Preview

Central Asian Economic Review

Кеңейтілген іздеу

Тұтынушылық несиенің банк жүйесінің тұрақтылығына əсері: экономикалық жəне психологиялық факторларды талдау

https://doi.org/10.52821/2789-4401-2023-2-164-180

Толық мәтін:

Аңдатпа

Зерттеудің мақсаты – тұтынушылық несиелеудің банктік тұрақтылыққа əсерін анықтау жəне оның экономикалық көрсеткіштерге тəуелділігін бағалау.

Зерттеу əдістемесі сапалық жəне сандық тəсілдерге негізделген. Мақалада регрессиялық талдау əдістері, аналитикалық деректерді түрлендіру, талдау жəне синтез қолданылды.

Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы – авторлар есептеулер негізінде тұтынушылық несиелеудің макроэкономикалық жəне психологиялық факторларға тəуелділігін анықтады.

Зерттеу нəтижелері. Авторлар эконометрикалық есептеулер нəтижесінде экономикалық өсуге əсер ететін жиынтық сұраныстың негізгі көрсеткіші ретінде тұтынушылық функцияны алды. Тұтынушылық несиелеудің пайыздық мөлшерлемелерден, халықтың орташа айлық табысынан жəне инфляциядан төмен тəуелділігі анықталды. Жиынтық регрессия макроэкономикалық факторлардың тек 43,3 %-ға тұтынушылық несиелеудің өсуін түсіндіретінін көрсетті. Сонымен қатар, авторлар тұтынушылық несиелердің импортқа жəне сауданың жалпы қосылған құнына айтарлықтай əсерін анықтады.

Сапалы талдау негізінде авторлар 128 респондент қатысқан сауалнама негізінде тұтынушылық көңіл-күй индексін (CCI) есептеді. Сауалнама нəтижесі бойынша тұтынушылар оптимистік көңілкүйге ие əрі маркетингтік жəне жарнамалық акциялар сияқты психологиялық əсер ету құралдарына өте сезімтал екендігі анықталды. Сондай-ақ, авторлар осы банктік өнімнің күрт өсуіне қарыз ауыртпалығын қабылдау жəне несиенің қолжетімді болуы əсер етті деп санайды.

Өз болжамдарын экономистердің заманауи зерттеулеріне сілтеме жасай отыра дəлелдеп, авторлар тұтынушылық несиелерге сұраныстың өзгеруі экономикалық емес, психологиялық факторлармен түсіндірілетіндігін анықтады. Үй шаруашылықтарының түпкілікті шығындарының өсуі тұтынушылық несиелендірудің ұлғаюына байланысты деп айтуға болады, бұл қысқа мерзімде жиынтық сұранысты ынталандырды жəне осылайша экономикалық өсуге əсер етті. Сонымен қатар, соңғы жылдары

Қазақстанда үй шаруашылықтарын кредиттеу өндірістерге берілетін кредиттерден озып кетті жəне үй шаруашылықтары борышының ЖІӨ-ге қатынасы артып келеді. Бұл үрдіс ұзақ мерзімде банктердің дефолтына жəне экономикалық рецессияға əкелуі мүмкін. Осыған сүйене отырып, авторлар осы мəселелерді шешу үшін кейбір ұсыныстар жасады.

Авторлар туралы

Д. Б. Канагатова
Нархоз Университеті
Қазақстан

Алматы



Н. С. Кенжеғалиева
Нархоз Университеті
Қазақстан

Алматы



Әдебиет тізімі

1. Freitakas E., Mendelsonas T. Research problems in analysis of relationship between financial stability and aggregated debts // KSI Transaction on Knowledge Society. - 2015. - № 8(1). - P. 14-18.

2. Buyukkarabacak B., Valev N. T. The role of household and business credit in banking crises // Journal of Banking and Finance. - 2010. - № 34(6). - P. 1247-1256.

3. Salas V., Saurina J. Credit risk in two institutional regimes: Spanish commercial and savings banks // Journal of Financial Services Research. - 2002. - № 22(3). - P. 203-224.

4. Nkusu M. Nonperforming loans and macro-financial vulnerabilities in advanced economies // IMF Working Papers. No. 11/161. - 2011. - 27 p.

5. Louzis D. P., Vouldis A. T., Metaxas V. L. Macroeconomic and bank-specific determinants of nonperforming loans in Greece: A comparative study of mortgage, business and consumer loan portfolios // Journal of Banking and Finance. - 2012. - № 36(4). - P. 1012-1027.

6. Leaven L., Majnoni G. Loan loss provisioning and economic slowdowns: Too much, too late // Journal Finance Intermediate. - 2003. - № 12. - P. 178-197.

7. Foos D., Norden L., Weber M. Loan growth and riskiness of banks // Journal of Banking and Finance. -2010. - № 34(12). - P. 2929-2940.

8. Amador J. S., Gomez-Gonzalez J. E., Pabon A. M. Loan growth and bank risk: New evidence // Financial Markets and Portfolio Management. - 2013. - № 27(4). - P. 365-379.

9. Igan D., Pinheiro M. Credit growth and bank soundness: Fast and furious // IMF Working Papers. No. 11/278. - 2011. - 27 p.

10. Fenech J.-P., Yap Y. K., Shafik S. Can the Chinese banking system continue to grow without sacrificing loan quality? // Journal of International Financial Markets, Institutions and Money. - 2014. - № 31. - P. 315-330.

11. Nurhuda N., Zulkefly A. K. The Relationship Between Household Credit and Banking Stability in Malaysia: Panel Evidence // Gadjah Mada International Journal of Business. - 2021. - № 23(2). - P. 155-172.

12. Статистические данные [Электронный ресурс] // Официальный сайт Национального банка Республики Казахстан. - б. д. - URL: https://nationalbank.kz/ru/page/denezhno-kreditnaya-statistika (Дата обращения: 01.02.2023).

13. Отчет о финансовой стабильности Казахстана 2021. - Нур-Султан: Национальный Банк Казахстана, 2022. - 155с.

14. Кейнс Дж. М. Общая теория занятости, процента и денег // Антология экономической классики. - М.: Эконов, 2000. - 375 с.

15. Канеман Д., Тверски А. Рациональный выбор, ценности и фреймы // Психологический журнал. -2003. - Т. 24. № 4. - С. 31-42.

16. Канеман Д., Словик П., Тверски А. Принятие решений в неопределенности: Правила и предубеждения. - ИПП «Гуманитарный центр», 2005. - 632 с.

17. Laibson D. Golden eggs and hyperbolic discounting // Quarterly Journal of Economics. - 1997. -№ 112(2). - P. 443-477.

18. Camerer C. F., Loewenstein G., Prelec D. Neuroeconomics: why economics needs brains // Scandinavian Journal of Economics. - 2004. - № 106(3). - P. 555-579.

19. Саймон Г. Рациональность как процесс и продукт мышления // THESIS. - 1993. - № 1(3). - C. 16-38.

20. Ариели Д. Предсказуемая иррациональность. Скрытые силы, определяющие наши решения. -М.: Изд-во «Манн, Иванов и Фербер», 2010. - 336 с.

21. Акерлоф Дж., Шиллер Р. Животный дух (Spiritus Animalis), или как человеческая психология управляет экономикой и почему это важно для мирового капитализма / пер. с англ. Д. Прияткина. - М.: Юнайтед Пресс, 2011. - 273 с.

22. Талер Р., Санстейн К. Nudge: Архитектура выбора. - М: Манн, Иванов и Фербер, 2017. - 240 с.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Канагатова Д.Б., Кенжеғалиева Н.С. Тұтынушылық несиенің банк жүйесінің тұрақтылығына əсері: экономикалық жəне психологиялық факторларды талдау. Central Asian Economic Review. 2023;(2):164-180. https://doi.org/10.52821/2789-4401-2023-2-164-180

For citation:


Kanagatova D.B., Kenzhegaliyeva N.S. The impact of consumer credit on the stability of the banking system: analysis of economic and psychological factors. Central Asian Economic Review. 2023;(2):164-180. (In Russ.) https://doi.org/10.52821/2789-4401-2023-2-164-180

Қараулар: 964


ISSN 2789-4398 (Print)
ISSN 2789-4401 (Online)