ТЕОРИЯ ЖӘНЕ ӘДІСНАМА
Бұл мақалада мемлекеттік аудит органдарының қызметі тиімділігінің бағалауы жүргізілетін қолданыстағы өлшемдері қарастырылған. Мемлекеттік аудиттің тиімді қызметін бағалау көрсеткіштерінің объективтілігіне талдау жүргізілді. Ұсынылған объективті және рационалды өлшемдердің қолдануы мемлекеттік аудит органдарының қызмет сапасын жақсартуға мүмкіндік береді, ол өз кезегінде экономикалық секторлардың мемлекеттік тиімді басқаруына алып келеді.
Бұл мақалада стейкхолдерлердің тұрақты туризмді дамыту туралы жалпы түсінігін анықтау, сондай-ақ тұрақты даму тұжырымдамасын зерттеу мақсат етілген. Дельфи, онлайн-сауалнама тәсілдері қолданылып, сондай-ақ шетелдік авторлардың жұмысы зерттелген.
Бүгінгі күні көптеген ұйымдар білімді басқарудың олардың қызметінің тиімділігін арттыра алатындығына сүйене отырып, білімді басқару жүйесін құруды бастамақ. Білімді басқару – бұл жаңа құбылыс емес, бірақ оның дамуы академиялық салада және бизнес-тәжірибеде зерттеу ретінде Қазақстан үшін жаңа болып табылады. Бұл зерттеуде білімді басқару жүйесінің дамуының тарихи кезеңдеріне негізделе отырып, білімді басқару жүйесінің тәсілдері, тұжырымдамалары мен қағидалары анықталады.
ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ТАЛДАУ
Мақалада салық менеджменті макро- және микродеңгейде салықтарды басқару қызметі ретінде қарастырылады және оның құрылымдық элементтері сипатталады. Макро- және микродеңгейде салық менеджментінің қолданылуының ресейлік тәжірибесі талданды. Талдау нәтижесінде Қазақстанның салық менеджментін жетілдіру жолдары ұсынылды. Зерттеу мақсаты - Ресейдің оң тәжірибесін есепке ала отырып, Қазақстандағы макро- және микродеңгейдегі салық менеджментінің теориялық жайттар мен практикалық қолданулар кешенін өңдеу мен ғылыми негіздеу.
Мақала әлеуметтік сақтандыру жүйесі талданған, оған бағалау берілген және әлеуметтік сақтандырудың макроэкономикалық тиімділігінің индикаторлары есептелген.
БИЗНЕС ЖӘНЕ КОРПОРАЦИЯЛЫҚ БАСҚАРУ
Зерттеудің негізі және бастамасы стратегиялық менеджменттің және корпоративтік қарымқатынастың өзара әрекеттесуін зерттеу болды. Зияткерлік капиталды тиімді есепке алу бойынша қолданыстағы әдебиеттерді эмпирикалық зерттеу жүргізілді. Шағын және орта кәсiпорындардағы бiлiмдi есепке алу жөнiндегi Қазақстанның пилоттық жобасы да сипатталған және білімге негізделген экономиканы өлшеу үдерісінің негізгі нәтижелері бейнеленген.
Зерттеу мақсаты – Қазіргі уақытта банктік тәуекелдерді тиімді басқару өзекті мәселе болып отыр. Теориялық мәселелер мен практикалық ұсыныстар, ішкі банктік тәуекелдерді басқарудың банктегі қабылданған стратегиялық басқару мен дамыту деңгейінің жеткіліксіз әзірленгені байқалады. Сондықтан тәуекелді басқару құрылымын жоғарылату мен дамыту банктердің ішкі бақылауының өте қажетті элементі болып табылады.
Әдістеме – Бактердің тәуекелі жүйесінің орнықты даму теориясының ғылыми-әдістемелік базасын сапалы пайдалана отырып,тәуекелді басқару әдістемесін кешенді колдану болып табылады. Банктердің бірінің қаржылық жағдайына корреляциялық-регрессиялық талдау мен болашаққа болжам жасалды.
Түпнұсқа/құндылық – Авторлық зерттеу міндеті - банктік тәуекелдерді басқарудың қазіргі заманғы тәсілдері мен әдістерінің қысқаша сипаттамасы және олардың практикалық маңыздылығын сыни бағалау болып табылады. Банктің тәуекелдерді басқару саясаты тәуекелдерді анықтауға, талдау мен басқаруға, тәуекелдерді шектеуге, сонымен қатар тәуекел деңгейін және оның орнатылған шектеулерге сәйкес болуын үнемі бағалауға бағытталған. Тәуекелдерді басқару бойынша процедуралар мен саясат нарықтағы жағдайлардың өзгеруін есепке алып, банктің он жылдық статистикалық мәліметтері негізінде эконометрикалық талдау жүргізіледі.
Қорытынды – Тауекелді басқару бөлімі банкке қаржы нарығының барлық секторында тиімді жұмыс жағдайларын қамтамасыз етуді, сонымен бірге пайыздық ставкалардың өзгеруін, операциялық тәуекелдердің жағдайын,валюта бағамдарының төмендеуін, карыз берушілердің банкроттығы және т.б. сияқты қиындықтарды алдын ала уақытында болжап әрі оларға жол бермеуге тиіс. Банктердің тәуекелін басқарудың негізгі міндеті тәуекелдерді басқару жөніндегі тәртіпті, сондай-ақ оны бағалау модельдерін әзірлеп енгізу маңызды әрі қажетті болып табылады.
ҒАЛАМДАНДЫРУ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН
Бұл мақалада Оңтүстік-Шығыс Азия елдері қауымдастығының (АСЕАН) экономикалық интеграциясының аймақтық мәселелері талқыланды. Зерттеу осы халықаралық ынтымақтастық аясында мәселелерді анықтауға және тиісті шешімдерді табуға бағытталған. Ағымдағы экономикалық жағдайға жүргізілген талдау АСЕАН-да маңызды экономикалық, қаржы, саяси және әлеуметтік теңсіздіктер – негізгі мәселелер болып табылатынын растайды. Сонымен қатар, Оңтүстік-Қытай теңізіне қатысты бірқатар қатысушы-елдер арасында дау-дамай жағдайға байланысты жағдай күрделене түсуде.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының тамақ өнеркәсібі қарқынды дамып келеді. Өкінішке орай, елде отандық өндірушілерді азық-түлік өнеркәсібінің нарығынан шығаратын импорттық өндірушілер бар. Қазақстанның көптеген тұтынушылары бұрынғыша импорттық өндірушіні таңдайды және сенеді. Себебі отандық өндірушілер өнімдегі табиғи шикізатты пайдаланбайды және бұл сары майдың сапасына үлкен әсер етеді.
Мақалада 2011 жылғы 7-ші қысқы Азия ойындарының мысалында қабылдаушы аймақтың экономикасына мега-шараларды өткізудің, ірі спорттық іс-шаралардың әсерін бағалаудың әдістері қарастырылған.
Астана мен Алматыдағы Азия ойындары тек қала мен аймақтың ғана емес, сонымен бірге еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпал етті.
Зерттеу нәтижелері сәйкес шешімдерді қабылдау кезінде, оның ішінде мега-шараны дайындау кезінде бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін мониторингілеуде және жеке инвестицияларды тартуда пайдаланылуы мүмкін.
ТҰРАҚТЫ ДАМУ ЭКОНОМИКАСЫ
Зерттеуде Арал теңізінің негізгі мәселелері көрсетілген. «Арал теңізі ағын су» түрлі схемалар жаңа экологиялық проблемалар және жаңа экологиялық дағдарысқа әкеледі деп анықталды. Нәтижелері осы зерттеудің дәлелі ретінде ауыл шаруашылығын жаңғырту және тиімді су үнемдеу ауыл шаруашылығы және экологиялық ауыл шаруашылығын енгізу толық іске асыру, Арал теңізі проблемасының салдарын жұмсарту тиімді тәсіл екенін көрсетеді.
Бұл мақалада Қазақстан Республикасы мысалында, аймақтық экономиканың мұнай және газ секторы мәселесі бойынша зерттеу нәтижелері қамтылған. Авторлар мәселенің ерекшеліктеріне баға беріп, экономикалық субъектілердің оның күрделілігі мен маңыздылығының дәрежесін бағалады. Зерттеу нәтижелері экономиканың жеке салаларының мұнай және газ сектор деңгейін анықтауға, мұнай және газ бөлшектердің қолдану бағыттарын және жабдықтаушы елдердің географиясын белгілеуге, мұнай және газ өнімдерін өндіруде облыс кәсіпорындарының әлеуетін пайдалану бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді.
Зерттеудің мақсаты – Қазақстан нарығындағы сүт өнімдеріне тұтынушылардың сұранысын маркетингтік зерттеу
Әдіснама – зерттеу барысында жүйелі теориялық қорыту, топтастыру, статистикалық деректерді өңдеу әдісі, нарықты маркетингтік зерттеу әдістері, салыстырмалы талдау әдістері пайдаланылды.
Түпнұсқалығы/құндылығы – Қазақстан нарығындағы сүт өнімдеріне тұтынушылардың сұранысы теориясы мен тәжірибесі маркетингтік зерттеу арқылы анықталады.
Қорытындылар – зерттеу нәтижелеріне компанияның маркетингтік стратегиясын құруда маркетингтік жоспар жасаудың рөлі мен міндеттері және оның экономикалық тиімділігі теориялық тұрғыда қарастырылды. Қазақстан нарығындағы сүт өнімдеріне тұтынушылардың артықшылықтар беруін анықтау үшін маркетингтік зерттеу жүргізілді. Нарықтағы конъюнктураны зерттеу мақсатында Алматы қаласындағы сүт өнімдерін тұтынатын адамдар арасында сауалнама жүргізіліп, оның нәтижелері кәсіпорынның маркетингтік стратегиясын жасауға пайдаланылатын болады. Маркетингтік шығындардың шамасы мен компанияның қаржы нәтижелері, соның ішінде жалпы табыстың арасындағы байланысты зерттеу үшін корреляция-регрессиялық талдау әдісі пайдаланылады.
ISSN 2789-4401 (Online)