Preview

Central Asian Economic Review

Кеңейтілген іздеу

ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІКТЕГІ ХЕДЖЕРЛЕУДІҢ МƏНІ

https://doi.org/10.52821/2789-4401-2023-1-136-146

Толық мәтін:

Аңдатпа

Зерттеудің мақсатықаржы нарығында ақша нарығынан басқа, болашақ кезеңдерде активтерді сатып алу-сату нарықтары бар. Алайда, мұндай келісімшарттардың тараптары қаржы активін белгіленген күнге белгіленген бағамен сатуға немесе сатып алуға құқылы немесе міндетті. Мұндай келісімшарттар туынды құралдар деп аталады, өйткені келісімшарт бағасы базалық актив бағасының өзгеруіне тікелей байланысты деп саналады. Туынды қаржы құралдары болашақ бағаларды белгілеп қана қоймай, айырбас бағамының қолайсыз құбылмалылығынан сақтандыруға көмектеседі. Соңғы функцияны орындау үшін ел экономикасында туынды құралдар нарығы жəне базалық активтер нарығы болуы керек.

Əдіснамасы. Зерттеудің əдістемелік негізі – танымның диалектикалық əдісі. Зерттеу барысында жалпы ғылыми əдістер (талдау, синтез, дедукция, жіктеу, жүйелік тəсіл) жəне арнайы əдіснамалық əдістер (бухгалтерлік есеп жəне салық есебі) қолданылады.

Зерттеудің өзіндік ерекшелігі / құндылығы. Əлемдік экономиканың тұрақсыздығы жағдайында елдегі дағдарысқа қарсы басқару жəне реттеу, шаруашылық жүргізуші субъектілердің бизнес-портфельдерінің тиімділігін тұрақтандыру тетігі ретінде туынды қаржы құралдарын есепке алу маңызды орын алады. Тұрақсыз қаржылық дағдарыс жағдайында бизнес иелерінің қаржылық тəуекелдерін басқару жүйесінде қаржы құралдарын есепке алуды ұйымдастырудың ерекшеліктерін көрсетуге арналған осы ғылыми мақаланың практикалық маңыздылығы өте жоғары болып саналады.

Сондықтан, осы ғылыми мақалада біз қаржы құралдарын есепке алу ерекшеліктеріне теориялық ғылыми жəне практикалық тəсілдердің сипаттамасын береміз.

Зерттеудің нəтижелері – мақалада туынды қаржы құралдарының есебін 32 ХҚЕС «Қаржы құралдары: Ақпаратты ұсыну», 7 ХҚЕС «Қаржы құралдары: Ақпаратты ашу», 9 ХҚЕС «Қаржы құралдары» стандарттары арқылы ұйымдастырудың əдіс тəсілдері көрсетіледі. Жəне нақты мəліметтер арқылы бухгалтерлік есеп пен есеп беру жүйесіндегі хеджирлеудің мəні көрсетілетін болады.

Авторлар туралы

М. Д. Жумабаева
Алматы Менеджмент Университеті
Қазақстан

Жумабаева Мырзабике Достановна – экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессоры

Алматы



Г. Ж. Каримбаева
Esil University
Қазақстан

Каримбаева Гульжан Жанадилевна – экономика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы

Астана



Н. С. Нуркашева
Нархоз Университеті
Қазақстан

Нуркашева Нурсулу Султанияровна – экономика ғылымдарының кандидаты, ассистент профессор

Алматы



Әдебиет тізімі

1. Балабанов И. Т. Риск менеджмент. – Москва: Финансы и статистика, 1996. – 192 с.

2. Редхед К., Хьюс С. Управление финансовыми рисками / пер. с англ. – Москва: Инфра-М, 1996. – 288 с.

3. Росс С., Вестерфилд Р., Джордан Б. Основы корпоративных финансов: учеб. пособие. – Москва: Изд.: Лаб. базовых знаний, 2000. – 720 с.

4. Бланк И. А. Управление финансовыми рисками: учебное пособие. – Киев: Ника-Центр, 2005. – 600 с.

5. Буренин А. Н. Хеджирование фьючерсными контрактами фондовой биржи РТС. – Москва: Научно-техническое общество им. Академика С.И. Вавилова, 2009. – 174 с.

6. Бункина М. К., Семенов А. М. Основы валютных отношений: учеб. пособие. – Москва: Юрайт, 1998. – 192 с.

7. Галанов В. А. Производные инструменты срочного рынка: фьючерсы, опционы, свопы: Учебник. – М.: Финансы и статистика, 2009. – 484 с.

8. Пупликов С. И. Рынок ценных бумаг и валютный рынок: Банковский портфель 2005 года: учеб. метод. пособие. – Минск: Топик, 2005. – 236 с.

9. Шапкин А. С. Экономические и финансовые риски. Оценка, управление, портфель инвестиций: монография. – Москва: Изд.: «Дашков и Ко», 2003. – 544 с.

10. Международный стандарт финансовой отчетности (IAS) 39 «Финансовые инструменты: признание и оценка» [Электронды ресурс] // Online.Zakon.Kz [web-сайт]. – 2005. – URL: https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=30165826 (Қарау уақыты: 25.01.2023).

11. Международный стандарт финансовой отчетности (IFRS) 9 «Финансовые инструменты» [Электронды ресурс] // Online.Zakon.Kz [web-сайт]. – 2010. – URL: https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=31026893 (Қарау уақыты: 25.01.2023).

12. Международный стандарт финансовой отчетности (IFRS) 7 «Финансовые инструменты: раскрытие информации» [Электронды ресурс] // Online.Zakon.Kz [web-сайт]. – 2005. – URL: https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=30164360 (Қарау уақыты: 25.01.2023).

13. Салық жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексі 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ [Электронды ресурс] // Əділет [web-сайт]. – 2017. – URL: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1700000120 (Қарау уақыты: 25.01.2023).

14. KASE представляет итоги работы биржевого рынка по итогам 2020 года. – Алматы: АО «Казахстанская фондовая биржа» (KASE), 2021. – 11 с.

15. МСФО: точка зрения КПМГ. Практическое руководство по международным стандартам финансовой отчетности / Пер. с англ. – 12-е изд. – М.: Альпина Паблишер, 2016. – 3904 с.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Жумабаева М.Д., Каримбаева Г.Ж., Нуркашева Н.С. ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІКТЕГІ ХЕДЖЕРЛЕУДІҢ МƏНІ. Central Asian Economic Review. 2023;(1):136-146. https://doi.org/10.52821/2789-4401-2023-1-136-146

For citation:


Zhumabayeva M.D., Karimbayeva G.J., Nurkasheva N.S. THE IMPORTANCE OF HEDGING IN FINANCIAL ACCOUNTING. Central Asian Economic Review. 2023;(1):136-146. (In Kazakh) https://doi.org/10.52821/2789-4401-2023-1-136-146

Қараулар: 318


ISSN 2789-4398 (Print)
ISSN 2789-4401 (Online)