МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ БИЗНЕС: БАСҚАРУ ТЕОРИЯСЫ МЕН ПРАКТИКАСЫ
Бұл мақала енгізу əдістері, құралдары мен кезеңдеріне шолу жасау, сондай-ақ осы жүйені пайдаланудың артықшылықтары мен практикалық мысалдарын талдау мақсатында тау-кен кəсіпорнында автоматтандырылған бюджеттеу жүйесін жобалау жəне енгізу процесін зерттеуге бағытталған.
Зерттеудің мақсаты бюджеттік процестің ерекшеліктерін анықтау жəне қаржылық басқаруды жақсарту жəне тау-кен кəсіпорнының тиімділігін арттыру үшін автоматтандырылған бюджеттік жүйені сəтті іске асыру бойынша ұсыныстар əзірлеу болып табылады.
Əдіснамасы. Жұмыста келесі ғылыми əдістер қолданылды: салыстырмалы талдау; синтез; жүйелеу жəне жалпылау əдістері, терең сұхбат, SWOT-талдау.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы. Бұл зерттеудің құндылығы Қазақстан Республикасының өнеркəсіптіккəсіпорындарынбюджеттеудіңнегізгіпроблемаларынанықтаудан, «RG Gold» ЖШСалтын өндіруші компанияның автоматтандырылған бюджеттеу жүйесін жобалау жəне енгізу əдіснамасын əзірлеуден тұрады. Кəсіпорында автоматтандырылған бюджеттеужүйесін енгізу бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру кезінде деректерді шоғырландыруға жұмсалатын уақытты қысқартуға, адами фактор тəуекелін азайтуға, басқарушылық шешімдер қабылдау жəне нарықта бəсекеге қабілеттілікті арттыру үшін бюджетті болжау мен модельдеуге уақытты ұлғайтуға мүмкіндік берді.
Зерттеу нəтижелері. «RG Gold» ЖШС қаржылық басқару жүйесіндегі қолданыстағы бюджеттеу жүйесін диагностикалау, SWOT-талдау жəне оның шектеулерін анықтау бойынша сараптамалық сауалнама негізінде пайдаланушылардың оны автоматтандыру процесіне қажеттіліктері айқындалды.
2024 жылға арналған «RG Gold» ЖШС бюджеттік науқанының функционалдық тестілеуімен бюджеттеу жүйесін автоматтандыру бойынша модельдік өнім əзірленді.
«RG Gold» ЖШС Anaplan автоматтандырылған бюджеттеу жүйесін баптау жүргізілді жəне оны пайдаланушыларды оқыту бағдарламалары əзірленді.
Anaplan бюджеттеуді автоматтандыру жүйесінің стратегиялық қаржылық-басқару шешімдерін қабылдау процесін жеделдетуге жəне «RG Gold» ЖШС-де уақытша, еңбек жəне қаржы ресурстарын үнемдеу арқылы еңбек өнімділігін арттыруға əлеуетті əсері бағаланды.
Зерттеудің мақсаты – Қазақстанның импортты алмастыру саясатының экономиканы дамытудың экономикалық траекториясын оны декарбонизациялау жəне халықаралық ынтымақтастықты кеңейту тұрғысынан таңдаудағы рөлін ашу.
Əдістеме: зерттеудің теориялық-əдіснамалық негізі импортты алмастыру саясатының мəнін зерделеуге жəне оның Қазақстан экономикасына əсер ету дəрежесін анықтауға мүмкіндік беретін жүйелік жəне құрылымдық талдау əдістеріне негізделеді ғылыми-əдістемелік аппарат ретроспективті, себепсалдарлық, ағымдағы жəне перспективалық талдауды, импортты алмастыру саясатын сипаттайтын ашық қолжетімділік статистикасын салыстыруды қамтиды.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы жаңа технологиялық құрылымның көшбасшылары ретінде экономиканың басым секторларын қолдауды қамтамасыз ететін институционалдық шеңберлердің жаңа шындықтарға бейімделуін жеделдетуді негіздеу болып табылады.
Злеерттеу нəтижері – импортты алмастыру саясатын іске асыру кезінде ескеру қажет экономиканың құрылымдық шектеулері анықталды. Импорт жеткізілімдеріне тəуелділік тұрғысынан Қазақстан экономикасының неғұрлым проблемалық секторлары анықталды. Импортты алмастыру саясатының басым бағыттары геосаяси тəуекелдердің өсуі жəне жаһандық құн тізбектерін трансформациялау контекстінде тұжырымдалған. Импортқа тəуелділікті төмендету жəне шетелдік инвесторлардың тартымдылығын арттыру мүмкіндіктері бар Қазақстан экономикасының нақты секторын трансформациялаудың негізгі аспектілері айқындалды. Импортты алмастыру саясатын іске асырудағы цифрлық шешімдердің рөлі негізделген.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы. Қазақстан импортты алмастыру саясатын қалыптастырудың жинақталған əлемдік тəжірибесін бейімдейді. Қазақстанның мысалы өтпелі экономикасы бар, экономиканың нақты секторының өзін-өзі қамтамасыз етуі мен бəсекеге қабілеттілігін арттыруға ұмтылатын, халықаралық нарықтарда өзінің қатысуын кеңейтетін елдерге пайдалы болуы мүмкін.
Мақаланың мақсаты – Қазақстан Республикасы теміржол саласының даму əлеуетін пайдалануды жақсарту бойынша теориялық жəне практикалық ұсыныстар əзірлеу, елдің реттеу шараларын зерделеу жəне олардың даму перспективаларын анықтау.
Əдістемесі теориялық жəне эмпирикалық зерттеу əдістеріне негізделді: елдің теміржол кешенінің жай-күйін талдау, оның проблемалары мен оларды шешу жолдары, сондай-ақ теміржол тасымалы мен оны реттеу үдерісін зерттеу. Зерттеу мəселесі бойынша əдебиеттерді талдау, эмпирикалық жəне теориялық деректерді салыстыру жəне жүйелеу, мақалада зерттелетін мəселелерге жүйелі көзқарас, сапалық салыстыру əдісі, статистикалық əдіс қолданылды.
Зерттеудің бірегейлігі/құндылығы: теміржол көлігі Қазақстан экономикасының ішкі жəне сыртқы көліктік-экономикалық байланыстарын, сондай-ақ халықтың көліктік қажеттіліктерін қамтамасыз ететін негізгі салаларының бірі болып табылады, сондықтан еліміздің теміржол стратегиясын мемлекеттік деңгейде жетілдіру маңызды. Мемлекет осы мақаланың нəтижесінде пайдалы ақпарат алу арқылы теміржол көлігі саласын оңтайландыра алады.
Зерттеудің мақсаты: Қазақстан Республикасындағы телекоммуникацияның дамуын жəне оның дамуына əсер ететін факторларды зерттей отырып, телекоммуникациялық қызметтер нарығын модельдеу жəне болжау.
Əдіснамасы: Телекоммуникация нарығының соңғы 2017-2022 жылдар аралығындағы даму көрсеткіштеріне жəне аймақтар бойынша статистикалық талдаулар мен болжамдар жасалды. Статистикалық, гипотезаларды тексеру, корреляциялық, регрессиялық əдістері қолданылды. Есептеулер деректерді талдауға арналған R бағдарламау тілінде жүргізілді.
Зерттеудің бірегейлігі/құндылығы: Мақалада Қазақстан Республикасындағы телекоммуникация саласы қызметтерінің ерекшеліктері қарастырылған. Телекоммуникацияның салалары бойынша қызметтер нарығын талдаулар жасалды. Сондай-ақ, оны жақсартуға ықпал ететін оң факторларды жəне оның дамуына кедергі келтіретін негізгі себептер анықталды. Анықталған факторлар негізінде болжамдар жасалып, модель құрастырылды.
Өзектілігі: Телекоммуникация саласының даму тенденцияларын зерттеу əлемдік экономиканы дамытудың жалпы стратегиясының шеңберінде ерекше өзекті болып табылады.
Зерттеу нəтижелері: Талдау нəтижелеріне қарап байланыс қызметі бойынша кіріс алып келіп отырған негізгі ішкі салалар сымсыз жəне сымды желілер бойынша Интернет қызметтері екені анықталды. Аймақтар бойынша Алматы жəне Астана қалаларында түсім көбейген. Зерттеулер негізінде авторлар Қазақстан Республикасындағы телекоммуникация қызметтерінің даму жағдайы туралы қорытындыларды қалыптастырды.
Зерттеудің мақсаты. Мақалада озық елдер мысалында бəсекеге қабілетті адами капиталды қалыптастыру қажеттілігі негізделген, оның мақсаты тиімді адами капиталды қалыптастыру көздерін анықтау болып табылады.
Əдіснамасы. Зерттеу барысында талдау жəне синтез, статистикалық жəне салыстырмалы талдау əдістері қолданылды. Авторлар отандық жəне шетелдік экономистердің адами капиталын қалыптастыру саласындағы ғылыми еңбектеріне əдеби шолу жүргізді, елдердің озық тəжірибесі жəне оны қазақстандық шындықта қолдану мүмкіндігі зерделенді. Мəселелерді тереңірек зерттеу үшін стратегиялық бағдарламалар қарастырылып, статистикалық жинақтар талданды.
Зерттеудің бірегейлігі/құндылығы. Адами капиталдың құрамдас бөлігі ретінде денсаулық капиталын қалыптастыруды қамтамасыз ететін денсаулық сақтау жүйесінің негізгі көрсеткіштері талданды. Білім беру жəне денсаулық сақтау салаларының негізгі мəселелері анықталды. Еңбекақы төлеу көрсеткіштерін алдыңғы қатарлы елдермен салыстыру жүргізілді, орташа алғанда да, жалпы экономика салалары бойынша да оның адами капиталдың дамуына əсер ету дəрежесі анықталды.
Зерттеу нəтижелері. Инновациялық экономиканы құру жағдайында ұлттық адами капиталды дамыту тетігі ұсынылды. Еліміздің адами капиталын дамыту мен іске асыруға инвестициялардың тиімділігін қамтамасыз ету бойынша ұсынымдар əзірленді.
Зерттеу мақсаты: зерттеу Мемлекеттік басқару академиясында кадрларды даярлау жүйесіне енгізілген құзыреттілік тəсілдің болашақ мемлекеттік қызметшілердің тиімділігіне жəне белгісіздік жағдайында қызметтің заманауи сын-қатерлері мен талаптарына бейімделуіне қалай ықпал ететінін бағалауға бағытталған.
Əдістеме: əдістеме құзыреттілік тəсілге назар аудара отырып, Академия жүзеге асыратын білім беру бағдарламалары мен тəжірибелерін талдауды қамтиды. Бағалау мемлекеттік қызмет талаптарын ескере отырып, кадрларды іріктеуде, оқытуда жəне дамытуда тəсілді қолдануды зерделеуді қамтиды.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы: мақала Мемлекеттік қызметке кадрларды даярлау процесінде құзыреттілік тəсілді қолдану контекстінде мемлекеттік басқару академиясының тəжірибесін талдауға арналған бастапқы зерттеу болып табылады.
Зерттеу нəтижелері мемлекеттік қызметшілерді даярлау жүйесін одан əрі жетілдіруге негіз бола алады. Зерттеу нəтижелері: зерттеу Қазақстандағы құзыреттілік тəсіл мен құзыреттерді басқару адами ресурстарды стратегиялық жоспарлауға жəне мемлекеттік қызметті жақсартуға бағытталғанын атап көрсетеді. Алайда, жақсартуларға қарамастан, құзыреттердің жеткіліксіз пайдаланылуы байқалады, бұл жас таланттарды тарту үшін мемлекеттік органдар мен білім беру мекемелеріне құзыреттер туралы ақпаратты кеңінен енгізуді талап етеді.
Дамушы елдер контекстінде əйелдер бизнесін дамытуға жəне қолдауға бағытталған зерттеулер ерекше назар аударуды қажет етеді. Бұл талдаудың мақсаты Қазақстандағы, экономикасы дамушы елдегі жəне Орталық Азия елдері арасындағы көшбасшы əйел кəсіпкерлердің өңірлік даму ерекшеліктерін, сондай-ақ пандемиядан кейінгі кезеңде əйелдер кəсіпкерлігін мемлекеттік қолдау саясатын талдау болып табылады.
Зерттеу əдістемесі негіз ретінде статистикалық деректерді талдаудың статистикалық əдістерін, кластерлік талдауды қамтиды.
Зерттеудің құндылығы. Зерттеу республика өңірлерінде əйелдер кəсіпкерлігінің біркелкі емес даму себептерін анықтауға жəне мемлекеттік қолдауды жүзеге асыруға бағытталған.
Зерттеу нəтижелері. Авторлар өңірлердің əлеуметтік-экономикалық дамуы өңірлердегі əйелдердің кəсіпкерлік белсенділігіне тікелей əсер етеді деген қорытындыға келеді. Өңірлік дамудың экономикалық біркелкіностьстігі даму деңгейінің əлеуметтік аспектісінде көрініс табады. Ауыл əйелдерінің экономикалық əлеуетін пайдалану моноқалалар мен инфрақұрылымдыдамытумен, сондайақ өңірлердің ерекшеліктерін ескеретін бағдарламалардыəзірлеумен байланысты. Алайда, кəсіпкерлікті қолдаудың қолданыстағы мемлекеттік бағдарламаларының болуына қарамастан, əйелдерді бизнеске кеңінен тартуға бағытталған бағдарламалар жеткіліксіз жəне елдің кəсіпкерлік экожүйесін жақсарту үшін бірқатар шаралар қабылдау қажет.
ИНВЕСТИЦИЯЛАР, ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ЕСЕП
Зерттеу мақсаты. 2021 жылы Gong & Choi мемлекеттік меншік құрылымының қаржылық деректердіңсапасына əсерінзерттеді. Меншікқұрылымыменқаржылықдеректердіңсапасыарасындағы оң байланысы соңғы жылдары əлсіреді, бұл аралас меншікті тиімді реформалаудың нəтижесі [1]. Біздің зерттеуіміз COVID-19-дың халықтық IPO/SPO бағдарламасының нəтижелеріне аралас мемлекет қатысатын кəсіпорындардағы деректер сапасының өзгеруі тұрғысынан əсерін бағалауға бағытталған оқиғаларды талдау болып табылады.
Əдіснамасы. Біз 2009-2021 жылдар кезеңінде 572 теңгерімсіз панельдік зерттеулерді талдадық. Бұл үлгілер қаржы институттары мен инвестициялық холдингтерді қоспағанда, экономиканың əр түрлі салаларындағы кəсіпорындар бойынша KASE қор биржасының сайтынан алынған. Деректер сапасын бағалау үшін біз 1) Нақты қызмет əдісі негізінде деректер манипуляциясын есептеу үшін 2) жиынтық модельмен бірлесіп есептеу əдісі негізінде деректер манипуляциясын есептеу үшін ақша ағындарының моделін ұстанамыз [2; 3].
Зерттеу нəтижелері. Біз COVID-19-дың аралас мемлекеттік қатысуы бар кəсіпорындардағы деректер сапасына оң əсер еткенін жəне оның əсері 100 % мемлекеттік қатысуы бар жеке компаниялар мен кəсіпорындардағы деректер сапасына əсерімен салыстырғанда күштірек екенін анықтадық. Осындай жедел жəне оң реакцияға қарамастан, 2021 жылы аралас (50-99 %) мемлекеттік қатысуы бар кəсіпорындардағы деректер сапасы нашарлап, жеке жəне Мемлекеттік (100 % қатысуымен) компаниялар деңгейіне дейін төмендеді.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы. Біздің зерттеуіміз COVID-19 əсерін бағалай отырып, 2009-2021 жылдар ішінде Қазақстандағы қаржылық деректер сапасының өзгеру динамикасын талдаудың алғашқы əрекеттерінің бірі болып табылады. Практикалық ұсыныс ретінде біздің зерттеу нəтижелеріміз аралас мемлекет қатысатын кəсіпорындардағы деректер сапасының кейінгі өзгерістеріне əсер ететін ескерту индикаторы ретінде Халықтық IPO/SPO бағдарламасына біріктірілуі мүмкін.
Экономиканын манызды элементы – сапалы технологиялық өндіріс секторы. Технологиялық өндіріс секторы дамуы үшін ғылым мен бизнес арасында байланыс орнатылуы қажет. Олардың арасындағы байланысты орнатудың бірінші кезеңі технологиялық кəсіпкерлікті қолдау болып табылады.
Технологиялық кəсіпкерлік – жоғары қосылған құны бар ғылымды қажетсінетін технологияларды коммерцияландырудың жоғары бір деңгейі. Технологияға негізделген кəсіпкерлікке венчурлық капиталды инвестициялау дамитын тиімді экожүйе қажет, өйткені ол инвестициялаудың жоғары қауіпті құралы болып табылады. Зерттеудің өзектілігін мынадай көрсеткіштер көрсетеді: соңғы 10 жылда елдің ЖІӨ-де ҒЗТКЖ шығындары айтарлықтай төмендеді; Қазақстан Республикасының gem рейтингі, «кəсіпкерлік қаржыландыруға қол жеткізу» көрсеткіші бойынша – 45 елдің ішінен 38 орын; the venture Capital & Private Equity Country Attractiveness Index рейтингінде – 54 орын.
Зерттеудің мақсаты Қазақстан Республикасындағы технологиялық кəсіпкерліктің венчурлық инвестициялаудың аналитикалық жəне эмпирикалық шолуы болып табылады.
Зерттеу əдістемесі негізгі статистика, логикалық талдау, корреляциялық-регрессиялық талдау, сауалнама, жəне талдау мазмұнынан турады.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы Қазақстан Республикасының Технологиялық кəсіпкерлеріне сауалнама жүргізу арқылы технологиялық кəсіпкерліктің венчурлық қаржыландыру сияқты елімізде қарқын алып келе жатқан құбылысты зерттеу болып табылады.
Зерттеу нəтижелері венчурлық қаржыландыру технологиялық кəсіпкерліктің дамуына айтарлықтай əсер ететіндігін көрсетеді. Алайда, қаржыландырудың бұл əдісі негізінен ірі кəсіпорындарға ғана қол жетімді. Авторлардың қорытыны бойынша техно-пренерлер венчурлық қаржыландыруға қол жетімділікті орташа күрделі деп санайды жəне негізінен жеке қаржыға сүйенеді.
ISSN 2789-4401 (Online)