Preview

Central Asian Economic Review

Кеңейтілген іздеу
№ 2 (2019)
Шығарылымды жүктеу PDF (Russian)

БИЗНЕС ЖӘНЕ КОРПОРАЦИЯЛЫҚ БАСҚАРУ

9-21 518
Аңдатпа

Мақала адам ресурстары дамуының қызметкер білім алмасу мінезіне əсерін қарастырады.

22-33 376
Аңдатпа

Мақалада Кобба-Дуглас, Я. Тинберген жəне Р. Солоудың өндірістік функцияларын пайдалана отырып, Қазақстан өнеркəсібінің өсу факторлары зерттеледі. Құрылған функциялар сызықты біртекті, ауқымды тұрақты қайтарымды жəне экстенсивті өсуге тəн. Ресурстардың орташа жəне шекті тиімділігінің көрсеткіштерін талдау капитал шығындарымен жəне техникалық прогресс үлесімен салыстырғанда еңбек шығындарының Қазақстанның өнеркəсіптік өндірісінің көлеміне басым əсерін көрсетеді.

34-44 237
Аңдатпа

Зерттеу мақсаты: Кəсіпорынның қызметіне сыртқы ортаның əсерін зерттеу əдістерін ашу.
Сыртқы ортаның факторларын болжау жəне талдау нəтижесінде өнеркəсіптік өнімнің көлемін болжау жасау.
Əдістері: Авторлық анықтамалық зерттеулер жүргізілген. Статистикалық əдістер жəне корреляциялық- регрессиялық талдаулар əдістері қолданылған.
Құндылығы: Мақалада автор кəсіпорынның қызметіне сыртқы орта факторларының əсерін зерттеу əдістемесі қарастырылған. Кез-кeлген кəсіпорын бeлгілі - бiр ортадa қызмет етедi. Ал сол кəсіпорынды басқаратын менеджер оның келешекте бəсекеге тұрақталығын сақтап қалу үшін, оның шаруашылық қызметін сыртқы ортаның өзгерістеріне бейімдеп отыруы қажет. Осы мақсатта автормен сыртқы ортаны болжау, талдау əдістерінің ғылыми негізделген жіктемесі көрсеткен.
Қазақстан Республикасы өнеркəсіптік саласының өнім көлеміне факторлық талдау жүргізіліп, нəтижесінде оның көлеміне əсер ететін көрсеткіштер байланысын анықтау арқылы болжамдар жасаған.
Қорытынды: Автор сыртқы ортаның тұрақсыздығы жағдайында, кəсіпорынға əсер ететін факторларды болжау əдістемесінің ғылыми негізделген түрін топтастырған. Корреляциялық - статистикалық əдісті қолдану нəтижесінде Қазақстан Республикасының өнеркəсіптік өнім көлеміне болжам жасады.

45-55 372
Аңдатпа

Зерттеу мақсаты – Қазақстан Республикасында қолданылатын қалалық агломерацияларды басқару модельдерін зерттеу, агломерацияларды басқару жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар əзірлеу.
Жұмыстың бірегейлігі/құндылығы-жүргізілген талдау негізінде Шымкент агломерациясына кіретін үш жүзден астам қоныстарды қамтитын қалалық агломерацияларды басқарудың қолданыстағы шарттық моделіне қарағанда неғұрлым тиімді модельді іздеу қажеттілігі негізделген.

56-68 389
Аңдатпа

ACTICE OF IMPLEMENTATION OF THE PRINCIPLES OF CORPORATE SOCIAL RESPONSIBILITY IN KAZAKHSTAN COMPANIES

Зерттеу мақсатыҚазақстан аймақтарында бизнестің əлеуметтік жауапкершілігін дамыту жолдары мен механизмдерін ғылыми тұрғыда дəлелдеу. Бұл олардың əлеуметтік-экономикалық даму ерек шелігі мен деңгейі контекстінде жүзеге асады. Алға қойған мақсатқа жету үшін бірнеше зерттеушілік міндеттерді шешуге тура келді: отандық кəсіпкерлік секторды дамыту ерекшелігі контекстінде Қазақстандағы бизнестің корпоративтік əлеуметтік жауапкершілігін дамыту кезеңдерін анықтау; аймақтық экономикалық жүйелер мəселелерін шешуде бизнес пен биліктің өзара əрекеттесу механизмін қарастыру; отандық бизнес құрылымдар мысалында билік, бизнес жəне қоғамның əрекеттесу тəжірибесіне талдау жүргізу.
Əдістемесізерттеу тақырыбын əзірлеу кезінде талдаудың жүйелі, салыстырмалы жəне статистикалық əдістері, сарапшылық бағалаудың əдісі қолданылды. Зерттеудің эмпирикалық əдістер ретінде сарапшылық сауалнама, құжаттарды талдау, əлеуметтік зерттеулерді екінші мəрте талдау қолданылды.
Ерекшелігі/құндылығызерттеудің маңыздылығы отандық компаниялардың корпоративтік əлеуметтік жауапкершілікті жүзеге асыру тəжірибесін сыни талдау болып табылады. Осы талдаудың нəтижелері корпоративтік əлеуметтік жауапкершілікті қалыптастырудың негізгі алғышарттары мен бағыттарын жасауға септігін тигізді.
Қорытындылар – əлеуметтік жауапкершіліктің отандық үлгісінің саяси құрамдас бөлігі бар, КƏЖ саласында басты əрекеттесу «бизнес-билік» үлгісі бойынша жүзеге асады. Қазақстандағы корпоративтік əлеуметтік жауапкершілік мемлекет пен ірі бизнестің арасындағы əрекеттесудің бейресми жəне əдетте ашық емес ережелеріне негізделген. Бұл ретте билік пен бизнес арасындағы əрекеттесуінде қарым-қатынастың институционализациясына, саудаласу саясатынан өзара табысты серіктестікке көшу тенденциясы əзірге аймақтық деңгейде белең алып келеді. Əлеуметтік жауапкершілік көп ретте қайырымдылық сөзімен синонимдес болып келеді, бұл отандық бизнес өкілдері үшін бейресми əлеуметтік міндет ретінде қабылданады. КƏЖ саласында əрбір компания бизнес-мүдделер, нарық жаңашылдықтары, қоғам болжамы мен мемлекет сұраныстары арасында өз теңгерімін іздеу үстінде.

МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ЖƏНЕ АЙМАҚТАР ЭКОНОМИКАСЫ

69-77 296
Аңдатпа

Бұл ғылыми мақаланың негізгі мақсаты Қазақстан Республикасы нарығындағы бəсекеге қабілетті агроөнеркəсіптік кешен өнімдерінің өндірісін қамтамасыз етуде мемлекеттік реттеудің ықпалын талдау болып табылады. Ғылыми мақаланың əдіснамалық негізі ретінде Қазақстанда, сонымен қатар əлемдік экономикадағы ауыл шаруашылығының бəсекеге қабілеттілігі саласындағы отандық жəне шетелдік ғалымдардың еңбектері арқау болды. Қазіргі таңда аграрлық секторды дамытудың маңызды міндеті ішкі жəне сыртқы нарықтағы азық-түлік өнімінің бəсекеге қабілеттілігін арттыру. Аграрлық экономиканың бəсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі бағыттары оны дамытудың инновациялық түріне ауыстыру, мемлекеттің мақсатты саясатын жүргізуі, осы маңызды саланы дамыту мен қолдаудағы мемлекеттің рөлін күшейту, елдің АӨК ғылыми жəне кадрлық қамтамасыз етілуін жақсарту, жерлерді, ауылдың еңбек, материалдық жəне қаржы ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыру, азық-түлікті импортты алмастыру болып табылады.

78-89 575
Аңдатпа

Мақалада ғылыми жəне ғылыми-əдістемелік деңгейде авторлық қызмет көрсетудің сапасы мен Қазақстандағы сапа қатынасы арасындағы елеулі алшақтықтың бар екендігін бағалау мəселесі туындады. Елдің жəне кейбір аймақтардағы қонақ үй бизнесі дамуының жағдайы мен деңгейі анықталды.
Орналастыру орындарының саны жəне барлық санаттағы қонақ үйлердің біржолғы сыйымдылығы, оларға қызмет көрсететін келушілер саны анықталды. Қазақстанды тартымды халықаралық туристік бағытқа айналдыру мақсаттарына сəйкес келетін дамудың жаңа деңгейіне өтуге кедергі келтіретін қонақ үй қызметтерінің сапасының əлсіздігі анықталды.

90-102 264
Аңдатпа

Бұл мақала Маңғыстау облысының əлеуметтік саласын жаңғырту жағдайларын анықтауға арналған. Өңірдің демографиялық əлеуеті, əлеуметтік дамуына əсер ететін саяси жəне экономикалық факторлар қарастырылған. Өңір дамуының негізгі əлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне талдау жүргізілді. Өңірде мұнай-газ өнеркəсібін дамытудың оң жəне теріс əлеуметтік-экономикалық əсері анықталды.

102-112 4583
Аңдатпа

Бүгінгі таңда мемлекетті басқарудың дəстүрлі үлгілері өз өзектілігін жоғалту салдарынан басқарудың жаңа стратегияларын іздеу маңызды болып тұр. Мақалада мемлекекетті басқарудың қазіргі тұжырымдамалары қарастырылған, яғни New Public Management пен Good Governance теориялардың қағидаларына, оң жəне теріс жақтарына терең тоқталған. Сонымен бірге «Good Governance» тұжырымдаманың негіздерін Қазақстан мысалында қолдану тəжірибесі талқыланған.

113-121 513
Аңдатпа

Аталған мақала бизнесті халықаралық дамыту мəселелеріне, атап айтқанда Мьянмадағы электр өнеркəсібінің дамуына арналған. Мьянма, бұған дейін Бирма ретінде белгілі,Оңтүстік Шығыс Азиядағы үлкендігі жөнінен екінші ел болып табылады, географиялық орналасуы стратегиялық маңызды, Үндістан, Қытай, Таиланд, Лаос жəне Бангладешпен шектеседі, халықаралық бизнесті
дамытуға арналған көптеген қазіргі заманғы тартымды бəсекелестік басымдықтарға ие. Бұл зерттеуде Мьянма аумағында жəне АСЕАН қоғамдастығында əрекет ететін екі ірі электр ком паниялары - «Тай Йязаки Электрик» (TYE) жəне «Пис Мьянма Электрик Холдинг» компаниясын талдау контексінде электр өнеркəсібі зерттелді. Мақаладағы зерттеудің негізгі методологиясы салыстырмалы жəне жүйелі талдауға, себептер мен салдарды, статистикалық топтама əдістерін жəне сараптамалық бағалауды талдауға негізделген. Елдік макро-талдау, сондай-ақ бизнестің сыртқы жəне ішкі аспектілерін қоса алғанда Мьянманың кабельдік жəне сымдық желілері нарығына микро-талдау жүргізілді. Қаралатын компаниялардың нарығына кіру режимі зерттелді. Тəуекел менеджемент əдістері негізінде, тəуекелдерді сəйкестендіру мен бағалау жүргізілді, оларды басқару бойынша стратегиялық ұсыныстар берілген. Нарықтың қазіргі заманғы шолуына жəне М. Портердің бəсекеге қабілеттілігінің стратегиялық көзқарастарына негізделе отыра, компанияларды жайғастыру жəне ішкі жəне сыртқы нарықтарда электр энергетикасы үшін бəсекелестік артықшылықтар анықталды. Бұған қоса, аталған салада халықаралық бизнесті дамытуды жылдамдату бойынша ұсынымдар ұсынылды.

122-128 756
Аңдатпа

Мақалада «2020 жылға өңірлерді дамыту» бағдарламасын ескере отырып, Қазақстан Республикасының батыс өңірінің инновациялық дамуының нəтижелері сипатталған. Батыс Қазақстан экономикасын жаңғыртуға кедергі келтіретін проблемалар қарастырылады.

ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ БƏСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ

129-139 464
Аңдатпа

Мақалада Қазақстан Республикасының экономикасын дамытудың негізгі бағыттары қарастырылады, елдің бəсекеге қабілеттілігінің көрсеткіштеріне талдау жасалған, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер, күнкөріс минимумының шамасы, елдегі инфляция динамикасы мен деңгейі, сыртқы сауда көрсеткіштері қарастырылды.

139-148 496
Аңдатпа

Мақалада Қазақстан Республикасындағы ауылшаруашылығы өндірісіне талдау жүргізілді, ауылшаруашылығының жай-күйін сипаттайтын негізгі көрсеткіштер келтірілген (егістік алқабы малшаруашылығы өндірісінің көлемі, мал басы). Ауылшаруашылығы өндірісінің негізгі көрсеткіштерін талдауды негізге ала отырып, қазіргі уақытта Қазақстанның ауылшаруашылығы өндірісін жетілдірудің негізгі проблемалары қарасытырылып, олардың тиімділігін арттыру жолдары қарастырылды.
Негізгі сөздер: ауылшаруашылығы өндірісі, еуразиялық экономикалық аймақ, малшаруашылығы өндірісі, егіс алқабы, мал басы.

148-157 1444
Аңдатпа

Бұл мақалада автор еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін сүт өндіру жəне өңдеу маңыздылығын зерттеді. Сүт табынының өнімділік деңгейіне əсер ететін негізгі факторлар анықталды. Мақалада Қазақстанның сүт өнеркəсібінің дамуына кедергі келтіретін шикізаттың төмен сапасының себептері айқындалған. Қазақстанда сүтті өндіруге жəне өңдеуге кедергі келтіретін проблемаларды шешу үшін бірқатар ұсыныстар əзірленді.

157-172 263
Аңдатпа

Мақалада ауыл шаруашылығындағы инновациялар мен оның өнімділігіне əсері талқыланған. Инновацияның қазіргі жағдайы талданған. Инновацияны қолданудан кейінгі өнімділікті есепке алу қажеттілігін анықталған. Ауыл шаруашылығына инновациялар тарту мен қаржыландырудың өсуі талқыланған. Регрессиялық жəне корреляциялық талдау негізінде жалпы ауылшаруашылық өнімі мен тиісті көрсеткіштер болжанған.

172-181 254
Аңдатпа

Мақалада жоғары білім беру секторының жай – күйіне талдау жүргізіліп, жоғары оқу орындарының жаңа түрге – кəсіпкерлік университетке көшу үрдісінің əлемдік тəжірибесі жинақталған жəне зерттелген.
Біздің ойымызша, зерттеу нəтижелеріне сəйкес, білімді коммерцияландырудың жəне технологияларды берудің жұмыс тетіктерін енгізу, инновациялық инфрақұрылымды, кəсіпкерлік университеттерді жəне өңірлік инновациялық кластерлерді құруды көтермелеу үшін бірқатар дəйекті үкіметтік бастамалар мен іргелі институционалдық өзгерістер қажет болуы мүмкін. Тұрақты өзгерістерге қол жеткізу іргелі мəселе болып қалады.

ИНВЕСТИЦИЯ ЖƏНЕ ҚАРЖЫ

182-191 739
Аңдатпа

Банк секторының тұрақсыздығы жағдайында біріктіру мен сатып алу рəсімдері бірқатар коммерциялық банктер үшін тиімді болуы мүмкін. Жағымсыз салдарларына қарамастан, елдегі банк секторының көптеген сценарийлерінде, банктердің активтерін сақтау олардың таратылуына қарағанда əлдеқайда тиімді болып келеді, сондықтан бірігу жəне сатып алу саласындағы зерттеулердің өзектілігі артып келеді. Біріктіру жəне сатып алу рəсімдерін талдау жəне қорытындылау болашақта жағымсыз сценарийлердің қайталануын болдырмауға көмектеседі.

192-199 230
Аңдатпа

Зерттеу мақсаты – Экономиканың жаһандануы жағдайында экономикалық субъектілерге қосарланған халықаралық салық салудың тиімді əдістерін ұсыну.
Əдіснама – зерттеудің теориялық жəне əдіснамалық негізі мемлекетаралық қатынастарды дамытуда қосарланған салық салудың теориясы мен тəжірибесінде отандық жəне ғалымдардың зерттеулеріне негізделеді. Мақалада салыстырмалы экономикалық талдау əдістері, сондай-ақ заңнамалық актілер негізінде сараптамалық бағалау əдістері қолданылды.
Түпнұсқалылық/құндылығы – халықаралық деңгейде салық салуды зерттеу барысында қосарланған салық салуды жою əдістерінің жүйесі, оны жүзеге асыру үшін қажетті құралдар жүйесі ұсынылады.
Халықаралық қосарланған салық салудың теріс əсерін азайту үшін халықаралық құқықты дамыту ұсынылады.
Қорытынды – бұл жұмыстың мəні кез келген мемлекеттің инвестициялық ахуалын жоғарылату мақсатында инвесторлардың мүдделерін қорғаудың жеткілікті деңгейдегі кепілі болатын салықтық конвенцияларды жетілдіру.

200-213 368
Аңдатпа

Зерттеу мақсаты – Қазақстанның экономикалық өсуі бизнес-құрылымдардың кең ауқымы бар қаржыландыру көздеріне ие болуын талап етеді. Бизнесті қаржыландырудың негізгі көздері – банк секторы жəне қор нарығы. Жұмыстың мақсаты – қор нарығының негізгі кəсіби қатысушысы ретінде Қазақстан Республикасының банк секторының проблемаларын болжаушыларын анықтау жəне осы негізде ұлттық қор нарығын дамытудың кейбір ықтимал жолдарын айқындау.
Əдіснама – зерттеу үдерісінде корреляциялық талдауды қоса алғанда, талдау, синтез, индукция жəне дедукция, эконометрикалық зерттеу əдістері сияқты жалпы ғылыми əдістер қолданылды.
Ерекшелік/құндылық – кəсіби қор нарығының қатысушысы ретінде Қазақстандық банк секторының қазіргі жағдайының ерекшеліктерін зерттеу негізінде талдауы жүргізілді. Талдаудың негізінде, банк секторындағы жағымсыз құбылыстардың экономиканың қаржылық жəне нақты секторларына əсерін көбейтудің ішкі факторлары анықталды.
Авторлармен келесі қорытындылар жасалды – банк секторы экономика салалары арасындағы капитал ағынын қайта бөлу кезінде тиімсіз; қаржы қатынастары тереңдігінің деңгейі мен жұмыс істемейтін қарыздар арасында тығыз кері байланыс бар; Қазақстан экономикасындағы несиелеу диспропорциялары экономиканың тепе-теңдігінің бұзылуын, сонымен қатар инфляциялық процестерді күшейте түсті; корреляциялық талдау Қазақстандағы инфляцияның монетарлық емес сипатта екенін көрсетті; қазіргі жағдайда отандық қор нарығының дамуын əрі қарай жеделдетуге болады.



ISSN 2789-4398 (Print)
ISSN 2789-4401 (Online)