді басқару үшін тиімді ішкі басқарудың рөлі туралы зерттеудің қорытындылары талқыланады. Екіншіден, қазіргі зерттеу аймақтық деңгейде жоғары білім берудегі сапа менеджменті маңызды тіректерінің бірі ретінде ішкі басқарудың рөлін зерттеудің алғашқы əрекеті болып табылады.
Зерттеу нəтижелері жоғары оқу орнының (Қазақ ұлттық университеті) əкімшілік жəне факультет мүшелері ішкі мүдделі тараптардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін негізгі процедуралар мен процестерді əзірлеудің маңыздылығын қарастыратынын көрсетеді. Алынған нəтижелер ішкі басқарудың ұсынылған өлшемдерінің орындылығын көрсетеді жəне университеттің ішкі ортасы тұрғысынан сапа менеджменті тұжырымдамасына жаңа түсініктер ашады.
Зерттеу мақсаты – келесі үш негізгі сұраққа жауап беру: (1) Пандемия сын-қатерлеріне университеттердің əрекет ету шаралары туралы ғалымдардың пікірі қандай? (2) Пандемия кезінде Қазақстандағы уəкілетті органдар жоғары білім саласына əсер еткен қандай шараларды қабылдады? (3) Пандемия кезінде Қазақстанның жоғары оқу орындары аурудың таралу қаупін азайту жəне көрсетілетін қызметтердің сапасын қамтамасыз ету үшін қандай шаралар қабылдады?
Əдіснамасы. Мақалада жүйелі əдеби шолу жəне мемлекеттік нормативтік актілерді жəне университеттердің академиялық саясаттарын контент-талдау əдісі қолданылды.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы. Зерттеу жүйелі əдеби шолу негізінде университеттердің пандемия сияқты дағдарыстық жағдайларға жауаптарын түсінуге ықпал етеді. Мақалада сондай-ақ пандемия кезінде білім сапасын қамтамасыз ету үшін Қазақстандағы мемлекеттік органдар мен жоғары оқу орындарының қабылдаған шараларына егжей-тегжейлі жəне хронологиялық талдау жасалған.
Зерттеу нəтижелері. Ғылыми əдебиеттерге шолу көрсеткендей, пандемияның басындағы дағдарысты сəтті еңсеруде университет басшыларының көшбасшылық қасиеттері мен тиімді коммуникациясын құру маңызды рөл атқарды. Сондай-ақ сенім мен жанашырлық мəдениетін насихаттау ерекше маңызға ие болды. Қазақстанда дағдарыс менеджерінің басты рөлін жоғары білім беру үдерісін реттейтін құжаттарға өзгерістер енгізуге уақытылы бастамашылық жасаған Білім жəне ғылым министрлігі атқарды. Кейбір университеттер пандемиядан болатын қауіптерді азайту жəне білім сапасын қамтамасыз ету үшін қосымша шаралар қабылдады.
Зерттеу мақсаты – экотуризм, этно-мəдени, тарихи-мəдени туризмді дамыту арқасында Маңғыстау өңірінің ауылдық аумақтары мен моноқалаларының экономикалық əлеуетін нығайтуда ұсыныстар беру.
Əдіснамасы. Берілген зерттеудің мақсатына бірнеше əдістерді қолдану арқылы қол жеткізілді, атап айтқанда: «талдау жəне синтез» əдісі – зерттеу объектісінің элементтері зерттелді жəне бірыңғай жүйеге біріктірілді; туризм саласын реттейтін бағдарламалық жəне нормативтік құжаттарды зерделеуде «иерархиялық жіктеу» əдісі; зерттелген тақырып бойынша əдебиеттер мен материалдарды зерделеу кезінде «контент-талдау» əдісі. Мақалада Маңғыстау өңірінің туризм түрлерін дамытуда жəне оның ауылдық аумақтарды дамытудағы рөлін көрсету жəне ұсыныстар беру үшін SWOT-талдау əдісі қолданылды.
Зерттеудің бірігейлігі / құндылығы. Маңғыстау өңіріндегі ауылдық аумақтар мен моноқалалардың экономикалық əлеуетін арттырудың факторы ретіндегі туризм саласын зерттеу.
Зерттеудің нəтижелері. Маңғыстау өңіріндегі ауылдық аумақтар мен моноқалаларды дамытуда туризм турлерін дамытудың мəселелері қарастырылып, ұсыныстар берілді.
САНДЫҚ ЭКОНОМИКА
Зерттеу мақсаты – «цифрлау», «цифрландыру», «цифрлық стратегия», «цифрлық трансформация» жəне «цифрлық экономика» анықтамаларын айқындау, сондай-ақ халықаралық индекстер негізінде цифрлық экономиканың жай-күйін талдау.
Əдіснамасы – зерттеу барысында ақпаратты логикалық қорыту, жүйелеу жəне топтау, сондай-ақ сыни талдау əдістері қолданылды.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы – зерттеудің алынған нəтижелері Қазақстанды цифрландыру туралы жаңа бағдарламаны құру кезінде Қазақстан Республикасының стратегиясын түзетуге жəне елдің артықшылықтары мен əлсіз жақтарын ескере отырып, басым бағыттарды айқындауға көмектеседі.
Зерттеу нəтижелері – цифрлық экономиканың негізгі ұғымдары қаралды, цифрлық трансформацияны жүргізудің модельдері мен тəсілдері талданды, Қазақстанның цифрлық экономикасын жəне цифрлық трансформацияға дайындығын бағалау үшін əлемдік рейтингтердің негізгі индекстері келтірілді, Қазақстан Республикасында цифрлық трансформацияға SWOT-талдау жасалды.
ISSN 2789-4401 (Online)