Қазақстанның мұнай-газ секторындағы шетелдік инвестициялар саласындағы мемлекеттік саясат: тиімділігі және даму бағыттары
https://doi.org/10.52821/2789-4401-2025-3-179-191
Аңдатпа
Зерттеудің мақсаты – Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласындағы инвестициялық саясатын бағалау және шетелдік инвестициялар тартудың қазіргі жағдайын талдау. Зерттеудің негізгі мақсаты – мұнай-газ саласындағы шетелдік инвестициялар тарту жөніндегі мемлекеттік саясатты бағалау және осы салаға инвестициялар тарту процесіне әсер ететін негізгі факторларды анықтау.
Зерттеу әдіснамасы – Зерттеу барысында Қазақстанның мұнай-газ саласына шетелдік инвестиция тарту тәжірибесіне экономикалық және институционалдық тұрғыда талдау жүргізілді. 2010–2023 жылдар аралығындағы ресми статистикалық деректер ҚР Ұлттық статистика бюросының мәліметтері мен зерттеу есептері пайдаланылды. Талдау шеңберінде Қазақстанға ең көп инвестиция салған елдер – Нидерланд, Ресей, Швейцария және басқа да мемлекеттер арасындағы инвестициялық ағындар салыстырылды. Сонымен қатар, ұлттық заңнамалық база мен мемлекеттік реттеу тетіктері зерделеніп, олардың шетелдік инвестицияларға әсері қарастырылды. Зерттеу нәтижесінде мұнай-газ саласындағы шетелдік инвестицияларды тиімді басқаруға бағытталған нақты ұсыныстар әзірленді.
Зерттеудің өзіндік ерекшелігі/құндылығы – Зерттеу барысында Қазақстанның мұнай-газ саласына тартылған шетелдік инвестициялардың ағымдағы жағдайын бағалау, олардың өзгеру тенденцияларын анықтау және Қазақстан экономикасының стратегиялық маңызды саласына шетелдік капиталдың әсерін талдау жүргізілді. Мақалада 2019–2023 жылдар аралығындағы шетелдік инвестициялардың нақты динамикасы талданып, Қазақстанның мұнай-газ секторындағы инвестициялық саясаттың құрылымы мен трансформация үдерісіне баға берілді. Қазақстанға инвестиция салатын басты мемлекеттер – АҚШ, Қытай, Нидерланд, Оңтүстік Корея және Бельгияның экономикалық ықпалы сипатталды.
Зерттеу нәтижелері – Шетелдік инвестициялар ағынын тұрақтандыру мен әртараптандыру мақсатында институционалдық реформаларды жетілдіру, мұнай-химия және қайта өңдеу секторларына бағытталған инвестициялық ынталандыру шараларын әзірлеу үшін қолданылуы мүмкін. Қазақстанда мұнай-газ саласына тартылатын шетелдік инвестициялар көлемінің салыстырмалы тұрақтылығына қарамастан, соңғы жылдары төмендеу үрдісі байқалып отыр. Бұл үрдіс жаһандық нарықтағы өзгерістер мен инвестициялық ортаның күрделенуімен байланысты. Мақалада осы тенденцияларды еңсеруге арналған нақты ұсыныстар ұсынылған.
Авторлар туралы
С. С. ЫдырысҚазақстан
Ыдырыс Серікбай Садуакасұлы – экономика ғылымдарының докторы, профессор; «Қонақжайлылық» мектебінің профессоры
161200, Рабиға Бегім көшесі 14А, Түркістан қ.
Ш. А. Жұмаділла
Қазақстан
Жұмаділла Шолпан Абибуллақызы – PhD докторанты
Түркістан
Г. Р. Момбекова
Қазақстан
Момбекова Гульмира Раибековна – PhD, қауымдастырылған профессор
161200, Б.Саттарханов даңғ., 29, Түркістан қ.
Әдебиет тізімі
1. Hájek P. Foreign Investments in Priority Sector the Economy of Kazakhstan // Asian Journal of Social Sciences and Humanities. – 2019. – Vol. 5. – P. 10–17. – DOI: 10.26577/cajsh-2019-3-s2.
2. Orazgaliyev S., Akhmetzharov S. Kazakhstan’s Economy and the Oil Sector: A Developmental State or Resource Curse Model? // In: The Political Economy of Resource Governance. – Singapore: Springer, 2020. – P. 15–50. – DOI: 10.1007/978-981-15-6899-2_2.
3. Demeuov N., Yesdauletova A. The Current State and Structure of Foreign Direct Investment in the Republic of Kazakhstan // Economic Series of the Bulletin of the L.N. Gumilyov ENU. – 2023. – № 1. – P. 34–45. – DOI: 10.32523/2789-4320-2023-1-34-45.
4. Temirbayev B., Zagal K., Akhmetzhanova S. Investment Climate of Kazakhstan: Trends of Change // Kazakhstan-Spectrum. – 2021. – № 4. – DOI: 10.52536/2415-8216.2021-4.05.
5. Gawad A., Muramall G. M. V. S. S. R. Foreign direct investment (FDI) and its effects on oil, gas, and refinery production and their exports: An applied study // Journal of Economics and Sustainable Development. – 2013. – № 4(1). – P. 21–35.
6. Pongsiri N. Foreign Direct Investment and Regulation: A Case Study of Thailand’s Upstream Oil and Gas Industry // OGEL – Oil, Gas & Energy Law Journal [Electronic source] // [website]. – 2005. – URL: https://www.ogel.org (accessed: 20.03.2025).
7. Doskaliyeva B. B. Development of the System of Investment Support of Projects in the IndustrialInnovative Development of Kazakhstan // International Journal of Environmental and Science Education. – 2016. – P. 5109–5127.
8. Амангельдинова М. К., Сапарова Б. С., Шаяхметова Л. М. Қазақстан компаниялары инвестициялық қызметінің инновациялық әлеуетінің экономикалық тиімділігін бағалау // Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Хабаршысы. – 2024. – № 6(412). – Б. 319–337. – [Электрондық ресурс] // [web-сайт]. – URL: http://www.bulletin-science.kz/index.php/en/ (қаралған күні: 20.03.2025).
9. Отарбаева А. Б., Арупов А. А. Анализ влияния прямых иностранных инвестиций на развитие нефтегазовой отрасли Казахстана // The Journal of Economic Research & Business Administration. – 2020. – № 4(134). – С. 66–78. – [Электронный ресурс] // [web-сайт]. – URL: https://be.kaznu.kz (дата обращения: 20.03.2025).
10. Ahmadi M., Manera M., Sadeghzadeh M. The investment-uncertainty relationship in the oil and gas industry // Resources Policy. – 2019. – Vol. 63. – Art. No. 101439. – DOI: https://doi.org/10.1016/j.resourpol.2019.101439.
11. Bogmans Ch., Pescatori A., Prifti E. The impact of climate policy on oil and gas investment: Evidencefrom firm-level data // European Economic Review. – 2024. – Vol. 165. – Art. No. 104750. – DOI: https://doi.org/10.1016/j.euroecorev.2024.104750.
12. Bond S., Van Reenen J. Microeconometric Models of Investment and Employment // In: Handbook of Econometrics. – 2007. – Vol. 6, Part A. – P. 4417–4498. – DOI: https://doi.org/10.1016/S1573-4412(07)06065-5.
13. Курмангужин Р. С. Возможен ли новый этап сотрудничества Казахстана с Евросоюзом? – 2017. – [Электронный ресурс] // [web-сайт]. – URL:https://almau.edu.kz/images/uploads/files/4bd74c1e76d9b11f275078dd1a8fa621.pdf (дата обращения: 20.03.2025).
14. Zuoqian W., Zhe F., Xi C. H., Yong L. Global oil and gas development situation, trends and enlightenment in 2023 // Petroleum Exploration and Development. – 2024. – Vol. 51, Issue 6. – P. 1536–1555. – DOI: https://doi.org/10.1016/S1876-3804(25)60558-1.
15. Kazakhstan's oilfields, disputes and settlements with oil majors // Reuters. – 2025. – [Electronic source] // [website]. – URL: https://www.reuters.com/markets/asia/kazakhstans-oilfields-disputes-settlements-withoil-majors-2025-01-28/ (accessed: 20.03.2025).
16. AIFC анықтамалығы. 2024 жылдың 3-тоқсаны. – [Электрондық ресурс] // [web-сайт]. – URL: https://aifc.kz/ (қаралған күні: 20.03.2025).
17. Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросы. Мұнай және газ экспорттау статистикасы. – [Электрондық ресурс] // [web-сайт]. – URL: https://stat.gov.kz (қаралған күні: 20.03.2025).
18. Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы. – [Электрондық ресурс] // [web-сайт]. – URL: https://primeminister.kz/ (қаралған күні: 20.03.2025).
19. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі. Қазақстандағы мұнай және газ өндіру туралы ресми есептер. – [Электрондық ресурс] // [web-сайт]. – URL: https://www.gov.kz/memleket/entities/energo (қаралған күні: 20.03.2025).
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Ыдырыс С.С., Жұмаділла Ш.А., Момбекова Г.Р. Қазақстанның мұнай-газ секторындағы шетелдік инвестициялар саласындағы мемлекеттік саясат: тиімділігі және даму бағыттары. Central Asian Economic Review. 2025;(3):179-191. https://doi.org/10.52821/2789-4401-2025-3-179-191
For citation:
Ydyrys S.S., Zhumadilla Sh.A., Mombekova G.R. State policy in the field of foreign investment in Kazakhstan’s oil and gas sector: effectiveness and development vectors. Central Asian Economic Review. 2025;(3):179-191. (In Kazakh) https://doi.org/10.52821/2789-4401-2025-3-179-191