ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА: ДАМУ БАҒЫТТАРЫ
Зерттеу мақсаты – Қазақстанда «жасыл» қаржыландыру мен «жасыл» банкингті дамыту проблемалары мен перспективаларын талдау жəне банктерге «жасыл» экономика жобаларын қаржыландыруға ынталандыру бағыттарын ұсыну.
Əдіснамасы – зерттеу барысында ақпаратты сыни талдау, логикалық қорыту, жүйелеу жəне топтау əдістері қолданылды; зерттеу базасы ретінде отандық жəне шетелдік авторлардың ғылыми жарияланымдары қарастырылды.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы – зерттеудің нəтижелері Қазақстанда банктерді «жасыл» экономиканы қаржыландыруға қатысуын ынталандыру мақсатында олардың жауапты қызметін мемлекеттік реттеуді жетілдіру кезінде қолданылуы мүмкін.
Зерттеу нəтижелері – «жасыл» банкингтің мəні қаралып, «жасыл» экономика жобаларын қаржыландырудағы банктердің рөлі айқындалды; Қазақстанның банк секторының құрылымы мен жайкүйіне талдау жасалды; «жасыл» банкингтің қалыптасуын тежейтін факторлар анықталды; банк реттеушілері тиісті мемлекеттік саясат кезінде банктердің қызметін реттей отырып, қаржы ресурстарын экологиялық жобаларға бағыттауға жəрдемдесуге қабілетті екендігі атап өтілді, ол үшін монетарлық саясат пен макропруденциалдық саясат құралдары қолданулуы мүмкін. Қазақстан экономикасының тұрақты даму мақсаттарын қамтамасыз ету, «жасыл» технологияларды дамыту, экологиялық таза өндірістерді қаржыландыру үшін «жасыл» банкингті дамыту, ерекше маңызға ие болып тұр деген қорытынды жасалды.
Зерттеу мақсаты – Қазақстан жастарының жұмыспен қамту, еңбек нарығы жəне еңбек көші-қоны мəселелері туралы қоғамдық пікірді зерттеу, сондай-ақ жастардың еңбек нарығын реттеу жөнінде ұсыныстар əзірлеу.
Əдіснамасы. Қазақстанның 14 облысы мен республикалық маңызы бар 3 қаласының: Нұр-Сұлтан, Алматы жəне Шымкент қалалық елді мекендерінің аумағында, Атырау облысы бойынша Атырау қаласы мен 7 ауданында Қазақстандағы 18-25 жастағы жастардың əлеуметтік хал-ахуалы, соның ішінде жұмыспен қамту, еңбек нарығы жəне еңбек көші-қоны проблемалары туралы жастардың пікірін білу үшін сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға 18-25 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының жастары қатысты. Зерттеудің іріктемелі жиынтығының жалпы көлемі 4 000 адамды құрады.
Зерттеудің бірігейлігі / құндылығы. Қазақстан Республикасы жастар еңбек нарығы мен еңбек көші- қонына қатысты «COVID-19» кезіндегі мəселелер анықталды.
Зерттеудің нəтижелері. Қазақстан жастар еңбек нарығы, жастар жұмыссыздығы мен жастар еңбек көші-қон мəселелері қарастырылып, сауалнама жүргізуден алынған нəтижелер бойынша жастар еңбек нарығын мемлекеттік реттеу бойынша ұсыныстар берілді. Атап айтқанда, жастарды жұмыспен қамтуда кəсіпкерлікті мемлекеттік қолдау, еңбек нарығы инфрақұрылымын цифрландыру, жастардың кəсіби дағдыларын дамыту.
ЖАҺАНДАНУ ЖӘНЕ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ
Бұл мақалада COVID-19 пандемиясынан туындаған жоғары білім берудегі əлемдік дағдарыстың жаңа кезеңі туралы айтылады.
Зерттеу мақсаты – білім беру саласындағы неолиберализм мəселелері бойынша қазіргі заманғы шетелдік əдебиеттерге жүйелі талдау жүргізу жəне пандемия кезеңінде неолибералдық тұжырымдамалардың жоғары білім беру саласына əсер ету факторларын анықтау.
Əдіснамасы – осы зерттеудің негізгі əдіснамасы неолиберализм, жоғары білім беру мен жаһанданудың аксиологиялық мəселелеріне арналған шетелдік ғылыми-зерттеу əдебиеттерін жүйелі талдау болды. Барлығы 20 дереккөз зерттелді, оның ішінде жетекші шетелдік философ-ғалымдар М. Эппла, А. Жиру, С. МакКлоски жəне басқалары. Зерттеу үшін іріктелген жұмыстар 2000 жылдан бүгінгі күнге дейінгі уақыт аралығын қамтиды.
Зерттеу бірегейлігі / құндылығы – əдебиеттерді талдау барысында жоғары білімнің сапасы мен тиімділігіне əсер еткен факторлар қарастырылады, болашақта пост-ковидтік білім беру перспектива- лары ұсынылады. Жаһандану идеологиясы, жаһандық күн тəртібі болып табылатын неолиберализм сияқты бағыт бөлек қарастырылады. Пандемия жоғары білім беру саласында проблемалар туғызбады, тек бұрыннан бар проблемаларды ушықтырды деген пікір негізделген. Шетелдік ғалымдардың пікір- леріне шолу жасалады, олардың пандемиямен жəне білімге неолибералды (нарықтық) көзқараспен байланысты дағдарыстан əлемдік жоғары білімнің шығу стратегиялары ұсынылады.
Зерттеу нəтижелері – шетелдік ғылыми-зерттеу əдебиеттерін жүйелі талдау ғалымдар пандеми- яны əлемдік білім беру дағдарысының қазіргі кезеңінің себебі ретінде емес, оның негізін қалайтын себептер ретінде қарастыруға бейім екенін көрсетті.
БИЗНЕС ЖӘНЕ БАСҚАРУ: МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ШЕШІМДЕР
Зерттеу мақсаты – əлеуметтік кəсіпкерліктің даму жағдайын жəне оған ықпал етуші факторларды қарастыру жəне анықтау.
Əдіснамасы – əлеуметтік кəсіпкерлікті кешенді түсіну үшін жинақталған концептуалды пікірталас жəне əртүрлі эмпирикалық деректерді бағалау. Бұл мақала əлеуметтік кəсіпкерлік ұғымын жəне оның əлеуетін жəне əлеуметтік нəтижеге нақты қатынасын түсіндіруге бағытталған. Қазақстандағы кəсіпкерліктің дамуы туралы статистикалық мəліметтерге, Қазақстанның əлеуметтік кəсіпкерлер қауымдастығының мəліметтеріне баға берілді. Жиынтық белгілері қалыптастырылды: Қазақстандағы əлеуметтік кəсіпорындардың саны жəне əсер етуші факторлар: демографиялық топ, əлеуметтік топ, экономикалық топ. Факторлардың тəуелділігін анықтау үшін экономикалық-математикалық құралдар қолданылады. Корреляциялық-регрессиялық тəуелділік моделі құрастырылды.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы – қазіргі жағдайдағы əлеуметтік кəсіпкерліктің жағдайын зерттеу жəне талдау жəне Қазақстандағы əлеуметтік кəсіпкерлікті дамытуды жақсарту бойынша ұсыныстар.
Зерттеу нəтижелері. Зерттеуде экономикалық-математикалық аппаратты қолдану арқылы Қазақстандағы əлеуметтік кəсіпкерліктің дамуына факторлардың əсері туралы қорытындылар жасалды. Əлеуметтік кəсіпорындар жоғары əртараптандырылған, өйткені олар қаржылық қызметтерді, коммерциялық қызметтерді, ауыл шаруашылығын, денсаулық сақтауды жəне əлеуметтік қызметтерді қоса алғанда, əртүрлі ұйымдық құрылымдармен жəне басқа коммерциялық жəне коммерциялық емес ұйымдармен қарым-қатынастары бар көптеген салаларда жұмыс істейді. Бұл əртараптандыру əртүрлі ақпараттық қажеттіліктерге, мүдделі тараптардың əртүрлі күтулеріне, сондай-ақ əлеуметтік кəсіпкерліктің дамуын бағалау мен талдаудың əртүрлі ықтимал өлшемдеріне əкелуі мүмкін.
Зерттеу мақсаты. Мақала жоғары білім беру саласындағы өңірлік саясатты əзірлеу кезінде одан əрі шешімдер қабылдау жəне экономиканың нақты секторымен неғұрлым нəтижелі өзара əрекеттесу жасайтын өңірлердің жоғары оқу орындарын қолдауды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының өңірлері бойынша мезо-деңгейде интегралдық көрсеткішті есептеу негізінде жоғары оқу орындары мен бизнестің өзара əрекеттесу тиімділігінің рейтингтік бағалау нəтижелерін жариялауға жəне талдауға арналған.
Əдіснамасы. Зерттеуде интегралды көрсеткішті есептеуге əдістемелік тəсіл қолданылды.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы. Бұл бағалау қолда бар статистикалық деректер негізінде өңірлер бойынша жоғары оқу орындары мен бизнестің өзара əрекеттесуінің тиімділігін объективті айқындауға мүмкіндік береді.
Зерттеу нəтижелері. Жүргізілген бағалау өңірлік рейтингтің көшбасшылары білім беру-ғылыми əлеуетінің жоғары деңгейі бар өңірлер болып табылатынын айқындауға мүмкіндік берді.
Зерттеудің мақсаты – парктің материалдық-техникалық базасын жəне қолданыстағы басқару жүйелерін талдауды қоса алғанда, Іле-Алатау ұлттық паркіндегі экологиялық туризмнің ағымдағы жағдайын бағалау.
Əдіснамасы – негізгі зерттеу құралдары ретінде келесілер пайдаланылды: синтез, талдау, дедукция, салыстыру.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы – экологиялық туризмнің қазіргі жағдайын объективті бағалау болып табылады, атап айтқанда, Қазақстандағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарындағы турлар мен Америка Құрама Штаттарын (АҚШ) шетелдік мысал ретінде қарастыру, бұл ұлттық парктерде туризмді ұйымдастыру мен дамытудың тиімді əдістерінің негізін жасап, қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Зерттеу нəтижелері – Алматы облысының бірегей табиғи ресурстарына талдау жасай отырып, авторлар өңірдің ішкі жəне келу туризмін дамытудағы жоғары əлеуетін дəлелдеді. Америка Құрама Штаттарымен салыстырмалы талдау негізінде авторлар Іле-Алатау ұлттық паркінің материалдық- техникалық базасының қазіргі жағдайына баға берді. Авторлар экологиялық туризмді дамытудың ағымдағы бағдарламасын жетілдіру бойынша бірнеше ұсыныстар жасады.
МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ БИЗНЕС: БАСҚАРУ ТЕОРИЯСЫ МЕН ПРАКТИКАСЫ
Зерттеу мақсаты – Алматы қаласының жалпы білім беретін мектептері мұғалімдерінің инклюзив- ті білім беру үдерісіне деген көзқарастарына əсер ететін факторларды анықтауға бағытталған. Зерттеу жұмысында мұғалімдердің инклюзияға оң немесе теріс қатынасына ықпал ететін қабылдаулары мен тəжірибелері талданады.
Əдіснамасы. Бұл жұмыста сапалы зерттеу əдісінің нəтижелері берілген. Сұхбатқа Алматы қаласындағы 15 орта мектептен 25 мұғалім қатысты. Деректер Atlas.ti бағдарламалық жасақтамасымен мұғалімнің қарым-қатынасына қатысты бірнеше тақырыптарға (кодтамаларға) сəйкес жүйеленіп, фак- торлар бойынша жіктелді.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы. Мұғалімдердің инклюзивті білім беру туралы көзқарастары мен түсініктерін түсіну инклюзияны мектептерде енгізу процесінде кездесетін өзекті мəселелерді анықтауға көмектеседі. Бұл мұғалімдер тарапынан келеңсіз салдардың алдын алуға ықпал етеді. Со- нымен қатар, Қазақстан жағдайында жартылай құрылымдық сұхбатты қолдана отырып, мұғалімдердің инклюзивті білім беруге көзқарастарын тереңірек зерттейді.
Зерттеудің нəтижелері. Мұғалімдер арасында инклюзияға белгілі бір көзқарасты қалыптастыруға ықпал ететін концептуалды, əлеуметтік, техникалық, əдістемелік-дидактикалық, кəсіби жəне медиа факторлары ретінде алты фактор анықталды. Нəтижелер мұғалімдердің инклюзияға бейтарап, тіпті теріс көзқарасын көрсетті. Олар инклюзивті білім беру үдерісінде өз тəжірибелерін білдіру кезінде əдістемелік / дидактикалық жəне əлеуметтік факторларының маңыздырақ екенін белгіледі.
Зерттеу мақсаты – мемлекеттік сатып алу жүйесіндегі бар проблемаларды жəне оларды шешу жолдарын зерттеу.
Əдіснамасы. Қазақстан Республикасында мемлекеттік сатып алуды басқару проблематикасын аша- тын ғылыми, ғылыми-практикалық жəне жарияланымдық зерттеулер зерттеудің əдіснамалық негізі болып табылады. Мақалада сипаттау, салыстыру жəне талдау сияқты теориялық жəне эмпирикалық зерттеу əдістері қолданылған. Бұл ретте ресми статистикалық мəліметтер келтіріліп, осы саладағы оң халықаралық тəжірибе зерделенді, сонымен қатар социологиялық зерттеу əдісі қолданылды. Сауалнама авторлармен əзірленді жəне Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу порталында орналастырылды.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы. Мемлекеттік сатып алу саласы əлеуметтік-экономикалық бағытты дамытуда маңызды рөлге ие болады, алынған нəтижелер сатып алу жүйесін жетілдіруде қолданылуы мүмкін.
Зерттеу нəтижелері. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік сатып алу мониторингі саласындағы ағымдағы жағдай жəне алдыңғы қатарлы елдердің тəжірибесі талданып, соның негізін- де талданып отырған саладағы жұмыс істеу проблемалары айқындалды. Сатып алудағы сыбайлас жемқорлық əртүрлі жағдайларда көрінеді. Осы проблемаларды шешу жəне Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алуды басқару жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг институ- тын дамыту мақсатында шет елдердің озық тəжірибесін пайдалану ұсынылады. Мемлекеттік сатып алудың қоғамдық мониторингін күшейту жəне мемлекеттік сатып алу саласында қоғамдық бақылау орталықтарын құру қажеттілігі негізделген. Мақаланы қорытындылай келе, мемлекеттік сатып алу мониторингінің тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар ұсынымдар жасалды.
ИНВЕСТИЦИЯЛАР, ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ЕСЕП
Зерттеу мақсаты – Қазақстан Республикасының аграрлық секторын несиелендіру жүйесінің қажеттілігін арттыру үшін теориялық-əдістемелік əзірлемелер негізінде мəселелерді анықтау жəне оларды шешу бойынша ұсыныстар əзірлеу.
Зерттеу əдіснамасы. Зерттеуде авторлар ауыл шаруашылығы несиесін талдауға жəне саланың табысты жұмысына əсер ететін факторларды анықтауға тырысты. Мақаланы зерттеу мен жазу барысында экономикалық зерттеулерге тəн əдістер қолданылды: мəліметтерді топтастыруға негізделген экономикалық-статистикалық əдіс, салыстырмалы əдіс, кестелік əдіс жəне жалпылау əдісі.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы. Зерттеу нəтижелері аграрлық секторды несиелендіру бойынша қаржыландыру арналарын кеңейту бағдарламаларын əзірлеу, ауыл шаруашылығы өндіріс кешенін дамыту бойынша субсидиялау механизмін өзгерту кезінде қолданылуы мүмкін.
Зерттеу нəтижелері. Бұл мақалада ауыл шаруашылығы секторы үшін қолжетімді несие ресурстарына талдау келтірілген, сонымен бірге ауыл шаруашылығы секторын түрлі көздер арқылы несиелендірудің түрлі бағдарламалары ұсынылған. Аграрлық секторды несиелендіру бойынша Қазақстанда туындаған мəселелер анықталды жəне оларды азайту мен шешу жолдары бойынша ұсыныстар келтірілді.
Зерттеу мақсаты – ЕАЭО елдеріндегі тенденцияларды ескере отырып, ағымдағы зерттеулер мен Қазақстандағы лизингтік қызметтер нарығының дамуының негізгі ерекшеліктерін талдау нəтижелері негізінде оларды одан əрі дамыту бойынша ұсыныстар əзірлеу болып табылады.
Əдіснамасы. Бұл жұмыста дамудың негізгі тенденцияларын анықтауға мүмкіндік берген нарықтағы ақпаратты зерттеудің логикалық əдістерімен қатар, мəліметтердің сапалық жəне сандық талдауы, сондай-ақ қорытындылардың аргументін қалыптастыру үшін графикалық визуализация əдісі қолданылды. Бұл ретте ЕАЭО елдерінің деректеріне негізделген экономикалық нарықты талдаудың статистикалық əдістерін кеңінен қолдану ұлттық секторды дамытудың перспективалық бағыттарың көрсетуге мүмкіндік берді.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы. Бизнесті инвестициялау құралдарын кеңейту үшін мүмкіндіктерді анықтау мақсатында Қазақстанда жəне ЕАЭО елдерінде лизингтік қызметтерді дамытудағы негізгі үрдістер мен проблемаларды анықтау. Жұмыста лизинг секторының көрсеткіштеріне салыстырмалы талдау жасалып, бір кездері дамудың негізгі жағдайлары болған елдер үшін ұқсас жəне қарамақайшылықты тенденцияларды анықтауға мүмкіндік береді.
Зерттеу нəтижелері. Қазақстанда пандемия кезіндегі дағдарыстық құбылыстарға қарамастан лизинг қызметтері нарығының жандануы байқалады. Квазимемлекеттік лизингтік компаниялардың нарыққа əсері осы қаржы секторындағы көрсетілетін қызметтердің жеке бизнесінің дамуын ынталандырмайды. Лизингтік қызметтер аясын кеңейту жəне жеке лизингтік компанияларды қаржыландыру тетіктерін сапалы жаңарту қажеттілігі қазақстандық нарықтың ЕАЭО елдері жүйесінде бəсекеге қабілетті болуына мүмкіндік береді.
ISSN 2789-4401 (Online)