БИЗНЕСТІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
Зерттеудің мақсаты. Қазақстанда халықты нәтижелі және ұтымды және жұмыспен қамтудың дамуына әсер ететін факторлар тұрғысынан кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен реттеудің мәселелері мен негізгі бағыттарын зерттеу, кәсіпкерлік оқытудың кейбір аспектілерін қарастыру.
Зерттеу әдіснамасы. Макроэкономикалық талдау әдістері, экономикалық зерттеулердің статистикалық және графикалық әдістері, институционалдық талдау әдістері қолданылды. Зерттеудің әдістемелік негізін 2020 жылға дейінгі кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу Тұжырымдамасы, кәсіпкерлікті және ШОБ қолдау мен дамыту саласындағы, халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік бағдарламалар және ҚР Статистика комитетінің деректері құрады.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы. Зерттеушілік фокус макроэкономикалық саясатының экзогендік факторлары тұрғысынан кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен реттеудің өзекті мәселелері мен бағыттарын қарастыруға шоғырланды, яғни кәсіпкерлікті дамытуға, халықтың жұмыспен қамтылуына және жұмыссыздық проблемаларын шешуге әсер ететін мемлекеттің саясаты.
Зерттеу нәтижелері. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау кәсіпкерлікті дамытуға және оның іскерлік белсенділігіне қуатты реттеушілік ықпалға ие, бірақ ең алдымен адамдарды нәтижелі жұмыспен қамтуды қолдау мен дамытудың, халықты ұтымды жұмысқа орналастырудың қажетті құралы болып табылады, макроөңірлерде де, бүкіл елде де.
Зерттеу мақсаты. Қазақстан Республикасындағы трансферттік баға белгілеуді мемлекеттік реттеу жүйесін дамытудың қазіргі тенденцияларын зерттеу және осы жүйені жетілдіру келешектерін қарастыру.
Әдіснамасы. Трансферттік баға белгілеуді реттеу мен бақылауға шетелдік және қазақстандық тәсілдерді салыстырмалы талдау. Нормативтік құжаттарды, статистиканы, ғылыми жарияланымдарды, семинарлар мен конференциялардың материалдарын талдау негізінде озық тәжірибелерді бағалау.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы. Әлемдік тәжірибеде және Қазақстан Республикасында трансферттік баға белгілеуді реттеудің негізгі тәсілдері зерттелді, Қазақстан Республикасындағы зерттелетін экономикалық қатынастар саласын құқықтық реттеудің ерекшеліктері талданды. Талдау негізінде Қазақстанда трансферттік баға белгілеуді мемлекеттік реттеуді және бақылауды оңтайландыру бойынша ұсыныстар жасалды.
Зерттеу нәтижелері.Қазақстанда трансферттік баға белгілеуді реттейтін қолданыстағы нормативтікқұқықтық база және оны қолдану тәжірибесі бизнес бастамаларға ықпал етпейді, сыртқы экономикалық белсенділікті ынталандырмайды және шетелдік инвестициялар мен заманауи технологиялардың елге келуіне кедергі келтірмейді. Базалық деңгейде реттеу тәсілдерін өзгерту және оны мемлекет пен бизнес арасындағы серіктестік қатынастарға бағыттау қажет. Негізгі міндеттердің бірі – ішкі заңнаманы трансферттік бағаны реттеудің жалпыға ортақ қабылданған халықаралық қағидаттарымен үйлестіру.
Зерттеудің мақсаты. Білім беру саласында сапаның жаңа элементін енгізу және сапа менеджментіндегі сапа мәдениетінің маңызды аспектілерін көрсету.
Зерттеу әдістемесі. Бұл сапа, мәдениет және сапа мәдениетіне байланысты қолданыстағы әдебиеттер құрамына талдау.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы – ол аймақтық ғалымдарға, ізденушілерге және университет басшыларына сапа менеджменті процестерін ұйымдағы сапа мәдениетіне сәйкес қалыптастыру немесе сапа мәдениетінің жаңа қырларын таныстыра отырып, ұйымның мәдениетін өзгерту негізінде теориялық нұсқаулық бола алады.
Зерттеу нәтижелері. Авторлар жоғары білім жүйесінде сапаны қалыптастыру үшін сапалы мәдениетті енгізу және сапа мәдениетін оның мәдени/психологиялық және құрылымдық / басқарушылық элементтерін ескере отырып үнемі жетілдіріп отыру керек деген қорытындыға келіп отыр.
ƏЛЕУМЕТТІК ЭКОНОМИКА
Зерттеу мақсаты ауылдық аумақтардағы әлеуметтік сала объектілерін басқарудың тиімділігі мен ерекшеліктерін зерттеуден тұрады
Әдіснамасы. Бұл мақалада жалпыға белгілі зерттеу әдістері қолданылды: ауылды мекендердегі әлеуметтік инфрақұрылымды дамытудың қазіргі заманғы көздеріне мазмұнды талдау, мәліметтерді жүйелеу, салыстырмалы және логикалық талдау, эалпылау, әлеуметтік көрсеткіштер динамикасын статистикалық талдау, сауалнама бойынша эмпирикалық зерттеу әдісі.
Зерттеудің бірегейлігі /құндылығы. Ауылдың әлеуметтік саласы объектілерін басқарудың ерекшеліктері мен тиімділігі анықталып, талдау жүргізілді.
Зерттеу нәтижелері. Зерттеуге сәйкес, Қазақстан аймақтарындағы ауылдық елді мекендердің санын үш бірдей топқа бөлуге болатындығы анықталды, және ең көп урбанизацияланған Маңғыстау облысы ерекше орынға ие.
Қорытынды. Ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған қозғалыстың сәттілігі көп жағдайда тек ресурстық мәселелерді шешуге ғана емес, сонымен қатар жергілікті өзін-өзі басқарудың тиімділігі мен үкіметтік емес сектор ұйымдарының қызметіне де байланысты болады.
Кейінгі кездері жұмыссыздық пен кедейшілік мәселесі жиі көтерілуде. Осыған байланысты азаматтардың әл-ауқатын дамыту үшін лайықты еңбектің маңыздылығына көңіл бөлінуде. Осыған орай, мақалада мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмыспен қамту мәселелері қарастырылады. Мүгедектердің лайықты еңбегіне қол жеткізгенде ел экономикасы тұрақты дамиды және олардың әлеуетін қарқынды пайдалану өте маңызды. Осыған орай жұмыс берушілер мен мүгедектер арасындағы өзара байланысты мемлекеттік реттеуге негіздеуді дамытудың қажеттілігі өсуде.
Мақаланың мақсаты дамыған елдердің экономикалық көрсеткіштерінің деректерін зерттеу және теориялық жағынан негіздеп, басқару қызметінің құрылу жүйесін талдау, сондай-ақ Қазақстанда жұмыспен қамтуды дамыту жөніндегі шараларды нақтылау болып табылады.
Зерттеу әдіснамасы. Салыстырмалы талдау, бақылау, мәселелерді анықтау және олардың шешімдерін іздеу әдістері.
Зерттеудің нәтижесі жұмысқа байланысты қиындықтарды жою мүмкіндігін және оларды іске асыруға назар аудару болып табылады. Мүгедектердің лайықты жұмысқа қол жеткізуіне кедергі келтіретін кедергілерді жою және экономика мен қоғамның дамуы үшін инклюзивті еңбек нарығы бағдарламасын дамыту қажеттілігі көрсетілген.
Зерттеу мақсаты технологиялық жаңартулардың нәтижесінде еңбек нарығындағы өзгерістерді анықтау,сандық экономика жағдайында Қазақстанда жұмыссыз азаматтарды кәсіби қайта дайындаудағы мемлекеттік басқаруды жетілдіру жолдарын талдау.
Әдіснамасы. Статистикалық талдау, проблемаларды анықтау және оларды шешу әдістері қолданылған. Еңбек нарығындағы өзгерістер мен жұмыссыздарды қайта дайындаудың статистикалық көрсеткіштері қарастырылады. Нарықта cұранысқа ие кәсіптер және дағдылар талданылады. Жұмыс күшін қайта дайындауды мемлекеттік басқару тетіктері талданылады.
Зерттеу нәтижелеріне cәйкес, цифрлы экономиканың талаптарын басшылыққа алудың жұмыссыз азаматтарды қайта дайындау, нарықта cұранысқа ие кәсіптер мен дағдыларды анықтау кезіндегі маңыздылығы айқындалды.Жұмыссыздарды қайта дайындаудағы мемлекеттік басқарудың тетігін жетілдіруде ұсыныстар жасалды.
Зерттеудің мақсаты. Халықтың өмір сүру деңгейін өзгерту үрдісінің мониторингі мақсатында халықтың ақшалай табыстары мен шығындарына талдау жүргізу, екінші жағынан, бұл өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған әлеуметтік дамудың мемлекеттік бағдарламаларын әзірлеу, жүзеге асыру үшін қажетті база.
Зерттеу әдіснамасы. Кешенді талдау, жүйелі тәсіл, статистикалық зерттеу әдісі.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы. Мақалада халықтың өмір сүру деңгейінің көрсеткіштерін бағалаудың теориялық және практикалық ерекшеліктері терең ойластырылған. Халықтың өмір сүру деңгейін болжамды есептеу тетігін одан әрі жетілдіру мақсатында кірістер мен шығыстарға талдау жүргізілді.
Зерттеу нәтижелер. Халықтың ақшалай табыстары мен шығыстарын талдау Шығыс Қазақстан облысында жан басына шаққандағы табыс республика бойынша көрсеткіштен жоғары екенін көрсетті. Орташа жан басына шаққанда тұтыну шығындары алынған табысты толығымен жабады. Қазақстан тұрғынымен салыстырғанда, Шығыс Қазақстан облысының (ШҚО) тұрғыны азықтың көп көлемін өндіреді, бұл ретте ақылы қызметтердің үлесі және азық-түлік емес тауарларға жұмсалатын шығындар төмен. Шығыс Қазақстан облысы тұрғынының шығынының көп бөлігін азық-түлік тауарларын және бірінші кезекте азық-түлік өнімдерін сатып алу есебінен қалыптастыратынын көрсетеді.
Зерттеу мақсаты. Қазақстанның әкімшілік территориялық бірліктерінің еңбек нарығындағы жағдайының өзгешелігін анықтау және мемлекет аумақтарының жұмыссыздығына әсер ететеін ерекше факторларын зерттеу.
Әдіснамасы. Кластерлік таалдау және сандық корреляция-регрессия талдаулары жүргіліген.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы. Мақалада Қазақстанның 14 облысы мен 3 республикалық маңызы бар қалаларының еңбек нарығындағы жағдайының айырмашылығының деңгейін анықтау мақсатында мемлекеттің территориялық бірліктерінің көптік классификациясын жүргізу тәсілдері қарастырылған. Алынған сипаттау белгілерінің негізінде мемелекеттің жұмыссыздығын азайтуға дифференциалданған шаралар ұсынылған.
Зерттеу нәтижелері. Автормен Қазақстанның әкімшілік территориялық бірліктерінің еңбек нарығындағы жағдайы бағаланды. Көптік топтау нәтижесінде 3 кластер алынып, мемлекеттің облыстары мен қалаларының еңбек нарығындағы экономикалық жағдайы сипатқа ие болды. Жұмыссыздықты төмендету арқылы тұрғындардың әл-ауқатын көтеруге шаралар берілді.
Зерттеудің мақсаты. Адам ресурстарын басқару тәжірибелерін тиісті деңгейде жүзеге асыру арқылы қызметкер мен ұйымның сәйкес келуін анықтау және талдау.
Әдіснамасы. Ұйым және қызметкердің ара-қатынасын зерттеуде жүйелік тәсіл, индуктивті және дедуктивті әдіс, салыстырмалы талдау әдістері қолданылды.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы. Адам ресурстарын басқару тәжірибелерін тиімді пайдалану арқылы ұйымда «жұмыс жасау үшін жағымды атмосфера» қалыптастыру және оны жетілдіру бойынша жасалған ұсыныстар қызметкер-ұйым сәйкестігі мәселесін шешеді.
Зерттеу нәтижелері. Қызметкердің жұмысты жоғалту туралы алаңдаушылығын азайту үшін тиімді іріктеу жүйесі, тиісті оқыту бағдарламасы, өнімділікті басқарудың әділ тәжірибесі және мансапты басқарудың сәтті құрылған жүйесі сияқты адам ресурстарын басқару тәжірибелерін қолдану қызметкердің біліктілігі мен құзыреттілігін арттырып, оны дамытуға көмектеседі.
ИНВЕСТИЦИЯЛАР, ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ЕСЕП
Зерттеудің мақсаты. Перспективалық есеп беру моделінің тұжырымдамалық аспектілерін қалыптастыру.
Зерттеу әдіснамасы. Зерттеу барысында экономикалық ғылымның кең әдістемелік құралы пайдаланылды. Атап айтқанда, нормативті-жүйелік талдау және сценарий құру әдістері.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы. Мақалада біріктірілген есеп берудің қазіргі кездегі түсінігі талқыланады және оны ұйымдардың жасау қажеттілігі негізделеді. Ұйым нәтижелерінің ашықтығына мүдделі тараптардың қажеттіліктері біріктірілген есеп беруді корпоративтік есеп берудің басым нысаны ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Интеграцияланған есеп беру - бұл ұйымдардың қаржы нарықтарымен және көптеген мүдделі тараптармен тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін құрал. Интегралды есеп берудің мақсаттары мен міндеттері құндылықтарды құруды бақылаудың көпөлшемді әдісі ретінде қарастырылған, біріктірілген есеп беруді қалыптастыру мәселелері, біріктірілген есеп берудің негізгі қағидаттары мен құрамдас бөліктері корпоративтік есеп беру моделінің ажырамас элементтері ретінде анықталған.
Зерттеу нәтижелері. Нәтижесінде «біріктірілген есеп беру» ұғымы нақтыланды, қаржылық және интегралды есептілікті салыстырудың сипаттамасы алынды, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері алынды, біріктірілген есептің негізгі қағидаттары мен компоненттері корпоративті есеп беру моделінің құрамдас бөлігі ретінде анықталды.
Зерттеудің мақсаты институционалдық факторлардың тікелей шетелдік инвестициялар ағыны үшін әсерін, тек жан басына шаққандағы жалпы ұлттық табысы орашадан жоғары деңгейінен асқан елдерге маңызды екенін дәлелдеу болып табылады.
Әдіснамасы. Авторлар бұл зерттеуде инвестордың белгілі бір елге инвестиция құю туралы шешім қабылдау кезінде ескеретін мемлекет дамуының шекті деңгейін анықтайтын әдістемені әзірлеп, қолданды.
Зерттеудің бірегейлігі /құндылығы. Жұмыстың маңыздылығы дамушы елдердің даму деңгейінің әр түрлілігіне байланысты, экономикалық дамудың шекті дәрежесі бар екенін және сол шектен асқаннан кейін ғана, ТШИ тартуда институционалдық ортаның маңыздылығы артатынын ашады. Басқаша айтқанда, дамушы елдер арасындағы әлсіз дамушы мемлекеттер үшін, институционалдық факторлар ТШИ ағымына әсер етпейді.
Зерттеудің нәтижесінде елдің жалпы ұлттық табысы орташадан жоғары болғанда ғана, институционалдық факторлар ТШИ-ға әсер ететіні дәлелденді. Демек, ТШИ тарту мақсатында жасалатын институционалдық өзгерістер, мемлекеттің жан басына шаққандағы жалпы ұлттық табысы білгілі бір шектен асқаннан соң жасалған дұрыс деп айқындалды.
Зерттеудің мақсаты. Қазақстан Республикасының қазіргі жағдайындағы қаржылық технологиялардың қарқынды даму себептерін анықтау және қазіргі заманғы қаржы нарығында ең перспективалы инновациялық өнімдерді көрсету.
Зерттеу әдіснамасы. Автор тарихи-логикалық әдісті, визуализация әдісін, статистикалық және формальды-логикалық әдістерді қолданды.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы. Мақалада негізгі қаржы технологиялары, жалпы қаржы нарығының, атап айтқанда, қазақстандық нарықтың дамуына және жұмыс істеуіне әсер ететін негізгі қаржы өнімдері мен қызметтері сипатталған. Сондай-ақ, автор қаржылық технологияларды әр түрлі қаржы құралдарына қол жетімділіктің белгілі бір түрі ретінде ұсынды, олардың жіктелуі көзбен ұсынылды. 2018-2019 жылдардағы фитехнология саласына арнайы инвестициялардың таралуына талдау Қазақстан Республикасындағы компаниялардың көлеміне байланысты жүзеге асырылады. Fintech нарығының 2015 - 2019 жылдардағы динамикасына байланысты мәселелерге ерекше назар аударылады.
Зерттеу нәтижелері. Зерттеу барысында автор ең танымал қаржылық технологиялар және blockchain технологиясы ретінде үлкен деректерді Қазақстан нарығындағы ең танымал емес қаржылық технология ретінде көрсетті.
Қорытындылар. Автор Қазақстан үшін инновациялық қаржылық жобаларға инвестиция салудың маңыздылығына назар аударды. Қазақстан Республикасы үшін ең перспективті қаржылық технологиялар анықталды және терең зерттелді.
Зерттеудің мақсаты. Әлемнің көптеген елдерінде денсаулық сақтауды қаржыландыру мәселесі дағдарыстан кейінгі жағдайда неғұрлым өткір болды. Қазақстан медициналық ұйымдарды мемлекеттік қаржыландырудың өсуіне қарамастан, отандық денсаулық сақтау жүйесі қаржы ресурстарының тұрақты тапшылығы жағдайында жұмыс істеуге мәжбүр. Ресурстардың жетіспеушілігі оларды тиімді басқаруды іздеуге әкеледі. Зерттеудің мақсаты бухгалтерлік және шаруашылық қызмет қызметкерлерінде пайда болатын медициналық ұйымдарда басқару есебін енгізу мәселелерін шешудің мүмкін жолдарын табу.
Зерттеу әдіснамасы. Зерттеуде дедукция, логикалық талдау және синтездеу әдістері қолданылады.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы. Мақал шығындардың басқару есебін денсаулық сақтау жүйесінде жұмыс істейтін практикаларға оның маңыздылығы мен пайдалылығын түсіндіру, сондай-ақ осы салада даулы және күрделі мәселелер туындаған кезде бухгалтерлерге теориялық және әдістемелік ұсыныстармен ерекшеленеді.
Зерттеу нәтижелері. Осы мақалада медициналық ұйымдарда басқару есебін енгізу мен дамытуға байланысты бар проблемалар анықталып, оларды шешу жолдары ұсынылды.
Зерттеу мақсаты. Ұсынылған мақалада банк секторындағы тәуекелдерді басқару мәселесіне назар аударылды. Мақсатты тәуекелдерді басқару жүйесі осы мәселелерді шешуге көмектеседі. Осыған сүйене отырып, тәуекелдің мәні анықталады.Тәуекелге әкелетін белгісіздіктің негізгі себептері анықталған, тәуекелдерді басқарудың негізгі мақсаты анықталған және тәуекелдерді басқару процесі қарастырылған. Мақалада банктің тиімділігін арттыру мақсатында осы мәселелерді шешудің мүмкін жолдары ұсынылған.
Әдіснамасы. Банктік тәуекелдерді басқару жүйесі, қазіргі тәуекелдерді басқару әдістері мен оны азайту тәсілдерінен тұратын банкті тәуекелдерден қорғаудың тетіктері қарастырылады.Статистикалық мәліметтер негізінде модельдерді қолдана отырып, талдау жасалынды.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы. Тәуекелдерді бағалаудың негізгі стандарттарына салыстырмалы талдау жүргізілді. Автор тәуекелдерді басқаруға, банк тәуекелдерін қарастыруға, банк қызметімен тығыз байланысты олардың ерекшеліктерін анықтауға ерекше назар аударды.
Зерттеу нәтижелері. Қазақстан Республикасынын банк жүйесіне тәуекелдерді азайту тұрғысынан қолданудың ықтимал салдары талданады және осы салада кездесетін негізгі проблемаларға назар аударылады.Банктік тәуекелдің басқа түрлерін бағалау критерийлері, сондай-ақ оларды реттеу әдістері баяндалды.Тәуекелдерді басқарудың отандық теориясы қалыптасу кезеңінде болғандықтан, қазіргі уақытта «банктік тәуекелдер» ұғымын нақты анықтау мәселесі өзекті болып отыр.
Мақалада банк секторын жаһандандыруды қоса алғанда, экономиканы жаһандандыру жағдайында Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктерді стратегиялық басқару қарастырылады. Қазіргі жағдайда қазақстандық банктер үшін маңызды міндет бір мезгілде қаржылық тұрақтылыққа және клиенттерге арналған өнімдерді дамытуға, клиенттік бағдарлауды арттыру үшін негізделген бәсекеге қабілеттілікті арттыру болып табылады.
Зерттеудің мақсаты. Қазақстандық банктерді стратегиялық басқарудың негізгі үрдістері мен мәселелерін анықтау, қазіргі жағдайда ұлттық капиталы бар банктерді стратегиялық дамыту бойынша бағыттарды ұсыну.
Әдіснамасы. Банк секторын дамытудың негізгі көрсеткіштерін (ағымдағы жағдайы мен динамикасы), клиенттер үшін өнімдер мен сервистерді әзірлеудегі алдыңғы қатарлы шетелдік тәжірибені, Қазақстанда осы тәжірибені қолдану мүмкіндігін талдау.
Жұмыстың бірегейлігі / құндылығы елдегі салада көшбасшылыққа бағытталған стратегияны әзірлеу бойынша қазақстандық капиталы бар банктер үшін ұсынымдар әзірлеу болып табылады.
Зерттеу нәтижелер. Қазіргі уақытта қазақстандық банктер банктік қызметтерді клиентке бағытталған толық көлемде жасайтын қазіргі заманғы қаржылық технологияларды дамыту мүмкіндіктерін толық көлемде пайдаланбайды,сондай-ақ несиелік тәуекелдермен және несие бойынша мерзімі өткен берешектің жоғары деңгейімен мәселелер бар. Оларды дамыту стратегиясы үшін Интернет және автоматтандыру негізінде тәуекелдерді басқаруды жетілдіру және қаржылық технологияларды дамыту өзекті болып табылады.
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ САЛАЛЫҚ НАРЫҚТАРДЫ БАСҚАРУ
Зерттеудің мақсаты. Туризмді табысты дамыту мәдени, тарихи және табиғи ресурстарды сақтауға бағытталған іс-әрекеттерге байланысты. Зерттеудің мақсаты-типтік аграрлық азық-түлік өнімдерін өндіру және тұтыну саласындағы әлеуметтік-мәдени тұрақтылық критерийлерінің бір бөлігі бойынша бағалау жүргізу, қалыптасқан дәстүрлер мен Қазақстанның азық-түлік және азық-түлік мәдениеті туралы құнарлы білімдерді сақтау мәселелерін зерттеу болып табылады.
Зерттеу әдіснамасы. Мақаланың негізі – ұлттық қазақ тағамдарының дәстүрлерін сақтау және тамақ жүйелерінің тұрақтылығын бағалау туралы ақпаратты талдау. Бұл үшін ресми статистика, зерттеу нәтижелері және бұқаралық ақпарат құралдарында ұсынылған ақпарат пайдаланылды. Авторлар түрлі мақсатты топтармен жүргізілген сауалнамалар мен сұхбаттардың нәтижелерін өткізді және талдады.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы. Алғаш рет типтік аграрлық азық - түлік өнімдерін өндіру және тұтыну саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету әлеуметтік-мәдени даму, дұрыс тамақтану, экономика және қоршаған орта тұрғысынан төрт маңызды құрамдас бөліктер тұрғысынан қаралды. Орнықты дамудың аймақтық стратегияларының қажеттілігі дәлелденді.
Зерттеу нәтижелері. Зерттеу барысында азық-түлік жүйелерінің тұрақтылығын бағалаудың әртүрлі индикаторлары, критерийлері мен әдістері зерттелді және құрылымдалды. Жамбыл облысы мысалындағы Қазақстандағы шаруа қожалықтарының әлеуметтік-мәдени тұрақтылығын бағалау нәтижелері. Олардың тұрақтылығына әсер ететін әртүрлі факторлар, басқару мен технологияға инновациялық шешімдер енгізілуде.
Бүгінгі таңда Қазақстанның азық-түлік өнеркәсібінің үлесі елдің азық-түлік тауар айналымының жартысынан астамын құрайды, өйткені негізгі міндет азық-түлік тауарлары нарығын қанықтыру ғана емес, сонымен қатар халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету болып табылады.
Зерттеудің мақсаты елдің тамақ өнеркәсібінің қазіргі жағдайын анықтау болып табылады.
Зерттеу әдіснамасы. Жұмыста талдау және синтездеу әдістері, статистикалық және факторлық талдаулар қолданылды,олардың негізінде тамақ өнеркәсібінің жай-күйіне баға берілді.
Зерттеудің бірегейлігі ресми жарияланымдарда жеткілікті зерттелмеген және ұсынылған Қазақстанның тамақ өнеркәсібінің қазіргі жай-күйінің ерекшеліктерін зерттеу болып табылады. Мақалада тағам өнеркәсібінің сипаттамасы берілген. Жүргізілген зерттеу еліміздің экономикалық қауіпсіздігі мен халықтың денсаулығын сақтау үшін өзекті әрі маңызды Қазақстанның тамақ өнеркәсібінің қазіргі жай-күйін талдаумен байланысты болды.
Зерттеу нәтижелері. Зерттеу мәліметтері бойынша азық-түлік және ілеспе өнімдер өндірісін диверсификациялау мәселелері мен перспективаларын көрсететін қорытындылар ұсынылған.
ISSN 2789-4401 (Online)