Preview

Экологиялық шығындар есебін ұйымдастырудың әдістемелік негіздері

https://doi.org/10.52821/2789-4401-2025-1-169-187

Толық мәтін:

Аннотация

Зерттеу мақсаты. Экономиканың өзгермелі және өзекті даму тұсында бизнес субъектілерінің тиімді іс әрекет жасау алдыменен оның бәсекелестік қабілетімен анықталады. Бәсекеге төзімді субъекті бұл – оның өнімдерінің жоғары құндылығы мен сұранысы бар ұйым. Өндірілген өнімнің, орындалған жұмыстардың бағасы оны дайындау мен өндіруге жұмсалынған шығындардың деңгейімен анықталады.

Бұл ғылыми мақалада өнім өндіретін бизнес субъектілеренің қоршаған ортамызға тигізетін зияндарының ықпалын төмендету өндірістің түпкілікті стратегиясына қол жеткізуге бағытталған заманауи жағдайдағы экологиялық есептің қажеттілігі анықталады. Экологиялық факторларды бағалау үшін экологиялық ортаны қорғауға жұмсалатын шығындардың қалыптасуын және олардың экономикалық шығындармен арасындағы байланыстарын жалғастыратын жүйелі есеп жүйесін құрудың қажеттілігі туындап отыр.

Мақаланың мақсаты. Бизнестегі шығарылатын өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің бәсекелестік жағдайы мен тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін өндірістік шығындар мен қоршаған экологиялық шығындардың байланысын көрсететін «экологиялық шығындар есебін» ұйымдастыру әдістемесін зерттеу болып саналады.

Әдіснамасы. Мақаланы жазу барысында экономикалық талдау, басқарушылық есеп әдістері, монографиялық зерттеулер мен графикалық әдістер қолдынылды.

Зерттеудің өзіндік құндылығы. Ғылыми мақаланы зерттеудің нәтижесінде алынған қорытындылар мен әдістемелік ұсыныстар өндірістік бағыттағы бизнес субъектілерінің өндірістік-экономикалық және экологиялық шығындарын ұтымды басқару үшін өзіндік құнның құрамына қосылатын экологиялық шығындардың есебін ұйымдастыруға оңтайлы ұйымдастыруға ықпал етеді.

Зерттеу нәтижелері. Мақаланың негізгі мазмұнында экологиялық шығындардың талдамалық жіктемесі анықталып, мақсатты өзіндік құнды шығарудың түсінігі беріледі, өнімнің бәсекеге қабілеттілігі мен өндірістік зияндардың қоршаған ортаға ықпалын анықтау мақсатында экологиялық шығындары есебінің орны мен әдістемесі зерттеледі.

Авторлар туралы

Н. С. Нуркашева
Алматы Менеджмент Университеті
Қазақстан

Нуркашева Нурсулу Султанияровна - экономика ғылымдарының кандидаты, ассистент-профессор, 

Алматы.



Б. А. Абдуллаева
Нархоз Университеті
Қазақстан

Абдуллаева Бижамал Аманкелдиевна - экономика ғылымдарының кандидаты, ассистент-профессор, 

Алматы.



Ə. Е. Иматаева
Нархоз Университеті
Қазақстан

Иматаева Əлия Ерсайынқызы - аға оқытушы, 

Алматы.



Әдебиет тізімі

1. Ismail Mujahid H., Mohamed Cassim A.N. Athambawa H. A Systematic review on environmentalaccounting // Academy of Entrepreneurship Journal. – 2021. - № 27 (4). – P.11-13. //https://www.abacademies.org/articles/a-systematic-review-on-environmental-accounting-10913.

2. Қорабаев Б. С. Экологиялық есептілік: қаржылық есептіліктегі маңызы мен әдістемесі [Мәтін] / Б. С. Қорабаев, Н. Б. Абдрахманова // Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік-Қазақстан мемлекеттік университетінің хабаршысы. - 2020. - № 1. - 108-115 б.

3. Самамбаева А., Коваленко В. Новые стандарты МСФО: как подружить климат и деньги [Электрондық ресурс]. – 2023. - URL: https://forbes.kz/actual/expertise (қарау уақыты: 16.09.2024).

4. «ҚР-ның экологиялық Кодексі» [Электрондық ресурс] // Әділет [web-портал]. – 2021. - URL: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K2100000400 (қарау уақыты: 16.09.2024).

5. «ҚР-ның Салық Кодексі» [Электрондық ресурс] // Әділет [web-портал]. – 2024. - URL: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1700000120 (қарау уақыты: 16.09.2024).

6. Монгуш А. Д. Экологический учет на микроуровне // Электронный журнал Science Time. – 2014. – №7. – С. 272–278.

7. Рио-де-Жанейрская декларация ООН по окружающей среде и развитию [Электронный ресурс]. – 1992. - URL: https://www.un.org/ru/documents/decl_conv/declarations/riodecl.shtml (қарау уақыты: 17.09.2024).

8. Бегеева Г. Ж., Иманбаева З. О. Экологический учет в Казахстане: проблемы становления и развития [Электронный ресурс]. – 2018. - URL: https://scienceforum.ru/2018/article/2018002334 (қарау уақыты: 17.09.2024).

9. Саенко К. С. Учет экологических затрат. - М.: Финансы и статистика, 2005. - 376 с.

10. Ильичева Е. В. Модель экологического бухгалтерского учета в соответствии с положениями Киотского Протокола // Журнал Фундаментальные исследования. – 2009. – № 1 – С. 67-68.

11. Kyoto Protocol 10th Anniversary // The UNFCCC secretariat (13.02.2015). [Электронный ресурс]. – 2015. - URL: https://unfccc.int/news/kyoto-protocol-10th-anniversarytimely-reminder-climate-agreementswork (қарау уақыты 21.09.2024).

12. Результаты Индекса экологической эффективности 2024 года [Электронный ресурс]. – 2024. –URL: https://economy.kz/?p=5273#:~:text (қарау уақыты: 22.09.2024).

13. ҚР Статистика Агенттігінің ресми ақпараттары [Электронный ресурс]. – 2024. – URL: https://old.stat.gov.kz (қарау уақыты: 24.09.2024).

14. Шапигузов С. М. Система учета природоохранной деятельности предприятия. – М.: ФБКПРЕСС, 1997. - 200 с.

15. Кожухова О. С. Бухгалтерский учет и отчетности в системе экологического контроллинга нефтегазовых компаний: монография. Новосибирск: Изд.: НГТУ, 2012. - 232 с.

16. 37 - «Бағалау міндеттемелері, шартты міндеттемелер және шартты активтер» ХҚЕС [Электронный ресурс]. – 2015. – URL: https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=30792076

17. Туякова З. С. Черткова А. А. Классификация экологических затрат в современном бухгалтерскомучете // Вестник ОГУ. - №8. - (102). – 2009. – С.111-116.

18. Ердавлетова Ф. К., Жумабаева М. Д., Нуркашева Н. С. Состояние и проблемы развития экологического учета: опыт Казахстана. Economy: strategy and practice. – 2020. - 15(2): 139-150.

19. Бейсенбаева А. К., Досаева А. Ж. Экологиялық шығындaрдың есебін жетілдіруді ұйымдaстыру// ҚазҰУ Хабаршысы. Экономика сериясы. №2 (120). 2017. – 99-102 бб.

20. Попова Е. Л., Морозова Е. В. Учет затрат на охрану окружающей среды / Сыктывкарский Лесной Институт Сыктывкар, Россия, 2012. – С. 7.

21. Jing H., Songing L. (2011). The Research of Environmental Costs Based On Activity Based Cost. 2011 3rd International Conference on Environmental Science and Information Application Technology, ESIAT 2011.Procedia Environmental Sciences.10, pp 147 -151.

22. Al Sufi F. H., Al Qatish H. M., Garageesh J. (2012). The importance of cost and environmental disclosurein the rationalization of administrativ e decisions in the industrial joint stock companies listed on the Amman Stock Exchange. The faculty of managerial and financial sciences. The University of Isra. Pp. 1-31.

23. Zeng L. X, He P., Shi J-P. Problems and Countermeasures in Environmental Cost Accounting: A Case Study of China's Coal Industry // https://doi.org/10.1051/e3sconf/20198301013 (қарау уақыты: 07.02.2025).

24. ISAR // https://unctad.org/system/files/official-document/c2isard2_ru.pdf [Электрондық ресурс] (қарау уақыты: 07.02.2025).


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Нуркашева Н.С., Абдуллаева Б.А., Иматаева Ə.Е. Экологиялық шығындар есебін ұйымдастырудың әдістемелік негіздері. Central Asian Economic Review. 2025;(1):169-187. https://doi.org/10.52821/2789-4401-2025-1-169-187

For citation:


Nurkasheva N.S., Abdullaeva B.A., Imataeva A.E. Methodological Foundations of the Organization of Accounting for Environmental Costs. Central Asian Economic Review. 2025;(1):169-187. (In Kazakh) https://doi.org/10.52821/2789-4401-2025-1-169-187

Қараулар: 18


ISSN 2789-4398 (Print)
ISSN 2789-4401 (Online)