МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ БИЗНЕС: БАСҚАРУ ТЕОРИЯСЫ МЕН ПРАКТИКАСЫ
Зерттеу жұмысымыздың мақсаты халықаралық көші-қон теоретиктері үшін маңызды «ұлт» мəселесіне көңіл бөлу.
Жұмыстың əдіснамалық негізі жалпы принциптермен жəне ғылыми таным əдістерімен негізделген.
Көші-қонның қазіргі заманғы теориялары əртүрлі көші-қон ағындарының бар екендігін мойындайды, ауқымды жүйелер мен желілердегі иммиграция мен эмиграцияны зерттейді, қозғалыс, ұтқырлық жəне оның əсерлерін теориялық тұрғыда қарастыруға қабілетті болып табылады. Қорыта айтсақ, көшіқон үдерістерін түсіну үшін ауқымды зерттеулер қажет жəне онда барлық тəсілдемелер ескерілуі керек.
Қазіргі заман жағдайында мемлекеттік басқарудың тиімділігі мен нəтижелілігін арттыру мəселелерінің мəні ерекше өзекті болуда. Үкіметтің алдына қойылған стратегиялық міндеттерінің бірі – жұмыс тиімділігін арттырудың түрлі əдістерін кезеңімен іске асыру.
ХІХ ғасырдың соңынан бері Батыс елдерінің министрлік жүйесі экономиканы басқару мен əлеуметтік мəселелерді шешудегі мүмкіндіктерінің шектеулігін анықтады.
Еуропа мен дамыған елдерде мемлекеттік басқарудың сапасы мен тиімділік көрсеткіштері көптеген талқылауларының тақырыбына айналды.
Ал Қазақстанда бағалау тиімділіктің өзіне емес, мемлекеттік органдар қызметінде қабылданған талаптардан, стандарттардан ауытқуды анықтауға бағытталып отыр.
Мемлекет пен бизнес құрылымдарының ынтымақтастығы туралы білімімізді кеңейту үшін тақырыпқа байланысты халықаралық беделді баспаларда жарық көрген ғылыми еңбектерге шолу жасау.
Соңғы жылдар ішіндегі мемлекеттік-жеке меншік əріптестігіне қатысты (шамамен 17 жыл) ISIWeb of Science мəліметтер базасында жарық көрген мақалалармен толық танысып шығып, шолу жасалынды.
Зерттеу нəтижелері, барлық жағдайларда басқару, сенім, қарым-қатынас, мүмкіндіктер,тұрақтылық, тəуекелдерді бөлу, бəсекелестік мемлекеттік – жеке ынтымақтастықты нəтижеге жеткізуге қажетті қағидалары екендігін көрсетеді. Ынтымақтастыққа қатысушылар бірлескен мақсаттарға қол жеткізу үшін осы қағидаларды басшылыққа алу қажеттігі айқындалды.
Мақалада мемлекеттік-жеке меншік серіктестігі (МЖМС) отандық бизнестің əлеуметтік міндеттерінің деңгейін арттыру механизмі ретінде қарастырылады. Мұнда МЖМС мазмұнды мəні мен бизнестің корпоративті əлеуметтік жауапкершілігі (КƏЖ) кеңінен ашылып, билік пен бизнес арасындағы аталған қарым-қатынас формасының айырмашылығы айқындалған. Мақалада МЖМС дамуының тиімді тұстары зерттелді, мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін КƏЖ-кті шешуге бағытталған бизнес пен билік арасындағы өзара тиімді серіктестіктің қажеттігі дəлелденді. Қазақстан Республикасындағы КƏЖ принципіне негізделген қазақстандық компанияларда МЖМС механизмдерін пайдалану тəжірибесі зерттелді, МЖМС заңнамалық базасы қарастырылды
ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ БƏСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ
Бұл ғылыми мақала экономика салаларының бəсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудегі инновацияның рөлі бойынша əр түрлі əдебиеттерді талдауға жəне синтездеуге арналған. Бір жағынан, елдік инновациялық қорына салымда жəне индустрияның бəсекеге қабілеттілігін арттыруда жекелеген индустриялардың маңызды рөлі байқалады, ал екінші жағынан кейбір индустриялардың инновациялық қордың екі түріне – өнімдер мен процестерде жоғары тəуелділігі байқалады. Бəсекеге қабілеттілік факторы ретінде жаңа технологияларды құруда іргелі зерттеулермен жəне экономиканың басқа салалары үшін мамандар дайындаумен айналысатын академиялық секторға да маңызды рөл беріледі.
Зерттеу мақсаты – акция индекстерінің жұмыс істеуінің негізін ашу, əсер ететін факторларды анықтау, қор индекстерін болжаудың тиімді модельдерін құру болып табылады.
Жұмыстың маңыздылығы. Қазақстандық жəне Ресейлік бағалы қағаздар нарығын дамытуға қажетті акция индекстерінің сапасы анықтап, талдау жасау арқылы оған əсер ететін факторлар көрсетілді.
Əдіснама. 2001 – 2017 жылдар аралығындағы Ресей жəне Қазақстан қор нарығындағы индекстердің даму динамикасы талданып көрсетілген. Осы мəліметтері негізінде панельдік модель жасалып, ұсыныстар берілді.
Нəтижелер. Акция индекстеріне əсер ететін факторлар талданып, анықталды. Панельдік модель негізінде алынған қорытындылар бойынша акция индекстерінің өзгерісі экономикалық факторларға жəне байланысты екенін көрсетеді.
Мақалада жеңіл өнеркəсіп кəсіпорындарының бəсекелік əлеуетін маркетингтік басқару мəселесі қарастырылады. Жеңіл өнеркəсіп кəсіпорындарының құрылымының теориялық аспектілері мен бəсекелік əлеуеттің қалыптасу үрдісі қарастырылған, жəне «маркетингтік бəсекелік əлеует» түсінігінің авторлық анықтамасы келтірілген. Жеңіл өнеркəсіп кəсіпорындарының ұзақ мерзімдік бəсекелік артықшылықтарын қалыптастыруда бəсекелік əлеует құрылымының ішінде маркетингтік əлеует негізгі ұғым болып табылатындығы дəлелденген. Зерттеудің нəтижелері жеңіл өнеркəсіп кəсіпорындарында маркетингтік қызметті басқаруда қолданылуы мүмкін, ол өз кезегінде тұтынушыға бағытталғандығын жəне олардың бəсекеге қабілеттілігін арттырады.
Зерттеу мақсаты аймақтық сүт жəне сүт өнімдері өндірісінің жалпы ел экономикасындағы орны мен үлесін анықтау.
Əдіснама негізі 1990-2018 жылдар аралығын талдау жəне алдағы 3 жылдық сүт өндірісін болжауға экономика-математикалық жəне статистикалық құралдар қолданылды.
Ерекшілігі сүт жəне сүт өнімдерін өндірумен айналысатын агроөнеркəсіптік кешендегі сүт кəсіпорындарының қазіргі жағдайына диагностика жүргізілді.
Қорытындыда сүт өндірісі өзгеруінің негізгі тенденциялары мен факторлары анықталды; уақыт қатары моделінің нəтижесінде алынған республикалық сүт өндірісі көлемінің болжамы негізделген.
Мақаланың мақсаты Қазақстандағы агробизнестің даму қажеттілігіне шет елдің əлеуметтік–экономикалық индикаторларын экономика – математикалық əдістері арқылы салыстырмалы талдау.
Халықаралық тəжірибені зерттеудің қажеттілігіне байланысты шет елдердердің қазіргі жағдайындағы үздік мысалын ескере отырып, экономика саласындағы мəселелерін шешудің ең тиімді жолдарын анықтау жəне мысалы негізінде еліміздегі өндірістің əлеуметтік – экономикалық тиімділігін арттыру.
Шет елдік тəжірибелердің АҚШ, Сингапур, Германия, Швеция, Канада сияқты елдердің əдістері мен тəсілдерін зерттеп, еліміздегі агробизнес саласын дамытуда озық инновациялық технологияларын пайдалану қажеттілігін көрсетеді.
Зерттеу корреляция – регрессиялық, кластерлік талдау жəне экономика – математикалық əдістерді пайдалана отырып салыстырмалы талдау нəтижелері бойынша жүргізілді.
Қазақстан агробизнесінің даму қажеттілігіне байланысты əлемдік елдердің əлеуметтік–экономикалық индикаторлары, басты əсер ететін факторлар анықталып, көрсеткіштер іріктеліп, экономика–математикалық əдістері арқылы салыстырмалы кластерлік талдау жүргізілді. Талдау қолданбалы зерттеулер жүргізуге арналған Statistics 13 – статистикалық деректерді өңдеуге арналған бағдарламада өңделіп талданды.
«ЖАСЫЛ» ЭКОНОМИКА
Жасыл экономика елдің орнықты дамуын қамтамасыз етудің маңызды құралдарының бірі болып та былады, Қазақстан халқыныңəл-ауқатын, өмір сүр у сапасын арттыру жəне елдің əлемнің бəсекеге қабілетті елдерінің қатарына кіруі мақсатында терең жүйелі қайта құрулар үшін негіздерді қамтамасыз етеді. Қазіргі жағдайда экономиканы дамытудың қоршаған ортадағы өзгерістермен өзара байланысы, халықаралық экономикалық қатынастардың көптеген нысандарына əсері экономиканы жаһандандырудың маңызды ерекшелігі болып табылады. Жасыл экономика халықтың өмір сүру сапасының жоғары деңгейі, қазіргі жəне болашақ ұрпақтың мүддесінде жəне ел қабылдаған халықаралық экологиялық міндеттемелерге сəйкес табиғи ресурстарды ұқыпты жəне ұтымды пайдаланатын экономика ретінде айқындалады. "Жасыл экономикада" қалдықтарды басқару үдерісіне маңызды роль беріледі.
Мақалада біздің планетамыздағы ресурстардың шексіз емес екені ашып көрсетіледі. Оларды сақтау үшін адам өндіретін жəне пайдаланатын барлық заттардың өмірлік циклін тұйықтау жəне бəсеңдету қажет. Бұл барлық ресурстардың жаңадан жəне қайта пайдаланылатынын болжайтын циклдік экономика кезінде ғана мүмкін. Циклдік экономикада қалдықтар жоқ, қайталама материалдық ресурстар болады. Көптеген елдер мысалында қалдықтарды басқарудың шетелдік тəжірибесі зерттелді. Қазақстан Республикасында қолданыстағы проблемаларды анықтай отырып, қалдықтарды басқаруға талдау жүргізілді. Қазақстанда қалдықтарды басқаруды жетілдірудің негізгі бағыттары айқындалды.
Мақалада жобалық менеджменті экологиялық өнім өндірісінің құралы ретінде сипатталған. Сондайақ экологиялық таза өнім өндіретін кəсіпорындарда жобалық менеджментті қолдану құралдары талқыланады. Мүдделі тараптар, жобаның тəуекелі, жобаның сəттілігін бағалау, жауапкершілікті бөлу матрицасы жəне т.б. зерттелді.ҚР-дағы ауылшаруашылық кəсіпорындарында экологиялық өндірісті жобалық басқаруды енгізу бойынша ұсыныстар жасалды. Жобаларды басқару əлемдік нарыққа органикалық ауылшаруашылық өнімдерін тиімді енгізудің жетекші құралы ретінде қарастырылады. Қазақстан Республикасында экологиялық таза өнім өндірісіне жобалық менеджментті енгізу бізге экономиканың агроөнеркəсіптік секторын дамытудағы жаңа бағытқа - экологиялық таза өндірісті дамытуға көшуге мүмкіндік береді.
ЭКОНОМИКАДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
2014-2018 ж.ж. ақпараттық технологиялардың дамуын талдау. цифрлық технологияны енгізу ауқымы үлкен болғанымен, проблемалар əлі де бар екенін көрсетті.
Авторлар болжам жасады жəне математикалық модельдеуді қолдана отырып көлеңкелі экономика деңгейіне əсер ететін факторларды анықтады.
Есептеулер нəтижесінде көлеңкелі экономиканың ЖІӨ-дегі үлесі инновациялық өнімнің ЖІӨ-дегі үлесіне көп байланысты (кері байланыс) деп айтуға болады. Модельдің маңыздылығы R-квадрат коэффициентімен сипатталады, ол 0.738-ке тең, бұл модельдің жоғары сенімділігі мен болжам жасауға жарамдылығын көрсетеді. Осылайша, мемлекет цифрландыруға қаншалықты көп қаржы салса, бизнес соншалықты айқын болады жəне көлеңкелі экономиканың үлесі аз болады.
Зерттеудің мақсаты – мəліметтерді қаусара талдау (DEA) тəсілі негізінде күрделі жүйелердің тиімділігін бағалаудың талдамалық əдісі мен оны модификациялау арқылы кəсіпорындардың, атап айтқанда, құрылыс кəсіпорындарының ұйымдық-технологиялық кешендері үшін осы əдісті пайдаланудың ерекшеліктерін қарастыру болып саналады.
Əдістеме – мақала негізі сызықтық бағдарламалау алгоритмдерін қолдануға бағытталған.
Ерекшелігі – модельдің негізгі ерекше белгілері мыналар болып табылады: «шығын» мен «өнім көлемі» (шығым) ерекше факторлардың трансформациясын сипаттау үшін пайдаланылатын ұйым қызметінің (өндірістік процестің) технологиялық моделі.
Қорытынды – бұл мақалада құрылыс саласының төрт ұйымы қаралды. DEA əдісіне жүргізілген талдаудың нəтижесі бойынша əрбір ұйымның күшті жəне əлсіз жақтары зерттелді, сондай-ақ олардың қызметінің тиімділігін арттыру жолдары көрсетілді.
Мақалада Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығында тиімді, цифрлық технологияларды енгізу жəне дамыту ерекшеліктеріне талдау жүргізілді,онда Қазақстанның агроөнеркəсіптік кешенінің негізгі проблемалары ретінде төмен өнімділік пен жоғары шығындар бөлінген. Осыған байланысты Қазақстанның ауыл шаруашылығында цифрландырудың проблемалары мен перспективалы бағыттарын анықтау мақсатында ауыл шаруашылығында тиімді, цифрлық технологияларды енгізу жəне дамыту ерекшеліктерін зерттеу қызығушылық тудырады.
ISSN 2789-4401 (Online)