Қазақстандық стартаптардың өмірлік цикл кезеңдеріндегі қаржы ағындарын басқару: эмпирикалық зерттеу
https://doi.org/10.52821/2789-4401-2025-4-191-204
Аңдатпа
Бұл мақалада Қазақстандағы стартаптардың өмірлік циклінің әртүрлі кезеңдерінде қаржылық ағындарды басқару мәселелері зерттеледі. Эмпирикалық талдау әдістерін қолдана отырып, зерттеу кәсіпкерлердің идея сатысынан бастап масштабтау кезеңіне дейінгі аралықта қаржыны басқаруда кездесетін негізгі ерекшеліктері мен қиындықтарын айқындайды. Алматы, Астана және еліміздің басқа өңірлеріндегі стартаптар арасында жүргізілген сауалнама мен сұхбаттар негізінде қаржылық стратегияларды оңтайландыруға бағытталған ұсыныстар әзірленді.
Мақалада стартаптардың өмірлік циклінің әр кезеңіне тән қаржылық ағындарды басқару ерекшеліктері қарастырылады. Халықаралық және отандық ғылыми әдебиеттерге шолу жасалып, даму сатыларына сәйкес қаржыландыру көздерінің жіктелуі ұсынылады. Сонымен қатар, нақты қазақстандық стартаптар мысалында практикалық жағдайлар талданады. Зерттеу барысында стартап негізін қалаушылардың қаржылық сауаттылығының төмендігі мен венчурлік капиталға қолжетімділіктің шектеулілігі басты проблемалар ретінде анықталды.
Зерттеу нәтижесінде әр даму кезеңіне бейімделген қаржылық стратегиялардың қажеттілігі негізделіп, стартаптардың қаржылық тұрақтылығын арттыруға бағытталған нақты ұсыныстар ұсынылды.
Зерттеудің мақсаты: Қазақстандық стартаптардың өмірлік циклының түрлі кезеңдерінде қаржылық ағындарды басқарудың негізгі ерекшеліктерін анықтап, оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар беру.
Міндеттері:
- Стартаптардың өмірлік циклы мен қаржыландырудың теориялық модельдеріне шолу жасау;
- Қаржыландыру көздерін кезеңдер бойынша жүйелеу;
- Қазақстандық стартаптардың практикалық кейстерін талдау;
- Қаржылық басқарудағы кедергілерді анықтап, жетілдіру бағыттарын ұсыну.
Зерттеу әдістемесі: Зерттеудің негізіне бизнестің өмірлік цикл модельдерінің салыстырмалы талдауы, стартаптардың есептік деректеріне сапалық талдау, сондай-ақ бес қазақстандық компанияның кейс-талдауы алынды. Сонымен қатар, стартаптардың негізін қалаушылармен сұхбаттар, Astana Hub есебі, акселераторлар мен венчурлік қорлардың материалдары қолданылды.
Зерттеудің жаңалығы: Қазақстан контекстінде стартаптардың қаржылық басқаруын өмірлік цикл кезеңдері арқылы және эмпирикалық деректер негізінде алғаш рет кешенді түрде қарастыруында. Мақалада халықаралық теориялық модельдерді Қазақстан жағдайына бейімдеу ұсынылып, отандық стартаптардың тәжірибелері даму кезеңдеріне қарай жүйеленген.
Зерттеу нәтижелері:
Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, стартаптар ерте кезеңдерде қаржылық жоспарлаудың жетіспеушілігінен зардап шегеді және көбінесе сыртқы қаржыландыруға тәуелді болады. Ал өсу кезеңінде қаржылық ағындарды стратегиялық басқару мен бақылау деңгейі артады.
Авторлар туралы
Т. Б. БахытжановРесей
Бахытжанов Т.Б. – «Қаржы» мамандығының 1 курс докторанты
Алматы қ.
Л. М. Байтенова
Ресей
Байтенова Л.М. – э.ғ.д., профессор
Алматы қ.
С. Ж. Интыкбаева
Ресей
Интыкбаева С.Ж. – э.ғ.д., профессор
Алматы қ.
Әдебиет тізімі
1. Greiner, L. Evolution and revolution as organizations grow [Электрондық ресурс] // Harvard Business Review [web-сайт]. – 1972. – URL: https://hbr.org/1972/07/evolution-and-revolution-as-organizationsgrow (қарау күні 15.05.2025).
2. Churchill, N.C., Lewis, V.L. The five stages of small business growth [Электрондық ресурс] // Harvard Business Review [web-сайт]. – 1983. – URL: https://hbr.org/1983/05/the-five-stages-of-small-businessgrowth (қарау күні15.05.2025).
3. Berger, A.N., Udell, G.F. The economics of small business finance // Journal of Banking & Finance. – 1998. – Vol. 22(6). – pp. 613–673.
4. Beck, T., Demirguc-Kunt, A., Maksimovic, V. Financing patterns around the world // World Bank Economic Review. – 2005.
5. Акимов А.К. Государственная поддержка стартапов в Казахстане // Экономика и предпринимательство. – 2020. – №4(113). – С. 101–104.
6. Astana Hub. Отчет об инновационной экосистеме Казахстана [Электрондық ресурс] // Astana Hub [web-сайт]. – 2023. – URL: https://astanahub.com (қарау күні 15.05.2025).
7. MOST Ventures. Инвестиционный отчет [Electronic resource] // MOST Ventures [web-сайт]. – 2023. – URL: https://mostventures.kz (Accessed 15.05.2025).
8. 15 танымал стартап [Электрондық ресурс] // Курсив [web-сайт]. – 2023. – URL: https://kz.kursiv. media/kk/2023-07-31/qazaqstandaghy-15-tanymal-startap-tizimge-kimder-endi/ (қарау күні 15.05.2025).
9. Как развивается казахстанская экосистема стартапов? [Электрондық ресурс] // Курсив [webсайт]. – 2023. – URL: https://kz.kursiv.media/2023-01-12/kak-razvivaetsya-kazahstanskaya-ekosistemastartapov/ (қарау күні 15.05.2025).
10. Fernandez P. Métodos de Valoración de Empresas [Электрондық ресурс]. – España: Universidad de Navarra, 2008. – URL: https://media.iese.edu/research/pdfs/DI-0771.pdf (қарау күні 15.05.2025).
11. Tsorakidis N, Papadopoulus S, Zerres M, Zerres C. Break-Even Analysis [Электрондық ресурс]. – London Business School, 2010. – URL: https://library.ku.ac.ke/wpcontent/downloads/2011/08/Bookboon/ Economics/break-even-analysis.pdf (қарау күні 15.05.2025).
12. OCDE. Disruptive Technologies and Regional Innovation Policy [Электрондық ресурс]. – 2018. – URL: https://www.oecd.org/cfe/regionaldevelopment/KoutroumpisLafond(2018)Disruptive%20technologies%20and%20regional%20innovation%20policy_FI.pdf (қарау күні15.05.2025).
13. Bonilla E, Diaz B, Kleeberg F, Noriega M. Mejora continua de los procesos: Herramientas y técnicas [Электрондық ресурс]. – Lima: Universidad de Lima, 2020. – URL: https://repositorio.ulima.edu.pe/bitstream/handle/20.500.12724/10832/Bonilla_Diaz_kleeberg_Noriega_Mejora_continua.pdf (қарау күні 15.05.2025).
14. Bass R. Disrupting ourselves the problem of learning in higher education [Электрондық ресурс]. – 2018. – URL: https://4cast.uiowa.edu/sites/4cast.uiowa.edu/files/DisruptingOurselves_Bass.pdf (қарау күні 15.05.2025).
15. Christensen M, Raynor M, Mcdonald R. What Is Disruptive Innovation? [Электрондық ресурс] // Harvard Business Review [web-сайт]. – 2015. – URL: https://hbr.org/2015/12/what-is-disruptiveinnovation (қарау күні 15.05.2025).
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Бахытжанов Т.Б., Байтенова Л.М., Интыкбаева С.Ж. Қазақстандық стартаптардың өмірлік цикл кезеңдеріндегі қаржы ағындарын басқару: эмпирикалық зерттеу. Central Asian Economic Review. 2025;(4):191-204. https://doi.org/10.52821/2789-4401-2025-4-191-204
For citation:
Bakhytzhanov T.B., Baitenova L.M., Intykbayeva S.Z. Financial flow management at the stages of the life cycle of kazakhstani startups: an empirical study. Central Asian Economic Review. 2025;(4):191-204. (In Kazakh) https://doi.org/10.52821/2789-4401-2025-4-191-204















