Preview

Central Asian Economic Review

Кеңейтілген іздеу
№ 6 (2019)
Шығарылымды жүктеу PDF (Russian)

МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ БИЗНЕС: БАСҚАРУ ТЕОРИЯСЫ МЕН ПРАКТИКАСЫ

8-20 1139
Аңдатпа

Зерттреудің мақсаты. Қазақстанда жұмыспен қамтудың мемлекеттік саясатын іске асырудағы өзекті мəселелер мен бағыттарды зерттеу. Жұмыспен қамтудың мемлекеттік саясаты тек макроөңірлердің ғана емес, бүкіл мемлекеттің деңгейінде жұмыспен қамтуды, жұмысқа орналастыруды реттеу мен болжаудың сапалы жəне сандық дəлелденген құралы.
Зерттеудің əдіснамасы. Макроэкономикалық талдау əдістері (аналитикалық деректер мен статистикалық көрсеткіштерді), жүйелік тəсіл əдісі қолданылды. Əдістемелік негізді халықты жұмыспен қамту саласындағы заңнамалық құжаттар жəне Статистика комитетінің деректері құрады.
Зерттеудің бірегейлігі /құндылығы. Зерттеу фокусы мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жұмыспен қамтудың мемлекеттік саясатын зерделеу мен іске асыруды талдауға, еңбек нарығының өзекті мəселелеріне жəне оларды тиімді шешуді іздеуге, нəтижелі жұмыспен қамтуды жəне жаппай кəсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын зерттеуге жəне талдауға бағытталды.
Зерттеу нəтижелері. Еңбек нарығының қазақстандық моделін қалыптастыру жəне 2020 жылға дейінгі орта мерзімді перспективаға негізгі параметрлерін қалыптастыру ұлттық еңбек нарығындағы қалыптасқан жағдайды ғана емес, дағдарыстан кейінгі кезеңдегі əлемдік еңбек нарығындағы өзгерген конъюнктурасын ескеруге тиіс.

21-30 1164
Аңдатпа

Зерттеудің мақсаты. Қазақстанда кəсіпкерлікті мемлекеттік реттеу мен басқарудың өзекті мəселелерін зерттеу. Қазіргі уақытта кəсіпкерлік саласы ұлттық экономиканың аса маңызды, стратегиялық маңызды жəне басым салаларының бірі болып табылады.
Зерттеу əдіснамасы. Жұмыста макроэкономикалық, статистикалық жəне мінез-құлық тəсілдері қолданылған. Мақалада бизнес пен кəсіпкерлікке мемлекеттің реттеушілік əсерін, кəсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің қағидаттар мен əдістерін, кəсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың негізгі басымдықтарын зерттеуге баса назар аударылды.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы. Бұл Қазақстан Республикасындағы шағын бизнестің қазіргі мəселелерін анықтау жəне оларды шешудің ықтимал жолдарын негіздеу.
Зерттеу нəтижелері. Шағын жəне орта кəсіпкерліктің серпінді дамуының қазіргі жағдайында, шаруашылық субъектілердің жоғары іскерлік белсенділік жағдайында, кəсіпкерлік қызметін реттеуде жəне басқаруда мемлекет маңызды, үлкен рөл атқарады. Қазіргі жағдайда кəсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу ерекше маңызға ие, жүргізілген əкімшілік реформалар кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде əкімшілік кедергілерді азайтуға бағытталса да, шаруашылық жүргізуші субъектілердің жұмыс істеуіне, қызмет атқаруына тікелей мемлекеттік ықпал етудің мəнін жете бағаламауға болмайды. Кəсіпкерліктің белсенді жəне серпінді дамуы экономикалық дамуының инновациялық жəне нəтижелі өнімді сипаты үшін негізі болып табылады.

31-44 322
Аңдатпа

Зерттеу өзектілігі. Кəсіпкерлік инновацияларға, экономикалық дамуға, əлеуметтік ұтқырлыққа жəне жұмыс орындарын құруға алып келеді, сондықтан барлық дерлік үкіметтер күн тəртібінде бұған басымдық береді [1]. Кəсіпті бастаудың жалғыз алдын-ала болжаушысы кəсіпкерлік ниет болғандықтан, ниетті қозғайтын факторларды зерттеу кəсіпкерлікті алға жылжытудың маңызды құралы ретінде қарастырылуы мүмкін [2]. Сондай-ақ, Қазақстан үкіметі кəсіпкерлік пен шағын жəне орта бизнестің өркендеуіне өз үлесін қосты жəне Орталық Азия елдері арасында Қазақстан осы аймаққа тартылған тікелей шетелдік инвестициялардың (ТШИ) 70 % -дан астамын құрайды [3], сондықтан Қазақстандағы шетелдік бизнес осы елдің экономикалық дамуын жəне əл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік беретін үлкен əлеует.
Зерттеудің мақсаты. Бұл зерттеу Қазақстандағы шетелдіктер арасында кəсіпкерлік факторлар (кəсіпкерлік білім, жеке қасиеттер мен мүмкіндіктерді тану) мен ниеттер арасында оң жəне маңызды байланыс бар деп тұжырымдайтын кəсіпкерлік ниеттердің тұжырымдамалық тұжырымдамасын ұсынуға бағытталған жəне мемлекеттік қолдаудың тежейтін рөлін баса көрсетеді. Зерттеудің күтілетін нəтижелеріне сүйене отырып, саясаткерлер, ғалымдар жəне əлеуетті шетелдік кəсіпкерлер үшін салдары ұсынылады.
Зерттеудің əдіснамасы. Зерттеу қазіргі уақытта Қазақстанның ірі қалаларында тұратын шетелдіктерден деректерді жинау үшін құрылымдалған сауалнаманы қолдана отырып, сандық жəне сапалық зерттеу əдістерін қолдануға негізделген.

ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЭКОНОМИКАСЫ

45-58 836
Аңдатпа

Зерттеудің мақсаты. Қазақстанның инновациялық инфрақұрылымының негізгі компоненті ретінде технопарктердің қызметін зерттеу жəне дамыту үшін ұсыныстарды негіздеу.
Зерттеу əдіснамасы. Зерттеу барысында авторлар келесідей жалпы ғылыми таным əдістерін қолданды: жүйелілік, статистикалық талдау, салыстыру жəне болжау.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы. Мақалада Қазақстандағы қолданыстағы технопарктердің қалыптасуы мен қызметіне талдау жасалынды, технопарктердің шетелдік үлгілер қарастырылды.
Технопарктердің маңыздылығы айқындалып, оларды дамыту жолдары ұсынылды.
Зерттеудің нəтижелері:
1) инновациялық инфрақұрылымның экономикалық мəні жəне оның элементтері тұжырымдамасының теориялық жəне əдіснамалық аспектілері зерттелді;
2) Қазақстандағы инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру жəне дамыту саласындағы мемлекеттік саясаты талданды;
3) шетелдік тəжірибені зерделеу негізінде білімге негізделген экономикада технологиялық парктерді қалыптастыру тенденциялары мен факторлары анықталды.
Қорытынды. Технопарктерді құру мен басқарудың тəжірибесі қарастырылды жəне олардың негізінде Қазақстанның технологиялық парктерін дамыту жолдары ұсынылды.

59-69 410
Аңдатпа

Зерттеудің мақсаты. Шетелдік тəжірибені зерттеу жəне талдау негізінде Қазақстандағы «жасыл» құрылыстың проблемалары мен даму перспективаларын анықтау.
Зерттеу əдіснамасы. Қазақстандағы «жасыл» құрылыстың қазіргі жай-күйін зерттеу жəне даму перспективаларын анықтау процесінде экономикалық зерттеулердің жалпы жəне жеке тəсілдері мен əдістері қолданылды: талдау жəне синтез, салыстыру жəне қорыту, топтау, ақпаратты жинау жəне оны өңдеудің экономикалық-статистикалық əдістері.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы. Қазақстанда «жасыл» құрылысты дамытудың қажеттілігі мен экологиялық-экономикалық жəне əлеуметтік орындылығы негізделген.
Зерттеудің нəтижелері. Республикада «жасыл» құрылысты жандандыру жəне одан əрі дамыту жөнінде нақты шаралар ұсынылды.
Қорытынды. Қазақстан Республикасындағы «жасыл» құрылыстың қазіргі жай-күйін зерттеу мен жүргізілген талдау нəтижесінде проблемалар анықталды жəне оны одан əрі дамыту жөнінде нақты ұсыныстар əзірленді.

70-84 551
Аңдатпа

Зерттеудің мақсаты. Мақала Қазақстан аймақтарында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) кластерлерін қалыптастыру мүмкіндіктерін бағалау жəне анықтау үшін жалпы методологиялық тəсілдерді дамытуға арналған. Бұл зерттеу жұмысында АКТ кластерлерін қвлыптастыру өсу полюсі ретінде қарастырылады. Бұл полюстер АКТ саласындағы ортақ сипаттамалармен байланысқан компаниялар мен институттардың тобын құруға негізделген.
Зерттеу əдіснамасы. Зерттеу жұмысында Қазақстан аймақтарындағы инновациялық даму жəне ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тарату мүмкіндіктері үшін қажет АКТ кластерлерін талдау жəне анықтауға бағытталған əдістер қолданылды. Инновациялық потенциал мен салалық мамандандыруды бағалаудың типтік формасын көрсетуге арналған əдістік құралдар ұсынылды.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы. Берілген бағалау АКТ кластерлерін қалыптастыру үшін потенциалды маңызды аймақты объективті түрде жəне шынайы анықтауға мүмкіндік береді.
Зерттеу нəтижелері. Эмпирикалық талдау Алматы жəнее Нұрсұлтан қалаларында АКТ кластерлерін қалыптастыру мүмкіндіктерін үшін белгілі тенденцияларды анықтады. Сондықтан бұл аймақтар жаңа буын үшін мамандандырылған алаң рөлін ойнайды. Бұл платформа агломерацияны жəне жақын аумақта орналасқан немесе периферияларды дамытуға мультипликативті əсер етуді қамтамасыз етуі тиіс.

ƏЛЕУМЕТТІК ЭКОНОМИКА

85-94 262
Аңдатпа

Зерттеудің мақсаты. Қоғамның əлеуметтік-мəдени құндылықтарының дамуын болжау үшін адам өркениетінің əлеуметтік-технологиялық дамуын талдау.
Зерттеу əдіснамасы. Технологиялық болжау əдіснамасы шеңберінде логикалық талдау жəне синтездеу əдістері.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы. Базалық технологиялардың дамуына жəне əлеуметтік-мəдени құндылықтардың өзгеруіне белсенді əсер ететін факторларды анықтау.
Зерттеу нəтижелері. Адамзат өркениетінің əлеуметтік-ғылыми-технологиялық дамуының болжамы негізінде қоғамның əлеуметтік-мəдени құндылықтарының өзгеру бағыттары зерттелді.
Қорытынды. 6-технологиялық бағыттағы технологиялардың таралу аумақтарының əлеуметтікмəдени дамуын модельдеу негізінде болжам осы аумақтардың əлеуметтік-экономикалық даму процестерінің ықтимал салдарын болжауға, сондай-ақ жаңа инновациялық толқындар жағдайында олардың əлеуметтік-мəдени құндылықтарын қайта құруды жобалауға мүмкіндік береді.

95-107 496
Аңдатпа

Зерттеудің мақсаты. Жұмыстың мақсаты-тұрғын үймен қамтамасыз ету бөлігінде қазіргі заманғы жағдайды түсіндіру жəне барабар тұрғын үйге қол жеткізу проблемаларын шешудің əлемдік жəне қазақстандық тəжірибесін талдау болып табылады.
Зерттеу əдіснамасы. Зерттеу барысында салыстырмалы, статистикалық жəне графикалық талдау əдістері қолданылды.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы. Əлеуметтік нарықтық экономика дамып келе жатқан əлемде əлеуметтік саясат адамдардың əл-ауқатын арттыруға, оның ішінде лайықты өмір сүру жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс. Осы зерттеу нəтижесінде халықтың барлық жіктері үшін барабар тұрғын үйді қамтамасыз ету саласындағы халықаралық тəжірибе мен саясат ұсынылды.
Зерттеу нəтижелері. Ел азаматтарын тұрғын үймен қамтамасыз етумен айналысатын мемлекеттік органдардың қызметінде, сондай-ақ үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың жұмысында қолдануға болады.
Қорытынды. Барабар тұрғын үйді қамтамасыз ету саласындағы əлемдік саясатты талдау барысында Қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етудің қазақстандық моделін жетілдірудің негізгі бағыттары айқындалды. Бұл мəселе халықтың əлеуметтік қорғалмаған топтарына ғана емес, жұмыс істейтін адамдар мен балалары бар отбасыларға да қатысты. Бұл жұмыс жүйелі тəсілді талап етеді жəне лайықты тұрғын үйге қол жеткізуді қамтамасыз етудің барлық бағыттарына назар аударуды көздейді.

107-117 437
Аңдатпа

Зерттеу мақсаты. Осы ғылыми мақаланың негізгі мақсаты: күшті жəне əлсіз жақтарын, сонымен қатар гендерлік теңдік жəне Қазақстанда гендерлік тəсілдерді кеңінен енгізу саласындағы саясатты реформалаудың мүмкін бағыттарын қарастыру.
Зерттеу əдіснамасы. Бұл ғылыми мақаланың əдіснамалық негізі - ресми статистикалық ақпараттарды, ашық дереккөздерді талдау, сондай-ақ гендерлік теңдік саласындағы отандық жəне шетелдік ғалымдардың жұмыстары.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы. Қазіргі қазақстандық қоғамда гендерлік саясатты іске асыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыты болып табылады, дəл осы сала қазіргі уақытта қазақстандық мемлекеттілікті нығайту мен қоғамды жаңарту үшін маңызды ресурсқа айналуда.
Зерттеу нəтижелері. Əлемдік тəжірибе көрсеткендей, стратегиялық маңызды шешімдер қабылдайтын əйелдер гендерлік теңдік процестерін жеделдетуге ықпал етеді жəне осы шешімдердің нəтижелері экономиканың тұрақты жұмысына жаһандық оң əсер етеді. Мемлекет əйелдердің саяси көзқарастарына қарамастан қоғамдық жəне саяси өмірге қатысу құқығын қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдауы керек. Əйелдердің ассоциацияға құқығын іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасауға жəрдемдесу. Əйелдердің жаңа қоғамдық бірлестіктерінің ашылуына, олардың қоғамдағы қызметі мен қатысуына ықпал ету.

117-132 828
Аңдатпа

Зерттеудің мақсаты. Əлем мен Қазақстандағы əлеуметтік қорғаудың ең тиімді жүйесін талдау мен айқындаудан тұрады. Қазіргі əлемде əлеуметтік нарықтық экономика дамып келеді, ол халықтың əлауқатын арттыруға бағытталуы тиіс. Жұмыс нəтижелері əлеуметтік қорғаудың неғұрлым кең тараған жүйелерін жəне оларды жетілдіру мүмкіндіктерін көрсетеді.
Зерттеу əдіснамасы. Зерттеу жүргізу барысында əлеуметтік қорғау жүйесі эволюциясының əлемдік жəне қазақстандық тəжірибесі көрсетілген салыстыру, қорыту, талдау жəне синтездеу əдістері қолданылды.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы. Əлеуметтік қорғау жүйесін құрудың əлемдік тəжірибесін талдау барысында əлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделін одан əрі жетілдіру мүмкіндіктері анықталды. Бұл халықтың əлеуметтік осал топтарын, сондай-ақ жұмыс істейтін адамдарды əлеуметтік қорғауға ғана қатысты.
Зерттеу нəтижелері. Зейнетақы жасын ұлғайту, жұмыссыздық жəне еңбекке лайықты ақы төлеу əлеуметтік нарықтық экономиканы құру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруда басымдыққа айналуы тиіс. Бұл жұмыс жүйелі тəсілді талап етеді жəне қызметтің барлық бағыттарында əлеуметтік қорғауға баса назар аударуды көздейді.

133-145 2716
Аңдатпа

Туристік-рекреациялық аймақтарды салыстырмалы талдауды, сондай-ақ аймақтардың тартымды туристік бағыттар ретінде таралу дəрежесін қолдана отырып, Қазақстан аймақтарындағы туризмнің басым түрлерін анықтау мақаланың зерттеу мақсаты болып табылады.
Зерттеу барысында авторлар танымның жалпы ғылыми əдістерін: диалектикалық, талдау жəне синтез, дерексіз-логикалық, сауалнамалар, арнайы зерттеу əдістері: аналитикалық жəне графикалық тəсілдерін қолданды.
Қазақстанның туристік жəне рекреациялық аймақтарын жалпыланған түрде салыстырмалы талдау нəтижелері мақаланың ерекшелігі болып отыр.
Зерттеудің негізгі нəтижелері Қазақстанның туристік жəне рекреациялық аймақтарының кіру туризмін дамытудың басым түрлерін анықтау болып табылады.
Қорытындылай келе, авторлар туристік жəне рекреациялық аймақтарды дамыту бүкіл əлемнен туристерді тартатындығына, сондықтан барлық халықаралық стандарттарды ескере отырып, Қазақстан аймақтарындағы туристік-рекреациялық аймақтардың тиімді дамуына кедергі келтіретін мəселелерді шешу қажет деген қорытындыға келді.

КƏСІПОРЫНДАРДЫ ДАМЫТУ СТРАТЕГИЯСЫ

146-158 304
Аңдатпа

Зерттеудің мақсаты. Қаржы-шаруашылық іс-əрекеттің жоспарлық нəтижелерін ескерумен капиталды бөлудің көптеген əрқилы нұсқасын үлгілеу негізінде, ең экономикалық тиімдісін таңдауға мүмкіндік беретін кəсіпорынның оңтайлы кредиттік жүктемесін айқындаудың экономико-математикалық үлгісін іске асыру құралын əзірлеу.
Зерттеудің əдіснамасы. Интуитивтік-логикалық талдауына негізделген сараптамалық бағалау əдісі қолданылған. Экономико-математикалық үлгілеу жасалған.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы. Мақалада кəсіпорынның кредиттік жүктемесін оңтайландыруға тəсілдер қарастырылды жəне қарыздық жүктеме тəуекелінің шекті деңгейі кезінде кəсіпорынның құны ең көп болатындай кредиттердің көлемін анықтауға мүмкіндік беретін экономикалық-математикалық үлгі əзірленді. Үлгіні əзірлеуде орта жəне ірі кəсіпорындардың капиталдарының құрылымы жөніндегі жинақталған ақпаратты талдау нəтижелері негіз болды.
Зерттеудің нəтижелері. Авторлармен жеке капиталдың құнын, қаржылық қиыншылықтар тəуекелділігінің ықпал етуін, қаржылық иінтіректің болжамды динамикасын, пайыздық мөлшерлеменің ықтимал диа пазонын, табыстардың өсуін жəне қаражаттар көздерінің құрылымын таңдау кезінде кəсіпорынның жеке меншік иелерінің жəне олармен байланысты тұлғалардың мүдделерін толық көлемде келісетін компанияның қаржыландыру саясатының өзге аспектілерін ескеретін кредиттік жүктеменің оңтайлы көлемінің үлгісі есептеліп, экономикалық негізделді.

158-171 384
Аңдатпа

Зерттеудің мақсаты. Құрылыс ұйымдарында тиімді интеграцияланған ақпараттық жүйені құру мəселелері неғұрлым өзекті болып отыр. Ғылыми мақаланың мақсаты - инвестициялық жəне құрылыс жұмыстарының əртүрлі кезеңдеріндегі құрылыс ұйымдарының шығындарын есепке алу əдістемесін жасауға бағытталған теориялық негіздемелер мен практикалық ұсыныстарды қалыптастыру. Зерттеу құрылыс қызметінің əртүрлі кезеңдерінде пайда болатын шығындарды есепке алудың практикалық мəселелерін шешуге бағытталған.
Зерттеудің əдіснамасы. Зерттеудің пəндік саласында талдау жəне синтездеу, жіктеу, логика, бақылау əдістері қолданылды.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы. Ғылыми мақала құрылыс саласының əртүрлі сатыларында басқару есебінің модельдерін қалыптастыру ерекшеліктерімен сипатталады.
Зерттеу нəтижелері. Мақалада шығынның құрылыстың 4 кезеңінде: электрондық тендерлерге қол жеткізу, тендерлерді талдау, конкурсқа қатысуға дайындау, өтінім беру жəне конкурсқа қатысу сияқты құрылыс қызметінің алдын ала кезеңінде шеккен шығындарды есепке алуды ұйымдастыру бойынша əдістемелік ұсынымдар ұсынылды, олар үшін шығын түрлері жəне оларды қаржылық жəне басқару есебінің бухгалтерлік кіші жүйелерінде көрсету бойынша ұсынымдар айқындалған.

171-183 336
Аңдатпа

Зерттеудің мақсаты. Өсімдік тектес органикалық дəрі-дəрмектерді тұтынушылардың таңдау феноменіне қатысты дəрігерлердің пікірін зерттеу болып табылады.
Зерттеу əдіснамасы. Дəрігерлердің жартылай құрылымдалған сұхбаттарының сериясынан тұратын сапалы зерттеу жүргізу болып табылады. Іріктеудіңықтимал емес əдісі таңдалған.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы. Зерттеудің сапалы дизайнын, сарапшы – дəрігерлермен сұхбат жүргізуді таңдауы болып табылады; олар пациенттердің органикалық дəрі-дəрмектерге жəне оларды сатып алуға итермелейтін себептерге қарым-қатынасына қатысты терең деректерді ұсына алады.
Зерттеу нəтижелері бойынша. Тұтынушылардың таңдауына органикалық өсімдік дəрідəрмектердің қауіпсіздігі, тиімділігі жəне сапасы сияқты факторлар əсер ететіні анықталды. Сондай-ақ органикалық өсімдік дəрілерді таңдау немесе бас тарту кезінде тұтынушылар хабардар болу, сарафан радиосы жəне жарнама сияқты факторларды ескереді, бұларды маркетингтік факторларға жатқызуға болады.
Гедонистік теория органикалық дəрілік заттарға қатысты тұтынушылардың мінез-құлқын түсіндіру үшін қолданылуы мүмкін деген теориялық тұжырымдар алынды. Сондай-ақ, алынған нəтижелердің практикалық маңызы бар, өйткені олар өсімдік тектес органикалық дəрі-дəрмектерді отандық өндірушілерге ұсынылуы мүмкін.



ISSN 2789-4398 (Print)
ISSN 2789-4401 (Online)