ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА: ДАМУ БАҒЫТТАРЫ
Зерттеу мақсаты – ұлттық экономиканың технологиялық жаңғыруын басқаруды талдау, оның жүзеге асу бағыттарын, Жамбыл облысы экономикасын технологиялық жаңғыртудағы басқару бойынша бүгінгі күнгі өзекті мəселелерін анықтау болып табылады.
Əдіснамасы – зерттеу жүргізуде теориялық жəне эмпирикалық ғылыми зерттеу əдістері, «өндірістік қуаттарды пайдалану динамикасын есептеу əдісі» пайдаланылды.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы – экономиканы басқару жүйесіндегі соңғы уақытта жүргізіліп жатқан өзгерістер аймақтардың экономикалық жүйедегі орны мен рөліне айтарлықтай ықпалын тигізді. Осыған орай аймақ экономикасын технологиялық жаңғыртуын басқару, олардың дамуын мемлекет тарапынан реттеу мəселелері өзекті бола түсері сөзсіз.
Зерттеудің нəтижесіде Жамбыл облысы аймағы экономикасын технологиялық жаңғыртуды басқару бағыттары, критерийлері мен əдістері зерттелді жəне құрылымдалды. Аймақ кəсіпорындарын технологиялық жаңғыртуда – бизнес пен үкімет арасындағы техникалық серіктестікті ұйымдастыру мəселені шешудің нұсқаларының бірі екені дəлелденді. Қазіргі кезеңде негізгі шаруашылық қызметтің аймақтарда жүзеге асырылатындығын ескерсек, экономикалық технологиялық жаңғырту мəселелерін өздігінен шешуге лайықты қаржылық дербестіктің берілуі маңызды болып табылады. Осыған байланысты Жамбыл облысы аймағын технологиялық жаңғыртуды басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіліктерді ажырату, бюджетаралық қатынастарды реттеу мəселелері Қазақстанның экономикалық өсуіне мүмкіндік беретін негізгі шарттар ретінде қарастырылды. Осындай маңызды мəселелердің шешімін табу аймақтық экономикалық басқаруды дамытумен тікелей байланысты.
Зерттеудің мақсаты – ұлттық өсімге ықпал ете отырып, аймақтағы экономикалық қызметтің бəсекеге қабілетті жаңа түрлерін сақтау жəне дамыту бойынша Қарағанды облысының материалдары негізінде Қазақстан Республикасының аумақтық дамуының көрсеткіштерін талдау.
Əдіснамасы – зерттеудің əдіснамалық негізі бұл аумақтық даму саясатына қолайлы жағдайлар жасау үшін құралдарды пайдалану тиімділігін арттыру бойынша əдістер, механизмдер, принциптер, шаралар кешенін құрайтын əр түрлі əдістер жүйесі.
Зерттеу əдістері. Зерттеу аясында келесі əдістер қолданылды:
- теориялық, оның ішінде аймақтық жəне аумақтық даму саласындағы отандық жəне шетелдік ғалымдарды талдау;
- заңнамалық жəне нормативтік құжаттарды талдау;
- корреляциялық жəне регрессиялық талдауды қолдана отырып, математикалық модельдеу жəне болжау əдістері;
- нəтижелерді графикалық ұсыну əдісі.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы – зерттеу инновациялық өнім көлемінің индикаторы мен Қарағанды облысында өндірілетін факторлар арасында байланыс бар деген гипотезаға негізделген:
- өнеркəсіптік өндіріс көлемі;
- ЖҰӨ;
- резиденттерге өндірістік құндылықтарды құндық мəнде жөнелту;
- шағын кəсіпкерліктің ЖҚҚ;
- орта бизнестің ЖҚҚ.
Зерттеу нəтижелері – талдау нəтижесінде автор ұсынған гипотеза тек «Орта бизнестің ЖҚҚ» факторы бойынша расталды, бұл тек Қарағанды облысындағы кəсіпорындар қызметінің көрінісімен байланысты емес, сонымен қатар нəтиже болып табылады аймақтық инновациялық саясат.
Қазіргі таңда агроөнеркəсіп кешені – ауылшаруашылық шикізатын шығаруға немесе қайта өңдеуге жəне одан əртүрлі дайын өнім алуға бағытталған ауылшаруашылық жүйелерін қамтитын түрлі салалардың жиынтығы.
Зерттеу жұмысының мақсаты – сипаттама ағымдық жағдай мен аймақтың агроөнеркəсіптік кешенінің болашағын дамыту.
Əдіснамасы. Тапсырмаларды іске асыруды зерттеу əдістері көлденең талдау, мəліметтерді кестелік жəне графикалық бейнелеу, деректерді салыстыру (салыстыру əдісі), аймақтық агроөнеркəсіптік кешен жұмысының нақты мəселелерін шешу əдістерін қолдана отырып қарастырылады.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы – бұл өңірдің агроөнеркəсіптік кəсіпорындарының табысты жұмыс істеуі үшін жағдай жасауға ықпал ете отырып, Түркістан облысының агроөнеркəсіптік кешенін дамытудың оң мүмкіндіктері бар күшті жақтарын негіздеу механизмін қолдану.
Зерттеу нəтижелері. Ғылыми еңбекте Түркістан облысының агроөнеркəсіп кешенінің статистикалық деректері толық сарапталды жəне өңірдің ауылшаруашылығының осал тұстары анықталды. Қолда бар ресурстар мен потенциалдарға қарамастан, мынандай:
– АӨК кəсіпорындары өнімдерінің бəсекеге қабілеттілігі мен рентабельділігінің төмен деңгейі;
– ұсақ шаруашылықтар тиімділігінің төмендігі;
– ауыл шаруашылығы өндірістерінің қажеттіліктеріне нашар бағдарланған ғылыми зерттеулер жəне т. б., агроөнеркəсіптік сектордың əл-ауқатын, яғни нəтижесінде өңірдің əл-ауқатын тұрақтандыру жəне жақсарту үшін шешілуі тиіс мəселелер анықталды.
БИЗНЕС ЖӘНЕ БАСҚАРУ: МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ШЕШІМДЕР
Зерттеу мақсаты – сандық əдістер мен контент-талдауды қолдана отырып, білім беру саласындағы мекемелердің қызметін жоспарлау кезінде ғылыми жарияланымдардың зерттелу дəрежесін анықтау.
Əдіснамасы – индекстелетін халықаралық ғылыми жарияланымдар мен журналдарда негізгі түйінді сөздер бойынша контент-талдау жүргізілді. Талдаудың графикалық жəне статистикалық əдістері қолданылды.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы. Халықаралық ғылыми жарияланымдарды контент-талдау əдісін пайдалана отырып, зерделенудің төмен дəрежесін анықтау жəне нəтижелерді ұзақ мерзімді перспективада академиялық қызметті стратегиялық жетілдіруде пайдалану.
Зерттеу нəтижелері – білім беруді стратегиялық жоспарлауда контент-талдауды қолдану стратегиялық жоспарлауды əзірлеу кезінде ғылыми жарияланымдардың нашар зерттелгендігін көрсетті. Бұл талдау білім беру саласындағы осы мəселені жан-жақты зерттеу қажеттілігін талап етеді. Зерттеу көзі болып, білім беру саласындағы Scopus халықаралық индекстелетін журналындағы ғылыми мақалалардағы зерттелу мен белсенділік деректері болды.
Зерттеу мақсаты денсаулық сақтау жəне медициналық мекемелердегі операциялық менеджменттің ерекшеліктерін сипаттау болып табылады. Қазіргі жағдайда қызметтің барлық салаларында айтарлықтай өзгерістер орын алады, олар стратегияны қалыптастыруға жəне операциялық менеджменттің даму динамикасына əсер етеді өйткені ұйымдар жаңа əлемге бейімделуге мəжбүр.
Əдіснамасы. Осы ғылыми мақалада зерттеу жүргізу кезінде жүйелік талдау, синтез, логикалық топтау жəне ұйымның операциялық басқару жүйелерін талдауда қолданылатын заманауи əдістер қолданылды.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы операциялық менеджмент қызмет пен бизнестің кез-келген саласын ұйымдастырудың маңызды функцияларының бірін орындайтындығына негізделген. Операциялық менеджментті үйрену олардың кірісін арттыру үшін ресурстар мен бизнес–процестерді қалай басқаруға болатындығын түсінуге мүмкіндік береді. Операцияларды басқару əртүрлі ымыралы өзара байланысты шешімдер қабылдауды қамтиды.
Зерттеу нəтижелері нарықтың қозғалмалы жағдайына икемділік пен менеджмент, сұраныс көлеміндегі өзгерістерге тез жауап беру қабілеті ұйымның бəсекеге қабілеттілік деңгейін сипаттайды деген қорытындыға əкеледі.
Зерттеу мақсаты – короновирустық пандемияда қоғамдық тамақтандыру саласының жағдайының ерекшеліктерін қарастыру жəне саланың дамуын жүзеге асыру үшін тиісті ұсыныстар дайындау.
Əдіснамасы. Нақты материалдарды өңдеу кезінде диалектикалық, хронологиялық, логикалық, ғылыми жалпылау, статистикалық жəне салыстырмалы талдау сияқты дəстүрлі ғылыми əдістер қолданылды. Зерттеу құралы ретінде салыстыру əдістері, мақсаттарды құрылымдау, сондай-ақ сараптамалық бағалау қолданылды.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы – Зерттеу нəтижесінде автор республикадағы мейрамхана кəсібінің қазіргі жағдайына шолу жасады, əртүрлі мақсатты сегменттер мен даму тенденцияларын ескере отырып, кəсіпорындардың жаңа форматтарын, олардың инновациялық тұжырымдамаларын зерттеді.
Зерттеу нəтижелері – Инновациялық технологиялардың жəне қазіргі шындықтың мейрамхана кəсібіне тигізетін əсерінің рөлін түсіну тереңдетілді, сонымен қатар зерттелетін саладағы ұлттық мəдениетті, дəстүрлерді, салауатты тамақтануды ескере отырып, тағамдар дамуының негізгі тенденциялары зерттелді.
Бұл мақалада қазіргі заманғы туризм түрі ретінде гастрономиялық туризмнің негізгі аспектілері қарастырылады. Бұл жұмыс гастрономиялық саяхаттардың тарихы туралы да айтады. Қазақстанның туристік бағыттарына туристердің назарын аудару тəсілі ретінде гастрономиялық туризмнің негізгі проблемалары мен даму перспективаларын талдады. Туризмнің осы түрінің туристік мақсаттағы брендті қалыптастырудағы рөлі ашылды. Əр түрлі елдердегі гастрономиялық туризмнің дамуына талдау жүргізіліп, оның осы елдердегі туристік бағыттардың дамуына қосқан үлесі бағаланады.
Зерттеу мақсаты: əр түрлі елдердің тəжірибелеріне сүйене отырып, гастрономиялық туризмнің туристік бағытты дамытуға əсерін зерттеу.
Əдіснамасы: берілген тақырып бойынша ақпаратты теориялық зерттеу, тарихи, салыстырмалы, графикалық талдау, таңдалған тақырып бойынша əдебиеттерді талдау, сауалнама.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы: бұл зерттеуді автор алғаш рет құрастырған жəне толығымен өзіндік жұмыс болып табылады.
Зерттеу нəтижелері: бұл зерттеу гастрономиялық туризмнің туристік бағытты дамытуға жəне оған назар аударуға əсерін дəлелдеді. Туризмнің осы түрін дамытуға мүмкіндігі бар елдерге гастрономиялық турларды құру жəне жүзеге асыру бойынша ұсыныстар əзірленді.
ИНВЕСТИЦИЯЛАР, ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ЕСЕП
Зерттеу мақсаты – 1991–2017 жылдар аралығында Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) елдерінде орналасқан дəстүрлі банктердің қаржылық нəтижелеріне нақты банктік, макроэкономикалық айнымалылар мен саяси тұрақтылықтың əсерін зерттеу.
Əдіснамасы. Табыстылықты анықтайтын факторларды эмпирикалық зерттеу үшін біз OLS əдісін қолдандық (панельдік деректердің FGLS моделі).
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы – қолданыстағы əдебиетке қосқан 2 есе үлесі: біріншіден, кірістіліктің детерминанттарын бағалау үшін біз 1991 жылдан 2017 жылға дейінгі кең ауқымды кезеңдерді қамтылды, екіншіден, FGLS моделін қолдану алғаш рет ТМД аймағында саяси тұрақтылық, сыбайлас жемқорлық жəне əлемдік қаржы дағдарысы сияқты жаңа индикаторларды қолдану арқылы зерттеулер жүргізу үшін қолданылды.
Зерттеу нəтижесі – банкке тəн айнымалылардың кірістірілікті түсіндіруде өте маңызды жəне оң рөл атқаратынын көрсетеді, макроэкономикалық индикаторлар банктің кірістілігіне теріс əсер етеді. Политикалық тұрақтылық ТМД-да банктердің табыстылығына əсер етпейді.
ISSN 2789-4401 (Online)