Preview

Central Asian Economic Review

Central Asian Economic Review

Кеңейтілген іздеу

Қоғамдық тамақтану саласындағы маркетингтік коммуникациялардың этикалық аспектілері: тұтынушылар пікірлерін талдау

https://doi.org/10.52821/2789-4401-2026-4-128-138

Толық мәтін:

Аңдатпа

Зерттеудің мақсаты Алматы қаласындағы фастфуд желілерінің маркетингтік коммуникацияларындағы этикалық мәселелердің тұтынушы сеніміне қатысты бағалармен байланысын онлайн пікірлер негізінде қарастыру. Зерттеу жарнамалық уәде мен нақты өнімнің сәйкестігіне, баға ашықтығына және қызмет көрсету мәдениетіне бағытталған.

Зерттеу әдіснамасы. Salam Bro, Doner na Abaya және I’M желілеріне қатысты Google Maps пен 2ГИС платформаларында жарияланған 2024–2025 жылдардағы 180 пікірге сентимент-талдау және контент-талдау жүргізілді. Әр желінің үш филиалынан екі платформа бойынша он пікірден алынды. Пікірлер эмоционалдық реңкі мен этикалық және сервистік шағымдардың мазмұны бойынша қарастырылды. Сонымен қатар платформаларда көрсетілген рейтингтер салыстырылды.

Зерттеудің бірегейлігі (құндылығы) Алматы фастфуд нарығындағы маркетингтік этиканы тұтынушылар сипаттаған тәжірибе арқылы қарастыру және жарнаманың шынайылығы, төлем рәсімдерінің ашықтығы мен қызмет көрсету этикасын өзара байланысты талдау. Жергілікті брендтер мен халықаралық брендтің ребрендингінен кейін қалыптасқан желі тәжірибесі салыстырылды.

Зерттеу нәтижелері Жарнамалық бейне мен нақты өнім арасындағы сәйкессіздік тұтынушы сеніміне қатысты жағымсыз бағалармен ұштасатыны байқалды. Баға мен төлем шарттарының ашықтығы бренд беделіне қатысты пікірлерде маңызды орын алады. Қызметкерлердің сыпайылығы кейбір сервистік қолайсыздықтардың қабылдануын жұмсартуы мүмкін, бірақ өнім қауіпсіздігі мен жарнаманың шынайылығына қатысты шағымдарды толық өтемейді. Платформалар рейтингтерінің айырмасы 1,2 баллға дейін жетті. Бұл айырма пікірлердің жалғандығын дәлелдемейді. Нәтижелер зерттелген іріктемедегі байланыстарды сипаттайды және себеп-салдарлық әсерді немесе барлық тұтынушылардың ұстанымын анықтамайды.

Авторлар туралы

Қ. А. Дуйсенов
Тұран университеті
Қазақстан

Дуйсенов Қ.А., докторант, 

Алматы қ.



Г. К. Ниеталина
Тұран университеті
Қазақстан

Ниеталина Г.Қ., э.ғ.к., қауымдастырылған профессор, 

Алматы қ.



Әдебиет тізімі

1. Қоғамдық тамақтану орындары бойынша Алматы, Астана қалалары көш бастады [Электрондық ресурс] // Kazinform. 2025. 30 шілде. URL: https://kaz.inform.kz/news/kogamdik-tamaktanu-orindariboyinsha-almati-astana-kalalari-kosh-bastadi-9fec87/ (Қаралған күні: 27.12.2025).

2. Алматы қаласының 2025 жылғы 4 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары [Электрондық ресурс] // ҚР Премьер-министрінің ресми сайты. 2025. URL: https://primeminister.kz/news/almaty-kalasynyn-2025-zhylgy-4-aydagy-aleumettik-ekonomikalyk-damu-korytyndylary-30079 (Қаралған күні: 27.12.2025).

3. Қазақстандағы фастфуд тағамдарының сатылымы 150–200 млн долларды құрады [Электрондық ресурс] // 7kun.kz. 2015. 23 қыркүйек. URL: https://7kun.kz/aza-standa-y-fastfud-ta-amdarynysatylymy-150-200-mln-dollardy-rady/ (Қаралған күні: 27.12.2025).

4. 85% of Students in Almaty consume fast food regularly [Electronic resource] // HRA Densaulyq. 2024. URL: https://hra-densaulyq.kz/en/news/85-studencheskoy-molodezhi-almaty-regulyarno-upotreblyayutfastfud/ (Accessed: 27.12.2025).

5. Duisenov, K. A. Ethics of marketing communications in the coffee shop market of Almaty: influence of consumer perception / K. A. Duisenov, G. K. Niyetalina, Zh. M. Dyussembekova, O. O. Grineva // Bulletin of Turan University. 2025. No. 2. P. 343–355. https://doi.org/10.46914/1562-2959-2025-1-2-343-355 .

6. Kádeková, Z., Košičiarová, I., Kubicová, Ľ., Holotová, M., Predanocyová, K. The impact of inappropriate food advertising on consumer behavior // Potravinarstvo Slovak Journal of Food Sciences. 2019. Vol. 13, No. 1. P. 1034-1039. https://doi.org/10.5219/1216

7. Divya K. Exploring the impact of misleading advertising on consumer trust and brand image: A case study of fast food industry in India / Divya K, Barath Baasu V B, Allan Rajan S // AIJR Abstracts. 2025. Vol. 7, No. 3. P. 13. URL: https://abstracts.aijr.org/index.php/abs/article/view/83 (Accessed: 27.12.2025).

8. Rothenberger, S. Fairness through Transparency: The Influence of Price Transparency on Consumer Perceptions of Price Fairness [Electronic resource]. Brussels: Université libre de Bruxelles, 2015. Working Papers CEB, No. 15-008. URL: https://ideas.repec.org/p/sol/wpaper/2013-200240.html (Accessed: 27.12.2025).

9. Mohan, B. Lifting the Veil: The Benefits of Cost Transparency [Electronic resource] / B. Mohan, R. W. Buell, L. K. John. Harvard Business School, 2019. Working Paper No. 15-017. URL: https://www.hbs.edu/ris/Publication%20Files/15-017_f67df7f5-8336-47fc-a0c1-098838aa550d.pdf (Accessed: 27.12.2025).

10. Fake Reviews: A Growing Fraud Concern Affecting Brand Loyalty [Electronic resource] // Sift Report 2025. URL: https://sift.com/wp-content/uploads/2025/02/ebook_Sift_Fake-Reviews.pdf (Accessed: 27.12.2025).

11. SALAM BRO (51 филиал). Абай даңғылы, 91а [Электрондық ресурс] // 2ГИС. Алматы. 2025. URL: https://2gis.kz/almaty/firm/70000001043984399 (Қаралған күні: 27.12.2025).

12. Doner na Abaya (35 филиал). Абай даңғылы, 15 [Электрондық ресурс] // 2ГИС. Алматы. 2025. URL: https://2gis.kz/almaty/firm/70000001091465399 (Қаралған күні: 27.12.2025).

13. I'M (32 филиал). Төле би көшесі, 41 [Электрондық ресурс] // 2ГИС. Алматы. 2025. URL: https://2gis.kz/almaty/firm/70000001023150826 (Қаралған күні: 27.12.2025).

14. Pleerux, N., Nardkulpat, A. Sentiment analysis of restaurant customer satisfaction during COVID-19 pandemic in Pattaya, Thailand // Heliyon. 2023. Vol. 9, No. 11. e22193. https://doi.org/10.1016/j.heliyon.2023.e22193

15. Tan, T. A. G. Effects of Justice Theory on Service Recovery Satisfaction on Metro Manila Dine-in Experiences [Электрондық ресурс] // Philippine Management Review. 2014. Vol. 21. P. 25–38. URL: https://pmr.upd.edu.ph/index.php/pmr/article/view/318 (Қаралған күні: 27.12.2025).

16. Rengkung, L. R., Paendong, S. M. Shrinkflation: A Consumer Perspective // Asian Journal of Economics, Business and Accounting. 2026. Vol. 26, No. 4. P. 72-79. https://doi.org/10.9734/ajeba/2026/v26i42222


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Дуйсенов Қ.А., Ниеталина Г.К. Қоғамдық тамақтану саласындағы маркетингтік коммуникациялардың этикалық аспектілері: тұтынушылар пікірлерін талдау. Central Asian Economic Review. 2026;1(4):128-138. https://doi.org/10.52821/2789-4401-2026-4-128-138

For citation:


Duisenov K.A., Niyetalina G.K. Ethical Aspects of Marketing Communications in Food Service Establishments: An Analysis of Consumer Reviews. Central Asian Economic Review. 2026;1(4):128-138. (In Kazakh) https://doi.org/10.52821/2789-4401-2026-4-128-138

Қараулар: 4

JATS XML


ISSN 2789-4398 (Print)
ISSN 2789-4401 (Online)