Климаттық тәуекелдердің сақтандыру төлемдеріне әсерін модельдеу: ESG-индикаторлардың модераторлық рөлі
https://doi.org/10.52821/2789-4401-2026-4-177-191
Аңдатпа
Зерттеу мақсаты – Климаттық тәуекелдердің сақтандыру төлемдеріне әсерін ESG индикаторлары арқылы модельдеудің теориялық және қолданбалы мүмкіндіктерін анықтау. Қазіргі жағдайда климаттың өзгеруі, ауа температурасының жоғарылауы, жауын-шашын режимінің өзгеруі, құрғақшылық, су тасқыны, қатты жел және өзге де қолайсыз метеорологиялық құбылыстар сақтандыру нарығы үшін маңызды тәуекел факторларына айналып отыр. Осыған байланысты сақтандыру ұйымдары үшін климаттық қауіптердің ықтимал салдарын алдын ала бағалау және оларды қаржылық модельдерге енгізу қажеттілігі артуда.
Әдіснамасы – Қазақстанның 14 облысы бойынша 2022–2024 жылдардағы 42 «облыс–жыл» бақылауы талданды. Мүлікті залалдан сақтандыру төлемдері мен сыйлықақылары ресми сақтандыру статистикасынан алынды. «Қазгидромет» деректері негізінде жылдық жауын-шашынның климаттық нормадан абсолюттік ауытқуы есептелді. Өңірлік ESG прокси-көрсеткіші шығарындылар, жұмыссыздық деңгейі және мемлекеттік қызметтер сапасының бағасы негізінде құрылды. Өзара әсерді бағалайтын регрессиялық модельге сақтандыру сыйлықақылары мен жыл индикаторлары енгізілді.
Зерттеудің құндылығы – Зерттеудің құндылығы климаттық тәуекелдерді сақтандыру төлемдерімен тікелей байланыстыра отырып, оларды ESG индикаторлары арқылы кешенді модельдеу тәсілін ұсынуында. Бұл тәсіл климаттық факторларды тек экологиялық мәселе ретінде емес, қаржылық, әлеуметтік және басқарушылық тәуекел ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.
Зерттеу нәтижелері – Жауын-шашынның климаттық нормадан ауытқуы мен өңірлік ESG прокси-көрсеткішінің өзара әсер коэффициенті статистикалық мәнді болған жоқ (b = −0,121; p = 0,672; n = 42; R² = 0,227). Сондықтан осы деректер өңірлік ESG прокси-көрсеткішінің қорғаныш модерациялық рөлін растамады. Сақтандыру төлемдері климаттық себептер бойынша бөлінбеген, ал өңірлік прокси сақтандыру компанияларының ESG көрсеткіші емес.
Тірек сөздер
Авторлар туралы
Г. ЖасанҚазақстан
Жасан Гүлсезім - докторант,
Шымкент.
Г. А. Иманова
Қазақстан
Иманова Гульнара Акимовна - э.ғ.к., «Экономика және менеджмент» кафедрасы,
Шымкент.
Е. А. Бакиров
Қазақстан
Бакиров Ержан Амангельдиевич - э.ғ.к., аға оқытушы, «Экономика және менеджмент» кафедрасының меңгерушісі,
Шымкент.
Әдебиет тізімі
1. Жидебаева А. Е. Жаһандық климаттың өзгеруі // Интернаука Учредители: Общество с ограниченной ответственностью "Интернаука". С. 35-36.
2. Бисембаева Ж. О. Үстірт жонының биоалуантүрлілігін сақтаудың мәселелері және қазіргі жағдайы. НВ Татищев атындағы Астрахан мемлекеттік университеті, Астрахань конференция: үстірт үстіртінің биоалуантүрлілігін сақтаудың қазіргі жағдайы жаңаөзен, қазақстан, 01 января–31 декабря 2024 года
3. Турысбекова А. Б., Өмірзақова Ә. Қ. Қазақстан аймақтарының әлеуметтік-экономикалық даму тенденцияларын анықтау.
4. Тажибаев Т. С. и др. Жаһандық климаттық бастамаларды ескере отырып, қара металлургия саласын дамытудың 2035 жылға дейінгі сценарийлерін модельдеу //Статистика, учет и аудит. 2025. Т. 4. №. 99. С. 87-103.
5. Алинов М. Ш. Тәуекелдерді басқару риск-менеджмент. 2020.
6. Нурбаев Ж. Е., Аубакирова Д. Н. Орталық Азияның климаттық қауіпсіздігі: қазақстандық жарияланымдарды талдау //International relations and international law Journal. 2026. Т. 113. №. 1. С. 87-97.
7. Есиркепова А. М. и др. Исследование влияния климатических изменений на экономику аграрного сектора //Вестник университета «Туран». 2025. №. 3. С. 206-221.
8. Мазаков Т., Саметова А. Орман және дала өрттерінің математикалық моделдерінің классификациясы // Academic Journal of Physical and Chemical Sciences. 2021. №. 5. С. 219-225.
9. Ермекқызы И. Е. Қазақстан қалаларының экологиялық жағдайы // Экология. 2024. С. 5.99.
10. Кыздарбекова А. С. и др. Понятие экологического комплаенса при переходе к «зеленой экономике» и пути ее развития //Вестник университета «Туран». 2023. №. 3. С. 9-22.
11. Насырова Г. А., Айтимова Ш. Т. Еңбекпен қамтылған халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің эволюциясын ретроспективті талдау //Scientific Journal of Pedagogy and Economics. 2023. Т. 406. №. 6. С. 532-545.
12. Tulaganov А., Adamov A., Yesbergen R. Қазақстан Республикасының аграрлық секторында су ресурстарын мемлекеттік басқару //Economic series of the Bulletin of LN Gumilyov ENU. 2025. №. 1. С. 322-339.
13. Ниеталина Г. К., Аскарова Э. Т., Кокенова А. Т. Қазақстанның салық жүйесіне ESG принциптерін интеграциялау: декларациядан құралдарға дейін // Scientific Journal of Pedagogy and Economics. 2025. Т. 417. №. 5. С. 433–457-433–457.
14. Точицкая И. Влияние климатических рисков на финансовый сектор: оценки центральных банков //Банковский вестник. 2021. №. 6. С. 23-35.
15. Мухамедова Д. Т. Зеленое финансирование и рынок капитала: управление рисками как ключевой фактор развития устойчивых инвестиций //Raqamli iqtisodiyot (Цифровая экономика). 2025. №. 12. I. С. 1451-1460.
16. Swiss Re Institute. (2024). Natural catastrophes in 2023: Gearing up for today’s and tomorrow’s weather risks. Sigma, 1/2024. Zurich: Swiss Re Institute.
17. Munich Re. (2025). Climate change is showing its claws: The world is getting hotter, resulting in severe hurricanes, thunderstorms and floods.
18. Task Force on Climate-related Financial Disclosures. (2017). Recommendations of the Task Force on Climate-related Financial Disclosures: Final report.
19. European Insurance and Occupational Pensions Authority. (2025). Dashboard on insurance protection gap for natural catastrophes.
20. Болдырев Д. А. Адаптация банковских бизнес-моделей к климатическим изменениям: эффективные стратегии смягчения рисков //Вестник Академии права и управления. 2025. №. 1 (82). С. 69-75.
21. Довбий И. П., Довбий Н. С. Устойчивые финансы в решении задач энергоперехода и снижения последствий изменения климата //Финансовый журнал. 2024. Т. 16. №. 1. С. 109-124.
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Жасан Г., Иманова Г.А., Бакиров Е.А. Климаттық тәуекелдердің сақтандыру төлемдеріне әсерін модельдеу: ESG-индикаторлардың модераторлық рөлі. Central Asian Economic Review. 2026;1(4):177-191. https://doi.org/10.52821/2789-4401-2026-4-177-191
For citation:
Zhassan G., Imanova G.A., Bakirov E.A. Modeling the Impact of Climate Risks on Insurance Payouts: The Moderating Role of ESG Indicators. Central Asian Economic Review. 2026;1(4):177-191. (In Kazakh) https://doi.org/10.52821/2789-4401-2026-4-177-191
JATS XML














