«Central Asian Economic Review» журналының алғашқы саны сонау 1996 жылы басталды, ол басылым «Вестник КазГАУ» деп аталды. 2001-2016 жылдар аралығында журнал «Хабаршы ҚазЭУ» деген атпен жарық көрді. 2017 жылдан бастап журнал Central Asian Economic Review болып өзгертіліп, басылымның халықаралық мәртебесін белгілей отырып, Орталық Азияның қарқынды дамып жатқан аймағына назар аударылды. Негізі қалағаннан сәттен бастап экономика, менеджмент, бизнес және қаржы мәселелерін талқылауға және шешуге ықпал ететін журналдың 135 саны жарық көрді. Қазіргі уақытта Central Asian Economic Review ғылыми зерттеулердің соңғы нәтижелерін талқылауға және ғылыми жарияланымдар үшін жоғары стандарттарды сақтауға арналған платформаны ұсынатын жетекші ғылыми журналдардың бірі болып табылады.