Preview

Central Asian Economic Review

Кеңейтілген іздеу
№ 1 (2026)
Шығарылымды жүктеу PDF (Russian)

ЖАҺАНДАНУ ЖӘНЕ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ

6-18 296
Аңдатпа

Осы зерттеудің мақсаты Транскаспий халықаралық көлік дәлізінің (ТХКД) Қазақстан Республикасы үшін геосаяси маңызын анықтау және бағалау. Бұл ретте әсіресе аталған көлік дәлізінің тұрақты стратегиялық және экономикалық байланыстарды қалыптастырудағы әлеуетіне, сондай-ақ дәстүрлі бағыттарға тәуелділікті азайту мүмкіндігіне ерекше назар аударылады. Зерттеудің объектісі көлік дәлізі инфрақұрылымдық және логистикалық жүйе ретінде, ал пәні осы бағыттың Қазақстан Республикасының сыртқы саяси ұстанымдарын күшейтуге ықпал ету мүмкіндігі.

Зерттеудің әдіснамалық негізі сапалық, сандық және салыстырмалы талдау әдістерін қамтитын аралас тәсілге сүйенеді. Бұл тәсіл Транскаспий бағытын тек көлік жүйесінің бір бөлігі ретінде ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның сыртқы саяси стратегиясының құрауышы ретінде қарастыруға мүмкіндік берді. Контент талдау әдісі арқылы ғылыми мақалалар, сараптамалық жарияланымдар және осы дәлізге қатысушы тараптардың ресми материалдары зерттелді. Бұл ТХКДның рөлін түсінудегі негізгі көзқарастарды анықтап, академиялық дискурстағы басты басымдықтарды айқындауға жол ашты.

Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстарын әртараптандыру контекстінде Транскаспий халықаралық көлік дәлізінің геосаяси мәнін сараптауында. Бұл жұмыс Еуразиялық логистиканың қалыптасып келе жатқан құрылымындағы Қазақстанның рөліне қатысты ғылыми пікірталасты толықтырып, ТХКД-ны аймақтық тұрақтылық пен көлік қауіпсіздігін нығайтудың тиімді құралы ретінде бағалауға мүмкіндік береді.

Зерттеу нәтижелері бұл көлік бағытын дамыту жаңа экономикалық байланыстарды қалыптастырудың катализаторына айналып, орнықты өсімді қамтамасыз етіп, халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге ықпал ететінін көрсетеді. Көлік дәлізін тәуелсіз дамыту қолданыстағы логистикалық құрылымдарды өзгерту әлеуетіне ие екені анықталды, бұл өз кезегінде дәстүрлі бағыттарға тәуелділікті азайтып Орталық Азия, Кавказ және Таяу Шығыс елдері арасындағы интеграцияны ынталандырады. Зерттеудің жаңалығы көлік дәлізін жаһандық сауда логистикалық үдерістерді өзгертуге қабілетті көпжақты институционалдық құрылым ретінде жүйелі түрде қарастыруында. Бұл халықаралық көлік жүйелерінің теориялық және практикалық аспектілерін дамытуға елеулі үлес қосады.

МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ БИЗНЕС: БАСҚАРУ ТЕОРИЯСЫ МЕН ПРАКТИКАСЫ

19-27 185
Аңдатпа

Мақсат – Мақаланың негізгі мақсаты – Мемлекеттік саясатағы негізделген теория (НТ) әдіснамасын қолдану мүмкіндіктерін көрсету, оны түсіндірмелі модельдер құруға және басқару мен шешім қабылдаудың жасырын динамикасын ашуға бағыттау.

Әдіснама – Зерттеу НТ-дің тарихи дамуын, эпистемологиялық әртүрлілігін және әдіснамалық жаңалықтарын теориялық және салыстырмалы талдау арқылы жүргізілді. Классикалық, штрауссиандық, конструктивистік және ситуациялық тәсілдердің мемлекеттік саясат пен басқару саласына маңызы қарастырылады.

Оригиналдылық / құндылық – Зерттеу НТ-ді академиялық ғылым мен практикалық мемлекеттік басқаруды байланыстыратын құнды құрал ретінде ұсынады. Ол әлеуметтік әділеттілік, инклюзивтілік және азаматтардың тәжірибесін ескеретін басқару үлгілерін құрудағы маңыздылығын көрсетеді.

Нәтижелер – НТ-дің индуктивті және икемді сипаты контекстке бейімделген теорияларды әзірлеуге мүмкіндік беретіні дәлелденді. Ол институционалдық тәжірибелерді, дискурстық үлгілерді және билік қатынастарын анықтайды. Қорытынды: НТ тек теориялық үлесті арттырмайды, сонымен қатар жауапты және қатысымдық басқаруға арналған практикалық құралдар береді.

28-45 158
Аңдатпа

Зерттеудің мақсаты. Қазақстанның азық-түлік тәуелсіздігі жағдайын кешенді бағалау және нақты экспорт пен тұтынудың ұтымды нормаларын ескере отырып, азық-түлік тәуелсіздігінің деңгейін есептеудің бейімделген әдістемесін әзірлеу.

Зерттеу әдіснамасы әдебиетке жүйелі шолуды қамтиды, жұмыста жалпы ғылыми әдістер - салыстырмалы және графикалық талдау, статистикалық талдау, себеп-салдарлық, жалпылау қолданылды. Негізгі талдамалық тәсіл екі баламалы формуланы пайдалана отырып, көрсеткіштерді салыстырмалы есептеуден тұрады: 2020-2024 жылдарға арналған серпінді талдаумен үйлестірілген азықтүлік тәуелсіздігінің ресми және авторлар ұсынған коэффициенті. Салыстыру өнімдердің біріктірілген топтары (ет өнімдері, сүт және сүт өнімдері, жұмыртқа, жемістер мен жидектер, көкөністер, картоп және күнбағыс майы) үшін жүргізілді.

Зерттеудің түпнұсқалығы мен практикалық құндылығы. «Азық-түлік өзін-өзі қамтамасыз ету» және «азық-түлік тәуелсіздігі» ұғымдарын ажырату қажеттілігін негіздеу арқылы авторлар нақты экспорт пен физиологиялық тұтыну нормативтерін ескере отырып, азық-түлік тәуелсіздігінің деңгейін есептеу әдістемесін әзірледі. Жұмыста ұсынылған тәсілдер мен есептеулер азық-түлік тәуелсіздігін арттыру жөніндегі стратегияларды қалыптастыру кезінде мемлекеттік басқару тәжірибесінде қолданылуы мүмкін.

Зерттеу нәтижелері. Зерттеу шеңберінде өнімнің негізгі топтары бойынша елдің азықтүлік тәуелсіздігінің деңгейі ресми және авторлық әдістеме бойынша есептелді және нәтижелер салыстырылды. Тәсілдер арасындағы анықталған алшақтықтар қолданыстағы әдістемелік ұсынымдарды қайта қарау қажеттілігін көрсетеді. Авторлардың әдіснамасы бойынша ең көп тапшылық сүт өнімдері, ет түрлері (қой еті), жемістер-жидектер және күнбағыс майы бойынша байқалады. Сапалық мәнде осы топтар бойынша қамтамасыз етілу деңгейі ішкі тапшылықтың болуын көрсететін критикалық (ірімшік пен сүзбе, жеміс) және төменгі шекті деңгейден (сүт өнімдері, күнбағыс майы, қой еті) төмен болып сипатталады. Жекелеген өнiмдер (күнбағыс майы, қой етi) экспортының өсуi iшкi рынокта импортқа тәуелдiлiк пен тапшылықтың сақталуымен қатар жүретiн теңгерiмсiздiк анықталды, бұл экспортимпорт саясатын қайта қарауды талап етедi. 

46-70 137
Аңдатпа

Зерттеу мақсаты – технологиялық прогресс пен энергетикалық ауысу жағдайында мемлекеттің ұлттық және өңірлік деңгейлерде энергетикалық қауіпсіздікті (ЭҚ) қамтамасыз етудегі олқылықтарды анықтау үшін Қазақстан мен Қызылорда облысының электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді талдау.

Әдіснамасы – бұл зерттеуде құжаттарда көрсетілген анықталған заңдылықтарды, фактілер мен тенденцияларды кейіннен мазмұнды түсіндіру мақсатында мәтіндік массивтердің формасы мен мазмұнына мазмұндық талдау қолданылды. Қазақстан Республикасының заңнамасына контент-талдау энергетика саласын құқықтық реттеуді зерделеу және мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын анықтау мақсатында жүргізілді. Талдау MAXQDA бағдарламасын қолдану арқылы жүргізілді.

Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы – өзектілігі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі элементі ретінде энергетикалық қауіпсіздіктің айрықша маңыздылығында жатыр. Қызылорда облысы географиялық ерекшеліктеріне байланысты жаңартылатын энергетиканы дамыту үшін зор әлеуетке ие. Мемлекет энергетикалық саясатты заңдар, бағдарламалар, стратегиялар мен тұжырымдамалар арқылы жүзеге асырады. Белгісіздік жағдайындағы энергетикалық саясат энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады, бұл энергетикалық жүйенің сыртқы және ішкі қауіптеріне төзімділікті білдіреді. Зерттеудің ғылыми жаңалығы Қазақстанның электр энергетикасын мемлекеттік қолдау шараларын жүйелеу және олардың контент-талдау көмегімен ұлттық және өңірлік деңгейлердегі қазіргі заманғы сын-қатерлерге сәйкестігін анықтау болып табылады.

Зерттеу нәтижелері – Қазақстанның аумақтық ерекшеліктерін ескеретін өңірлік электр энергетикасын кешенді айқындаудың жоқтығы анықталды. Заңнамада «микрогенерация», «ақылды желілер», «заттар интернеті» ұғымдарының анықтамалары жоқ екендігі атап өтілді. Қызылорда облысында электр энергетикасы саласын дамытуға бағытталған өңірлік бағдарламалар мен стратегиялар жоқ.

ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА: ДАМУ БАҒЫТТАРЫ

71-84 140
Аңдатпа

Өндіріс пен тұтынудың тұрақты үлгілеріне көшу қажеттілігі жағдайында айналмалы экономиканың дамуы Қазақстандағы шағын бизнестің тұрақты өсуінің негізгі факторы болып табылады.

Зерттеудің мақсаты – айналмалы экономиканың қағидаттарын шағын бизнесті басқару жүйесіне енгізудің тұжырымдамалық негіздерін дәлелдеу және тиісті ұсыныстар әзірлеу.

Әдіснама нормативтік және талдамалық дереккөздерді, халықаралық тәжірибені талдауға, сондайақ жүйелік және салыстырмалы тәсілдерді қолдануға негізделген.

Зерттеу нәтижесінде Қазақстандағы шағын бизнес жағдайына бейімделген айналмалы экономиканың негізгі элементтері айқындалды, оны енгізудің кедергілері мен қозғаушы факторлары анықталды және бизнес-модельдерге интеграциялау бойынша ұсынымдар берілді. Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы ұсынылған тәсілдерді шағын бизнесті қолдау жөніндегі мемлекеттік саясатты әзірлеу мен тұрақты даму стратегияларын іске асыруда қолдану мүмкіндігінде жатыр.

БИЗНЕС ЖӘНЕ БАСҚАРУ: МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ШЕШІМДЕР

85-96 163
Аңдатпа

Зерттеудің мақсаты. Мақала Алматы қаласының еңбек нарығына сыртқы көші-қонның ықпалын күшейіп отырған геосаяси тұрақсыздық және өңірлік көші-қон ағындарының трансформациясы жағдайында талдауға арналған.

Әдіснамасы. Зерттеу әдіснамасы статистикалық талдаудың сандық әдістерін қолдануды көздейтін кешенді тәсілге негізделген.  Эмпирикалық база ретінде Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросының 2000–2024 жылдардағы деректері мен халықаралық зерттеулер пайдаланылды. Бұл деректер сыртқы көші-қонның Алматы еңбек нарығына ықпалын салыстырмалы, құрылымдық және корреляциялық талдау арқылы эмпирикалық тұрғыдан тексеруге мүмкіндік берді.

Зерттеудің бiрегейлiгi /құндылығы. Мақаланың ғылыми жаңалығы – Алматы қаласы аймақтық мегаполис әрі мигранттарды тарту орталығы ретінде қарастырылып, еңбек нарығына сыртқы көші-қонның ықпалы қазіргі геосаяси өзгерістер аясында сарапталғанында. Бұл мәселе ғылыми әдебиетте жеткіліксіз зерттелген. Зерттеудің құндылығы өзектілігімен, экономикалық-географиялық бағытымен, сондайақ алынған нәтижелерді аймақтық деңгейде тиімді көші-қон және еңбек саясатын қалыптастыруда қолдану мүмкіндігімен айқындалады.

Зерттеу нәтижелер. Зерттеу нәтижелері 2022 жылдан бері Алматы қаласының еңбек нарығына сыртқы көші-қонның ықпалы «ми ағымының» азаюы және білікті мамандардың келуі арқылы байқалғанын көрсетті.

Сонымен қатар, көші-қон ағындарының білім беру құрылымын талдау тұрақты сапалық теңгерімсіздікті көрсетеді. 2022 жылдан кейін мамандар ағынының артуына қарамастан, елден кететіндер арасында жоғары білімі бар адамдардың үлесі келгендер санына қарағанда жоғары болып қала береді. 2022 жылдан 2024 жылға дейін бұл көрсеткіш орта есеппен иммигранттар арасындағы тиісті үлестен шамамен 1,5 есе жоғары болды. Осылайша, көші-қон процестері бір мезгілде тұрақтану белгілерін және интеллектуалдық ресурстардың ағып кетуінің тұрақты тәуекелдерін көрсетеді. Алынған нәтижелер білікті мигранттарды қаланың экономикасына интеграциялау тетіктерін дамыту қажеттілігін растайды.

ИНВЕСТИЦИЯЛАР, ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ЕСЕП

97-108 125
Аңдатпа

Мақалада 2023-2025 жылдар ішіндегі Қазақстанның ұлттық айырбас бағамының динамикасына әсер ететін төлем балансының негізгі компоненттері қаралды. Талдау Қазақстан Ұлттық банкі ұсынған ресми макроэкономикалық статистикаға, сондай-ақ Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банктің деректеріне негізделген. Сауда балансы, ағымдағы шот бойынша позиция, капитал қозғалысы, валюта нарығындағы интервенциялар, халықаралық резервтер серпіні арасындағы өзара іс-қимылға ерекше назар аударылды. Осы факторлардың айырбас бағамының ауытқуына әсерін бағалау үшін зерттеуде ARIMA уақытша қатарларын маусымдық модельдеу үйлесімінде көп өлшемді регрессиялық талдау қолданылады, бұл макроэкономикалық көрсеткіштер арасындағы құрылымдық өзара байланыстарды да, қысқа мерзімді циклдік серпінді де белгілеуге мүмкіндік береді.

Эмпирикалық нәтижелер талданатын кезең ішінде қазақстандық теңгенің салыстырмалы тұрақтылығы едәуір дәрежеде Ұлттық қордан түсетін трансферттер және Ұлттық банк жүргізетін резервтерді белсенді басқару есебінен сақталғанын көрсетеді. Сонымен қатар талдау шикізат тауарларының шектеулі диапазонындағы экспорттың құрылымдық шоғырлануы орта мерзімді және ұзақ мерзімді перспективада ұлттық валюта үшін осалдықтың елеулі көзі болып табылатынын көрсетеді. Алынған нәтижелер негізінде мақалада экспорт құрылымын әртараптандыру, шикізаттық емес секторларды кеңейту, сыртқы экономикалық қайта құрудың неғұрлым теңгерімді тетіктерін дамыту есебінен валюта бағамының тұрақтылығын нығайтуға бағытталған бағдарламалық ұсынымдар тұжырымдалды.

108-119 122
Аңдатпа

Зерттеу мақсаты – ESG жағдайында инвестициялық талдаудың ақпараттық негізі ретінде басқару есебінің рөлін зерттеу және ашу.

Әдіснамасы – өзекті ғылыми жұмыстарға шолу нәтижелерін біріктіруге және зерттеуде қойылған міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін аналитикалық және дедуктивті әдістерді қолдануға негізделген; зерттеу және кәсіби бизнес шолуларға шолу ESG интеграциясы бағытында басқарушылық есеп жүйесінің трансформациясына әсер еткен анықталған факторларды дәлелдеуге негіз болды; кестелер мен схемаларды құру арқылы деректерді визуалды көрсету әдісі.

Зерттеудің өзіндік ерекшелігі, әдетте, инвестициялық талдау тек портфельді инвестициялау мақсаттары үшін іргелі және техникалық талдау әдістерінде қаржылық талдау құралы ретінде қарастырылады. Ұсынылған тәсіл бизнестегі ағымдағы трендтердің әсерін, атап айтқанда ESG принциптерін басқаруға енгізуді ескереді. Басқару есебі ішкі бақылау құралынан қаржылық және қаржылық емес ақпаратты біріктіретін инвестицияларды талдау негізіне айналады.

Зерттеу барысында ESG интеграцияланған басқару есебіне көшуді анықтайтын негізгі факторларға негіздеме берілді. Олардың ішінде геосаяси және макро тәуекелдер, AI, ML, BigData, цифрлық қаржы және онлайн платформалар және т.б. белгіленген. Инвестициялық шешімдер қабылдауда басқару есебі, басқарушылық және инвестициялық талдау арасындағы байланыстың рөлі ұсынылған және дәлелденген. Басқарушылық талдау ESG бағалауларымен және тәуекелге бейімделген көрсеткіштермен толықтырылатыны көрсетілген. Инвестициялық талдауда тұрақтылықты болжау және стресс-тестілеу үшін жасанды интеллект пен финтех құралдары белсенді қолданылады. Бұл тұрғыда инвестициялық талдау бизнесті басқаруға біріктірілген сыртқы аналитикалық құрал ретінде емес, басқару есебінің ажырамас бөлігі ретінде әрекет етеді.

120-136 203
Аңдатпа

«Жаңа Қазақстан» тұжырымдамасы (2022) COVID-19 пандемиясы мен 2022–2023 жж. геосаяси шиеленіс салдарынан күшейген логистикалық үзілістер жағдайында қалыптасты. Қазақстан Республикасында өңделген тауарларды тұтынуда импорттың үлесі 60%-дан асады, бұл ұлттық экономиканың орнықтылығына қатер төндіреді. Зерттеудің мақсаты – импортты алмастыру саясатын талдау. Екі қыр қарастырылды: бюджеттік басымдықтарды айқындау және «Жаңа Қазақстанды» қалыптастырудағы мемлекеттік шығыстарды бақылау тетіктері. Ғаламдық тұрақсыздық пен сыртқы экономикалық қиындықтар импортты алмастыруға деген қызығушылықты арттырды. Зерттеудің хронологиялық шеңбері 2022–2025 жж. (болжам) қамтиды.

Тетіктің мәні экономикалық егемендікті нығайта отырып, ұлттық өндірісті қатар дамытуда. Әдіснамалық негіз ретінде салыстырмалы және құрылымдық-функционалдық талдау, бюджеттік ассигнациялар өсімінің (базистік және тізбектік) қарқындарын есептеу қолданылды; мемлекеттік инвестициялар көлемі мен отандық өндіріс өсімі арасындағы корреляция коэффициенттері анықталды. Бұған қоса, шығыстарды бақылаудың цифрлық құралдары бағаланды. Авторлар импортты алмастырудың теориялық негіздері мен әлемдік тәжірибесін талдайды. Негізгі назар Қазақстан жағдайындағы бюджеттік қаржыландыру мен оның нәтижелілігіне аударылды.

Нəтижелер ең жоғары экономикалық тиімділік екі салада – фармацевтика мен ақпараттық технологияларда – байқалатынын көрсетті. Жұмыста үш типтегі болжамдық көрсеткіштер ұсынылды: ЖІӨ өсімі, импортқа тәуелділіктің қысқаруы, жұмыспен қамтудың артуы. Зерттеу стратегияны іске асырудағы кедергілерді айқындады және оларды еңсерудің үш бағытын ұсынды: инфрақұрылымды дамыту, ғылыми-зерттеу әзірлемелерін ынталандыру, инвестиция тарту. Ғылыми жаңалық импортты алмастырудың бюджеттік қайтарым коэффициентін (ИБҚК) есептеудің авторлық әдістемесін әзірлеумен байланысты; ол 2022–2024 жж. деректері негізінде төрт басым сала бойынша апробацияланды. Импортты алмастыру саясатының нәтижелілігі мемлекеттік бюджет тұрғысынан бағаланды. Материалдардың практикалық құндылығы мемлекеттік басқару органдарына, талдаушыларға және ғылыми қауымдастыққа арналған. Қазақстанның фармацевтикасы мен ІТ-секторы үшін бюджеттік қаржыландыру құрылымын оңтайландыруға бағытталған нысаналы ұсынымдар тұжырымдалды.

САНДЫҚ ЭКОНОМИКА

137-151 129
Аңдатпа

Мақалада цифрлық тәуекелдердің өсуі және киберқауіптердің күрделенуі жағдайында мемлекеттік инфрақұрылымның киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қарастырылады.

Зерттеудің мақсаты Қазақстанның ұлттық жағдайларына бейімделген ISO/IEC 27001, NIST SP 800-53, FAIR, CMMI және Mitre ATT&CK халықаралық стандарттарына негізделген интеграцияланған киберқауіпсіздік архитектурасын әзірлеуге бағытталған.

Зерттеу әдістемесі қолданыстағы киберқауіпсіздікті бағалау модельдерін жүйелік және салыстырмалы талдауды, ICS/SCADA орталарында қауіп-қатерді модельдеуді және реттеуші көздердің мазмұнын талдауды қамтиды.

Зерттеудің бірегейлігі/құндылығы. Ғылыми жаңалық-технологиялық, ұйымдастырушылық және аналитикалық компоненттерді біріктіретін киберқауіпсіздіктің тұжырымдамалық архитектурасын қалыптастыру. Ұсынылған модель мемлекеттік инфрақұрылымның кибер тұрақтылық деңгейін арттыра отырып, фрагменттелген қорғау шараларынан тәуекелдерді басқарудың тұтас жүйесіне көшуді қамтамасыз етеді.

Нәтижелер халықаралық стандарттарды біріктіру мемлекеттік жүйелердің кибер тұрақтылығын арттыратынын және оқиғаларды бақылау мен оларға жауап берудің тиімді моделін құруға ықпал ететінін көрсетеді.



ISSN 2789-4398 (Print)
ISSN 2789-4401 (Online)